"Білім-болашақтың бастауы"
Оценка 4.7

"Білім-болашақтың бастауы"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
3 кл—11 кл +1
02.03.2017
"Білім-болашақтың бастауы"
Тақырыбы: Білім-борлашақтың бастауы Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға білімнің қажетін, маңызын ұғындыру. Бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағы – жан – жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру; Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу. Көрнекілігі: Ыбырай мен Абайдың суреттері, әліппе, мақал-мәтелдер, Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе. “Білімді болу – адам болу”. Әнұран айтылады. І. Кіріспе. Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында білімнің қаншалықты қажет екенін, маңызын ұғынамыз. Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”. Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады. Тірек білімдерін жетілдіру: Мектеп қандай орын? Мектепке не үшін келеміз? Білім беретін кім? Білім беретін тағы не? Мектеп мүлкін қалай пайдалану керек? Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт - білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде, білім - кітапта» немесе «Мұхит басы - бұлақ, білім басы - кітап» деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын көп оқу керек. Мейірбек: Білім керек бәріне, Балалардың бәріне. Білімі болмаса егер де, Жолы болмас өмірде. - Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. - Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Азат: Білім керек әрқашан, Өмір бой бәріне. Сондықтан да балалар, Білім алайық бәріміз. Соның үшін балалар, Білім керек бәріне. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ жерінен шыққан оқу – білім туралы өлеңдер жазған ақын, жазушыларды Ыбырай ,Абай аталарымыз Алғашқы педагог кім? Ыбырай халқы үшін қандай еңбек сіңірді? Олар туралы қысқаша мәлімет беру. Бексұлтан: Мектеп – қамқор анамыз Оқып білім аламыз, Өнерпаз боп өсетін Біз оқушы боламыз! Мақал-мәтелмен жұмыс: “Өнер – ағып жатқан бұлақ, Білім – жанып тұрған шырақ”. “Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”. “Адамды байлық дәрежеге жеткізбейді, Білім жеткізеді”.
55.docx
Тақырыбы:                                Білім­борлашақтың бастауы Тәрбие сағатының мақсаты:  Оқушыларға білімнің қажетін, маңызын ұғындыру.                                                         Бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып,                                                        содан үлгі алуға  баулу, еліміздің болашағы – жан – жақты                                                        ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ                                                        иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру;                                                       Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін                                                        арттыру,                                                        Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа  баулу. Көрнекілігі:                                Ыбырай мен Абайдың суреттері, әліппе, мақал­мәтелдер,  Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.  Кіріспе. “Білімді болу – адам болу”. Әнұран айтылады. І. Кіріспе. Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында білімнің қаншалықты қажет екенін, маңызын ұғынамыз.  Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие  болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті,  дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы  білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек –  сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн:  “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат­ мұратқа жетесің”. Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл  шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.  Тірек білімдерін жетілдіру: Мектеп қандай орын? Мектепке не үшін келеміз? Білім беретін кім? Білім беретін тағы не? Мектеп мүлкін қалай пайдалану керек? Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт ­ білім. Дана бабаларымыз «Күш – білімде,  білім ­ кітапта» немесе «Мұхит басы ­ бұлақ, білім басы ­ кітап» деп бекер айтпаған. Ел  болып еңсесін көтерген егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ.  Ерінбей оқу мен талмай іздену арқылы рухани жетіліп білім нәрімен сусындаған адам  қашанда халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман мақсатына білім арқылы  жетеді. Жас жеткіншектер білімді тәрбиелі, өнерлі болып өсуі үшін данышпан бабаларымыз жазып қалдырған ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын жазушылардың шығармаларын  көп оқу керек. Мейірбек: Білім керек бәріне,  Балалардың бәріне.  Білімі болмаса егер де,  Жолы болмас өмірде.  ­ Білімді болу ­ бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен  шығады. ­ Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой ­ арманын, талап  тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады. Азат: Білім керек әрқашан,  Өмір бой бәріне.  Сондықтан да балалар,  Білім алайық бәріміз.  Соның үшін балалар,  Білім керек бәріне. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ жерінен шыққан оқу – білім туралы өлеңдер жазған  ақын, жазушыларды Ыбырай ,Абай аталарымыз Алғашқы педагог кім? Ыбырай халқы үшін қандай еңбек сіңірді? Олар туралы қысқаша мәлімет беру. Бексұлтан: Мектеп – қамқор анамыз  Оқып білім аламыз,  Өнерпаз боп өсетін  Біз оқушы боламыз! Мақал­мәтелмен жұмыс: “Өнер – ағып жатқан бұлақ, Білім – жанып тұрған шырақ”. “Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”. “Адамды  байлық дәрежеге жеткізбейді, Білім жеткізеді”. “Білікті – білім жинап кәсіп етер, Білімнің дәмін татып, өсіп – өнер”.   Толғанай: Кітап керек білім таңдап аларға Білім керек іске жақсы қараға Кітап ­ шырақ қара түнді ашатын Білім ­ жарық нұрын саған шашатын. Асылай: Кітапты оқымайды сыйламаған, Білімге жанын танып қинамаған. Өсірген кімнің болсын ой ­ өрісін, Сол кітап бас ақылшы күнде маған. Қорытынды:   Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері  жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді  адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел –  жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім –  сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.

"Білім-болашақтың бастауы"

"Білім-болашақтың бастауы"

"Білім-болашақтың бастауы"

"Білім-болашақтың бастауы"

"Білім-болашақтың бастауы"

"Білім-болашақтың бастауы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.03.2017