День победа

  • Презентации учебные
  • ppt
  • 18.05.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын. балаларга улы отан согысы туралы тусиник беру
Иконка файла материала Жеңіс күні.ppt
Фашистік  Германия  1941  жылы  22  маусымда  соғыс  жарияламастан,  тұтқиылдан  КСРО­ға  шабуыл  жасады.  Кеңес  Одағының  Ұлы  Отан  соғысы басталды. Тарихта  Ұлы  Отан  соғысындай  қасіретті  соғыс  болған  емес.  Соғыста  27  миллионнан  астам  кеңес  адамы  қаза  тапты.  Соның  ішінде  410 мыңы қазақстандықтар болатын.
ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ
СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА
МӘНШҮК МӘМЕТОВА МӘНШҮК МӘМЕТОВА
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл  өтті.  Бұл  сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті  шыңдаған,  станоктың  қасынан,  егін  даласында,  күні­түні  мал  бағып,  тынымсыз  жұмыс  істеген  жұмысшылар,  ауыл  адамдары  тойлайды.  Бұл  мейрамды  біздің  аяулы  да  даңқты  әйелдеріміз  ­  өздерінің  әкелерін,  ерлерін,  ұлдарын  және  сүйіктілерін  көзінен  жасы  сорғалай  жүріп  төзімділікпен  күткен,  олардың  орнын  жоқтатпаған  аналар  мен  жұбайлар,  қалыңдықтар  мен  қыздар  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  әкелері  мен  ағалары  қанын  төгіп,  жанын  қиып  бақытты  өмірін  қамтамасыз  еткен  Ұлы  жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін  жанын  пида  еткен,  туған­туысқандарына,  жақын­жарандарына,  туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі  болып еске түсіреді.
Сол кездегі Кеңес Одағының  басқа халқымен бірге жауды  талқандап, жеңіске жету ісіне  қазақ халқы да өзінің лайықты  үлесін қосты. Қазақстандық  жауынгерлер Брест қамалынан  бастап Берлинге дейін барды.  Олар Сталинград түбіндегі  жертөлелерде, Днепр өткелінде,  Москва мен Ленинград үшін  болған ұрыстарда батыр ерліктер  көрсетті. Украинаны, Кавказды,  Белоруссияны, Қырымды,  Прибалтиканы азат етті, Польша,  Румыния, Венгрия,  Чехословакия, Болгария,  Германия жерлеріндегі майдан  жолдарында жеңіс туын көтеріп  өтті. Ұлы Отан соғысы  жылдарында біздің  қандастарымыз қатыспаған  бірде­бір үлкен шайқас болмады.
1941—1945­жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5  млн  қазақстандық  қатысты.  Бұл  республика  халқының  18  бен  50  жас  аралығындағы  ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік,  50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты  жанын  қия  қорғап,  Украина  мен  Беларусьті,  Прибалтика  мен  Молдованы  азат  етуге  атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам  адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам  Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.