“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)
Оценка 4.8

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

Оценка 4.8
Культурные мероприятия +3
doc
воспитательная работа
6 кл
03.11.2017
“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)
Бұл тәрбие сағатында жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіреді. Салауатты өмір салтына тәрбиелейді. Оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйретеді, өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын – алуға , жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауға, оқушының санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыруға ықпал етеді.Разработка воспитательной работы
денсаулық.doc
Тақырыбы: «Денсаулығым­ байлығым» Мақсаты:  Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына  ішімдік, темекі, нашаның    адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын  мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Дамытушылығы: оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды  заттардан аулақ болуға үйрету. Оқушылардың  өмірге, әсіресе адамзат  ұрпағына   деген аяушылық  сезімін, аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен  бойларын   аулақ  ұстауын, оқушының санитарлық – гигиеналық  талаптарға  сай  болуын   қалыптастыру, дамыту Тәрбиелігі: жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру, күн ережесін дұрыс  сақтау дағдысын қалыптастыру.  Болашақ  қоғамның  салауаттылығы  әр  адамға   байланысты  екенін, денсаулықты  сатып  алуға  болмайтынына  байланысты,   спортпен  айналысу,  таза  ауада  серуендеу, еңбек етудің пайдасы  туралы пікірлесу. Сабақтың  түрі:  өнеге сағаты, кездесу. Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, топтастыру,  венндиаграмма т.б. Көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар. Жоспар: 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Негізгі бөлім А) Кіріспе Б) Видеоролик «Қара пима» В) Келген қонағымызға  беріледі. Г)Көрініс «Шылым шегудің пайдасы» Д) Тренинг. Аяқталмаған сөйлем С) Тест. «Менің өмір сүру қалпым» Е)Тренинг: Мен саған ... тілеймін.  «Жүректен – жүрекке»  3.Қорытынды 4.Үй тапсырмасы Тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер жинақтау Барысы:          1­жүргізуші:   Адам  денсаулығы – қоғам байлығы.  Әрбір  адам  өз  денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң  анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде  «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен  бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі. 2­жүргізуші: Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір   сүруін   қалыптастыру   қажеттілігіне   байланысты   бүкіл   оқу   тәрбие   жүйесін валеологизациалау   қажеттілігі   туындап   отыр.   Халықаралық   денсаулық   сақтау ұйымының   есебі   бойынша   адам   денсаулығына   10%   дәрігерлік   көмек,   15%   ­ тұқымқуалаушылықтан, 25% ­ қоршаған ортадан, ал 50% ­ адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.         1­жүргізуші:   Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің  қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау!  Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дені сау ұрпақ – жарқын  болашақ!» деп аталады.         2­жүргізуші:   Қазіргі кезде елімізде темекі шегу, нашақорлыққа әуестік,  маскүнемдікке салыну бар. Оларға  қарсы  күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне  айналып отыр. Темекіге әуесқойлық  жасөспірімдер  арасында  кең  етек алып отыр.          1­жүргізуші:   Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  барлық  қазақстандықтарға  жолдаған   «Қазақтан­2030»  бағдарламасында   халықтың  салауатты  өмір  сүруіне  қол  жеткізу  үшін  негізгі 3 бағытта  күрес  жүргізу  керектігін  айтып  өтті.          2­жүргізуші:   1­бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»                                    2­бағыт: «Нашақорлыққа, есірткібизнеске қарсы күрес»                                    3­бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»         1­жүргізуші:   Бағдарламада былай делінген: «Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді».  Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен  темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынған. Қазіргі уақытта кез­келген  жерге темекі тартуға, арақ­шарап ішуге тиым салынады. Ойын­сауық алаңында,  мекемелерде, көшелерде темекі тартып, арақ, сыра ішіп тұрғанын көрсе айыппұл  төлетеді. Көшеде мас күйінде жүрген адамды тәртіп сақшылары қамап қояды.         2­жүргізуші:   Жасөспірімдердің жаман әдеттерді бастау себептері: ­ Топқа еліктеу ­ Жеке ұнатқан адамына еліктеу ­ Ересек болуға тырысу ­ Өмірдегінің  бәрін байқап көруге тырысу ­ Ата­ананың баланың бос уақытында немен айналысатынын білмеуінен ­ Жасөспірімдердің көпшілігі арақтың, темекінің, нашаның зиянын  білмегендігінен ­ 1­жүргізуші : Өмірің болсын десең сенің сәнді Ойланып, айналаңа қара мәнді. Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан Өзіне сүйсіндірер басқа жанды      2­жүргізуші: Салауатты мақсатың ­ өмір сүру, Өмірдің мағынасын керек білу. Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,                           Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру      1­жүргізуші:  Ендігі кезекті өмірдің ащы шындығынан алынған «Қара пима» видеоролигіне кезек берейік. Видеоролик  «Қара пима»    2­жүргізуші:     Біздің елімізде 14,5 млн адам бар дейді, 2050 жылдарда 10,5 млн қалуы мүмкін.  Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан  аурулары, онкологиалық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар,  салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.     1­жүргізуші: Халықта мынадай дана сөз бар:  «Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,  Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,  Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның». Келесі сөз кезегін Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан келген  қонағымызға  беріледі. Темекінің зияны Дүние жүзі ғалымдарының зерттеуінше, өкперагы ауруларының 90 пайызы шылым  шегетіндердің үлесіне тиеді екен. Егер шылым шегушілер күніне 20 тал темекі шексе, олардың өкпе рагы ауруына шалдығу қаупі өзгелерге қарағанда 10­15 есе артып, ал  бүйрек дертіне бес есе көп шалдығады екен. Шылым алдымен, қан тамырларына әсерін тигізеді, қан тамырларының жұмысын  нашарлатып, оларды жіңішкертіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талмасына жетелейді. Елімізде шылым құрамындағы никотиннің әсерінен адамдар жазылмас кеселге тап  болуда. Статистикалык деректер шылымның адам денесіне зияндылығынан атпалдай  азаматтар жұмысқа жарамсыз болып, мүгедектер армиясын толтырып жатқанын  айтады. Түтінді әр жұтқан сайын адам өмірі қысқара түседі. Ғалымдар пікіріне сүйенсек,  шылымды жасынан шеккеннің зияны көп, әсіресе, түтінді соза тартып, ішке түтінді  көп жұтқан қауіпті көрінеді. Темекі шегуді тым ерте бастаған адам өз өмірін 10­15  жылға қысқартады. Адамдар өз бастарына қауіп төніп тұрғанын біледі, бірақ біле  тұра ойланбайды. Біздің беретін кеңесіміз: шылым түтінін ішке терең сорма, бұл жағдайда никотин 95  пайыз ішке кетеді, ал жарым­жартылай тартқанда 70 пайызы кетеді, ал түтінді ішке  жібермей жай сорғанның өзінде 5­10 пайызы кіреді екен, сондықтан түтінді ішке  жіберуге болмайды. Екіншіден, шылымды түбіне дейін шекпей, ортасына жеткізбей тастау керек. Ғалымдардың айтуына қарағанда, әуел бастағы сорған түтін ішке көп  кіреді екен, ал екінші сорғанда, тыныс жолдарында қалып қояды екен. Әрине, мұнда  да тыныс алу жолдарына, өкпеге зиянын тигізіп, қоздырып, қабындырып, оның жұмыс істеуін қиындатады, ал үшінші сорғанда, шылымның никотин ұстап қалатын сүзгіш  бөлігі өзінің қасиетінен айырылып, никотинді ұстай алмайды екен. Алкоголь денсаулыққа өте зиян Алкоголь­ ашытқы саңырауқұлақтардың әсерінен углеводтардың ашуы үдерісінде  түзілген зат.Формуласы C2H5OH­этил спирті.Алкоголь­ есірткі заттардың бірі­сиызм  майы.Бұл май ішімдіктің құрамында көп болады. Алкоголь асқазанда қанның құрамына тез еніп, ми жасушаларының қызметін бұзды.  Мишық жұмысының бұзылуынан адамның жүрісі, іс­қимылы өзгереді.ол ағзада,  орталық нерв системасындағы тежеу үдерісін баяулатып, ал үздіксіз қолданған  жағдайда өзін­өзі сынау, сақтық қасиеттерінің жойылуына әсер етеді.Алкоголь ақыл­ ой және дене еңбегіне қабілетті, көру өткірлігін айтарлықтай төмендетеді, ір түрлі  әрекеттерді орындау дәлдігін нашарлатады,бұл жол көлік оқиғаларына, жарақаттар  алу жағдайларына душар етеді. Алкогольді үнемі пайдалану маскүнемдікке апарып соқтырады.Асқазанның  қабынуы,бауыр,бүйрек аурулар маскүнемдікке тән.Маскүнем ішімдік болмаса ауыр  күйге түседі: үрейленіп орынсыз қорқады,дірілдейді, аузы кебуі, бас ауруы, жалпы  әлсіздік байқалады. Адам ішімдік ішкенде өзінің не істегенін білмей қалады және өзін­өзі танымай  қалады.Арақ ішкен адамның баласына да қаутіпілігі бар.Егер жүкті әйел арақ ішсе,  ішінде жатқан баланы арақпен қоректендіреді.Соның кесірінен бала бір жері кем  болып туылады.Ол бала да көбінесе алқаш болып, әсерінен жоқшылықта өседі. Адам ішімдіктің кесірінен өзінің не істегенін білмей  кісі өлтіріп қоюы мүмкін.Міне,  ішімдік адамды қандай жағдайға сүйрейді. Насыбайдың зияны Мен базардағы және көшедегі насыбай сататын адамдармен көп сөйлестім. Олар: «Орысы бар, қазағы бар жап­жас қыздар келіп, насыбай сатып алады. Кешке қарай насыбай сұрап дамыл бермейді» дейді. Мектептегі жағдайларды да жақсы білемін. Оқушылар насыбайды мектепке әкеліп атады, ернінің астына салуды бәрі үйреніп алған.   Кейбірі   насыбайға   елітіп,   есінен   танып   құлаған   кездері   болған.   Біздің ойымызша, шылым сияқты насыбай да зиянды әдеттердің бірі деп есептеп, денсаулық мекемелері,   білім   беретін   мекемелер,   қүқық   қорғау   органдары   қолға   алып, тексерістер жүргізіп, зиянын анықтап, жасөспірімдердің жаман әдеттен арылуына қол ұшын беруі қажет  Есірткінің зияны. Есірткі темекіден де арақтан да қатерлі. Мұғалім есірткіге адам организімі темекі, араққа қарағанда тез үйреннетіндігін ескертеді. Есірткіге адам организімінің үйрену, 1 – 2 рет қабылдаудан кейін, 1 аптадан немесе бірнеше күннен кейін болуы мүмкін.  Алғашқы есірткіні пайдаланған адам организімі: ­ Тітіркенеді; ­ Басы ауырады; ­ Жүрегі айниды, құсқысы келеді; ­ Демін, иісін жақтырмайды; Оның себебі, адам организімінде есірткіге ұқсас зат жоқ, сондықтан  да организм мұны қабылдағысы келмейді.  Есірткіге шегуге тартатын адам жас баланы алдайды.  ­ Есірткіні бір сорып, кереметт рахатқа бөлінесің. Осылайша, алданған балалар өзіне өмір бойы «кесапат» сатып алғанын білмей қалады.  1. Есірткі пайдаланудан туындайтын қауіп­қатер: ­ Есірткіні  мөлшерден артық пайдалану өлімге алып келеді; ­ Есірткіге психологиялық және физиологиялық түрде                                         басыбайлы болу; ­ Әр түрлі елес көру,есінен тану; ­ Өзін – өзі басқару қабілетінен айырылу; ­ Ине арқылы әр түрлі жұқпалы ауру, ЖҚТБ ауруын жұқтыру; ­ Әр түрлі аурулардың асқынуы; 2. Есірткіні пайдаланатын адамда пайда болатын белгілер: ­ Мұрын мен қастың қызаруы, көз қарашығының үлкеуі; ­ Адамның міңез­құлығының өмір жағдайына сай болмауы (мысалы, қозғалыстың баяу болуы, ашуланнақ болу, долы, тырысқақ болу және т.б.) ­ Психологиялық   өзгерістердің   (ынтасыздық,   ешнәрсеге   қызығушылықтың болмауы, ызақор ашуланшақ болу өз – өзіне сенімсіздіктің) пайда болуы. ­ Тамаққа тәбеттің болмауы,дене салмағының күрт төмендеуі ­ Инені пайдаланылған орнының пайда болуы (көбіне қолында) ­ Адамның   моралдық   азғындауының   басталуы   (өзің   –   өзі   қарамау,   өзің   –   өзі бағаламау) ­ Тері түсінің өзгеруі, дене тұрқының өзгеруі.  ­ 2­жүргізуші:  Біздің  дайындаған  «Шылым шегудің пайдасы» атты көрінісімізге  кезек береміз. Көрініс: « Шылым шегудің пайдасы» Автор:  Саханаға бір топ балалар шығады. Алдарынан темекі шығады. Балалар:   Сен кімсің? Қайдан шықтың? Темекі   Мені танымайсыңдар ма?  Мен темекімін .  Мен күштімін.  Менің  пайдам   өте көп.  Мені тек мықты балалар ұстайды.  Кәне менімен кім дос болғысы келеді. Автор : Балалардың қолына бір­ бір темекі ұстатады. Балалар:  – Дос болайық темекімен, Мықты бала боламыз, Ең бастысы пайдасы оның өте көп екен. Автор:   Балалар темекіні айнала қоршап  қол алысады. Балалар :  Темекі шегіп үйренейік Осыны байқап отырған ақ сақалды қария: – Уа , балалар, маған құлақ салыңдар!  Темекі шегудің тек үш пайдасы бар.  Біріншіден , кімде­ кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды. Бала :    Неліктен?  Неге? Қария :   себебі, ол қартаюға үлгірмейді де.  Темекі  шеккен өмірден тым ерте  кетеді.  Екіншіден, оның үйіне ешқашан ұры түспейді. Бала :  Неліктен? Қария  :   Себебі, кімде –кім темекі шексе, оның өкпесі таза болмайды. Түні бойы  төсекте төңкеріліп аударылып жатады және күндіз – түні күркілдеп қатты жөтеліп  шығады. Ұрылар үй иесінің  көкжөтелін естіп, үйге жақындай да алмайды.      Үшіншіден кімде­ кім темек шексе, оны ешқашан ит қаппайды. Бала:    Қалайша оны ит қаппайды? Қария:   Себебі, шегетін кісі ерте жарым –жан болып қалады және жүргенде таяққа  сүйеніп жүреді.  Ал, таяғы бар адамға қарағым, ең қабаған ит те жоламайды.  Қарт  қулана күледі.(балалар темекіге қол сілтеп кетіп қалады.)  2­жүргізуші:  Келесі сөз колледжіміздің медбикесі Зина апайымызға береміз.   1­жүргізуші: Әр топтың  дайындаған суреттеріне кезек берейік. «Мен қандаймын...» сурет салу. (Күліп тұрған адамның беті) Салған суреттеріне талдау жасайды. «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т.Корлейль. дегендей  кезекті оқушылардың ойына берейік. 2­жүргізуші:  Достар, біз қалай өмір сүреміз тест тапсырып көрейік. Тест.  «Менің өмір сүру қалпым» Дене қозғалысының түрлері Күнделікт № 1 2 Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру Таңертеңгі дене қозғалысы 3 Колледжге келу 4 Дене шынықтыру сабағына қатысу 5 Сабақтан тыс іс­шаралар (секция,  жарыстар, бокс, күрес) 6 Денені шынықтыру 7 Үйдегі дене еңбегінің орындалуы і 20 10 10 30 10 5 5 Аңда­ санда 10 7 6 10 5 3 3 Мүлде жасамаймын 0 0 0 0 0 0 0 60 – жоғары 45 – орташа 25 – төмен 2­жүргізуші:  Келесі сөз колледжіміздің психологы Қарлығаш  апайымызға береміз. Тренинг: Мен саған ... тілеймін.  «Жүректен – жүрекке»  Әр оқушы  тілектері жазылған жүрекшелерді арнаған оқушыларына сыйлайды. 1­жүргізуші:   Денің сауда жетерсің арманыңа Жоспарлап алға қойған мақсатыңа Денің сауда көрерсің бұл дүниенің Бар қызық, рахатын, жарығын да. 2­жүргізуші: Денсаулық­шексіз бақыт, халқым менің, Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа Қолда барда біл оның қасиетін Күтіп баптап, аяла әр уақытта. 2­жүргізуші:  Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе бәріміз «Жаяу» әніне  билейік. 4.Үй тапсырмасы Тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер жинақтау

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)

“Денсаулығым- байлығым” (6сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.11.2017