Бөлме өсімдіктері
Оценка 4.8

Бөлме өсімдіктері

Оценка 4.8
docx
02.02.2023
Бөлме өсімдіктері
Документ Microsoft Office Word (7).docx

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері»

Мақсаттары: а) Балалардың бөлме гүлдері, олардың түрлері мен айырмашылықтары

                           туралы түсінігін кеңейту; өсімдіктерді су құятын ыдыстан суаруды үйрету.

                          ә) Өсімдіктерге күтім жасауға деген құштарлығын ояту.

                          б) Олардың сұлулығына қуануға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:кейбір өсімдіктердің атауларын біледі: фикус, қазтамақ, бегония, шортанқұйрық.

Түсінеді: өсімдіктер өсуі үшін қандай жағдайлар қажеттігіне;

Қолданады: гүлге күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгерген (су құю, топырағын қопсыту, шаңын сүрту).

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: бөлме гүлдерін бақылау; қарапайым жұмыстапсырмаларын орындау; фотосуреттер мен иллюстрацияларды қарап

шығу; жұмбақтардың шешуін табу; түсіндірме әңгімелер құрастыру.

Құралдар мен материалдар:екі түрлі бөлме гүлі (гүлдеп тұрған қазтамақ және

гүлдемеген қазтамақ); тұмсығы ұзын су құятын ыдыс; гүлдердің жапырағын сүртетін

майлықтар (әр балаға бір-бірден); су құйылған ыдыс.

Сөздік жұмыс: қазтамақ, қопсыту, су құю, өсімдікке күтім жасау.

Билингвалды компонент: су – вода, өсімдік – растение

ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Үйде тұрып өсетін

Әкеп гүлдің көшетін.

Топырақты салдым да,

Отырғыздым қалбырға.

Неге күн сайын далаға шығып қыдыруға болмайды?

Себебі ауа райы әртүрлі болады. Мысалы, ақпан айында күн аяз болады, көбіне боран соғады.

Сыртта жүрген адамдардың жылы киініп, тоңып қалмас үшін аяқтарын тез-тез басып бара жатқанына назар аудартыңыз. Балалардың тақырыпқа қатысты білімін бекіту.

– Балабақшадағы біздің кішкентай інілеріміз бен сіңлілеріміз (кіші топтың

балалары) бізден көмек сұрады. Олардың гүлі солып қалыпты олар гүлді қалай емдейтінін білмейді екен. Көмектесейік.

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.Өсімдіктер жақсы өсуі үшін оларға күтім жасау қажеттігін айтады. Гүлді қалай емдеуге болатынын айтады.

2. Негізгі кезең

Балалардың назарын топта өсіптұрған бөлме гүлдеріне аударады. Сұрақтар қояды: Неліктен бұл өсімдіктерді бөлме гүлі дейміз? Бөлме гүлдері не үшін қажет? Балалар гүлдердің атауларын атап шығады және көрсетеді: қазтамақ, фикус, шортанқұйрық.

Бұл өсімдіктер үйде, бөлмеде өседі. Оларды кішкентай кезінде құмыраға отырғызады. Содан кейін олар үлкейіп, әдемі гүлге айналады.

Өзекті мәселе: кіші топтағы балалардың гүлі неге солып қалды? Жағдаяттық диалогке қатысып, гүлдің су ішкісі келген шығар деген мәселені талқылайды. Бірақ оның аузы жоқ қой? Педагог өсімдіктердің аузы жоқ, бірақ олар су мен қоректі тамырлары арқылы сорып алатынын айтып түсіндіреді. Қоректік заттар мен су гүлдің тамырлары арқылы сабағына, содан кейін жапырақтарына барады. Содан кейін гүл өседі. Көптеген бөлме өсімдіктері гүлдейді. Таңданысын жасырмайды. Балалар да тамақтанады. Сондықтан өседі. Бір-біріне нені жақсы көретіндерін айтады. Балаларды гүлдеп тұрған және гүлдемеген қазтамақ гүлімен танысуға шақырады. Педагог балаларға түсіндіреді: Бұл да міндетті түрде гүлдейді. Бірақ ол үшін гүлге дұрыс күтім жасау қажет. Балалар мұқият қарап шығып, олардың жапырақтарының бірдей екенін анықтайды. Бірақ қазтамақтың бірінің мүлдем гүлі жоқ. Педагог балаларға өсімдікке көп су құюға болмайтынын, әйтпесе ол шектен тыс көп ылғалды көтере алмай солып қалуы мүмкін екенін түсіндіреді. Бөлме гүлдеріне қалай күтім жасау қажеттігін айтып береді: гүлге су құйып тұру керек, құмырадағы топырақты қопсытып тұру қажет. Құралдармен танысуға шақырады. Топтағы өсімдіктердің айырмашылығын атап шығады: жапырақтары, көлемі, гүлдері бір-біріне ұқсамайды. Педагог түсіндіріп, гүлдің жапырақтарын қалай сүрту керектігін көрсетіп береді. Құралдардың не үшін керектігін анықтайды: су құятын ыдыс – гүлдерді суаруға, ағаш таяқша топырақты қопсытуға, субүріккіш су бүркуге,майлық пен қылқалам жапырақтардың топырағын сүртуге арналған. Қолыма майлықты алып, жақсылап сығамын. Оң қолыммен майлықты, сол қолыммен жапырақты ұстаймын. Ақырын

сүртемін. Содан кейін жапырақты ақырын аударып, астыңғы жағын сүртемін. Балалар бөлме гүлдеріне күтім жасауға жеке-жеке атсалысады. Су құятын ыдысты алып құрғақ

топыраққа су құямыз. Ыдысты құмырадан төмен ұстау керек. Әйтпесе топырақ шашырап,

айналаны бүлдіреді. Суды тамырдың астына құямыз.

Сергіту сəті

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары-төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Дидактикалық ойын ұйымдастырады. «Сипаттамасы бойынша өсімдікті тап». Педагог

бір өсімдікті жан-жақты сипаттайды. Мысалы, алдымен оның неге ұқсайтынын айтады

(«ағашқа», «шөпке»), кейін «Өсімдіктердің сабағы бар ма?» – деп сұрайды. Балалар өсімдікті көрсетеді. Білсе – атын атайды. Балаларға сипаттаған гүлге ұқсас

өсімдіктерді топтың ішінен табу туралы ұсыныс жасауға болады. Педагог балалардың

назарын жапырақтардың пішініне (дөңгелек, қияр сияқты сопақ пішінді, жіңішке, ұзын),

гүлдерінің түсін (негізгі түстерін), оларды гүлсабақтағы санын атайды. Бірінші сипаттаманы баяу жасаймыз. Себебі балалар педагогтің айтқандарын тыңдап,

топтан іздеп үлгеруге үйренуі тиіс.

Мен сендерге қандай өсімдік жайлы әңгімелеп бердім?

Әр өсімдікке лайықты ыдысты таңда. Бағыт сызығы арқылы қос.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізеді. Тапсырманы орындайды: әр өсімдікке сәйкес суқұйғышты таңдайды.

3.Қорытынды кезең (Рефлексия)

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады. Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды. Тренингке қатысады: тізесін бүгіп отырады, ақырын тұрып, денесін жоғары қарай созады (өсімдікті салады). Содан соң

саусақтарын бүгіп жазады (өсімдіктің гүл ашқан сәтін салады). 2-3 рет қайталау.

 

 


 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

ОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады

ОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады

Бiр орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын

Бiр орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.02.2023