Разработка урока на тему "Бронзовый век"
Білімділік: Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескерткіштері туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Білім алушылардың ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, тарихи оқиғаларды құбылыстарды талдау арқылы шығармашылық деңгейін арттыру.
Тәрбиелік: Білім алушылардың өз халқының тарихын оқып білуге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ –жауап
Сабақтың көрнекілігі: Буклет, кесте, слайд, бейнефильм.
Негізгі әдебиеттер: Қазақстан тарихы. Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев М.Қойгелдиев,,т.б. Қазақстан тарихы. Х.К.Ермуханова «Шың кітап»Білімділік: Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескерткіштері туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Білім алушылардың ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, тарихи оқиғаларды құбылыстарды талдау арқылы шығармашылық деңгейін арттыру.
Тәрбиелік: Білім алушылардың өз халқының тарихын оқып білуге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ –жауап
Сабақтың көрнекілігі: Буклет, кесте, слайд, бейнефильм.
Негізгі әдебиеттер: Қазақстан тарихы. Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев М.Қойгелдиев,,т.б. Қазақстан тарихы. Х.К.Ермуханова «Шың кітап»
Қола дәуірі сабақ жоспары.docx
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Бақанас аграрлыиндустриалдық колледжі» МКҚК
САБАҚ ЖОСПАРЫ №
Күні
Топ
Пән:Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы: Қола дәуірінің сипаттамасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескерткіштері туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Білім алушылардың ойөрісін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, тарихи
оқиғаларды құбылыстарды талдау арқылы шығармашылық деңгейін арттыру.
Тәрбиелік: Білім алушылардың өз халқының тарихын оқып білуге, патриоттыққа
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ –жауап
Сабақтың көрнекілігі: Буклет, кесте, слайд, бейнефильм.
Негізгі әдебиеттер: Қазақстан тарихы. Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев М.Қойгелдиев,,т.б.
Қазақстан тарихы. Х.К.Ермуханова «Шың кітап»
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сергіту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім білгір» Жеке даралық жұмыс, тест сұрақтары беріледі.
1 Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?
А) Палеолит С) Қола
В) Мезолит Д) Неолит
2. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі
A) Рулық C) Өндірістік ұжым
В) Малшылар қауымдастығы D) Тайпалық
3. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі топтасу жүйесі :
A) тобыр C) тайпа
B)аналық ру D) аталық ру
4. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай?
A) терімшіліктің дамуы
B) аңшылықтың тууы
C) шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығының бөлінуі
D) темірді пайдалану 5. «Епті адам» өмір сүрген мерзімі:
A) 1 млн жыл C) 1 млн 140 мың жыл
B) 500200 мың жыл D) 1 млн 750мың жыл
6. Ең ежелгі адамның еңбек құралы:
A) Садақ C) Найза
B) Үшкір тас D) Бумеранг
7. «Тік жүретін адам» өкілі
A) «Епті адам» C) Кромонондық
B) Неандертальдық D) Синантроп
8. Палеолит кезеңі:
A) б.з.б 125 мын жыл C) б.з.б 2 млн140 мын жыл
B) б.з.б 53 мын жыл D) б.з.б 1 млн. 750 мын жыл
9.Орта тас кезеңі:
A) б.з.б 125 мын жыл C) б.з.б 2 млн140 мын жыл
B) б.з.б 53 мын жыл D) б.з.б 1 млн. 750 мын жыл
10. Тас дәуірінің соңғы кезеңі:
A) Палеолит
B) Мезолит
C) Энеолт
D) Неолит
ІІІ. Білімдерін тексеру: Кесте толтыру
Палеолит
Мезолит
Неолит
Энеолит
Тас дәуірінің
кезеңдері
Хронологиясы
Археологиялық
ерекшеліктері
Кезеңнің
ерекшеліктері
ІҮ. Мақсат қою:
Ү. Жаңа сабақ:
Қола дәуіріндегі Қазақстан. бейнефильм
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта
басталған.
Қола дәуірі жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алды.
Қола дәуірінде жалпы адамзат металл өңдеуді игерді.
Зерттеушілердің көпшілігі Қола дәуірін 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮХІІІ ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІҮІІІ ғғ. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп
аталды.
Қола дәуірінің ерекшеліктері:
Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
1. Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы).
2. Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен
бөлініп шығуы.
3. Аталық отбасылық фрулық қатынастың орнауы.
4.Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал
шаруашылығына көшті.
5.Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы –
Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы
суреттерпетроглифтер, 30дан аса қоныстар мен 150ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі
Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде
жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Таукен жұмыстарының
көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар
мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде
қола құралдары, қаружарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп
жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Қола дәуірінің негізгі сипаттамасы
Металл игеру
Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді.
Ол негізінен мыс пен қалайының қосындысынан алынды.
Металл кеніштері:
Зыряновск;
Жезқазған маңайында;
Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған.
Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша, көне заманда:
Жезқазғаннан 1 млн тоннадай кен өндіріп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған.
Нарын мен Қалба кен орындарда 1100 тонна қалайы өңделген.
Көне замандағы кен өндірушілердің орны кенішке жақын орналасты.
Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандыққа салынды.
Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіші Андрон деген селоның маңынан табылған.
Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан.
Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті “Андрон мәдениеті” атанып кетті.
Аумағы:
Орал өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі;
Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Ғалымдар зерттеу нәтижесінде Андрон мәдениетінің қоныстарын тапты:
Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80нен аса;
Арқайымды қола дәуіріндегі қалаға ұқсатты;
Петровка мен Боголюбов дуалдар қоршалған;
Орталық Қазақстанда 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
Андронов мәдениеті:
Дене құрылысы жағынан жағынан андроновтықтар еуропоидтерге ұқсаған.Сырт бет
бейнесін академик В.П.Алексеев былай сипаттайды:
Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен.Кескінкейпі ірі,
дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған.
Қостанай жеріндегі қола дәуірі заманында еуропоидтық нәсілге жататын адамдар
мекендеген, олар қыр мұрынды, ат жақты, өні ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау
болып келген. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бас сүйегін,
антрополог М.М.Герасимов оның бетпішінін жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық тайпалық құрылымда өмір
сүрді.
Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді.
Қауым ішінде осындай малмүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып, келекеле
әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
Беғазы
Дәндібай мәдениеті
Беғазы Дәндібай мәдениеті қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX VIII
Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және
ғасырлар) Орталық
Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми
айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы Дәндібай мәдениетін өркендеткен
тайпалар батысында Ұлытау, шығысындаАбыралы, Шыңғыс
Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен
Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең
жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер
сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты,
өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады
таулары, оңтүстігінде Беғазы Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат
күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі
есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды
құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін
зират, қоныс маңына (Қойшоқы, АқсуАюлы, Қызыларай, т.б.) тұрғызып қойған. Беғазы
Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеум. дамуында беделді рубасылары
басқарған, қалыптасқан діни нанымсенімі, саяси әкімш. орталығы бар, өзіндік өндірісі мен
өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемл. бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар
Оңт. Оралдағы (Замарев мәдениеті), Алтай мен E нисейдегі (Қарасуық мәдениеті) өздеріне
туыс тайпалармен саясиэкон. тығыз байланыста дамыды. [1]
ҮІ. Бекіту:
1.Қола дәуірінің кезеңдерін атаңыз?
2.Ерте қола дәуірі қай уақытты қамтиды?
3.Қола дәуірінің ерекшелігін атаңдар?
4.Қола дәуіріндегі мәдениеттердә ата?
5. Қазақстандағы қола дәуірінің мәдениетін атаңдар?
7.Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері қай жерден табылды?
ҮІІ. Қорытынды: бағалау, рефлексия
ҮІІІ. Үйге тапсырма: §56 оқу, мазмұнын айту
Оқытушы________________
Директордың оқуісі жөніндегі орынбасары _______
"Бронзовый век "
"Бронзовый век "
"Бронзовый век "
"Бронзовый век "
"Бронзовый век "
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.