Берекелі, мерекелі, алтын күз!
Оценка 4.6

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Оценка 4.6
Мероприятия
doc
биология +1
8 кл
18.12.2018
Берекелі, мерекелі, алтын күз!
Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету. 2. Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру. 3. Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар.
сценарий.doc
Кеш тақырыбы: «Берекелі, мерекелі алтын күз!» танымдық кеші Мақсаты: 1.    Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты  айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету. 2.    Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер,  мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру. 3.    Ұқыптылыққа,  шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар. 1­жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! 2­ жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар! Бірге: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын! 1­жүргізуші:      Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын. 2­ жүргізуші:                     Өнерпаздар жарысып сан­салады,                    Жиын десе, той десе жан салады.                    Кешіміздің ашылу құрметіне,                    Әуелеген әсем ән жолданады. Көркем сөз: «   » Қабыл алыңыздар! 1­жүргізуші:          Жомарт көңіл жарқын күз,         Сары алтынға малынған.         Жетті міне Алтын күз,         Сары алтыннан бұрын да.         Сары пүліш көйлегі,         Алтын күзді шынында,         Ару дерсің бейнелі.         Келістіріп бар сәнін,         Берген өзі табиғат.         Күз ханзада – ханшасын,         Қарсы алайық, жамағат! дей келе, құрметті көрермендер қатысушы жұптарымызды қошеметпен ортаға шақырайық!  2­сынып/3­сынып/4­сынып:/5­сынып:/6­сынып:/7­сынып:/8­сынып:/9­сынып:/10­сынып: 2­ жүргізуші:  Ендеше, осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен  таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер: 1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Искаков Ержан Бөкейханұлы 2. Мектеп  психологі: Тұрарова Қарлыға Кенесқалиқызы 3.Мектеп тәлімгері: Елеусизова Анар Қырықбайқызы 2­ жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек: 1. Таныстыру.  2. «Өнерліге өріс кең»өнер көрсету( өнер түріне шек қойылмайды) 3. «Шебердің қолы ортақ» көрме(өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары  немесе күзгі дақылдардан бейне жасау) 4. «Білгенге маржан» (сұрақ­жауап). 5. «Берекелі дастархан»(салат дайындау) 6. «Күз кереметі» (сән үлгісін көрсету) Сайыскерлерімізді біз алты  бөлім бойынша балдық  жүйемен бағалайтын боламыз. Жоғары балл ­5; Әр бөлім сайын қорытынды балды айтып отыруларыңыз сұралады. 1­жүргізуші: Таныстыру бөлімі. Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген жұптар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер дейміз, ­ дей келе, жұптарымыздың таныстыруына кезек берейік. 2­ жүргізуші: Әділ қазыларға өз бағаларын беру кезегін ұсынсақ.   «Өнерліге өріс кең»өнер көрсету( өнер түріне шек қойылмайды) Жұптарымыздың  өнерлерін тамашалайық.  1­жүргізуші. Әділ қазыларға өз бағаларын беру кезегін ұсынсақ.   «Шебердің қолы ортақ»көрме (өз шығармашылықтары бойынша қолөнер бұйымдары  немесе күзгі дақылдардан бейне жасау) Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген алатын. Жадырап жан сарайын, Демалып бір қалатын – дей келе, әр жұптың өзінің қолдарынан жасаған қолөнер  бұйымдарын тамашалауға шақырамыз. 2­ жүргізуші: Әділ қазыларға өз бағаларын беру кезегін ұсынсақ.   «Білгенге маржан»(сұрақ­жауаап). «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы шашылған  жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.  1 ­ сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? ­ Күн суытады, жаңбыр  жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар  жылы киінеді.  2 ­ сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Жапырақ  3 ­ сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? ­ Ерте күз, алтын күз, қара күз.  4 ­ сұрақ: Күз айларын ата. ­ Қыркүйек, қазан, қараша.  5 ­ сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. ­ Жеміс.  6 ­ сұрақ: «Мақал ­ мәтелді жалғастыр»  1. Еңбек түбі ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­зейнет 7 ­ сұрақ: Бес жеміс ­ жидектерді атап беру. ­ Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.  8 ­ сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. ­ Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз. 9­сұрақ.Бір тал кессең,......10 тал ек 10­сұрақ.Еңбек етсең ерінбей ­­­­­­­тояды қарның тіленбей 1­жүргізуші:  Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз «Берекелі  дастархан» деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек  болатын, олай болса, ханшайымдарымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін. 2­Жүргізуші: Саусағынан бал тамған ханшайымдарымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ,  әділқазылар алқасынан бағасын сұрасақ. Қараңдаршы көз тоймас,  Күз деген бір жақсы уақыт Ой да, қыр да, таудың іші, Бір молшылық жатқан шалқып, Ал, балалар, кім біледі, Неге айтамыз «Алтын күз» деп? «Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де, Сары алтындай сары қауын, Көп піскен соң бақ ішінде Соңғы қорытынды  бөлімде әр жұп өз қолдарынан жасалған, тек мата, жіптен бөлек заттар  арқылы жасалған сән үлгісін көрсетеді.  Әр сайыскер келіп өздерінің сән үлгілерін таныстырып өтеді. Әділ қазылар әр  сайыскерге  бағаларын береді және ойларын білдіреді. Ал, халайық, ықыласпен демелік, Жұптарымыздың сән үлгісін көрелік. Сырыменен сымбатына қарап біз, Әділдікпен бағаларын берелік. 1- жүргізуші: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін  шығарғанша, Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,  Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,  Ән­шашуын біздерге алып келген,  Еркежанды  ортаға шақырайық.  дей келе, Еркежан әсем әнімен ортаға шақырамыз. «» әні. 2­ жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,  Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.  Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,  Қатысу да бір жеңіс, жаң болсан сен ұғатын­дей келе әділ қазылар алқасы өздерінің  қорытынды бағаларын жариялау кезегін ұсынсақ.  Әділ қазылар сайыс нәтижесін жариялайды, өз пікірлерін білдіреді  Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар, Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен­күнге, Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,­ дей отырып, бүгінгі  "Берекелі, мерекелі алтын күз" кешін аяқтаймыз. 1­ жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар! 1 ­ сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды?   2 ­ сұрақ: Жұмбақ шешу.  Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? 3 ­ сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді?  4 ­ сұрақ: Күз айларын ата.  5 ­ сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. 6 ­ сұрақ: «Мақал ­ мәтелді жалғастыр»  1. Еңбек түбі ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 7 ­ сұрақ: Бес жеміс ­ жидектерді атап беру.  8 ­ сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. 9­сұрақ.Бір тал кессең,...... 10­сұрақ.Еңбек етсең ерінбей ­­­­­­

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!

Берекелі, мерекелі, алтын күз!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.12.2018