БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ӨРЛЕУ ЖОЛЫНДА
Бұл әлемдегі ең ғажап нәрсе – сен
көрсетіп берген жолмен сенімді
түрде алға кетіп бара жатқан баланы көру.
Конфуций
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге менде педагогтардың біліктілігін арттырудың үшінші деңгейлік курсында дәріс алуды бастадым. Алғашқы күннен- ақ әр тараптан келген мақсаты да мүддесі де бір мұғалімдердің ойы бір арнаға тоғысып жатты. Ұстаздар қауымы қашанда жаңалықтың жақсылықтың жаршысы ғой. Біз тез тіл табысып кеттік. Әр сабағымыз тренеріміздің мағыналы сөз саптауымен қызғылықты басталып, әртүрлі тапсырмаларды топтық, жұптық жұмыстар арқылы талқылап, оқыту процесінде қолданатын оқу тәсілдерінің мағынасын жете түсініп, жеті модульді сабаққа енгізудің жолдарын айқындап, жүйелі жұмыс жасаудың тың стратегияларын білуге талаптандық. Күннен күнге оқу бағдарламасының мәніне терең үңіле түстік. Үңілген сайын өзгеше бір білім әлеміне енгендей күй кештік.Оқу барысында оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, сабақ барысында туындаған жаңашыл идеяларды әрі қарай өздерінің қабілеттерімен жан-жақты ізденістерінің арқасында өрістете алатын, оны толықтырып, соның нәтижесінде алған білімдерін кез келген ортада қолдана алатын, өзіне берік сенімді, белсенді жұмыс жасай алатын оқушы тұлғасын қалыптастыру біздің алдағы уақытта қойған мақсатымыз болды.
Жекелеген оқушылардың сабақтың тақырыбын қабылдауы ерекшеліктерін түсінуге ұмтылу, оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру мақсатында олармен жұмыс жасау қажеттігін ұғыну, кей оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы тәсілмен меңгеретіндігін жете түсіну- ол мұғалімнің қызметіндегі маңызды басымдылықтар болып табылады. Сондықтан да оқуда үйренген оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақ арасында ұйымдастырылатын тренингтерді оқушылардың жас ерекшеліктері мен танымдық қабылдау ерекшеліктеріне байланыстыра отырып, жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім- көрсетеді,ұлы мұғалім-шабыттандырады демекші,оқушыларды шабыттандырып, іздене отырып жұмыс істеу болашақтың еншісіндегі келелі ісім болмақ.
Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс -әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Алғашқы қадамнан бастап оқушыларымның жанын терең түсініп, жүрегіне жол таба білуге тырыстым. Осы жұмыстарымның нәтижесінде білім атты заңғар биікті бағындыруда өрлеу жолына түскенімді анық сезіндім.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.