КМЖ
Оценка 4.9

КМЖ

Оценка 4.9
docx
01.12.2020
КМЖ
5 сынып №4.docx

 

                                                                                   Тексерілді: _______________           

                                                                      «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5  

№: 4

Мұғалімі:

Оқушылардың саны:

            Сабақтың тақырыбы: Менің талпыныстарым

            Құндылық:  Ақиқат   

            Қасиеттер: Талпыныс, жігерлілік, мақсаткерлік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның мақсатына талпынысының маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларға талпыныс, ұмтылыс ұғымдарының мағынасын түсіндіре отырып, ізденімпаздылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды алға қойған мақсатына жетуге талпынуға үйрету арқылы жігерлілік қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды максаткерлікке тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. https://infourok.ru

2.https://www.zharar.com/kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық

     Жағымды көңіл – күйге келу.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Василий Сухомлинскийдің «Өмірдегі басты нәрсе не?» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Адамның өмірдегі басты мақсаты не деп ойлайсыңдар?
2.
Өз ісіңе адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Адам бақытқа қол жеткізу үшін не істеуі керек?
4. Сен үшін басты нәрсе не?

 

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік.

                                                          Ник Вуйчич.

Ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер

Сұрақтар:

1. Өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланып жүрсіздер ме?

2. Қиындыққа бой ұсынбау үшін адам бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар?

3. Өздеріңде ізденіске түскен сәттерің болды ма?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

                     Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін  қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап  келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе …  мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. 

Сұрақтар:

1.      Аңыз ұнады ма?

2.      Теңіз жағасындағы кісі кімді көреді?

3.      Бала не істеп жатыр еді?

4.      Кісінің сұрағына бала не деп жауап береді?

5.      Баланың іс-әрекеті туралы не деуге болады?

6.      Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

7.      Әңгімеден не түсіндіңіздер?                             

 

5. Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбына сурет салу.

 

6. Топпен ән айту

\"Айгөлек\"

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет


Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айгөлек деп ән шырқа
Ел бөбегі кел, бөбек. 2 рет

 

7. Үй тапсырмасы.

 «Қожа Ахмет Йассауи» аңызын оқып келу.

 

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе   1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Тексерілді: _______________ « ____ » ______________________

Тексерілді: _______________ « ____ » ______________________

Кіріспе : Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Кіріспе : Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Топпен ән айту \"Айгөлек\"

Топпен ән айту \"Айгөлек\"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.12.2020