Сұрақ қою арқылы мұғалім:
–оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
– оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
–білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру ынталандырады.
– оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
– оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
–оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
– оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
ДИАЛОГТІК.docx
Диалогтік оқытудың тиімдігі
ШҚО,Семей қаласы
«Семей қаласының №6 гимназия» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Шакенова Ардак Рахимовна
«Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу:
сұрау,тыңдау,жауап беру,келісу т.б.«Неліктен бүгінгі күні білім жүйесінде диалогқа аса
көтеріңкі көңіл бөлініп отыр?» деген сұраққа жауап беретін болсақ ,Өмірде ең керекті
білім(білік, дағды, машық, құзырлылық) – қоғамда қарымқатынас құра білу, басқа
адамдармен тіл табысу. Таным мен білім – адамдардың өзара әрекеттердің
нәтижесі деп есептеген, тіпті қарымқатынас, диалог – өміріміздің мәні деп түсінген.
Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп
ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген
құштарлығы мен қызығушылығына тікелей байланысты.
Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан
көруге болады. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс
жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса,
мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің
сабақты жанжақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан
әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура
келеді.
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына»
жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай
оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі
қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары технологиялар заманында адамға жанжақтан түрлі ақпарат келіп түседі,
сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана
алу бейімділігін қажет етеді.
Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді»
қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана
отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру
арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз
ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын,
бір бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге
тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің
оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін
түсіндім.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.
Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын
арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті.
Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым қатынас пен достарымен бірігіп
жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнетивті дамуына әсер ететіндігі
айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында»
(ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында
оқушылар нәтижеге жету үшін күшжігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай,
білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып
табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады. Әңгімелесу
пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып
табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады
және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың
екі түрі төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.Кей кездері төмен
дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап
алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар
қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға,
кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
–оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
– оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
–білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге пайдалану арқылы мұғалімдер
оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау
қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру ынталандырады.
– оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
– оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
–оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
– оқушылардың бірбірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41 бет.)
Оқушылар өз сабақтарымда тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің
маңыздылығын түсініп сезінді.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай Александер `(2004) оқытудағы
әңгімелесу – қарым қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі
жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды
деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін
күш жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе
«пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу
оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, ол бірлескен зерттеу барысында
анықталады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушының оқуының ажырамас бөлігі болып
табылады. Сол әңгімелесудің бірнеше түрі бар. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету
үшін күш жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай білімді бірлесіп алуда және «пікір
алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен
диалог құру арқылы жүзеге асады. ерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда
немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіменің үш
түрін көрсетті.
• Әңгімедебат
• Кумулятивтік әңгіме
• Зерттеушілік әңгіме
Соның ішіндегі сирек қолданылатын зерттеушілік әңгіме туралы айтсақ,Барнс пен
Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды
өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Ендеше, оқушылардың
өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі топтарға берілген ортақ проблемалар
арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. Мысалы, қазақ тілінде сурет бойынша әңгіме
құрастыру кезінде, тапсырмаларды орындауда оқушылар ұжыммен өзара кеңесіп,
талдап,мәтін құрастыра отырып, талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндірді.Кластерге
түсіріп, тақырыптарын қорғады. Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық
жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып,
талқылай алды.
Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни
ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі
артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды
пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен
дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып
бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады,
сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың
ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.
Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып жалпы байқағаным;
бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың
айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім; бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге
асса,ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе
оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып
жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі .
Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:
Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;
Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды;
Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;
Оқушылардың бірбірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және
бағалауға үйренді;
Ойынын жинақтауға көмек берді; Қорытындылай келе тәжірибиемде оқушылардың сөздік
қоры молайып,қабілеті төмен оқушы саны азайды, ойларын еркін ,өз сөзімен жеткізуге
үйренді,бірбіріне сұрақ қойған кезде ойланып жоғары мәртебелі сұрақтың маңыздылығын
түсінді ,тақырып бойынша бірбірімен пікір таластырып отырды,сабағымда «оқушы
оқушыға» сұрақ беру әдісін жиі қолданып отырдым.
Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін,
қалай оқу керектігін түсінетін жеке тқлға екендігіне ерекшк мән бергеніміз жөн. Тұлғаны
дам ыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман
талабы.
Қолданылған әдебиеттер.
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей.
2.Интербелсенді әдістемені ЖОО – да қолдану мәселелері.
Асхат Әлімов. Алматы2013
3. «Педагогика мәселелері» ғылыми –теориялық журнал 14\2007
4.Жаңа жоба –жаңашылдық бастауы Алматы 2012 жыл
Диалогтік оқыту
Диалогтік оқыту
Диалогтік оқыту
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.