Дені сау ұрпақ елдің болашағы

  • Домашнее обучение
  • docx
  • 04.02.2021
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

сабақ жоспары
Иконка файла материала Дені сау ұрпақ елдің болашағы.docx



Сабақтың тақырыбы:  «Де
ні сау ұрпақ-елдің болашағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сал
ауатты  өмір салтын  насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды  әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін  айта  отырып  болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Денсаулық тур
алы нақыл сөздер жазылған плакаттар, мақал – мәтелдер, жағдаяттық сұрақтар.
Б
арысы:
 Армысыздар, аман – есен бармысыздар!
 Құрметті
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер!
Бүгінгі біздің «
Дені сау ұрпақ-елдің болашағы» тақырыбында өткізіліп отырған ашық тәрие сағатына қош келдіңіздер.
 Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз денсаулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік с
ерік  болады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт.
Уа, халқым,
назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің с
ауда.
«Денсаулық-терең бақыт» де
ген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай
данамызда.
Денің с
ауда күштісің бұл әлемде,
Денің с
ауда сұлусың бұл әлемде.
С
ол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі т
алай бақыттарға.
Денсаулықты сақтап түзу өсесің,
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой
дерт шалса,
Х
арамменен тәңірді улап не етерсің?
Ж
аман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-  Балалар, көңіл – күйіміз қалай? Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын барлығымыз  шаттық шеңберін құрайық.

- Балалар күн анамыз бізге күн нұрын шашып тұр қане, бәріміз күн сәулесінен қуат алып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жақсы тілектер айтайық.

         Аспанымыз ашық болсын!

         Ата – анамыз аман болсын!

         Бақытты болайық!

- Біз неге шеңберге тұрып, тәрбие сағатын бастадық?

 Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік. . Шеңбер арқылы –бір бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

Назира:Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты,байыпты,ақылды,ойлы,білімді зергерлі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

Роза: Өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан  бастап,бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп,қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны,қысқасы олардың қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни , адамның өмір салты қандай болса, өзі де сондай.

Мадина. Ас – адамның арқауы дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ,денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады.

Мөлдір:Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық.Бұл тажал адамның денсаулығын бірден жояды және оған жас организм бірден үйренеді.

Жансая: Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол - әлеуметтік тұрмысты жақсарту,бос уақытты тиімді пайдалану,денсаулықты сақтау және нығайту,сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.

Азат: Зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған,заманымыздың кес дерттерішылым шегу, нашақорлық,маскүнемдік,жаман әдеттердің ішінде жасөспірімдер арасында көп тарлғаны шылымқорлық – оның зардабы: бронхит,өкпе қатерлі ісігі  ауруларына әкеп соқтырады. Темекі түтінін де 300-ден астам әртүрлі химиялық заттар,олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін,өте қатерлі у бар.

Аделина:

Денсаулық ол-шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Аружан:

Денсаулық ол-күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық ол-жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Мерей:

Құрылысың бұл сыртқы

Көрінбейді  жүрегің,

Өкпе,миың,бүйрегің-

Құрылысың бұл ішкі.

Дариға:

Қара айнаға,көресің

Өзіңді-адам денесің.

Қол-аяғың,басың бар,

Бұған кеуде қосылар.

Дарина:

Сымбат-мүсін дененің

Бітім-көркі дененің.

Сымбат-жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап:

Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр,қисаймай,

Бүкіреймей,жантаймай.

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға.

 

1-бөлім:Мақал-мәтелдер сайысы.

2-бөлім:Денсаулық  көрінісі.

3-бөлім:Тіл өнері.(Жұмбақты шешіп,орыс,ағылшын тілдеріне аудару).

1.Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар,

Бақыт осы деседі? (денсаулық,здоровье,health).

 

2.Жанды матор сынбайды,

Күні-түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тыңдайды.(жүрек,сердца,heart).

 

3.Екі көрші қатар тұрса да,

Бірін-бірі көрмейді.(көз,глаза,еуes).

4.Отыз екі мықты,

Қаз-қатар болып шықты,

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті.(тіс,зуб,tooth).

5.Жас кезінде қара орман,

Жыл өткен сайын ағарған.(шаш,волосы,hair).

 

6.Екі қайың,

Бой-бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес-бестен.(қол,рука,access).

 

7.Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады.(жуа,лук,leaf).

 

8.Әр желінің асты толған көк қоян,

Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.(қияр,огурец,cucumber).

 

4-бөлім:Мақал-мәтелдерді жалғастыру.

1.Дені сау адам,

   Дәулетті адам.

2.Адамның басты байлығы-денсаулық.

3.Жарлының байлығы,

  Дәнінің саулығы.

4.Аурудың жақсысы жоқ,

   Дәрінің тәттісі жоқ.

5.Тазалық –саулық негізі,

   Саулық-байлық негізі.

6.Демі бардың, емі бар.

7.Дерт көп, денсаулық біреу.

8.Ауырып ем іздегенше,

   Ауырмайтын жол ізде.

9.Жалқаулық-жаман ауру.

10.Тәні саудың-жаны сау.

11.Денсаулықтың  шарты-тазалық.

5-бөлім.Жаңылтпаштар.

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Посмотрите также