Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі бағыт «Білім берудің мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай өзгерту» болып табылады.
Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезуніге жетелеу көзделеді.
Бұл мақсаттың жүзеге асуы тек тұлғаның қалыптасуына ғана емес, жалпы қоғамның дамуына үлкен әсерін тигізеді. Осыған орай, дарындылық мәселесіне байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Шакенова Г.Б..doc
отдел образования г.Экибастуз
КГУ «Средняя общеобразовательная школа №13»
«Дарынды балаларды анықтау және қабілетін дамыту»
Автор: Шакенова Гульсум Балгабаевна
учитель казахского языка и литературы г.Экибастуз,2017г.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 жалпы орта білім беретін мектебі»
Г.Б. Шакенова
КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Екібастұз қ.
Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі бағыт «Білім берудің мазмұнын
орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай өзгерту» болып табылады.
Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық
қабілеттерін дамытумен анықталады. Білім беруде оқушыға тек қана білім, білік
дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата
алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген
танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін
сезуніге жетелеу көзделеді.
Бұл мақсаттың жүзеге асуы тек тұлғаның қалыптасуына ғана емес, жалпы қоғамның
дамуына үлкен әсерін тигізеді. Осыған орай, дарындылық мәселесіне байланысты
жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Дарындылық бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің, шығармашылық
қабілеттің және табандылықтың болуы. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие
осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе мүлде өшіреді2 [2, 112б].
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру 3[3, 71б] .
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет
балалардың қабілеттері мен талантарын жанжақты аша түсу үшін дарындылықтың
ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады3 [3, 73б] .
Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмысты ұйымдастыру екі кезеңнен
тұрады:
І Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді?)
1 Мектеп әкімшілігі, не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға
қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
2 Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу
шараларын белгілеу.
3 Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту, не
тағайындау.
4 Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан,
олимпиада т.б.)
5 Дарынды оқушыларымен жұмыс бұрышын жабдықтау.
ІІ Оқушылар арасына қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)
1 Мұғалімдермен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.
2 Пән мұғалімдерімен(сынып жетекшілерімен) кеңесе отырып қабілетті, не айрықша
өнерлі, бейімі бар оқушыларды іріктеу. 3 жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, байқауларда жеңімпаз
оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)
4 Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау4[4, 3б]
2.Елубаев А.О. «Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі» [2, 112б].
3.Бектібаева З. «Дарындылық дамытудың теориялық негіздері» [3, 7173б].
4.Омарқұлова С.А. «Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін
жетілдіру» [4, 3б].
Дарындылық үш бағытта анықталады:
Интелектуалды дарындылықбаланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте сақтау
қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы бар бала
қиналмайақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады.
Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен
айқындалады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен
ойындарға бейім болып келеді.
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны
таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, жауапкершілік сезімнің басымдығы тән2
[2, 113б].
Дарынды балаларды зерттеудің негізгі міндеттері:
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылық
үрдісін дамытудың ғылымитеориялық негіздерін айқындау;
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылықты
дамытудың теориялық моделін құру;
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылықты
дамытудың қосымша бағдарламасын ұсыну4 [4, 4б].
Осыған байланысты әр пән мұғалімі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс
жоспарын құрып, шығармашылықпен жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жанжақты
қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру –
заман талабы 1 [1, 8б].
Мен қазақ тілін орыс сыныптарына оқытып келемін.
Дарынды балалармен
жүргізілетін жұмыс жоспарымның мақсаты орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні
бойынша оқушылардың сөйлеу жүйесін кеңейтіп, қазақ тілінің грамматикасын меңгертіп,
логикалық ойөрісін, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, тілге қызығушылығын
оятып, құрметтей білуге баулу, интеллектуалдық жарыстарда жетістіктерге жетуге
ынталандыру.
Дарынды оқушыларды анықтауда мынандай ерекшеліктерге назар аударам.
Дарынды оқушы:
1. Ықылас қойған нәрсесін негізгі мәселе етіп қойып, іштей белгілі мақсатқа жету үшін
жұмыс істейді.
2. Түсінік, танымы мол, елгезек келеді.
3. Көп көлемде білім меңгеріп, оларды ұмытпайды.
4. Саналы ісәрекет жасап, үнемі табысқа ұмтылады.
Дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыруда төмендегідей шараларды жүзеге асырамын:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту (жеке, жұптық, топтық) 3. Жүйелі түрде қосымша сабақтар ұйымдастыру.
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту.
5. Ізденіс жұмыстары (реферат, баяндама, кроссвордтар, ребус, шығарма, мазмұндама
жазу т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
6.Шаталовтың әдістәсілдерін пайдалана отырып, қазақ тілінің грамматикасын меңгерту.
2.Елубаев А.О. «Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі» [2, 112б].
4.Омарқұлова С.А. «Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін
жетілдіру» [4, 3б].
1.Сейсенбаева Ж.А.«Ұлттық тәрбие аясында тіл және әдебиетті оқыту жайттары»[1,8б].
Оқушыларым мектепішілік және қалалық пән олимпиадаларға, байқау
сайыстарға, ғылыми жобаларға қатысып жеңімпаз мен жүлдегер атанды.
Қорыта айтқанда, «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды»
дегендей жас ұрпаққа сапалы, мәнмағыналы, өнегелі тәрбие беру, оқушының
қалыптасқан даралығын анықтап, жігерқайратын ескеріп, ұлттық мәдениетімізді, салт
дәстүрімізді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі мұғалімдердің басты міндеті .
Егеменді еліміздің дүние жүзі елдермен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын
ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды ды, қабілетті ұландарымыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Сейсенбаева Ж.А. «Ұлттық тәрбие аясында тіл және әдебиетті оқытудың кейбір
жайттары» ХабаршыВестник КазНУ №3(28), 2009 ж., 8 б.
2.Елубаев А.О. Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі – Дарын, 2009. №5, 112116б.
3.Бектібаева З. Дарындылық дамытудың теориялық негіздері // Қазақстан мектебі, 2009.
№6,7173б.
4.Омарқұлова С.А. Дарынды баламен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін
жетілдіру // Мектептегі технология, 2009. №5, 34б.
«Дарынды балаларды анықтау және қабілетін дамыту»
«Дарынды балаларды анықтау және қабілетін дамыту»
«Дарынды балаларды анықтау және қабілетін дамыту»
«Дарынды балаларды анықтау және қабілетін дамыту»
«Дарынды балаларды анықтау және қабілетін дамыту»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.