Білім күні
Оценка 4.6

Білім күні

Оценка 4.6
docx
30.11.2020
Білім күні
1қыркүйек Лаззат 123.docx

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ! 1 - қыркүйек – білім күні

 

 

Мақсаты:    Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:  Презентация, Видео материалдар

 

1- Жібек:  Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар.  

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

 

2-Айназ  Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

 

Жібек:Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Айназ:  Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ұстаздар,

Мерекеңіз құтты болсын достарым!

 Жібек: Жаңа оқу жылымен құттықтау сөз кезегі мектеп  директоры

Мажинова Шынар Тілегеновнаға беріледі    ( Директордың құттықтау сөзі кетеді)

 

Жібек:Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау

 

 

2-жүргізуші:

Бүгін біздің мерекемізге құрметті қонақтар келді:

1.      Мектеп директоры Мажинова Чинар Тлегеновна

2.      Ата-ана

3.      Сыныптас досымыз Досжанова Аружан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы «Ұлы даланың ұлы ойшылы»

Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жылтолуына орай

Мақсаты:

Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу

 

 Видиоролик көрсету.  Әл -Фараби  өмірі мен шығармашылығы

   Мұғалім сөзі:Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым. Ол 870-950 жылдары Сырдария бойындағы Отырар қаласында туып-өскен. Шын есімі Мұхаммед Ибн Ұзлағ Тархани. Отырар қаласы сол кездері Фараб деп аталғандықтан, ғұлама ғалым өзінің Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ұзлағ Ибн Тархан есімін туған жеріне байланыстырып, Әл Фараби деп атаған. Яғни, Фарабидің әкесінің есімі Ұзлағ, арғы атасы Тархан болған. Әл Фараби 870 жылы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болған Отырар қаласының маңында дүниеге келген.

Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шап қалаларында болып, үнемі білімін жетілдіріп тұрды. Жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл Фараби өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Солар секілді Фараби де бірнеше тілдерді жетік меңгерген.

Ғылым, білім іздеп, жер жерді аралаған ойшыл парсы, түрік, араб тілдерінен бөлек грек, қытай, латын және басқа тілдерді үйренеді. Сол заманда дамыған барлық ғылым салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін қосады. Осылайша, кейінгі ұрпаққа мол мәдени асыл мұра қалдырды.

Оның заманы  Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне тұспа-тұс келді. Әл Фараби Парсы, Ирак, Араб елдеріне жиһангездік сапарлар жасап, тез есейді. Барған жерінде көптеген ғұламалар мен ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысады. Тарихи деректерде Әл Фараби 70-ке жуық тіл меңгерген деп көрсетіледі.

1- Әбу Насыр әл - Фараби кім?   Ерболат Айназ
2- Әбу Насыр әл - Фараби өмірі жайлы әңгімеле. Айдарханова Айжан
3- Әбу Насыр әл – Фарабидің  өлмейтін өсиеттері жайлы:
Досжанова Аружан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: Қызықты деректер және еңбектері

 

 

Оқушылар: Әбу Насыр әл-Фарабидің даналық және нақыл сөздерін айту

 

Қорытынды:

Бүгінгі 1 - ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.


 

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ! 1 - қыркүйек – білім күні

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ! 1 - қыркүйек – білім күні

Тақырыбы «Ұлы даланың ұлы ойшылы» Әбу

Тақырыбы «Ұлы даланың ұлы ойшылы» Әбу

Мұғалім: Қызықты деректер және еңбектері

Мұғалім: Қызықты деректер және еңбектері

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Білім күні

Бүгінгі 1 - ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды

Бүгінгі 1 - ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020