ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|||||||
Пән/Сынып: |
2-сынып |
|||||||
Қай аптаның нешінші сабағы |
3-апта, 8-сабақ |
|||||||
Тарау немесе бөлім атауы: |
1-бөлім. Өзім туралы |
|||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Менің сәби кезім. Мәтін: А.Оразақын Көрінбейді Алатау. Б. Момышұлы Ұяда не көрсең... (Оқулық 19-21 бет, Алматы «Атамұра» баспасы, 2017 ж.) |
|||||||
Оқу мақсаты: |
2.2.2.1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу 2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау |
|||||||
Бағалау критерийі: |
Мәтіннен нақтылау сұрақтарын қояды және оның жауабын шығармадан табады; Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды. |
|||||||
Саралап оқыту тапсырмалары |
||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы |
||||||
Уақыты |
Кезеңдері |
Тапсырма |
Тапсырманың мақсаты |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
2 минут |
Ұйымдастыру |
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазір әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы: Менің сәби кезім.Мәтін: А.Оразақын Көрінбейді Алатау. Б. Момышұлы Ұяда не көрсең... Бүгінгі сабақта Бауыржан Момышұлы атамыз туралы біле аламыз. |
|
|
Презентация № 1бет |
|||
8 минут |
Жаңа сабақ |
Мұғалімнің түсіндірмесі Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Қазақ отбасында ата-әжесі балаларын ертегі, мақал-мәтел,жұмбақ, батырлар жырын айтып тәрбиелеген. Сонымен қатар әр отбасында ата-ана балаларды өзіндік құндылықтарға баулыған. Біз бүгін Бауыржан Момышұлы атамыз туралы мәлімет алып, «Ұяда не көрсең...» атты әңгімесімен танысамыз. Мәтінді аудио арқылы тыңдату -Бұл мәтінде Бауыржан Момышұлы өзінің балалық шағындағы әкесінің тәлім-тәрбиесі туралы еске алған сәті.
|
Жаңа сабақты суреттерді пайдалана отырып түсіндіру
Аудио тыңдау арқылы жаңа сабақты түсіндіру |
1.Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді. 2.Аудио тыңдау арқылы мітіннің мазмұнын айта алады.
|
Презентация № 2бет
Презентация № 3бет https://youtu.be/tjcCKqAoXy4 https://youtu.be/tjcCKqAoXy4 |
|||
7 минут
|
Тәжірибе |
Әңгіменің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле
- Ең алғашқы естіген ертегілеріңді ата. - Сурет салуды қалай үйрендің? - Жазуды ше?
|
Берілген мәтінді кестені толтыру арқылы меңгеру
Сұрақтар бойынша өз ойларын айту
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
1 Мәтін мазмұны бойынша сұрақ-жауап арқылы кестені толтырады
1.Мәтін бойынша оқушы өз ойын ашық айтады, сұрақтарға жауап береді. |
Презентация № 4бет
Презентация № 5бет |
|||
3 минут
|
Бекіту |
ЖЕКЕ ЖҰМЫС «Мен саған, сен маған» әдісі 1. Мәтіннің кейіпкерлеріне мінездеме бер 2. Кейіпкерлердің іс – әрекеті туралы не айта аласың? 3. Мәтіннен қандай ой түйдің?
|
Тақырыпты меңгеру мақсатында бекітуге арналған жұмысты орындау. |
Бағалау критерийлерін ұсыну
1.Кейіпкерлерге мінездеме береді. 2.Кейіпкерлердің іс – әрекеті туралы ойын айтады. 3. Мәтіннің негізгі ойын айтады. |
Презентация № 6бет |
|||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.