5-7-сыныптарға арналған "Денсаулық зор байлық" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты жоспары. сабақта түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық жұмысын дамыту мақсаты көзделген. халық ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі күнмен байланыстыру, ізденіс жұмыстарын жасау, өзін-өзі бағалау, сын тұрғысынан ойлау оқушылардың топтық жұмыста шыңдалуы қарастырылған.
Денсаулық (Сынып сағаты).docx
Тәрбие сағатының жоспары
Сыныбы:5Б Тексерілді:
Күні:04.12.19
Сабақтың тақырыбы: «Денсаулығым – зор байлығым»
Мақсаты:
Білімділік жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық
екендігін түсіндіру.
Дамытушылық сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: танымдық сабақ
Әдістәсілі: сұрақжауап, ой қозғау, Фишбоун, топтау стратегиясы, шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, мақал мәтелдер, А3, түрлі түсті қарындаш, АКТ
Пәнаралық байланыс:бейнелеу, биология,әдебиет
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу
2.Түгендеу
3.Топқа бөлу (сандар бойынша 3 топқа бөлу)
ІІ. Ой қозғау :
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)
Денсаулық – ол күлуің,
Көңілкүйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
ІІІ. Топтау стартегиясын құру
Деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
Күн тәртібін сақтау керек.
Тісті күніне екі рет тазалауымыз керек
Тамақтанкейінауыздышаюкерек
Ыстық тамақтан соң суық нәрсеі шпеу керек
Жаңғақты тіспен шақпау керек.
Дер кезіндетіс дәрігеріне көріну қажет
Тәттіні көп жеугеболмайды.
Әркімнің өзінің жеке тіс щёткасы болуыкерек.
IV.Шығармашылық жұмыс
Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
2.Ісің түсіп тақсырға барма,
Аурулы болып бақсыға барма.
3. Бақсы көрінсе дерт қозады,
Ұста көрінсе таға тозады.
4.Жарлының байлығы денінің саулығы.
5..Ауру атанды да шөктірер.
6.Қотыр қолдан жұғады,
Таз тақиядан жұғады.
7.Бас ауырса жан қорқады.
8.Жұғын бар жерде шыбын бар,
Шыбын бар жерде шығын бар.
9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені. 10.Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса жан азады.
11.Өліспеген көріседі.
12.Қасқырдың ойлағаны арамдық,
Қойдың ойлағаны амандық.
13.Тәуіптің жақсысы ауруға ауру қоспағаны.
14.Мың жұмақтан бір күн тірлік.
15.Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
16.Емнің алды еңбек.
17.Ауру желмен келіп, термен шығады.
18.Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.
19.Азған денеге ауру үйір.
20.Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады.
V.Сергіту сәті
Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин,
пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жемісжидектер мен көкөністерді өз
қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы
дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің
жақсаруына көмектеседі.
VІ.Бекіту
Фишбоун стратегиясы
Денсаулықзор байлық
VІІ.Қорыту
Деніміз сау болу үшін қандай нәрселерге мән беруіміз керек:
» Ең әуелі денеміздің тазалығына мән беруіміз керек.
» Жүйелі түрде моншаға түсіп тұруымыз керек.
» Тырнақтарымызды жиіжиі қысқартып, таза ұстауымыз керек.
» Тамақтан алдын және кейін қолымызды жууымыз керек.
» Тамақ ішіп болған соң және ұйықтар алдында тістерімізді тіс пастасымен жуу керек.
» Жүйелі түрде спортпен шұғылдану, мүмкіндігінше табиғи тағамдармен және үйлесімді
қоректену керек.
» Ұйқымыздың жүйелі болуына мән беру керек. Ертежатып,ертетұрукерек.
» Егетін (прививка) дәрілерді уақытында ектірту керек.
» Жеміс, көкөністерді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Тағамдардың таза болуына аса мән беру керек.
Беті ашық түрде сатылатын тамақтарды жемеу керек Терлеп тұрып су ішпеу керек.
» Атаананың рұқсатынсыз ешқандай дәрі қолданбау керек.
VІІІ.Үйге тапсырма беру
Денсаулыққа қатысты 10 мақалмәтел жаттау Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Денсаулығым – зор байлығым» 20182019 оқу жылы
Денсаулық- зор байлық
Денсаулық- зор байлық
Денсаулық- зор байлық
Денсаулық- зор байлық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.