БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Оценка 4.9
Исследовательские работы
doc
биология
Взрослым
17.05.2017
Бүгінде дүние жүзі мемлекеттері мен олардың білім жүйелері жаhандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа страте¬гия¬¬лары мен бағдарламаларын ұсынып отыр. Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке негізделген. Білім саласындағы жаңа ойлар мен жаңалықтар – әлемнің бейбіт дамуының кепілі. Қазақстан саясатта болсын, білім-ғылым ізденісінде болсын осы меже мен бағамның үдесінен шығуға бағыт ұстанғаны айдай анық.мақала
мақала.doc
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Бүгінде дүние жүзі мемлекеттері мен олардың білім жүйелері
жаhандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары мен
бағдарламаларын ұсынып отыр. Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке
негізделген. Білім саласындағы жаңа ойлар мен жаңалықтар – әлемнің бейбіт
дамуының кепілі. Әрине, бұл дамудың және интеграциялануын уақыт пен
жағдай анықтайтыны өз межесімен, өз бағамы аз емес екені белгілі.
Сондықтан әлем айдынындағы тәуелсіз Қазақстан саясатта болсын, білім
ғылым ізденісінде болсын осы меже мен бағамның үдесінен шығуға бағыт
ұстанғаны айдай анық.
Әр дамыған мемлекет жаһандану жағдайында ұлттық білім беру
жүйелерінің дамуы мен интеграциялануы бәсекеге қабілеттілігі оның ғылыми
әлеуетімен өлшенеді. Осы мәселе бойынша білім саласында инновациялық
даму ұлтымыздың нанотехнологиясын және биотехнологиясын дамыту.
Білімге қызығушылығы жоғары оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақты тартымды өткізіп,
Шындығында да өркениетті алдыңғы қатарлы елдердің қатарына
қосылудың бір ғана жолы бар десек, ол жас ұрпақтың білімді болуы, саналы
болуы. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы
педагогғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де
жойылады” – деген.
оқушылардың
қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт.
Алдағы уақытта да заман талабына сай білімді әлемдік деңгейге жеткізудің
бірденбір жолы, бұл – инновациялық қызмет. Сол үшін әр ұстаздың алдында
оқу мазмұнын жаңарту, өзінің шығармашылығын дамыту мен шеберлігін
шыңдап, озық технологияны жетік меңгеріп, әр күнгі сабағына тиімді әдіс –
тәсілді пайдалану , тәуелсіз еліміздің ертеңі саналатын – білімді ұрпақ
тәрбиелеу міндеті болып табылады. Біздің мектепте де оқытудың тиімді
жолдары мен әдістәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп
келеді. Жас ұрпаққа топтық, ойын, тірек сигналдары, модульдік тестік жүйе,
интерактивті, оқытудың компьютерлік, дамыта оқыту технологиялары
бойынша білім беруде. Бұл Елбасы алға қойған міндет, заман талабына
сай ғылыми – техникалық білім қалыптастыру .
Д.Е Айбасованың шығармашылық шеберханасының мүшесімін. Мұнда
Даметкен апай 15 мұғалімді 4 отырысқа 3 мұғалімнен бөлген. Әр отырыстың
өзіндік тақырыбы бар. 1 отырыста «Биология сабақтарында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру», 2 отырыста «Жеке тұлғаның рухани
мүмкіндігін ашу» болса, 3 отырыста «Биология пәнінен сапалы білім берудің жолдары мен бағыттары» атты отырысында баяндамалар оқылып, әр түрлі
тәжірибелер көрсеттік. Оның ішінде логикалық тапсырмалармен қатар, қазіргі
заманғы бң
Қазіргі біздің ғасырымыз ғылымиинновациялық дамудың шырқау
шыңына көтерілген ғасыры. Бүгінде барлық ғылым саласымен бірге биология
ғылымының да маңызы арта түскен.
Басты міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,
саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай
білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Сондықтан, білім беру мен оқытудың
қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы
тиіс. Қазіргі заманда білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің
іздену шеберлігіне тіреледі. Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны
білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың
ақылойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай
алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы
дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық
пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді.
Оқыту мен оқудың жаңаша әдістәсілдерін ойдағыдай меңгерген
мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге
дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық
жеткізе білетін сенімді, сыни ойпікірі мен көзқарастары дамыған болып
қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің
ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп,
сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға
бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен
енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін,
қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы
болып жатқан түрлі қарамақайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз
пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Әр
мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану
саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап
пайдалануы тиіс.
Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда сыни тұрғысынан ойлау,
АКТ модульдері мен
жиі қолданамын. Ал мектепте алған білімді
оқушылардың қолдана білуін, өмірмен байланыстыра алуын жүзеге асыру көп
жұмыстануды қажет етеді. Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық
технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі
негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл
бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол
бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Интерактивті әдіс
диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір – бірімен байланыса
отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр
пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген
кезде оның құрылғылары қолданылады. Жоспарланған сабақты тиімді
өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар
жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық
коммуникациялық технологияларды сенімді
және сыни тұрғыдан
пайдаланушыларға айналады..
Биология сабағын АКТ көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді
қамтиды:
Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл
ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру .
1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да
күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
2) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын
түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
3) Оқушылардың
көзқарастарын
қаыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын
қанағаттандырады.
ғылыми дүниетанымдық
4) Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген
уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Интерактивті технологияның ерекшеліктері:
1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын,
ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр
түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес.
Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе , тез арада түзетуге
артады. Басқа пәндермен пәнаралық
болады. Сабақтың өнімділігі
байланыс орнайды.
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 3) Оқу материалын беру беру логикасына көп көңіл аударады, бұл
оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді . Компьютерге деген
қарымқатынас өзгереді.
Биология пәнінен сабақ өту барысында интерактивті оқыту
технологиясын, яғни белсенді «Естігенді мен ұмытпаймын», «Істеген ісіме
жауап беремін» әдістерін қолдану оқушыларды ісәрекеттеріне дұрыс баға
беруге тәрбиелейді.
Менің міндетімсабақта берілген материалдарды оқушылар толық
түсіну үшін, қолайлы жағдай туғызамын.
Білім беруге түрлі әдістер мен тәсілдер қолданамын.
Қайталау –білімді бекіту үшін қажетті элемент
Қаншалықты оқу барысы шынайы болса, соғұрлым білім беру
тиімдірек.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, Болашақ
мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен мемлекетімізге
лайықты орын алуға білім саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға
айрықша мән беріледі. Ғалымдар жаңа технологияларды көптеп енгізуде.
Себебі, жаңа оқыту технологияларын енгізу заман талабына сай білім беру
бағыты өзгереді, өздігінен білім ала алатын логикалық пайымдай, талдай,
қорытындылай алатын коммуникативті тұлғаны қалыптастыру қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың
ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің
негізгі принциптері
іске асырылады. Осыған байланысты адамның
шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалу керек.
Ұсыныстар:
1. Оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құралжабдықтармен
жабдықтау.
2. Интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттер, зертханалық
препараттар берілсе,
3.Арнаулы пәндер бойынша злектронды оқулықтармен қамтамасыз ету,
4.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша білім
жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру. 5 .Білім берудің жаңа телекоммуникацияар
Ой түйіндесем,
жаhанданудағы үздік жаңа технологияларды
оқушылардың өзіндік дамып жетілуіне ықпал ететін құрал ретінде тиімді
пайдалансақ, оқушыны соған үйретіп, баулысақ, сонда ғана мемлекет жүзеге
асырып отырған жаңа технологиялық үдеріс нәтижелі болатынына сенімдімін.
Қорыта келгенде жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің
дамуы және интеграциялануы, білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат
байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыру және
шығармашылық қабілетін дамыту.Өз отанына деген патриоттық сезім жоғары,
санасы азат, ойы озат, барлық жаңалықтарға жаны құштар азамат тәрбиелеу
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.