Тапсырма Мәтінді дауыстап оқы.
Балалық шақ Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.
Сұрақтарға жауап бер. ü Кейіпкердің ата-анасы қандай адамдар? ü Олар қалай тұратын? ü Кейіпкердің 3 жасар кезінде қандай оқиға болды? Сол оқиғаны баяндап бер. |
|
Білім алушы - мәтінді қатесіз оқиды; - мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; - мәтіннің үзіндісін жүйелі мазмұндайды. |
|
Тапсырма Жұптық жұмыс Мәтінді мұқият тыңда. Әрі қарай не болады деп ойлайсың? Күн мен мұздың арасындағы диалогті жалғастыр. |
|
Мейірім Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп, ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді. Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеп: — Неткен сұлу едің? - деді Күн. — .... — |
|
Дескриптор |
Білім алушы - оқиғаның соңын болжап айтады; - тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады. |
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.