"Біздің ойыншықтар"
Оценка 5

"Біздің ойыншықтар"

Оценка 5
Домашнее обучение
docx
преподавание
1 кл
29.12.2020
"Біздің ойыншықтар"
Балаларды ойыншықтар атауларымен таныстыру. Қызығушылықтарын ояту
Ұйымдастырылған оқу іс.docx

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің

 технологиялық картасы

Жас ерекшілігі: Ортаңғы топ.

Өткізген: Карибаева К.С.

Білім беру саласы:  «Қатынас».

Бағдарлама тарауы: «Қазақ тілі».

Тақырыбы: Біздің ойыншықтар.

Мақсаты:

1.Ойыншықтарды қазақ тілінде атауға, сөздердегі төл дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. Алдыңғы сабақта алған білімдерін бекіту.

2. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: Қорап, ойыншықтар.

Меңгерілетін сөздер: қуыршақ, доп, түлкі.

 

Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

/Кіріспе бөлім/

 Балалармен амандасады. Тосын сый: Есік қағылып, мұғалім есікті ашып, сәлемдемені (қорапты) алып кіреді.

 

Мұғаліммен амандаса-ды. «Қорапта не бар?»-деп қызығушылықпен қарайды.

Ұйымдастыру- іздестіру

/Негізгі бөлім/

-Балалар бізге Айсұлудан сәлемдеме келіпті, ішінде не бар? ашып көрейік, - деп балаларға кезекпен қораптан ойыншықтарды алдырып «доп, аю, әтеш» сөздерімен таныстырады.

 

«Ұнаған ойыншығынды ал» ойынын ұйымдастыра-ды.Балаларға ұнаған ойыншықтарын алып, қазақ тілінде атауды ұсынады.

 

«Доп» сергіту сәтін ұйымдастырады.

Доп, доп,

Топ, топ.

        Доп жоғалды,

Доп жоқ.

Қап, қап,

Тап, тап.

 

«Не жоқ?» ойынын ұйымдастырады.

Үстел үстіндегі ойыншықты кезекпен жасырып, «Не жоқ?» -деп сұрайды.

 

«Дұрыс ата» ойынын ұйымдастырады. Балаларға ойыншықтарды көрсетіп: «Мынау не?»,- деп сұрайды.

Қораптан ойыншықтар-ды алып  қазақ тілінде атайды.Төлдыбыстар-ды дұрыс дыбыстауға тырысады.

 

 

 

Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты алып атайды

-Аю.

-Әтеш.

 

Қимылымен көрсетіп, қайталайды.

Доп, доп,

Топ, топ.

        Доп жоғалды,

Доп жоқ.

Қап, қап,

             Тап, тап.

 

 

Балалар жоқ ойыншық-ты қазақ тілінде атайды.

-Аю жоқ, доп жоқ.

 

Мұғалім көрсеткен ойыншықтарды қазақ тілінде айтады.

-Мынау аю

-Мынау әтеш.

Рефлексивті – түзету

/Қорытынды/

-Балалар, бүгін қандай ойыншықтарды қазақ тілінде атап, үйрендіңдер?

- Қандай ойыншықтарды қазақ тілінде атап үйренгілерің келеді?

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма?

-Несімен ұнады?

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беріп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша өз ойларымен бөліседі.

 

 Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ойыншықтарды қазақ тілінде дұрыс атап, төл дыбыстарды дұрыс дыбыстай білу.

Қалыптасқан әдет: Ойыншықтар туралы түсінік.

Істей біледі: Сұрақтарға түсініп, жауап бере біледі.

 

 

 

Танысты:


 

Жас ерекшілігі : Ортаңғы топ. Өткізген:

Жас ерекшілігі : Ортаңғы топ. Өткізген:

Негізгі бөлім/ -Балалар бізге

Негізгі бөлім/ -Балалар бізге
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.12.2020