Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері
Оценка 4.8

Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
биология
11 кл
19.02.2018
Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapines популяциялық құрылымы. Адам нәсілдері, нәсілтүзілу. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіл Жер шарын мекендейтін адамдардың барлығының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей екендігін сонымен қатар, тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына бейімделудің нәтижесінде оларда алуан түрлі морфологиялық айырмашылықтар қалыптасқандығын және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні жайында түсінік қалыптастыруБілімділік: Бүкіл Жер шарын мекендейтін адамдардың барлығының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей екендігін сонымен қатар, тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына бейімделудің нәтижесінде оларда алуан түрлі морфологиялық айырмашылықтар қалыптасқандығын және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні жайында түсінік қалыптастыру. Дамытушылық мәні: Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту. Таным белсенділігін арттыру.Оқушыларды қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды өз бетімен білім алып, тақырып мағынасын ашуға, ой түйіндеуге, адамды ғылыми тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу. Ұлттар арасындағы достастықты нығайту үшін мінез-құлықты, іс-әрекетті қалыптастыру
биологиялық түр.docx
20.02.18ж Класс: 11 сынып  Сабақтың тақырыбы: Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapines  популяциялық құрылымы. Адам нәсілдері, нәсілтүзілу. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіл Жер шарын мекендейтін адамдардың барлығының анатомиялық және  физиологиялық ерекшеліктері бірдей екендігін сонымен қатар, тіршілік еткен табиғи орта  жағдайларына бейімделудің нәтижесінде оларда алуан түрлі морфологиялық айырмашылықтар  қалыптасқандығын және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні жайында түсінік қалыптастыру. Дамытушылық мәні: Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту. Таным белсенділігін  арттыру.Оқушыларды қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды өз бетімен білім алып, тақырып мағынасын ашуға, ой түйіндеуге,  адамды ғылыми тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу. Ұлттар арасындағы достастықты нығайту үшін мінез­ құлықты, іс­әрекетті қалыптастыру. Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақ түрі: Аралас сабақ Сабақ көрнекілігі: Слайд, суреттер Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқуда АКТ­ны пайдалану,, Сыни тұрғыдан ойлау.  І. Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды тізімдеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық орындық» әдісін қолданып 8 мин Үй тапсырмасы бойынша оқушылар ортаға келген балаға  сұрақтар қояды. Жауап тез –тез берілу керек. 1.Адамның сүтқоректілерге ұқсас белгілерін ата? 2. Рудиментті мүшелер деген не? 1. Атавизм деген не? 2. Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады? Т.б сұрақтар қойылады. Оқушыларды топқа жіктеп алу. Адам нәсілдері жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлемін. І топ: «Негроид» ІІ топ: «Монғолоид» ІІІ топ: «Еуропеоид» Оқушылар таңдап алған қималары арқылы шағын топтарға бөлінеді. Жаңа сабаққа көшпес бұрын, слайд арқылы тақтада нәсілдердің суреттері беріледі. Сол туралы не  білетіндіктерін сұрау арқылы жаңа сабақ тақырыбы хабарланады. Негізгі бөлім (жаңа сабақ)  Жоспар: 1. Биологиялық түр ретінде адамның өзіне тән қасиеттері. 2. Саналы адам Homo sapines популяциялық құрылымы. 3. Адам нәсілдерінің пайда болуы туралы тұжырымдар. 4. Адам нәсілдері. Жаңа тапсырма бойынша 1,2,3 сұрақ бойынша Джигсо әдісін пайдаланып, 5 мин сұрақтарға  дайындалып. Болған соң бір –біріне тақырыпты түсіндіреді, 3­мин. Осы түсіндіріп болғаннан кейін,  әр топ класатер қорғайды. 1 минтан.(11мин) Ал адам нәсілдері туралы сұрақ бойынша, әр топқа постер дайындауға 5 мин, қорғауға 1,5 мин  беріледі. (10 мин). Әр топ бір­бірінің постерлерін, кластерлерін бағалайды. Алмастырып отырып. Рефлексия. Бекіту кезеңі: Терминологиялық диктант орындау. Бағалау. Уйге: §42 кесте толтыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана  түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуде саналы адам деп аталады. Бұз атаудан адамның басқа  организмдерден ақыл – ой, сана арқылы ажыратылатыны айқын байқалады. Француз ғалымы Ф. Бернье 1684 жылы «нәсілдер» терминін енгізді. 1. Негроидтық нәсіл : шашатары бұйра, қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал – мұрты баяу  өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын  байқалады. 2. Европоидтық нәсіл: Ұзын бойлы, шашы ұзын салалы, әрі ,ашық терісі ақшыл түсті. Олардың  бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды, жұқа ерінді болып келеді. 3. Монголоидтық нәсіл. Шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау,  еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Моноцентризмдік тұжырым. Гректің «monos» «бір» деген мағынаны біліреді. Латынның «Centrum»  «орталық» деген сөзді білдіреді. Полицентризмдік тұжырым  Гректің  «Polys» деген мағынаны біліреді. Әлеуметтік дарвинизмге байланысты сұрақ беріледі. 1. Матералистік көзқарас деген не? 2. Идиалистік көзқарас деген не? Жаңа сабақты қорытындылау үшін кесте толтырылады.: Нәсілдер Ерекше белгілері Таралған жерлері

Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері

Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері

Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері

Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.02.2018