Б і л і м б е р у с а л а л а р ы н а а р н а л ғ а н ә р т ү р л і о й ы н дар жинақталған.Білім саласына арналған ойындар
білім салаларына арналған ойындар.doc
Түсінік хат
"Ойын бала үшін ойын емес, білім мен
тәрбие негізін қалайтын басты құрал"
Ыбырай Алтынсарин
Мектеп жасына дейінгі балалардың жанжақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.
Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы
түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Балалар ойын
арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, біріненбірі ептілікті үйренеді.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы. Сондайақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның
ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады, жеке қасиеттерін қалыптастырады.
Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш
жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым
қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті ісәрекетіне көңіл бөліп, араласа
алады. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану үлкен нәтиже бepepi
анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы
істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ойынды бар өнердің бастауы деп
білеміз. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық
мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік
стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай,
олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отыра балалардың
көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын
анықтауға
дамытушылық,
драматизациялау, қимылды ойындар, саусақтармен ойын жаттығулар жинағын
ұсынамыз.
Ойын жинағының мақсаты: Балалардың ойөрісін, тіл байлығын дамыту,
заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну, зерттеп салыстыру қабілетін ұштап,
сөздік қорын молайту; ізденімпаздық, тапқырлық, байқағыштық, шығармашылық
қабілеттерін ояту, қырағылығын, зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін арттырып,
сезімталдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
арналған дидактикалық,
сюжеттірөлдіr,
Ойын жинағына қойылатын міндеттер:
1. Ойын түрлерімен таныстыру, балаларға жеткізе білу
2. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру
3. Ойын кезінде бірбіріне деген достық қарымқатынастарын қалыптастыру
4. Ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану
5. Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру
6. Балалардың өздеріне ұнаған ойынды, рөлді өзі таңдай білуі
Ойын жинағын қолдану барысында күтілетін нәтиже:
3 Білу: Балалардың ойын түрлерін біліп, заттарды белгілері бойынша танып,
салыстыра білуі
Болу: Әрбір ойынның шарты болатындығы жайлы түсініктерінің болуы
Қолдану: Балалардың өз беттерінше ойынды ұйымдастыра білуі, өз ойларын толық
жеткізе білуі, балалармен қарымқатынаста болып, ойын шартын бұзбай ойнауы
Бұл жинақ 5 бөлімнен тұрады:
1. Дидактикалық ойындар. Оның мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау
қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл – ой
міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті
дамытуға ықпал етеді. Әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық
мақсаты, керекті құралдары берілген. «Таным» Қарапайым математикалық
түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология негіздері, «Қатынас» Тіл
дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру білім беру
салалары
бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
дидактикалық ойындардың мақсатын екі нұсқа түрінде ұсынамыз.
2. Сюжетті – рөлдік ойындар. Сюжеттiрөлдiк ойындар мектепке дейiнгi
балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Олар балалардың ой
өрісін, танымын кеңейтіп, олардың істәжірибелерін толықтыра түседі.
3. Драматизацияланған ойындар. Драматизацияланған ойындар балаларға
керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды,
мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.
4. Қимылды ойындар. Бұл ойындарда баланың дене күші артады, қолы
қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы,
ынтасы артып, жетіле түседі. Сонымен қатар ойын балалардың оқуға,
еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балалар ойын
ережелерін бұлжытпай орындауға үйренеді, олардың санасында достық,
жолдастық сезімдердің алғашқы элементтері қалыптаса бастайды, ұжымдық
қарымқатынасқа түсу мәдениетін меңгереді.
5. Саусақтармен ойынжаттығулар. Бұл жаттығуларды саусақ қимылымен
көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды. Саусақтарымен әртүрлі
жаттығуларды орындай отырып, бала қолының ұсақ моторикасы жақсы
дамиды. Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға
дайындайды. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана
арттырмай, оның ойқабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады.
Бұл жинақтағы ойындар 3тен 6 жасқа дейінгі балаларға арналады. Тәрбиешілер
ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алып, оқутәрбие
үрдісінде қолданады.
4 1. Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойын кезінде баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Ойын іс
әрекетінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш
жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым
қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті ісәрекетіне көңіл бөліп, араласа
алады. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру
мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір баланың мінез – құлқын
анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады.
Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоциялық
қатынасын анықтайды.
Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру, математика, тіл дамыту,
сауат ашу сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы
ойыншықтар мен ойын құралдары.
Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы
баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету,
шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.
Құрылым реті:
«Таным» Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология
негіздері, «Қатынас» Тіл дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру
білім беру салалары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
дидактикалық ойындардың мақсатын екі нұсқа түрінде ұсынамыз:
1 нұсқа 3тен 5 жасқа, 2 нұсқа 5тен – 6 жасқа дейін.
Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру
«Таным»
«Ұқсас затты тап»
1 нұсқа (35 ):
Ойын мақсаты: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш,
сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш,
қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.
2 нұсқа (56 ):
Ойын мақсаты: Геометриялық пішіндерге, денелерге ұқсас заттарды тауып, атын
атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ойқиялын дамыту.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, денелер, суреттер.
Ойын барысы:
5 Ойынға басшылық. Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды.
Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi.
Тәрбиешi: Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн,
соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi
көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр
түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ
бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?
Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т.б.
Дөңгелек: доп, алма, шар т.б.
Суреттегi заттар жайында кiмнiң қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар бiлетiнiн
сұрау. Ендi балаларды үш топқа бөлiп, үш түрлi пiшiндi таратып бередi. “Өз
орныңды тап” қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындағы
пiшiндер көлемi жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң
балалардың iсәрекетiн бекiтiп, талдау жасайды.
“Қай қолымда көп»
1 нұсқа (35 ):
Ойын мақсаты: Заттарды сипап сезу және көру тәсілдері арқылы салыстырып
зерттеу іскерліктерін дамыту.
2 нұсқа (56 ):
Ойын мақсаты: Заттың екi жиынтығын салыстыра бiлуге үйрету. Көз мөлшерін
дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Ұсақ нәрселер.
Ойын барысы: Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алмакезек тәрбиешiнiң
столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды.
Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик
секiлдi әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз
болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн
анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында
көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс.
Тәрбиешi екi қатардағы нәрселердiң санын теңестiру үшiн не iстеу керектiгiн 2
тәсiлмен орындауы керек.
«Кім алғыр?»
Мақсаты (56 ): таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын
анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: ( + = ) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.
6 Ойынның барысы: Балалардың қолында сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын
мазмұнын түсіндіргенде кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып,
өрнектерлі құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындайды.
«Сен де сонша көрсет»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балалардың көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте
сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрету.
Керекті материалдар:
карточкалар, бала санайтын материалдар.
Ойынның мазмұны:
1 нұсқа. Тәрбиеші карточканы көрсетеді де, алып қояды. Балалар карточкада неше
фигура, ою таңба бар екенін айтып, сонша жалауша көрсетуі тиіс.
2 нұсқа. Тәрбиеші бірнеше рет алақанын соғады. Балалар оны зейін қоя тыңдап,
одан соң соншама жалауша көрсетеді.
фигуралардың, ою таңбалардың суреті салынған
«Қай вагонға мінемін?»
Мақсаты (35): 5 көлеміндегі заттарды санауға, қорытынды санын айтуға (мысалы:
барлығы 5доп) үйрету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Мақсаты (56): сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алу, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту.
Қажетті материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған
карточкалар.
Ойынның барысы: амалдарға берілген сан өрнектері жазылған карточкаларды
тарату. 1+4, 1+2, 31, 51. Олардың мәні бала отырған вагонға сәйкес. Мысалы, 5ші
нөмірлі вагон, өрнектердің жауабы 5ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге
тиіс.
«Қол соғу»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балалардың есту, қабылдау қабілеттерін жетілдіру, қарапайым сан мен
санау түсініктерін қалыптастыру;
2 нұсқа (56 ):
7 Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды,
қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.
Керекті материалдар: Тәрбиеші мен әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек (3
сурет ) болуы тиіс.
Ойынның мазмұны.
1 нұсқа.
Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына
шақырылған балалардың бірі тәрбиешінің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол
соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық
фигураға қаратып қоюы тиіс.
2 нұсқа. Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы
дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші ойын ережесінің дұрыс орындалуын
қадағалайды.
«Сипаттамасы бойынша тап»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Ұзын–қысқа, жуанжіңішке, үлкен–кіші, оңсол, ұғымдарын қайталау.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын
анықтау іскерлігіне үйрету,оңсол ұғымдарын бекіту.
Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар,таяқшалар т.б.
Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі
түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында
үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының
дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей,
ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі ұзындығы бірдей екі
қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір – біріне ұқсас 23
жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып
есептеледі.
« Дүкен »
Мақсаты (56): Сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға
үйретіп жаттықтыру.
Ойынның мазмұны: ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған
нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Сұйық заттарды белгілі көлемдегі ыдыспен, сусымалы
заттарды таразыға салынып өлшейді.
“Балық ұстау”
8 Мақсаты (35): 5 көлемінде заттарды санап үйрету, көлемдік және реттік санауды
ажырата білу. «Барлығы нешеу?», «Қайсы?», «Нешінші?»
Мақсаты (56): Ойын арқылы қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру, түсті
ажырату, тез ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Қажетті құралдар: Аквариум iшiнде жүзiп жүрген балықтар суретi, 110 сандар.
Ойын барысы: Аквариум iшiнен, ондағы жүзiп жүрген балықтар көрiнiсiн алу. Екi
түрлi түске боялған балықтардың келесi бетiне толық ондықтарды, 1, 2… 9ды
қосып, азайтуға 8дi өрнектер жазулы тұруы керек. Ойынды топқа бөлiп ойнатсақ,
аквариум iшiнен алынған балықтағы жазылған өрнектiң нәтижесiн тез ойлап, дұрыс
шешсе, көп ұстаса сол топтың жеңгенi болып табылады.
Ойын нәтижесiнде толық ондықтарды қосу және азайтуға жаттықтыру көзделедi.
« Өз жұбыңды тап »
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Санды көру,есту және дұрыс қабылдау қабілеттерін, ойлау вариативтілігі
сияқты танымдық үдерістерін дамыту;
Ойынның мазмұны. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға
қатысушылар қарама – қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың
омырауында – суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының
біреуі алақанын соғады. Бірі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы
санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді
де, екеуі бірге ойыннан шығады. Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын
аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.
« Қапшықтан неше ойыншық алдың?»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды затты қолмен сипалап, пішінін айтуға үйрету, ойлау қабілетін
дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балаларды қолдың саусақтарымен сипалап, көп заттардың ішінен белгілі
бір затты алып шығуға үйрету, ойөрісін жетілдіру.
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу
арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін
9 қапшықтан шариктерді алып, стөл бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін
балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде тәрбиешіге
айтады.
Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар
жеңімпаздар атанады.
«Ол не?»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды заттардың бірбірінен үлкенкішілігін анықтай білуді үйрету,
аңғарымпаздылыққа баулу.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көпаз, үлкенкіші ұғымдары
жайында түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш
матрешкалар.
Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады: Бойы әр түрлі,
жұмбағымды тыңдашы,
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.
Бірбіріне сыйып кеткен көрінбей,
Жинағанда бір ойыншық сияқты.
Матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын
аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Балалар бір
матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенін анықтайды.
«Қолымда не бар?»
1 нұсқа (35):
Мақсаты. Мынадай ұғымдарды пысықтау: ұзынқысқа, жуанжіңішке, үлкенкіші,
оңсол. Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Ұғымдардың мағынасын түсініп, бірбірінен ажырата білуге үйрету.
Кеңістік түсінікті пысықтау, қимылды, түсіну сезімдерін дамыту.
Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны. Балалар қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына
үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты, мысалы, үлкен және кіші тасты
ұстатады. Балалар қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолындакіші тас
бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді
тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша
10 немесе жуандығы әр түрлі, ұзындығы бірдый екі қарандаш ұстатады. Топ алдына
шақырылған әрбір бала бірбіріне ұсақ 23 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік
жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.
«Өз үйiңдi тап»
1нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды биiкаласа, үлкенкiшi, оң жақта, сол жақта деген
ұғымдарды айтуға, бірбірінен ажырата білуге үйрету
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балаларды тапсырма бойынша өз үйлерін табуға үйрету. Жылдамдыққа,
шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: «Ағаштардың бейнесі». Үйлердің суреттері.
Ойын барысы:
Тәрбиешi балаларды екi топқа бөлiп, әр топтың ойнайтын орнын немесе “үйiн”
тағайындайды. Екi топқа да өсiп тұрған бiрi биiк, бiрi аласа ағашты көрсетедi де 1
топтағы балалардың үйi биiк ағаштың оң жағы, ал 2топтағы балалардың үйi аласа
ағаштың сол жағы деп белгiлейдi. Қай топ өз үйлерiне тез барады. Ойын екi рет
қайталанады. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.
“Апта күндерi”
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Апта күндердi есте сақтап, айтуға үйрету.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Апта күндерін ретретімен айта білуге дағдыландыру. Баланың тілін,
ойын, танымдық қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 17ге дейiн
фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 7 және суретi жоқ 12
тәж.
Ойын барысы: Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар
тәж аптаның бiрiншi күнi дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi сейсенбi
және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды.
Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған
балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен –
жұмамын” және т.с.с. дейдi.
Осыдан кейiн тәрбиешi аптаның кезкелген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн
бала алдына шығып тұрады. “Апта күндерi, сапқа тұрыңдар” деген бұйрық
берiлiсiмен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиiс.
11 «Осы, өткен, келер уақыт»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Бүгін, ертең, кеше сөздердің қай уақытқа арналғаны туралы түсініктерін
бекіту
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту.
Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру; бар, қазір, бүгіносы шақ; болды –өткен
шақ; ертең, боладыкелер шақ.
Ойын барысы. Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ғана іс
әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқанын, болғанын және
болатынын айту. Барлық уақытты белгілермен көрсетеді: осы шақкөгілдір түспен,
өткен шақсұртүспен, келер шаққызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс
көрсететінін көреміз.
Қане, бастайық!
Бүгін балалар мектепке бара жатыр.
Кеше біз саяжайдан келдік.
Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді.
Құстар ұя салып жатыр.
Тауда ұяда балапандар пайда болды.
Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жасап жатыр.
«Қателесіп қалма?»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балалардың күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіту, ойлау
қабілеттерін дамыту
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі
мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте
отырып, балалармен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не
істейтіндерін еске түсіреді. Сонан кейін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады:
Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде
не істейтіндеріңді еске түсіресіңдер. Мәселен, мен «таңертең» деп айтамын. Сендер
қандай ісқимылдарынды атайсындар?
Балалар еске түсіреді:
Оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз, таранамыз.
12 Дұрыс, дейді тәрбиеші. – Бірақ ойын кезінде мен текше берген бала ғана жауап
береді және тек бір әрекетті ғана айтады. Әрекетті атаған соң ол текшені өзге
ойыншыға береді.
Тәрбиеші күннің түрлі уақытын айтады, ал балалар жауап береді.
«Таным»
Экологиялық негіздері
«Тез жауап бер»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балалардың құстар, жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін
бекіту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балаларды жіктеуге, салыстыруға, жалпылауға үйрету. Сан мен сын
есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.
Ойынның ережелері. Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды
ұсынады және қойылған сұраққа олар жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа ойыншы
фишка алады.
Кестеге сұрақтар.
1 Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?
2. Кестеде барлығы неше құс? Оларды ата.
3. Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? Неге?
4. Бірінші, екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні
байқадыңдар? (әр бағанда құстар, аңдар, жәндіктер бейнеленген).
5. Балықтарды ата.
6. Құстарды ата.
«Экологиялық пирамида»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей
отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.
«Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі. 6 текше
Ойынның ережелері.
қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен
алтыншысында «экологиялық пирамида» деген жазу бар.
Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген
беттерін көрсетеді.
Бірінші беті – күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.
13 Екінші бетте – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.
Үшінші беті – күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер.
Төртінші беті – күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық,
кірпі.
Пирамида құрастырылғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар
екенін айтады.
«Гүл шоғын құрастыр»
Гүлдің кімге арналғанын, қайда өсетінін және қалай
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте
сақтауға үйрету. Әсемпаздық талғамдарын дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Әсем гүлдерді пайдаланып, олардың қасиеттерін, қайда өсетіндерін
анықтау, атауларын қайталау.
Ойынның ережелері.
аталатынын көрсету.
Ойын барысы.
1. Тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шағын далаға «экскурсия» жүргізіледі.
Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның, көбелектің, Дәрігер
Айболиттің суреттері қойылды.
Бағбан бақтан, көбелек шағын даладан, ал Дәрігер Айболит орманнан гүл
жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтінеді. Гүлдердің суреттері
араластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар Кейіпкерлерге кезекпен
келіп өз гүлдерін ұсынады. Тәрбиеші мен балалар сыйлықтарға баға береді.
2. «Дүкен» Егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере
алса, олар гүлді сатады.
3. «Гүл шоғында не артық?» Дала, бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл
шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынады.
«Зоологиялық домино»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды жабайы аңдарды үй жануарларынан ажыратып, аттарын дұрыс
айтып беруге үйрету. Көргенін тез айта білуге дағдыландыру.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту.
Ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.
Ойын ережелері: Кімдекім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз
болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.
14 Ойынның барысы:
Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Ойынға төрт адам
қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратып қойылады. Балалар алты кар
точкадан санап алады. Сонан соң тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді: Бірбірінің
қасына тек бірдей суретті карточканы қоюға болады. Егер ойынға қатысушының
біреуі карточкасыз қалса, онда ол женген болып саналады. Егер керек карточка жоқ
болса, онда ол адам өзінің жүрісін жібереді. Карточкаларды араластырып ойынды
ары қарай жалғастыруға болады.
«Қайда не өседі?»
1 нұсқа (35 ):
Ойын мақсаты: Балалардың өсімдіктер жөніндегі білімін бекіту, оларды бір
бірінен айырып, өсетін жеріне байланысты топтастыру, сөздік қорын молайту.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Заттардың арасында кеңістік байланыстарын қоя білу дағдыларын
дамыту; өсімдіктерді өсетін жерлеріне байланысты топтастыру, белсенділіктерін
және өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын ережелері: Орман, егістік, баубақша бейнеленген үлкен карточкалардағы
бос тор көздерді кім өсімдіктердің суреттерімен жылдам толықтыратынын анықтау.
Ойын барысы: Ойынға қатысушылардың әрқайсысына түрлі пейзаждар салынған
үлкен карточканы таратып беру; кішкене карточкалар қорапта жатады. Жүргізуші
белгі бергенде балалар үлкен карточкалардағы суреттерге сәйкес келетін кішкентай
карточкаларды табады. Бос тор көздерді жылдам жауып, өсімдіктерді дұрыс атаған
бала жеңеді.
Бұл ойында дәндердің, саңырауқұлақтардың атауларын қиындық келтіретіндіктен,
балаларды олармен ойын ісәрекеттері кезінде, экскурсияға барған кездерде алдын
ала таныстыру қажет. Балалар карточкаларды ауыстырып, кішкене карточкаларды
араластырады да, ойынды жалғастырады.
«Менің үйім қайда?»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балалардың су мекендеушілері туралы білімдерін кеңейту, оларды
сөзбен айтып жеткізуге дағдылау. Балалардың ойлау және зейін қабілеттерін
дамыту.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Балаларды аквариум мен су тоғандары тұрғындарын жіктеп,
15 аттарын атауға үйрету.
Ойын ережелері: Өз тобына арналған тапсырмаға сәйкес келетін суреттерді таңдап
алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері.
Ойын барысы:
Топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6
топқа бөлінеді (ең көбібалықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге
кіріп, сәйкес келетін карточкаларды таңдап алады, сонан кейін топ болып, бас
қосады. Олар жинаған суреттерді қойып, әр топ өз жануарына немесе өсімдігіне
«үй» таңдайды (аквариум немесе су тоғаны).
«Кім қандай?»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балаларға жәндіктер – тірі жан екеніне көздерін жеткізу. Жәндіктерді
ажыратып, аттарын дұрыс айтуды үйрету, есте сақтауға баулу.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Балаларды жәндіктердің сыртқы кейпіне, дағдыларына, мекеніне,
қозғалыс тәсіліне анықтама беруге ынталандыру.
Ойын ережелері: Кім? Не? Қандай? деген сұрақтарға нақты жауап беру керек.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші жәндікке анықтама бере отырып, оның сыртқы кейпінің ерекше
ліктері, қозғалыс тәсілдері туралы айта отырып үлгі көрсетеді. Бірінші кезеңде ил
люстрациялық материал қолдануға болады.
«Экологиялық тізбек»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат,
өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта жануарлар да,
өсімдіктерде өз бетінше тіршілік ете алмайды.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат,
өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта
жануарлар да, өсімдіктерде өз бетінше тіршілік ете алмайды.
Ойын ережелері: Таңдауға негізделе отырып, экологиялық тізбек құрастыру.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды. Балаларға
қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағында
ғы цифрларға қарап, тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді.
16 Мысалы:
Жапыраққұртшымшықителгі.
Дәндертышқанаққұлақжапалақ.
Ағашқоянқасқыр.
«Менің мекенім, менің отбасым»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балалардың үй және дала жануарлары туралы білімдерін бекіту
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Жануарлар мен олардың балалары туралы, олар мекендейтін жерлер
туралы білімдерін нығайту.
Ойын ережелері: Жануарлар отбасын біріктіріп, олардың «үйін» атау.
Ойын барысы: Балаларға жануарлардың суреті бар үлкен карточкалар және
олардың кішкентай балалары бейнеленген шағын карточкалар беріледі. Барлық
үлкен карточкалар араластырылады да, «аңның балаларына» өзінің отбасын тауып,
«атаанасының» не екенін және «үйі» қайда екенін айту тапсырылады.
Қоянкөжек; қасқыршуланбөлтірік; түлкітүлкішекжаутаң; кірпіұрғашы
кірпікірпінің баласы; аюкірекейқонжық; тиінұрғашы тиінтиіннің баласы;
тышқан мен балалары.
Атбайталқұлын; қойсаулық қойқозы; ешкітекелақ; бұқасиырбұзау;
шошқа –торай; қоразтауықбалапан; иткәндеккүшік.
«Әлеуметтік орта»
Қоршаған ортамен таныстыру
«Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балаларды ойын арқылы мамандықты дұрыс тауып, айтып беруге
жаттықтыру. Үлкендердің еңбектеріне қызығушылықты қалыптастыру.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Мамандықтар туралы білімдерін бекіту.
Ойынның барысы:
Әр бала қандай да бір мамандықты ойлап, жасырады, ал қалғандары оны табу
керек. Балалар бірбірден шығады, ал қалғандары сұрақ қояды. Жауаптарына бай
ланысты бала «иә» немесе «жоқ» деп, олардан неге сол мамандықты таңдағанын
сұрап, қысқаша айтуды ұсынады. Міне, осы жауаптардан балалар сіздің маман
дығыңызды табуы қажет.
17 «Жұбын тап»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды ойнай отырып, заттың қандай материалдан (пластмасс, шыны,
резина) жасалғанын анықтауды үйрету. Ойлау қабілетін дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балалардың шыны, пластмасса, тері және резина материалдары туралы
білімдерін бекіту.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші балаларға шыныдан, теріден, пластмассадан және резинадан жасалған
заттардың бейнесі бар суреттерді үлестіріп береді. Балалар топқа бөлінеді. Тәрбие
шінің белгісі бойынша, балалар өздеріне жұп табу керек, яғни нақты сол мате
риалдан жасалған заты бар баланы табу керек. Балалар өздерінің екінші жұптарын
тапқаннан кейін тәрбиеші олардың дұрысбұрыстығын тексереді, олардан неге дәл
осы суретті таңдағанын сұрайды.
«Сүйікті қаламызға саяхат»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Сурет арқылы туған қаланың негізгі ерекшеліктерін тани білу.
Көргендерін айтуға үйретіп, тілдерін дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Туыпөскен қаласы туралы білімдерін бекіту; үлкендер еңбегі,
автокөліктер жайлы өз ойпікірлерін айту, сөз қорларын молайту.
Ойынның барысы:
Тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп, карточкаларды таратады. Содан соң қала
ның көрікті жерлері, үлкендер еңбегі, автокөліктер туралы әңгімелеуге тапсырма
береді. Балалар қолдарындағы карточка бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені
мазмұнды айтқан топ жіңішке жетеді. Топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі
қарай жалғастырады.
«Менің қайда екенімді тап»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Қазақстан қалалары туралы түсініктерін кеңейту, сұрақтар арқылы өз
ойларын дұрыс айтуға, қалалардың атауларын есте сақтауға баулу.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Балалардың туған қаланың көрікті орындары туралы білімдерін бекіту.
18 Керекті құралдар. Қазақстан қалалары туралы ашықхаттар жиынтығы.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші балаларға бір данадан қаланың көрікті орындары бейнеленген ашық
хаттарды таратып береді және балалардан онда не бейнеленгенін, нақты орынның
атын атамай, әңгімелеп берулерін сұрайды. Ал басқа балалар қай қала екенін табу
лары керек. Тәрбиеші балаларға көмектеседі, сұрақтар қояды, жауабын шешуге кө
мектеседі.
«Нені қайдан алуға болады?»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Адамға қажетті заттарды дұрыс атай білуге, жалпы атауын айтуға
үйрету.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Адамға қажетті заттарды тани, талдай білуге, нені қайдан алуға
болатынын үйрету, балалардың сөздік қорын молайту.
Қажетті құралдар: ыдыс аяқтардың, тамақтардың, киімкешектердің,
ойыншықтардың, суреттері салынған карточкалар және «Дүкен» жазуы бар таблица.
Ойынның барысы.
Тәрбиеші үстел үстіне нанның, киімнің, ыдысаяқтың, сүт, ет тағамдарының (шұжық
ет) суреттерін қояды. Бұл суреттер «Дүкенді» бейнелейді. Суреттердің жанына
түрлі заттар аралас қойылады. Шақырылған бала суреттердің ішінен біреуін алады
да, не алғанын, қайда сатылатынын айтады.
Мысалы, тәрбиеші: «Пальтоны, көйлекті қайдан алуға болады?» деп сұрайды.
Бала: «Киім сататын дүкеннен аламыз»
Ыдыстарды (кесе, табақты) қайдан алуға болады? – ыдыс сататын дүкеннен аламыз.
Осы жауаптардан соң тәрбиеші «мына суреттердің ішінен біреуін ал да, қай дүкенде
болатынын айт, сол дүкенге апарып қой», деп тапсырма береді. Шақырылған бала
тапқан суретін тәрбиешінің үстеліндегі «Дүкеннің» біріне апарып қояды (егер дұрыс
таппаса басқа балалар орындайды). Сол зат жөнінде сөйлем құратады. – Нан неден
пісіреледі? – Ұннан пісіреледі. – Ұн неден жасалады? – Ұн бидайдан жасалады. –
Нанды қайда пісіреді? – Нанды наубайханда пісіреді. – Нан қайда сатылады? – Нан
сататын кісіні қалай атаймыз? – Нан сататын кісіні сатушы дейміз.
Ойынын соңында нанға байланысты өлең, тақпақтар және мақалмәтелдер айтылады.
«Заттар өзі жайлы не дейді?»
19 1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балаларды заттарды танып, атай білу іскерлігін жетілдіру, сөздік қорын
дамыту
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Заттардың атын білу, не үшін қажеттігі және неден жасалғандығын
ажырата білу дағдыларын дамыту
Қажетті құралдар: әр түрлі материалдан жасалған заттар
Ойын барысы: Тәрбиеші балалармен бірге әр түрлі материалдан жасалған заттар
түрлерін немесе заттық суреттерді көріп тамашалайды. Сосын барлық заттарды
жинап алып, бір ғажайып қапшыққа салып қояды. Балалар әрқайсысы қапшықтан
заттарды біртіндеп алып, оның қажеттігі жайлы атын айта отырып, толық сипаттама
береді.
«Өз үйіңді тап»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Көлік түрлері жайлы балалардың білімдерін бекіту.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Көліктердің жерде, ауада, суда жүретін көліктер болып жіктелетіні
туралы білімдерін бекіту.
Қажетті құралдар: доп
Ойын барысы. Балалар бір сызық бойына тұрады. Тәрбиеші әр балаға кезекпен
допты бере отырып, қандай да бір көлік түрінің атын атайды. Допты алған бала бұл
көлік көліктің қандай түріне (суда, ауада және жерде жүретін) жататынын айтуы
керек. Егер де бала дұрыс жауап берсе, келесі сыныпқа өтеді, яғни бір адым алға
аттайды. Ал егер қателесетін болса, өз орнында тұрады. Алғашқы болып төрт адым
жасаған бала жеңіске жетеді. Тапсырманы өзгертуге болады: тәрбиеші көлік түрінің
атауын атайды, ал балалар осы көлік түріне жататын көліктің атын атайды.
«Не болды, не бар?»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Балалардың тұрмыстық техника туралы білімдерін бекіту, есте сақтау
қабілеттерін жетілдіру.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы білімдерін шыңдау.
Қажетті құралдар: қағаздар (карточкалар) жинағы: сыпырғыш, шаңсорғыш,
шылапшын, кір жуғыш машина, ине, тігін машинасы, пеш, газ плитасы, есепшот,
компьютер, т.б.
Ойын барысы: Балалар жұпты қағаздарды таңдайды.
1. Сыпырғыш – шаңсорғыш
20 2. Ине тігін машинасы
3. Есепшот – компьютер
4. Пеш газ плитасы
5. Шылапшын кір жуғыш машина
Балалар тұрмыстағы заттардың адамдарға келтіретін пайдасын айтып берулері
керек.
«Қатынас»
Тіл дамыту
«Қарама – қарсы сөздер».
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балалар ойынды ойнай отырып, қарамақарсы сөздерді дұрыс тауып
айтуды үйрету. Тілдерін және ойлау қабілеттерін дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ойөрісін кеңейту,
Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарамақарсы сөздермен молайту, зейінділігін
арттыру.
Көрнекілігі: Доп, карточкалар.
Ойын шарты: Тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты
лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешіге
кері лақтырып, айтылған сөзге қарамақарсы сөзді айтуы керек.
«Сөз ойла, тез ойла».
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру, тілдерін дамыту.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Берілген дыбысқа, сөз ойлап, ойлаған сөздегі дауысты, дыбыссыз
дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын
молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер
(дыбыстардын дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше белгісі бар.)
Ойын барысы: Тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді. Балалар
сол әріптен басталатын сөздерді айтады. Сандыққа бірнеше текше салып қояды.
Бала өз қолымен біреуін алып сол дыбыстан басталатын заттарды атайды.
21 «Кім тапқыр?»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды белгіленген бір дыбысты сөздің қай бөлігінде орналасқанын
анықтауды үйрету. Зейін, ойлау қабілеттерін дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру. Ойын барысында
балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып,
жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарымқатынасты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Берілген дыбысқа арналып салынған түрлітүсті суреттер,
ойыншықтар, жалаулар.
Ойын шарты:
Тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында келетіндігін
айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк
жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жа
лаушаны жоғары көтереді.
«Ойлан да аяқта».
Тілдің грамматикасын дұрыс сақтауын қалыптастыру, сөйлеу
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу барысында қолдануларын
қалыптастыру.
2 нұсқа (56):
Мақсаты:
іскерліктері мен сөздік қорын байыту.
Ат шабады, ал қарқа ...(ұшады)
Ит үреді, ал қарға...(қарқылдайды)
Жылан жорғалайды, ал балық...(жүзеді)
Қасқыр ұлиды, ал қой...(маңырайды)
Түйе боздайды, ал жылқы...(кісінейді)
Лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
Өзен арықтан терең, ал арық...(саяз)
Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)
Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың... (қолыңмен)
Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман ... (кейін)
1 нұсқа (35 ):
«Жаңа ертегі»
22 Мақсаты: Ертегіні бірнеше мәрте тыңдап, оның мазмұнын айтып, сюжеттің
негізінде шағын көрністер құрастыруға үйрету.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Ертегі тыңдауға, талдауға, тыңдағанды «жандандыруға», құрастырған
ертегі кейіпкерлеріне қатысты эмоционалдық тұрғыда толқу қабілеттерін дамыту,
үйрету.
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді.
Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан, қоян, қасқыр. Аталған кейіпкерлерді
біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі
ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.
«Қажетті суретті тап»
1 нұсқа (35 ):
Мақсаты: Логиқалық ойлауға үйрету, күн тәртібіне қажет ісәрекетті еске түсіру;
қай кезде, не істелетінін айтуға үйрету.
2 нұсқа (56 ):
Мақсаты: Логиқалық ойлауға үйрету, күн тәртібіне қажет ісәрекетті еске түсіру;
қай кезде, не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету; түрлі жаттығу
жұмыстарын өздігінен орындауға төсілдіру.
Керекті заттар: үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арнаған ыдыстар,
ермек саздан, балшықтан жасалынған тоқаш, нан, бауырсақ, шұжық, айран, сүт, шәй
қораптары.
Ойынның барысы.
Ойын суреттер қатыстырылып жүргізілсе, тәрбиеші үлкен суретті, мысалы, үлкен
тәрелке немесе қасық ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен
тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттарды алып, үстелге қояды. Не істегені
туралы айтады. Мәселен қасықтың суретін алса: «Мен қасық алдым. Қасықпен
тамақ ішеді. Қасық ағаштан, (металдан) жасалынған. Бұл үлкен қасық. Онымен
сорпа ішеміз», деп жауап береді. Ойынның соңында балалар ойынға қатысты
заттардың суретін салады.
«Сен нені ұнатасың?»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Көкөністер мен жеміс жидектерді таный біліп, дұрыс атату, ұқсас
жемістер мен көкөністерді табуға дағдыландыру.
2 нұсқа (56):
23 Мақсаты: Көкөністер мен жеміс жидектерді таный біліп, дұрыс атату, сөздік
қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: көкөністер мен жеміс – жидектер суреттері.
Ойынның барысы.
Көкөністер мен жемісжидек суреттері алынған карточкалар тақтаға ілінеді. Үстел
үстінде көкөніс, жеміс суреттері аралас жатады. Шақырылған бала өзіне ұнаған
жеміс немесе көкөністерді танып алады да, карточкаға (қалтаға) салады. Қайда
өсетіні, түсі, пішіні, дәмі туралы сипаттап айтады.
«Жалпы атауын ата»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларға заттарды жекежеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы
атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балаларға заттарды жекежеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы
атауын бір сөзбен айтқызу. Көкөністер деген сөзге сөйлем құрастыру, көкөністер
қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету. Түстеріне, пішініне қарап бір бірінен
айырмашылықтарын салыстыру.
Көрнекілік: жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары.
Ойынның барысы.
Тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу
құралдары, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық
материалдарды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес
топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.
Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені оларжеміс ағаштары.
«Заттың атын ата»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын
дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Заттың сапасын сипап байқату арқылы ажырата білу және
оларды тегіс, кедір – бүдір, жұмсақ, қатты, қою, сұйық, ауыр, жеңіл деп
дұрыс атай білуді дамыту.
Көрнекілігі: ыдыс, көкөніс пен жемістердің суреттері, муляждары, қоржын.
Ойынның барысы.
24 Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері және муляждар салынған ыдыстан
бір бала осы заттардың бірін алады. Алған затының атын атап, оны жанжақты
сипаттайды. Баланың көзін байлап, қоржыннан кез келген затты алғызуға болады.
Бала оны сипалап, не екенін ажыратады да атын айтып, сипаттайды, атын айтады.
«Ойлан тап»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды тыныс белгілерімен таныстыру, ойлау қабілетін жетілдіру.
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балалардың тыныс белгілері жайында түсініктерін кеңейту, сөйлемнің
айтылу мәнеріне қарай бірбірінен айыру.
Ойын шарты: тәрбиеші бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлемнің айтылу
мәнеріне қарай ерекше назар аударып отырады. Екі командаға бөлініп, тақтаның
ортасынан сызып, екі бағанаға бөлінеміз.Әр команданың жауабын тыныс
белгілерімен белгілеп тұрамын. Ойын соңында санап қортындысын шығарамын.
Тәрбиеші: Ал бастаймыз деп, ойынды бастайды.
Сәуле бақшаға келді. Қандай тыныс белгісін қоямыз? деп егер бірінші команда
мүшелері айтса, тақтаға бірінші бағанаға нүкте белгісін қоямыз. Осылайша ойынды
жалғастыра береміз.
«Радио»
1 нұсқа (35):
Мақсаты: Балаларды байқампаздыққа тәрбиелеу және сөздік қорларын дамыту
2 нұсқа (56):
Мақсаты: Балаларды өз бетінше сөйлеу мәнері мен мәнерлеп айту іскерлігін
қалыптастыру. Жай және күрделі сөйлемдерді қолдануға жаттықтыру.
Ойынның барысы. Біз бүгін «Радио» деп аталатын жаңа ойын ойнаймыз. Радиодан
сөйлейтін адамды диктор дейді. Бүгін диктор радиодан біздің топтың балалары
туралы айтады. Ол біздің ішіміздегі бір баланы сипаттайды, ал біз оның сөзінен ол
баланы табуымыз керек. Алдымен мен диктор боламын.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Қыз бала жоғалды. Оның үстінде қызыл күртеше,
қара юбка, бұрымындаақ бантик. Ол өлеңді жақсы айтады және Айгүлмен
дос. Бұл қызды кім біледі?
Осылай тәрбиеші ойынды бастап, балаларға сипаттау үлгісін көрсетеді. Балалар өз
топтарындағы қызды көрсетеді. «Ал енді сендердің араларыңнан біреу диктор
болады», дейді тәрбиеші. Жаңа дикторды санау арқылы таңдап алады. Тәрбиеші
ойын кезінде балалар өз жолдастарының мінезқұлқын, киімін дәл, дұрыс айтуын
қадағалайды.
25 2. Сюжетті – рөлдік ойындар
Балалар ойынының алғашқы формаларының бірі сюжетті – рөлдік ойындар.
Сюжетті – рөлдік ойындарды өз мәнінде ойнату үшін алдынала дайындық
жұмысына көңіл бөліп, балалардың ойөрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс
тәжірибелерін толықтыра берген жөн. Сюжеттiрөлдiк ойындарының ерекшелiгi сол,
оны балалардың өздерi жасайды. Ойынның дербес әрекетi айқын өнерпаздық және
шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкiн.
Сюжеттiрөлдiк ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттерi болып табылады.
Мысалы: «Дукен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының
әрекеттерiне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрiгер мен науқастың әрекеттерiне
елiктейді.
Сюжетті – рөлдік ойындарды балалар өздігінен үштөрттен бірігіп ойнай береді.
Көбіне олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап әрі қарай не істерлерін
білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Ал, тәрбиешінің міндеті ойынға
бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету.
Ол үшін, сюжетті – рөлдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге
болатынын жанжақты ойластыра білген жөн. Ойын кезінде баланың мінезқұлқы
өзгереді. Қойылым кезінде бала өзөзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің
мазмұнын есіне тез сақтап қалады.
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
«Ғарышкерлер»
Ойын мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.
Қажетті атрибуттар: көкшіл матадан тігілген ғарышкердің костюмі, бас киім,
жалаушалар.
Ойын шарты. Ойын серуенде, зымыран ойыншығының жанында өткізіледі.
Балаларды рөлдерге бөлу: командир, механик, дәрігер, ғарышкерлер.
Командир ғарышкерлермен жаттығу жүргізеді. Дәрігер денсаулықтарын тексереді.
Ракетаға әр жолы 45 баладан отырып ұшады. Жерде жалаушамен белгі беріп,
26 ұшатын, қонатын бағытын сілтеп көрсетеді. Ойынды түрліше күрделендіріп өткізуге
болады.
«Сән ательесі»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, тілдерін дамыту, достық
қарымқатынастарын тәрбиелеу.
Қажетті атрибуттар: іс тігетін ойыншық машина, үлгілер, матаның қиықтары,
қуыршақ, сән журналдары.
Ойын шарты.
Балаларды рөлдерге бөлу: 34 бала тігінші, 23уі киім пішуші (модельер)
Ательеге 23 бала қуыршақтарын көтеріп, көйлек, т.б. заттарды тіккізуге тапсырыс
береді. Киім пішуші арнайы өлшеуішпен қуыршақтың көйлегінің ұзындығын,
кеудесін, жеңін өлшеп алады да, дайын үлгімен қияды.
Бұл жұмысты ұжымды түрде барлық балалар бірігіп істеуіне әбден болады.
«Пошташы»
Ойынның мақсаты:Балаларды достыққа, ізгілікке, т.б. қасиеттерге тәрбиелеу
Қажетті атрибуттар: пошташының қалпағы, сөмкесі; пошта жәшігі, «Балдырған»
журналдары, хаттыстар (конверт).
Ойын шарты. Тәрбиеші балаларға: «Қазір бірбіріңе хат жазасыңдар» , деп
хабарлайды. Ол үшін хаттыстың сыртына достарыңның атын жазып, ішіне өздерің
қалаған суреттеріңді салып, пошта жәшігіне тастайсыңдар.
Пошташы хаттарды жәшіктен сөмкесіне салып, өз иесіне тарата бастайды. Ойынды
әрі қарай өрбітуге болады.
«Сәуле , саған кім хат жазды?» немесе «Ненің суреті, атын ата?» т.б. сұрақтарды
қоя отырып, балалардың танымын кеңейтуге болады.
«Кеме»
Мақсаты: Адамдардың әр түрлі мамандықтары туралы балалардың білімдерін
жетілдіру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті атрибуттар: ағаштан жасалынған кеменің макеті, руль, капитанның
қалпағы, балықтар.
Ойын шарты. Балалар өз қалаулары бойынша капитан мен кеме жүргізушіні
тағайындайды, содан кейін әрқайсысы өз орындарына отырады.
Капитан өзінің жүргізушісіне оңға бұр, солға бұр, тура жүр, деп басқарып отырады.
27 Кемемен серуенге шыққанда теңізшілердің еңбегі, балықтардың түрлері жайында
мағлұмат беріледі. Саяхат көңілді болу үшін ән айтады.
Бұл ойын балаларды ұйымдасқан түрде ойнай білуге баулиды.
«Балықшылар»
Ойынның мақсаты:Балаларды балықшылардың еңбегімен таныстыра отырып,
еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдаланатынын білгізу.
Қажетті атрибуттар:ау, қармақ, балықтар.
Ойын шарты. Балалар ау тартуға әзірленеді. Бір шетте суда жатқандай ау жатады.
Балалар аудың бір жақ шетінен тұрып екі қолдарымен алмакезек тарта бастайды.
Екінші шетінде бірекі бала жай жүріп тартып келеді. Ойын барысында балалардың
қимыләрекеттерін қадағалау. Ұстап алған балықтардың түрлерін сұрау. Ау саланып
болғаннан кейін реттеп жинап қояды.
Ойынға «Балықшы» тақпағын пайдалануға болады.
Дауылға да қарамай,
Жауынға да қарамай
Балықшылар айдында
Ау тартады жағалай.
Ұшқыш
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа
баулу.
Қажетті атрибуттар: ұшқыштың бас киімі, билет, дүрбі
Ойын шарты.
Балаларды рөлдерге бөлу: 4 бала ұшқыш рөлінде, қалған балалар жолаушылар, 1
бала – хабарлаушы, 1 бала тексеруші (кондуктор), 1 бала – кассир.
Тәрбиеші ұшақтың 23 түрін атайды: «Ту», «АН»,т.с.с.
Топтағы балаларды үш не төрт командаға бөліп, ұшқыш рөліндегі балалардың
соңынан қатарға бөлініп тұрады. Хабарлаушы микрофоннан хабарлайды: «Қостанай
– Алматы рейсі бойынша ұшаққа отырғызу басталады». Билеттерін тексерушіге
көрсетіп, ұшаққа мінеді. Ұшқыш бала қолын пропеллер сияқты айналдырып,
қолдарын екі жаққа жайып ұшақ сияқты ұшады. Екіүш айналып ұшады да, жерге
қонады.
Ұшқыш болам.
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ғарышкердей ағаның.
28 Балабақша
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтей білуге баулу.
Ойын шарты.
Балаларды рөлдерге бөлу: 1 бала тәрбиеші, 2сі күтуші, 3сі медбике, 4сі –
аспазшы.
Тәрбиеші ойынға басшылық жасап, ойынды өрбітеді. Таңертең бақшаға келген
балаларды «медбике» қабылдайды., тазалығын қарайды. «Тәрбиеші» ойыншықтарды
ұсынып, оларды ойнатады. «Аспазшы» рөліндегі бала ойыншық ыдысаяқтарды
үстелге қойып, балаларды тамақтануға шақырады. Балалар қолдарын жуған боп,
тамаққа отырады.
Әрі қарай күнделікті режим сәттеріне орай ойынды өрбітеді.
«Сәлеметсіз бе, сау болыңыз, кешіріңіз, рахмет», т.б. сыпайы сөздерді дер кезінде
айтқыза отырып, сыпайыгершілікке баулу.
Азық түлік дүкені
еңбекті
құрметтей білуге,
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке,
сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.
Қажетті атрибуттар: ойыншықтар, ыдысаяқтар, папьемашеден жасалынған тағам
түрлері, ақ халат, қалпақ, есеп шот, қағаздан жасалған дөңгелектер.
Ойын шарты. Бұл ойынды әуелі жекежеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш
дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.
Балаларды рөлдерге бөлу: 2 бала сатушы, 1 бала кассир, қалғандары тұтынушылар.
Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар
да бірбірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды
ұмытпауы керек. Сатушыда өз кезегінде «Тағы да келіп тұрыңыз», деп ілтипат
білдіреді.
Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру. Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып
сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады. Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын
қорап, ақ қағаз, қарындаш. Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге
ақшасын төлейді. Не алғысы келетінін айтады. Кассир чек жазып береді. Чекті алып
сатушыға береді. Сатушы «тағы да келіп тұрыңыз» дейді.
Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.
Автобус жүргізуші
29 Ойын мақсаты: Балаларды жүргізуші мамандығымен таныстырып, оның пайдасы
мен қажеттілігін айқындау, еңбекті сүюге баулу, қоршаған ортаға деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қажетті атрибуттар: руль, абонементтер, орындықтар, микрофон.
Ойын шарты. Бір баланы автобус жүргізуші, екіншісін тексеруші етіп
тағайындайды. Қалған балалар жүргіншілер. Егер ойын бөлмеде өткізілсе,
орындықтар екі қатар етіп қойылады. Борменен еденге алдыңғы, артқы есік белгісін,
яғни екі параллель сызығын сызады. Аялдамада тосып тұрған жүргіншілер артқы
есіктен кіріп, біртіндеп қолдарындағы абонементтерін компостерге тесіп
орындарына отырады.
Жүргізуші рөліндегі бала «ал кеттік» деп, аузымен мотордың дүрілін салып
жүргізеді. Біраз жүрген соң, келесі аялдамаларды «дүкен, дәріхана, парк» деп
микрофонмен хабарлағанда, әр аялдамада 45 баладан түсіп отырады. Тексеруші
рөлін алғашқы кезде тәрбиеші өзі атқарады. Балалар автобустан түскенде
қолдарындағы абонементтерін жинап алады. Автобустан түскен балалар «дүкен»,
т.б. орындарға кіріп, онымұны сатып алып, тағы да аялдамаға келіп тосады.
Ойынды осылайша қайта жалғастыруға болады.
Емхана
Ойынның мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген
балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы, кішіпейілділігі,
қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.
Қажетті атрибуттар: дәрігердің ақ халаты, қалпақ, рецепті жазатын қағаз, қалам,
фонендаскоп, градусник т.б. құралдар.
Ойын шарты. Балаларды рөлдерге бөлу: дәрігер, медбике, ауру бала қуыршақ,
ауру баланың шешесі.
«Шешесі» ауру баласын дәрігерге әкеледі. Дәрігер «қай жері аурады?» деп сұрап
балаға градусник қояды, өкпесін тыңдайды, рецепт жазады. «Медбике күніне үш рет
укол салады» деп процедура кабинетіне жібереді.
Ойын барысында, егер дәрігерге келушілер кезек күтіп ұзақ отырып қалса,
балаларға емханада шуылдауға болмайды, шу дәрігерге де, ауру адамға да бөгет
жасайды деп, дер кезінде араласып, дұрыс бағыт беріп отыру керек.
Ақ халаты үстінде
Аппақ оның ісі де;
Ауырсаң сен, емдейді
Келеді түн ішінде
Сұлулық салоны
30 Ойынның мақсаты: Балалардың достық қарымқатынастарын, ұжымдық
сезімдерін дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қажетті атрибуттар: қайшы, шаш алатын машинка, иіс су шашатын пульверизатор,
айна, тарақ, ақ жапқыш, халат.
Ойын шарты. Балаларды рөлдерге бөлу: 23 бала «шаштаразшы», 1 балакассир,
қалған балалар шаш алдырушылар (клиенттер).
Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіре отырып, балаларға шашты қию дағдыларын
көрсетеді. Әуелі шашты тарап, сосын қиған тәрізді қимылдар жасап, иіс су сепкен
тәрізді (пшпш) деп сеуіп, сосын шашты оңға, не солға жатқызып тарайды.
Балалар кезекпен «Шаштаразға» кіріп, шаштарын алғызып, рахметін айтып
ризашылық сезімдерін білдіреді. Әсіресе қыз балалардың шашын тарқатып, қайта
өріп әсемдеуге болады.
Осылайша арнайы 23 рет ұйымдастырылып ойнағаннан кейін, балалар ойынды
өздігінен әрі қарай өрбітіп ойнай береді.
3. Драматизацияланған ойындар.
Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді
меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды
дамытуда көп әсерін тигізеді. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа
ойындарға қарағанда күрделірек, себебі, ол ертегілерден және әдеби
шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл
ойынның түрін тез меңгереді. Драматизациялық ойындарда мазмұны, рөлдер, ойын
әрекеттерi қандай да бiр әдеби шығарманың, ертегiнiң т.б. сюжетi мен мазмұнына
сәйкес болады. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсiл
көрсетпеу керек. Ол үшiн ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
І. Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою.
ІІ. Мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады:
1. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.
Тілдік қарымқатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
2. Балаларды сөйлеуге үйрету.
3. Өмірде кезкелген оқиға туралы естігенін ұғуға және
ісәрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.
31 Білім беру салалары: «Қатынас», «Денсаулық»
. «Қатынас»
Көркем әдебиет
«Бауырсақ» ертегісі
(саусақ театры).
Мақсаты: Ертегі мазмұның балалардың естеріне түсіріп,сұрақтарға толық жауап
берулерін қадағалау. Тіл байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру,
дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.Ойын
құралдары: Саусақ басына кигізілетін ойыншықтар.
Ойын барысы:
Автор: Ертеертеертеде шал мен кемпір тұрыпты. Бір күні шал кемпіріне айтады.
Шал(1бала): Кемпірау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Кемпір(2бала): Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
Шал: Әй, кемпір, қойманың түбін қырып көрсең. Бір бауырсақ пісіретін үн табылар.
Автор: Кемпір солай істеді. Қойма түбін қырыпқырып екі уыс ұн табады да.
Қаймақ қосып, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға
қояды. Жатажата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолға шығып,
домалап кетеді. Жолда домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.
Қоян(3бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ(4бала): Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап
көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ алға қарай домалап кетеді, қоян қалып қояды. Бауырсақ орман
ішіиен домалап келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр(5бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
32 Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқыр сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ домалап кетеді. Қарсы алдынан қорбандап аю шығады.
Аю(6бала): Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқырдан кеттім,
Аю сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ домалап кетеді, аю қалып қояды. Бауырсақ зымырап келе жатса,
алдынан түлкі шыға келеді.
Түлкі(7бала): Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайсың, қандай әдемісін!
Автор: Бауырсақ қуанып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған болып,
білдірмей бауырсаққа жақындап отырады.
Бауырсақ: Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
Түлкі: Әдемі өлең екен! Айналайын, бауырсақ, мен қартайдым, құлағым естімейді
ғой. Кәне, менің тұмсығыма отырып, өлеңді тағы бір айтып берші.
Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта
бастағанда, түлкі бауырсақты «ап!» деп жеп қояды.
33 « Шалқан » ертегісі
(фланелеграфта )
Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету, сөз қорын жетілдіру,
әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, бірлікке тәрбиелеу.
Ойын құралдары: Фланелеграф тақтасы,ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Ойын барысы:
Автор: Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы
шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады.
Атай: Көмекке әжені шақырады.
Автор: Әже атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Әже: Әжесі немере қызын шақырады.
Автор: Немересі әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан
ұстап тартты, жұлынбады.
Немере: Немересі итті көмекке шақырады.
Автор: Ит –немересінен, немересі әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның
жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Ит: Ит мысықты көмекке шақырады.
Автор: Мысық – иттен, ит –немересінен, немересі әжесінен, әжесі – атасынан,
атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Мысық: Мысық тышқанды көмекке шақырады.
Автор: Тышқан –мысықтан, мысық – иттен, ит –немересінен, немересі әжесінен,
әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып тартып.
Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды.
« Шұбар тауық » ертегісі
(сахналау)
Мақсаты: Балаларды таныс ертегіні аяғына дейін қызығушылықпен тыңдауға
үйрету. Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруін,
кейіпкерлердің қимылдарын көрсете отырып, ертегінің мазмұның айтып беруге
үйрету.
Ойын құралдары: Қуыршақтар, ойыншықтар.
Ойын барысы:
34 Автор: Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты.
Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.
Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар
шығар?
Автор: Шал жұмыртқаны қасықпен ұрыпұрып сындыра алмапты.
Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін.
Автор: Кемпір де жұмыртқаны ұрыпұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген
тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны
құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен
кемпір жылайды.
Шұбар тауық: Ата,әже жыламаңыздар!Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа
тауып беремін.
Автор: Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді.
Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.
«Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұны бойынша шағын көрініс қоя білуге үйрету. Тіл
байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте
отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.
Ойын құралдары: конус түріндегі қуыршақтар: Маша, әкесіаю, шешесіаю,
Мишутка.
Ойын барысы:
Автор: Маша бірде орманға барып адасып кетіпті. Жол іздеп келе жатып бір үйге
келді. Бұл үйде аюлар тұратын. Олар: әкесіаю, шешесіаю және қоңжықМишутка
еді. Үйге кірген Маша үстелде тұрған үш табақ бөкпенді көрді.
Маша: Бөкпенді жеп көрейінші.
Автор: Маша үлкен және орташа табақтағы бөкпенді жеп еді
Маша: Жоқ, ұнамайды.
Автор: Ал кішкене табақтағы бөкпенді жеп көріп
Маша: Дәмді екен!
Автор: Сөйтіп,кішкене табақтағы бөкпенді түгел жеп қойды. Маша ең үлкен
орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады.
Маша: Кішкентай орындық маған ұнайды.
Автор: Маша тербеліп еді, орындық сынып қалды. Маша ұйықтайтын бөлмеге кірді.
Үлкен төсекке жатып еді, олбиік екен. Орташасыөте кең екен.
Маша: Кішкентай төсек маған ұнайды.
35 Автор: Сөйтіп, кішкентай төсекте ұйықтап қалды. Кешке аюлар келді.
Әкесіаю: Менің табағыма кім тиіскен?
Шешесіаю: Менің бөкпемді де біреу татып көріпті ғой!
Мишутка: Кім менің бөкпемді жеп қойған? Орындығымды кім сындырған?
Автор: Содан кейін аюлар ұйықтайтын бөлмеге кіреді.
Әкесіаю: Менің төсегіме кім тиіскен?
Шешесіаю: Менің төсегімді біреу умаждап тастапты ғой!
Мишутка: Міне жатыр, міне, ұстаңдар оны, ұстаңдар!
Автор: Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша атып тұрып, терезеден секіріп
қаша жөнелді. Аюлар оны қуып жете алмай қалды. Сөйтіп, Маша аманесен үйіне
оралыпты.
«Аққуқаздар» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды ертегіні дұрыс түсініп әңгімелей білуге үйрету. Сөздік қорын
дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің образына ене отырып көрініс қоя білу. Кішіге деген
қамқорлыққа тәрбиелеу.
Ойын құралдары: ертегі кейіпкерлерінің маскалары.
Ойын барысы:
Автор: Бір күні атаанасы бір жаққа кеткенде, достарымен ойнап жүріп қыз інісін
қарауды ұмытып кетіпті. Осы кезде Мыстан кемпірдің аққуқаздары інісін іліп алып
ұшып кетіпті. Қыз інісін іздеп шығады. Келе жатса нан пісіретін пеш тұр екен.
Қыз: Пеш, пеш, аққуқаздар қай жаққа ұшып кеткенін көрдің бе?
Пеш: Менің пісірген тоқашымнан жесең айтамын.
Қыз: Менің қарным ашқан жоқ.
Автор: Алдынан алма ағашы кездесті.
Қыз: Алма ағашы, аққуқаздар қайда ұшып кетті?
Алма ағашы: Менің алмамды жесең ғана айтамын.
Қыз: Сенің алмаларың көк шығар?
Автор: Әрі қарай сүт бұлағы кездесті.
Қыз: Сүт бұлағы, айтшы аққуқаздар қайда ұшып кетті?
Сүт бұлағы: Менің сүтімді ішсең ғана айтамын.
Қыз: Менің сүт ішіп отыруға уақытым жоқ!
Автор: Алдынан қоян кездесіп, аққуқаздар қайда ұшып кеткенін айтыпты. Қыз
Мыстан кемпірге көрсетпей, інісін ала қашып еді аққуқаздар қуа жөнелді. Қыз сүт
бұлаққа келеді.
Қыз: Сүт бұлағы, мені жасыршы.
Сүт бұлағы: Менің сүтімнен ішсең, жасырамын.
36 Автор: Қыз сүтінен ішіп еді, сүт бұлағы жасырып қойды. Аққуқаздар байқамай
ұшып кетті. Әрі қарай жүгіріп келе жатып кездескен алма ағашына
Қыз: Алма ағашы, мені жасыршы.
Алма ағашы: Менің алмамнан жесең жасырамын.
Автор: Қыз алмадан жеп еді, алма ағашы бұтақтарымен жасырып қалды. Қашып
келе жатып пешке келді.
Қыз: Пеш, мені жасыршы.
Пеш: Мен пісірген тоқаштан жесең, жасырамын.
Автор: Қыз тоқаштан жеп еді, пеш оларды жасырып қойды. Осылайша, қыз інісін
құтқарып алып, үйіне оралды.
« Үйшік » ертегісі
(көлеңкелі театр)
Мақсаты: Ертегіні сұрақжауап әдісі арқылы еске түсіру. Сұраққа толық жауап
бере алуын қалыптастыру. Кейіпкерлер роліне енуге көмектесу. Достыққа,
татулыққа тәрбиелеу.
Ойын құралдары: Көлеңкелі театрдың жабдықтары, ертегі кейіпкерлерінің
сұлбасы.
Ойын барысы:
Автор: Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.
Тышқан: Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Автор: Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп
бақылдауық бақа келді.
Бақа: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?
Бақа: Мен бақылдауық бақамын
Тышқан: Кел, бірге тұрайық
Автор: Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.
Қоян: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Бақа: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?
Қоян: Мен секек қоянмын.
Тышқан: Кел, бірге тұрайық
Автор: Олар үшеуі болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.
Түлкі: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Тышқан: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?
Түлкі: Мен жылмаң түлкімін
Қоян: Кел, бірге тұрайық
37 Автор: Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.
Аю: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
Қоян: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен
кімсің?
Аю: Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем – бәрің жаншылып
қаласыңдар.
Автор: Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты. Ал жантайғыш аю үйшіктің
үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды. Жертесер тышқан, бақылдауық бақа,
секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю жиналып жаңа үлкен, әдемі үйшік салып,
бірге өмір сүрді.
« Мақта қыз бен мысық » ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, түсіндіру, кейіпкерлерімен
таныстыру, оларды атау. Сұрақ қоя отырып,ертегі мазмұның әңгімелей білуге
үйрету,сөздік қорын молайту. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қоршаған орта
туралы түсініктерін толықтыру. Ертегіні балалар өздері ойнап көреді, тәрбиеші
рөлдерді тағайындайды.
Ойын құралдары: Маскалар, сюжетті суреттер, қыздың ұлттық киімі,мысықтың
құйрығы,т.б.
Ойын барысы:
Автор: Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты
шақырады.
Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
(Мақта қыз жанжағына қарайды. Ашуланады).
Мақта қыз: Келмесең, өз обалың өзіне.
(Мақта қыз дәнді өзі жеп қояды. Бір кезде асықпай мысық келеді).
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын.
Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін.
(Мысық Мақта қыздың қатығын төгеді).
Мақта қыз: Сол үшін мен сенің құйрығынды кесіп аламын.
(Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады).
Мысық: Берші құйрығымды?
Мақта қыз: Қатығымды қайтарып бер.
(Мысық сиырға барады).
Мысық: Сиыр, сиыр, маған қатық берші.
Сиыр: Менің қарным ашты. Маған жапырақ әкеліп берші.
(Мысық ағашқа барады).
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.
38 Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.
(Су әкеле жатқан қызға келеді).
Мысық: Маған суыңнан берші.
Қыз: Сен маған сағыз әкеліп берші, мен саған су беремін.
(Мысық дүкенге барады).
Мысық: Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.
Дүкенші: Сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп берсең, мен саған сағыз
беремін.
(Мысық әбден шаршайды. Жұмыртқаны іздеп, тауықтарға барады).
Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқаңнан берші.
Тауық: Менің қарным ашты, сен маған дән әкеліп бер.
(Мысық не істерін білмей отырады. Бір кезде ін қазып отырған тышқанды көреді).
Мысық: Үйіңде не бар? Айт тез. Әйтпесе жеп қоямын.
Тышқан: Үйімде бір қап тары бар.
(Тышқан қорқып тұрады).
Мысық: Маған бір уыс тары бер:
Тышқан: Мәәәә ала ғой.
Мысық: Тауық, тауық, міне дән саған.
Тауық: Міне саған жұмыртқа.
(Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді).
Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші.
Қыз: Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су.
(Мысық суды ағаштың түбіне құяды).
Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым.
Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші.
Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал.
Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді
алмадың, құйрығыңнан айырылдың.
Мысық:
тыңдаймын.
Автор: Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі
тату дос болып қалды.
Кеееешірші, мяууу. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды
«Түлкі мен тырна» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегідегі берілген жануарлар мінезқұлқын, ісәрекетін
түсінуге, соның ішінде түлкінің жағымсыз қылықтарын көре білуге үйрету.
Балалардың тілін дамыту, диалог құра отырып, мәнеріне келтіре сахналау.
Балалардың сахна өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу.
39 Ойын құралдары: Тырна мен түлкінің маскалары, құмыра, тәрелке
Ойын барысы:
Автор: Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны
қонаққа шақырыпты.
Балатүлкі: Тырна, маған қонақ болып кет.
Автор: Тырна белгіленген уақытта келді.
Балатүлкі: Кел, тырна, кел. Сені көргеніме қуаныштымын!
Автор: Түлкі тамақты екеуіне де тәрелкеге салды.
Балатүлкі: Же, тырна достым, же, үялма!
Автор: Тырна қанша тырысса да, түлкінің берген тамағын жей алмады. Ұзын
тұмсығымен тәрелкені ары тоқылдатып, бері тоқылдатып, тамақты татып та
көрмеді. Түлкі өзінің тәрелкесіндегіні тілімен жалап жеп қойды да тырнаға айтты.
Балатүлкі: Кешір, тырнажан, саған беретін басқа менде ешнәрсе жоқ.
Балатырна: Жарайды, сен де маған қонаққа кел.
Автор: Келесі күні түлкі тырнаға қонаққа келді.
Балатүлкі: Амансың ба, тырнажан! Жағдайың қалай? Бәрі жақсы ма?
Балатырна: Қайырлы күн, түлкішек! Сені күтіп отырмын.
Автор: Тырна түлкіні үйіне кіргізіп, үстелдің үстінде сұйық тамақ құйылған биік,
жіңішке құмыраны беріп, айтады
Балатырна: Же, түлкіжан, же, ұялма! Шамам келгенше дәмді дайындауға
тырыстым.
Автор: Түлкі құмыраның ар жағына бір, бер жағына бір шығады, ал құмыраның
мойыны жіпжіңішке, ұзын. Түлкінің тұмсығы ең болмаса тілімен жалауға да
жетпеді. Ал тырна тамақты ұзын тұмсығымен ішіп жатып, түлкіге қулана қарап
қояды.
Балатырна: Түлкі, сен неге ішпейсің? Менің тамағым ұнамай ма?
Автор: Түлкінің көңілкүйі түсіп, қоштаспастан есікті қатты жауып, шығып кетті.
Ал тырна болса қанатын қағып қала берді. Содан бері тырна мен түлкі дос
болмайтын болды.
«Дос іздеген бота» ертегісі
Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне
еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем
сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін,
қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Ойын құралдары: маска, костюмдер
Ойын барысы:
Автор: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.
40 Түйе: Түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі
Жанжағыма қараймын,
Күн мен түнді санаймын
Автор: Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты
үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Түйе: Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің
сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес. (бота басын изеп тұрады)
Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалтжұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп
шығады.
Бота: Бота, бота, ботамын
Ақылды боп атандым
Тостағандай көзім,
Әдемімін өзім.
Автор: Жайылып жүрген құлынды көріп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Құлын: Иһһһі, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Құлын: Мүмкін бұзау болар
Автор: Бота бұзауға келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Бұзау: Мөөө, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Бұзау: Мүмкін қодық болар
Автор: Бота қодыққа келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Қодық: Иаиа, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Қодық: Мүмкін қозы болар
Автор: Бота қозыға келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Қозы: Мәәә, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Қозы: Мүмкін күшік болар
Автор: Бота күшікке келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Күшік: Әупәуп, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Бұзау: Мүмкін мысық болар
Автор: Бота мысыққа келіп:
41 Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Мысық: Мияумияу, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Мысық: Мүмкін әтеш болар
Автор: Бота әтешке келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Әтеш: Кукареку, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Әтеш: Мүмкін қарға болар
Автор: Бота қарғаға келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Қарға: Қаарр,қаарр, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Қарға: Мүмкін бақа болар
Автор: Бота бақаға келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Бақа: бақбақ, кел, екеуміз дос болайық
Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес
Бақа: Мүмкін ара болар
Автор: Бота араға келіп:
Бота: Бөөө, мен дос іздеп жүрмін
Мысық: Ззззз, кел, екеуміз дос болайық
Автор: Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы
салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.
Түйе: Дос таптың ба, ботам?
Бота: Жоқ, анашым, тура мен сияқты ешкім жоқ екен
Түйе: (жымиып) Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан
тазалығымен таңдау керек.
Автор: Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қодықты, қозыны, күшікті,
мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін
қоспаған екен.
«Түлкінің жазасы» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегідегі берілген хайуанаттар мінезқұлқын, ісәрекетін
түсінуге, соның ішінде түлкінің жаман қылықтарын көре білуге үйрету. Балалардың
сахна өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Ойын құралдары: маскалар
Ойын барысы:
42 Автор: Түлкі, Үйрек, Қоян үшеуі дос екен. Қылышын сүйретіп қыс та келді.
Үйрек: Үшеуіміз бірігіп үй салсақ қайтеді?
Түлкі: Өздерің сала беріңдер. Мен ептеп оңышып шығармын.
Автор: Сөйтіп екі дос бірігіп үй салып алады. Қандай рақат. Іші жылы. Қақаған
суықтан тоңатын түрлері көрінбейді. Бір кезде есік қағылады. Есікті ашса, досы
Түлкі. Ұсқыны қашып кеткен. Дірдір етеді.
Түлкі: Үйлеріңе кіргізіңдерші. Тоңдым, қалтқалт етіп.
Қоян: Сендей опасыз достың бізге қажеті жоқ, дейді.
Автор: Түлкі досы жоқ, жалғыз екенін сонда білді.
«Орманға қар не үшін керек?» ертегісі
Мақсаты: Қыс мезгіліне тән белгілер туралы түсініктерін кеңейту. Қардың қалай
және қайда пайда болатыны және оның қысқы табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру.
Диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін
қалыптастыру.
Ойын құралдары: кейіпкерлердің маскалары
Ойын барысы:
Автор: Бұл қоянның сәнді, үлпілдек құйрығы бар болған кез еді. Орманды қар
басып қалған әрібері өту мүмкін емес. Орман ішімен қоян зытып келе жатты.
Қоян: Үйіліп қалғанын қарашы. Тұқымың құрып кеткір, қарай!
Автор: Мұны қайың басында отырған кәрі құр естіп қалады, құйрығын төмен салып,
бұлтаң еткізеді де, былай деп тіл қатады:
Құр: Құр құр құр! Оу, қоян қайда асығып барасың?
Қоян: Ой, бұл кім?
Құр: Қорықпа, мен құрмын ғой. Кімге ұрсып барасың? Кімді жерден алып, жерге
салып барасың?
Қоян: Кімді, кімді дейді ғой (құлақтарын сілкілеп қойды). Қарды баяғы! Қайда
барсам да, артымнан іздерім ұстап береді: біресе ит, біресе түлкі, біресе, тфәтфә,
тілім тасқа, қасқыр соңыма түспесе болғаны! Осы қар деген пәлені кім ойлап
тапқан?
Құр: Қоян, сенікі дұрыс емес (басын шайқайды). Қар деген тамаша емес пе? Мына
язды түнде қарға аунаймын. Түні бойы жыпжылы қардың астында жатамын.
Қоян: Жоқ, жоқ. Қалай айтсаң да, қар зиянды нәрсе!
Құр: Неге, ол өте пайдалы (үрпие қарайды).
Қоян: Жоқ, зиян!
Құр: Пайдалы:
Қоян: Зиян! Кел, бәстесейік!
Құр: Бәстесейік, неге бәс тігеміз?
43
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
"Білім беру салаларына арналған ойындар"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.