Білім беру саласы «Шығармашылық» Бөлімі Жапсыру Тақырыбы « Алақай, жаз келді!»
Оценка 5

Білім беру саласы «Шығармашылық» Бөлімі Жапсыру Тақырыбы « Алақай, жаз келді!»

Оценка 5
docx
11.10.2021
Білім беру саласы «Шығармашылық» Бөлімі Жапсыру  Тақырыбы « Алақай, жаз келді!»
шыгармашылык актоты.docx


Білім беру саласы «Шығармашылық»
Бөлімі Жапсыру

Тақырыбы « Алақай, жаз келді!»
Мақсаты
1.
Жаз мезгілі жайлы түсінік беру. Балаларды ұқыптылыққа, берілген тапсырманы тиянақты орындауға үйрету. Бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын және  жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Көрнекілік: қайшы, желім,

Сөздік: жаз лето, көбелек бабочка, қанқызы божья каробка.


Шаттық шеңбер:

Орнымыздан тұрамыз

Үлкен шеңбер құрамыз

Құрсақ енді шеңберді

Алақанды соғамыз

Оң жақтағы көршіге

Сол жақтағы көршіге

Күлімсіреп қараймыз

Қолды көкке созамыз

Бір бірімізден озамыз

Құшақтасып бәріміз

Тату достар боламыз!

Кіріспе бөлім:

Балалар қандай жыл мезгілі?

Көктем айларының соңғы аптасы, алда бізде қандай жыл мезгілі келе жатыр?

Жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Жазда қандай өзгерістер болады?

Мен сендерге жұмбақ жасырайын, ойланып жауап беруге тырысамыз.

Үлкен алтын табақтан,

Әлемге нұр таратқан.(күн)

Алып кілем,

Гүлге толы

Үсті кіең (жер)

Жаңбыр жуды жерімді,

Көкте өрмек керілді.(кемпірқосақ)

 

Дұрыс айтасыңдар, жазда күн жылы болады, гүлдер өсіп, ағаштардың жапырақтары шығып, жер көктейді. Түрлі түсті көбелектер шығады, жәндіктер шығады.

Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

Қандай жәндіктерді білесіңдер?

Дұрыс, көбелек, қанқызы, ара  жәндіктер, ал гүлдерден қызғалдақ, түймедақ гүлі, бәйшешек гүлі шығады.

 


1. олар көрмейді екен және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
Д/о Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Неге?
Барысы. Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді, бала қолына көбелек бейнесі беріледі
Сәйкес суретті тауып орналастырады, түсінік береді.
Көбелек туралы тақпақ білетін балала бар, тыңдап көрелік
Көк көйлек, көк көбелек
Көздері дөп дөңгелек
Гүл көрсе күлімдейді
Қолыма ілінбейді
Көк шөптің арасынан
Түр - түсі білінбейді
*
Көбелек - ау, көбелек
Әдемісің гүлдейсің
Ойнамайсың күлмейсің
Ұстап сені не керек
*
Көріп жаздың қызығын
Гүлден - гүлге самғаймын
Гүлдің ерке қызымын
Гүлден өзім аумаймын
*
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам
Ал енді балалар осы әдемі көбелектерді өзіміз қағаз бетіне жапсырып, досымызға силық жасайық
1. Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма.
Әр столдағы 4 балағы көбелектің 4 қанаты беріледі, әдемілеп, сәйкестігін тауып, ұқыптылап көбелекті құрастырып, жапсырып шығамыз.
2. Қатты қағаздар, көбелек бейнесі, желім, сулықтар қажет.
Бекіту - рефлекция
Балалар жұмысы тақтаға ілінеді.
Қай жұмыс ұнайды?
- Пікірлері сұралады. Неліктен осылай ойлайсың? ӨЗ ойын айтуға мүмкіндік туғызу.
Қимылды ойын ««Үшінші артық»
Тапсырма. Сен неге бұл гүлді таңдадың?.
Балалар екі шеңбермен тұрады. Сырттағы бала/көбелек/ ұшып біреуіне қонады Артқы баламен ауысып қонатын орын іздейді.
Білуі керек
Жыл мезгілінің ерекшелігін, көбелектің тіршілік ортасын
Меңгерді. Көбелек мүшелерін, қанаттарының ерекшелігін, жеке бөліктерді біріктіре жапсыруды.
Дағды
Жапсыру әдістерін үйренді, ұқыптылыққа, ұжымдаса жұмыс жасауға дағдыланды


 

Білім беру саласы «Шығармашылық»

Білім беру саласы «Шығармашылық»

Жаңбыр жуды жерімді, Көкте өрмек керілді

Жаңбыр жуды жерімді, Көкте өрмек керілді

Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек

Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.10.2021