Ашық сабақтың тақырыбы "Бірікен сөздер" бұл сабақта мен әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдандым. Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатысып отырды. Топтық жұмыстарды белсене орындады.Жаңа тақырыпқа ержені өздері шығарды. Постер қоғады. Оқушылар оздерін бағалай біледі. Кері байланыс жаза біледі. Сабақты талдай біледі. Топтаса жұмыс жасайды.сабаққа арналған сабақ жоспарлары 4 сынып
инфоурок.docx
Байке Назира Курмангалиевна
№28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі.
Қордай ауданы, Беріктас ауылы. 27.02.17ж
4 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың сын есім туралы білімдерін кеңейту, оның сөйлемдегі қызметін
таныту. Дара және күрделі сын есіммен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу
дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзінөзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке,
ұқыптылыққа,адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдістәсілдері: Түсіндіру, сұрақжауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар‚ «Сын есімнің түрлері» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жанжақты тексеру кезеңі.
Сын есім
Дара сын есім
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Күрделі сын есім
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
25–жаттығу.
1. Мәтінді оқы.
2. Сын есімдерді тап, олардың мағынасын түсіндір.
3. Олардың дара, күрделі екенін айт.
4. Көз сүріндіреді дегенді қалай түсінесің? 26–жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз. Олардың екінші
сыңарларына назар аудар.
Бөлмеге ақ шашты әже кірді. Бізді ұзын бойлы адам қарсы алды. Оның әжесі жылы
жүзді кісі екен. Әселге алтын баулы сағат сыйладық.
27–жаттығу. Дара сын есімдерден күрделі сын есім жаса. Күрделі сын есімдерді қатыстырып
сөйлем құрап жаз.
Ақ, қоңыр, боз, торы.
Сергіту жаттығулары.
28–жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Күрделі сын есімнің астын сыз.
Ала таңнан тұрып ап, құба жонға барамын.
Ақ боз атқа мініп ап, жұлдыздайын ағамын.
Қосымша жұмыс.
Құстардың қайтуы
Жылы жаз тез өте шықты. Жауынды күз келді. Жыл құстары алыс сапарға дайындалды. Қайту
дабылын ең алдымен кішкентай қарлығаштар қақты. Бұл құстардың қайтуы қаһар қыстың ерте
түсетінін сездіргендей. Олардан кейін тырна, үйрек, қаз сияқты жыл құстары қайтады. Бұл кезде
көгілдір аспан қадірлі қонақтардың әсем әніне бөленеді. Жас бөбектер аппақ қаз бен аққуды
жолға шығарып салады. Олар ұзын сирақ тырналарға кішкентай қолдарын бұлғайды.
( Ұланнан ) ( 73 сөз )
Тапсырма:
1. Сын есімдерді тап.
2. Бірінші, екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Сын есім
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 29, 30–жаттығу. 23.02.17ж
4 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік :Оқушылардың сын есім туралы білімдерін кеңейту, оның сөйлемдегі қызметін
таныту. Қарсы мәндес сын есіммен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу
дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзінөзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылы
адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдістәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақжауап, көрнекілік көрсету
арқылы түсіндіру
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар‚ «Сын есім» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жанжақты тексеру кезеңі.
Сын есім
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жұмбақты оқы, шешуін тап. Сын есімдерді тап. Олардың мағынасына назар аудар.
Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді.
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
Аа апайлар
7жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сын есімдерді тап.
Олардың мағынасына назар аудар.
Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есім қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Үлкен кісі бастар,... кісі қостар. Жақсы бала – қуаныш, ... бала – өкініш. Қант тәтті
Болады, бұрыш ... болады. Жақсы бала ойлағыш, ... бала тойлағыш.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Мағыналары бір–біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз: қалың
жұқа.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Берілген есімдерге қарсы мәндес сыңарларын тауып жаз, сын есімдерді қатыстырып сөйлем
құра.
аласа – ...., қиын – ..., мейірімді – ...,
жақсы – ..., жарық – ..., қымбат – ... .
Сергіту жаттығулары.
8жаттығу.
Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Қарсы мәндес сын есімдердің астын сыз.
9жаттығу.
Берілген сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра
Мейірімді, инабатты, жуас.
10жаттығумен жұмыс.
12–жаттығу. Сөздерді оқы, қарсы мәндес сын есімдерді жұптап жаз. Сын есімдерді
қатыстырып бірнеше сөйлем құрап жаз.
Салқын, ақ, тәтті, жылы, жас, қара, кіші, ащы, лай, сулы, кәрі, үлкен, құрғақ, тұнық.
Салқын – жылы, ақ – қара, тәтті – ащы, жас – кәрі, кіші – үлкен, сулы – құрғақ, лай
– тұнық.
Қосымша жұмыс.
Шыршалы тоғайда
Біз шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүрген болатынбыз. Бір мезетте қараңғы тоғайға келіп
кірдік. Біздің қараңғы тоғайдан неғұрлым кешікпей шығып кеткіміз келді. Таптар соқпақ көрінді.
Біз осы бір кішкентай соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып
шықты. Біз шүйгін жасыл шөп үстінде дем алмақ болып жата қалдық. Көзіміз ілініп кетіпті. Бір
кезде иттің қатты үргені естілді. Ит қыпқызыл түлкіні қуып жүр екен.
(Ұланнан) ( 68 сөз)
Тапсырма:
1. Сын есімдердің астын сыз.
2.
Қарсы мәндес сын есімді жаз.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
Үйге тапсырма: Ереже жаттау. 11–жаттығу.
4 сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер
шығару жолдарын меңгерту. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешуді үйрету.
Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарымқатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Игерген білімді бақылау сабағы.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Әдістәсілдері: Түсіндіру, сұрақжауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Көбейту кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Өтілген сабақты пысықтау.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру: .
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
1. Оқушыларға қозғалысқа арналған есептер және сол есептерге кері есептер шығару
жолдарын меңгерту.
2. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шешу
БІР БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
1. Суреттегі мотоциклші мен велосипедшінің қозғалыс бағыты туралы не айтуға болады? Бірдей уақыттың ішінде олардың жүрген жолдары бірдей бола ма, жоқ па? Неліктен?
Бұл жағдайда 60 – 16 айырмасы нені білдіреді? Межелі жерге қайсысы бұрын жетеді?
60 км/сағ
16 км/сағ
2. Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр.
а) 630 км жолды жылдамдықтары 70 км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы
бұрын жүріп өтеді? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді?
Қашықтық – 630 км
1–машина – 70 км/сағ
2–машина – 90 км/сағ
630:70–630:90=9–7=2
Ж: 2–машина межелі жерге 2 сағат бұрын жетеді.
ә) Ерзат пен Азат атпен жарысты. Ерзаттың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал
Азаттың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың ара қашықтығы
неше метр болады? 1 сағаттан кейін ше?
Бір бағыттағы қозғалыс.
Ерзаттың аты жылд. – 20 м/сек
Азаттың аты. жылд. – 18 м/сек
10 секундтан кейінгі ара қашықтық – ? метр
1 сағаттан кейінгі – ара қашықтық ? метр
20×10–18×10=200–180=20 (м) – 10 секундтан кейін
(Енді 1 мин табамыз. Содан соң 1 сағатты табамыз 60:10=6, 1 сағ=60 мин)
(20×6)×60= 120×60=7200 (м) – 1 сағаттан кейінгі ара қашықтық
Ж:
б) Бір айлақтан екі кеме бір мезгілде шығып, бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң
бірінші кеме айлақтан 120 км, ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің
жылдамдығын тап.
Бір бағыттағы қозғалыс.
1–кеме қашықтығы – 120 км,
2–кеме қашықтығы – 140 км
Уақыт – 4 сағат
Әр кемнің жылдамдығы – ? км/сағ
120:4=30 (км/сағ) – 1–кеме
140:4=35 (км/сағ) – 2–кеме
Ж:
3. Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6 есе артық домбыра және домбыра мен
қобыздан 7 есе кем сыбызғы алынды. Оркестрге барлығы қанша аспап алынды?
Қобыз – 2
Екеуінен 7 есе кем сыбызғы
Домбыра – ?, 6 есе артық
Барлығы – ? аспап
І тәсіл ІІ тәсіл
1) 2×6=12 (а) – домбыра 2+(2×6)+(2×6:7)=2+12+2=16 (а) – барлығы
2) (2+12):7=2 (а) – сыбызғы
3) 2+12+2=16 (а) – барлығы
Ж:
Сергіту жаттығуларын жасау.
4. Бөлуді орында және оны тексер:
1944 : 24 =81 2150 : 25=86 2262 : 87=26 2376 : 27=88
5. 24 км 506 м х 3 73 м 50 мм + 9 м 25 мм 42 м 14 см : 43 78 т 123 кг х 5 96 т 509 кг – 48 т 765 кг 26 ц 19 кг : 27
2 м 375 мм х 8 300 км 450 м – 195 км 728 м 91 м 20 см : 32
6. Теңдеулерді шеш:
Қандай компонент белгісіз?
Белгісіз компонентті қалай табады?
5607 + х = 9004 8706 – а = 5397
х=3397 а=3309
7. Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
8. Үшбұрыштың екі қабырғалары бірдей және әрқайсысы х смден, ал үшінші қабырғасы
2 см. Осы үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жазып көрсет.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: 9–тапсырма, шығ. тапсырма.
4 сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая. Ф. Оңғарсынова.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды ақын Ф. Оңғарсынова еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру.
Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен
жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеуАнаға
сыйқұрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Әдістәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақжауап, көрнекілік көрсету
арқылы түсіндіру
Көрнекілік: Суреттер. «Жазушылар» топтамасы.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
Өлең авторы туралы мәліметті беру, толықтыру.
«Жазушылар» топтамасы.
Ф. Оңғарсынова 1939 жылы Атырау облысы Исатай ауданында өмірге келген. Қазақтың
дарынды ақыны. Лирикалық көптеген өлең кітаптардың авторы.
Бізге таныс шығармалары: «Жылу., «Әже», «Археолог» 2 сынып.
Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
2. Мазмұнын түсіндіру.
3. Оқушыларға тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
4. Өлең тақырыбының мағынасын ашу.
Сергіту сәті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Өлеңді түсініп оқы.
2. Құстың қос қанаты мен әке–шешенің арасында қандай байланыс бар екенін
әңгімеле.
3. Өзіңнің ата–анаңа, жақындарыңа не тілейтініңді қағаз бетіне түсіріп көр.
4. Мейрамдарда жақындарыңды ақ тілек айтып құттықтауды ұмытпа.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың біріккен сөздер туралы білімдерін кеңейту жасалу
жолдарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойын жүйелі, жатық жеткізуге, интеллектуалды
және эмоционалды белсенділігін арттыруға, жазу сауаттылығын дамыту
Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, слайд, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Күтілетін нәтиже Тақырып толық менгеріледі, мәтінді түсініп, жалғастырып
оқуды пайдалана отырып өз ойын еркін айта алады.
7 модульдің қолданылуы “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін
бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, Оқытуда АКТны
пайдалану.
Қолданылатын әдістәсілдер: «Бағдаршам» түстерімен топқа бөлу, «Миға
шабуыл», «Ой толғаныс», тест, сұрақжауап, түсіндіру. Кезеңдер Мұғалімнің іс әрекеті
Психологиялық
сәт
2 мин
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға.
Топқа бөлу
2 мин
«Бағдаршам» түстерімен топтарға
бөлу. Кезекшілер оқушыларды
түгендеу. Алтын ережені сақтау.Топ
басшыларын сайлау, бағалау парағын
тарату.
Білу
«Тосып ал»
5 мин
Үй тапсырмасын тексеру:
6жаттығу 95 бет
Қысқы тіршілігі туралы шығарма
Оқушының іс әрекеті.
Оқушылар шеңберде
жиналып, мұғаліммен
бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
Оқушылар үш топқа
бөлінеді. Алтын ережені
еске түсіреді.
Алтын ереже
1.Топ басшысын сайлау
2. Бірбірін тыңдау
3.Ұйымшыл болу
4.Белсенділік таныту
5.Өзара көмек көрсету
6. Уақытты тиімді
пайдалану
Үй тапсырмасына жауап
береді.
1. Күрделі сөз дегеніміз не?
2. Қыстырма сөз дегеніміз не?
3. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Сөз тіркесі деген не?
Оқушылар сұрақтарға
жауап береді.
Қолдану
«Ой толғаныс»
әдісі
8 мин
Оқулықпен жұмыс.
8жаттығу 3 топқа тапсырмаларды
бөліп беру. Ауызша орындау.
1 топ бұлақ
2 топ көл
3 топдәулет
Әр сөз неше түбірден құралған.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Топпенен бірге
ақылдасып жасайды.
Дәптерге бүгінгі
күнді, айын, сынып
жұмысын жазады.
Көркем жазу. Көркем жазу.
Өө өрнек
9жаттығу. Дәптерге ережені өздері
шығарады.
10жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа
жаз.
Бағалау
Бағалау өзара түстермен
Жинақтау
«Ішіне
сыртына» әдісі
5 мин
12жаттығу постер қорғау
1 топАңдар
2 топ Құстар
3 топ Жер аттар
Әр топ бірбірін
бағалайды
Әр топ постер жасап
қорғайды
Сергіту сәті
2 мин
Музыкалық әуен арқылы сергіту сәтіне
жаттықтыру
Ой сергітеді, қимыл
арқылы көрсетеді
Талдау
«Ой дамыту»
7 мин
14жаттығу.Шығармашылық
тапсырма
«Ақтөбе» сөзінен баспалдақ жасау
А Т
Қ А Р
Т А Б А
Ө Р Н Е К
Б ұ
р ш а
Е Р Т О Қ Ы М
қ
Топпенен бірге
толтырады Жауаптары
1.А
2.А
3.Д
4.А
5.В
Күнделіктеріне
жазып алады.
Бағалау
«сұрақ жауап»
2 мин
1. Қос сөзді табыңыз
А) бүлдірген
В) ТМД
С) алабота
Д) тарстұр
2. Сөз тіркесін табыңыз
А)Күн ашылды.
В)баубақша
С)Абай Құнанбаев
Д)Талдықорған
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) толықтауыш,анықтауыш
Д) бастауыш,баяндауыш
4. Біріккен сөзді табыңыз
А) тасбақа
В) таптаза
С) кг
Д) қызыл ала
5. Тұрлаулы мүше нешеге бөлінеді?
а) 3
в) 2
с) 4
д)5
Үйге тапсырма
Бағалау
13жаттығу 97бет
Өзін бағалау формасымен бағалау
Кері байланыс
«Таңдау» әдісі
5 мин
оқушыларға толтыру парақшасы
таратылады
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
"Біріккен сөздер" Презентация по казакскому языку
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.