Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Өскемен қаласы әкімдігінің«№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ! 1 - қыркүйек – білім күні
Сынып жетекшісі: Самтырова Л Ж .
Сынып: 5 «Г»
2020-2021 оқу жылы
«Отбасым – қорғаным, ата-анам - тірегім»
Мақсаты: Балалардың отбасы, жақын туыс адамдарын сүю, отбасылық қарым - қатынас құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Барысы:
Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Отбасым – қорғаным, ата-анам - тірегім» деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.
Өткізілу формасы: Zoom платформасы арқылы
І. Ассоциация.
- «Отбасы» сөзінің әр әрпіне сөз жазып шығу;
- «Бақытты отбасы» кластер толтыру.
ІІ. Бұл кім? Туыстық атауларын атау.
- Ағаның әйелі (Жеңге);
- Әпкесінің күйеуі (Жезде);
- Шешенің шешесі (нағашы әже);
- Әйелінің сіңлісі (балдыз);
- Апалы-сіңлілердің күйеулері (бажа);
- Ата-ананың ұлынан туған бала (немере);
- Апалы-сіңлілердің балалары бір-біріне (бөле);
- Ағалы-інілердің келіншектері (абысын).
ІІІ. Мақал-мәтелдерді аяқтау.
1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................
2. Ананың көңілі балада, ..........................
3. Ата-ананың қадірін - ................................
4. Атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
1. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
2. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
3. Ата- бәтерек, ..............................................
4. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( атыңа ауыр жүк артпа)
5. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
6. Інісі бардың тынысы бар,.............................. (Ағасы бардың жағасы бар.)
ІV Отбасы туралы видео роликтерін қорғау.
V Балаға кеңес. Бейне қарау.
Отбасының
ордасын,
Періштелер қорғасын
Тіккен әр бір отауға,
Тәңірің жақсылық жолдасын.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі
Мөлдір бұлақ тіреуіші анасы
Жасыл құрақ- келешегі баласы
Бірге олар болады мықты отбасы
Отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілеймін!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.