"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы
Оценка 4.6

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

Оценка 4.6
Руководства для учителя
docx
психологическая работа +1
Взрослым
03.02.2019
"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы
-бөлім."Дилогтік оқытудың түрлерін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыпты таңдаған себебім, осы уақыт ішінде өзге тілді балалардың қазақ тілінен ақсауы - тілдік кедергілерінің болуына байланысты екендігіне көз жеткіздім. Осы олқылықты жойып, оқушының тілге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруда, сөйлеу тілін дамытуда жаңаша өзгерістер енгізуге болатындығын ойластырдым. Іс-әрекетті зерттеудегі тақырыптың өзектілігі неде? Неліктен мен "Дилогтік оқытудың түрлерін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін қалай дамытамын?" деген тақырыпты таңдадым? Неге диалогтік оқытудың бір ғана түрі емес, ол - зерттеушілік, не болмаса - кумулятивтік немесе әңгіме-дебат? Неліктен мен дәл осы тақырыпта іс-әрекеттегі зерттеу жұмысымды жүргіземін? Мен бұл зерттеуді қалай жүргіземін? Мен сыныпта не істеуім керек?Енді осы сұрақтарға жауап бере отырып, мен зерттеу тақырыбымның қажеттілігі мен өзектілігін және де маңыздылығы мен тиімділігін анықтап алдым.
ГОТОВЫЙ.docx
Қазақ тілі сабақтарында "Дилогтік оқытудың түрлерін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін  дамыту» «Диалог сабақта оқушылардың  қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің  өсуіне үлес қосады.»                                                                                    Мерсер және Литлтон,2007          Диалогтік оқыту кезінде Барнстың пікірінше сыныпта тіл қаншалықты  қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан (Мұғалімге  арналған нұсқаулық, 98­бет). Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу  оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш  түрін сипаттаған. Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері: әңгіме­дебат, топтық  әңгіме, зерттеушілік әңгіме.Кумулятивті әңгіме:Онда оқушылар  басқалардың  пікірімен келіседі, қабылдайды.Зерттеушілік әңгіме:Зерттеушілік әңгімені  жүргізу үшін оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады, бірнеше жауаптан  тұратын немесе бірнеше идеялар айтылатын,оқушылардың міндеті  –  ұсыну,  дәлелдеу,  қорытынды жасау. Әңгіме дебат :Пікірлер арасында әр түрлі қарама  қайшылықтар  болады , әркім өзінің ойын растайды. 1­бөлім."Дилогтік оқытудың түрлерін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін  дамыту» тақырыпты таңдаған себебім, осы уақыт ішінде өзге тілді  балалардың қазақ тілінен ақсауы ­ тілдік кедергілерінің болуына байланысты  екендігіне көз жеткіздім. Осы олқылықты жойып, оқушының тілге деген  қызығушылығы мен ынтасын арттыруда, сөйлеу тілін дамытуда жаңаша өзгерістер  енгізуге болатындығын ойластырдым. Іс­әрекетті зерттеудегі тақырыптың  өзектілігі неде? Неліктен мен "Дилогтік оқытудың түрлерін қолдану арқылы  оқушылардың сөйлеу тілін қалай дамытамын?" деген тақырыпты таңдадым? Неге  диалогтік оқытудың бір ғана түрі емес, ол ­ зерттеушілік, не болмаса ­  кумулятивтік немесе әңгіме­дебат? Неліктен мен дәл осы тақырыпта іс­әрекеттегі  зерттеу жұмысымды жүргіземін? Мен бұл зерттеуді қалай жүргіземін? Мен  сыныпта не істеуім керек?Енді осы сұрақтарға жауап бере отырып, мен зерттеу  тақырыбымның қажеттілігі мен өзектілігін және де маңыздылығы мен тиімділігін  анықтап алдым. Екінші мәселе ­ мен бұл зерттеуді қалай жүргіземін? Зерттеу  тақырыбы таңдалды, енді сол бойынша SMART жоспар жасауым қажет болды. Бұл сынып оқушыларымен біраз уақыттан бері жұмыс жасап жүргендіктен, нәтижеге  қол жеткізу үшін олардың жас ерекшеліктерін, оларға әсер ететін сыртқы және  ішкі факторларды ескере отырып, үйренуші ретінде өздерін қалай сезінетіндерін  бақылап, бағалау жүргізетінімді білдім. Осы жұмысты жүргізу барысында  әріптестермен өзара ынтымақтастық әрекетке түсу керектігін, сондай­ақ бір­ бірімізге қолдау көрсетіп, жетістікке жету жолында жүкті жұмыла көтермесек  болмайтындығында түсіндім. Ендігі мәселе ­ мен сыныпта не істеуім керек?  Оқушылардың қызығушылығын арттырып, сөйлеу тілін дамыту үшін не жасауым  керек? Бұл үшін әрбір өтілетін сабақ бүге­шігесіне дейін әр оқушының білім  деңгейі мен жас ерекшеліктері, олардың мүмкіндіктеріне қарай ойластырылып,  жоспарлануы қажет екендігін және сабақ сайын мен не білемін? не жасай аламын?  менің оқушылар үшін тиімділік және құндылық компонеттерім артты ма? Іс –тәжірибені зерттеу үшін 5­ «Г» сыныбын таңдадым. оқушылар не үйренуде? деген сияқты сұрақтар төңірегінде ойлана отырып жұмыс  жасайтынымды білдім. Сонымен қатар бұл ретте бағдарламадағы жеті модульді  кіріктіре отырып жүргізетін сабақтардың жемісті болатынына сенімім мол болды.   Диалогтік әңгімелесудің түрлерін қолдану арқылы олардың сөйлеу тілін  дамытуды өзіме мақсат етіп қойдым. Сонымен қатар оларға дайын білім мен  идеяларды ұсынғаннан гөрі, сол білім мен идеяларды оқушылардың өздерінің  құруына түрткі болуды көздедім. Сондықтан да мен сабақ құрылымын 7 модульді  енгізе отырып құра бастадым және де түрлі мақсаттарға сай әдіс­тәсілдердің де  түр­түрін таңдап, әр сабақ оқушының есінде қалатындай қызықты, нәтижелі  болуын ойластырдым.  5 "Г" сыныбы ­ білім сапасы жоғары деңгейдегі сынып. Оқушылардың басым  көпшілігі өз ойларын анық, ашық жеткізуге қиналады. Оның себебі:Біріншіден,  ойлау тілі мен сөйлеу тілі орысша; Екіншіден, сөздік қорлары мүлдем  аз; Үшіншіден, қазақ тілінде ортаның болмауы.Жоғарыда аталған кедергілерді жою мақсатында белгілі бір нәтижеге бағытталған жоспарлар арқылы жұмыс істегім  келді. Ал жұмыс барысында мен көбіне орта білімді және белсенділігі төмен  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға басты назар аудардым. Ал  дарынды оқушыларға ерекше тапсырмалар ойлап табуға, олардың шығармашылық  даму деңгейін одан әрі бақылауға кірістім. Іс­әрекеттегі зерттеуді іске асыру үшін қойған міндеттерім: Іс­ әрекетті зерттеуге қатысты теориялық материалдармен танысу; Диалогтік оқыту үшін тиімді және қажетті әдіс­ тәсілдерді іріктеу; Іріктелген әдіс­ тәсілдерді оқыту үдерісінде пайдаланып, іс­ әрекеттің нәтижесін  шығару.Алдыма  мақсат, міндеттерді қоя отырып мен қазақ тілі пәні бойынша  бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып, 10 Қаңтар ­ 30 қаңтар аралығында 5 «Г» сыныбында тізбектелген төрт сабақ өткіздім. Мен зерттеушілік жұмысты  жүргізетін сынып ретінде  осы тізбектелген сабақтар топтамасында алған білімдері алдағы уақытта қажеттілік туындаған жағдайда қолдана алатындай болу керектігін де жете түсіндім. 2­бөлім. Іс­тәжірибе Мен іс­әрекетті зерттеу фокусы ретінде 5«Г» сыныбын алып отырмын, себебі осы  сыныпқа өзгеріс қажет деп таптым, бұл сыныпта оқушылар әр түрлі деңгейлі  жалпы оқушы саны 15, оның ішінде үздіктері­5,оқу екпінділері ­7, орташa ­3. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа  алдым.Сабақтарымда лексикалық материалды грамматикалық структуралармен  байланыстыра отырып, оқушылардың сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру, дамыту  бағытында жоспарладым. « Су­тіршілік көзі.»­2 сағат,« Кітап – бағалы сыйлық.»­1 сағат,« Фасфудтың  зияны.»­ 1 сағат тақырыптарына сабақ өттім. Әр сабағыма SMART мақсат  қойып, күтілетін нәтижені анықтап алдым. Фокус топтағы оқушылар: Оқушы А (Алал Ж)– жан­жақты, барлық сабақтардан үлгерімі жоғары оқушы.  Танымдық қабілеті тұрақты, оқу ынтасы жоғары. Жетістік критериі: оқушының  көшбасшылығын дамыту. Оқушы В (ЕрсұлтанБ)үлгерімі орташа, тапсырманы ешкіммен талқыламай, өзі  орындағанды ұнатады. Жалпы орташа зияткерлік қабілетін көрсетеді. Жетістік  критериі: тек мұғалім сұрағанда ғана белсенділік танытуға емес, сонымен қатар  коммуникативті дағдысын дамыту.Оқушы С(Ерали А) оқу үлгерімі төмен, өйткені үй тапсырмаларын әр кезде орындап жүрмейді. Оқу үрдісі оны  қызықтырмайды. Жетістік критериі: топтық жұмысқа тартып, оқуға деген ынтасын арттыру.Жұмыс жасау кейде қиынға түсіп кетеді, сондықтан осы зерттеу арқылы  оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін көтеру үшін не қажет, нені жетілдіру керек  екенін түсіну болды. Сынып оқушыларын топқа бөлу кезеңінде, оқушылардың сыни ойлауын дамытудың өзі диалогтік оқыту арқылы іске асырылады. Қай сабақта  болмасын, топқа бөлу үшін, тақырыпты ашу барысында түрлі мазмұндағы сұрақтар қойылды, видео материал, тыңдалым (аудирование) арқылы сабақтың тақырыбын  анықтады. Ал мұндай әдіс оқушының белсенділігін арттырады.Коммулятивті  әңгіме түрін қолдандым.Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы  деңгейдегі онымен қатар «Айналмалы бекет», «Ыстық орындық», «Сократ  семинары» стратегияларын және «Түрткі болу, басқаға бағыттау, жұқа, қалың  сұрақ» түрлерін  қолдандым. Соның ішінде «Ыстық орындық» стратегиясын  қолдануда «төмен» және «жоғары» дәрежелі сұрақтарды қоя отырып оқушыларды  ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға  және талдауға жетеледім. Кумулятивті әңгіме құру үшін, сұрақтар қоямын. Сұрақ  қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған  жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына  қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. [3­101).Мысалы: «Мектеп  модулінде­ «Менің атым­Қожа» повесі бойынша Қара Қожа, Сары Қожа деп неге атаған?Әке туралы айтқанда Қожаның жүрегі  неге ауырады?Қожаның лагерьге жолдама ала алмауы әділеттілікке жата ма? Оқулық сатып алудағы Қожаның ісі дұрыс па, оның орнында болсаңдар сендер не  істер едіңдер? Сіздер Қожа әңгімесі бойынша қандай тәрбие алдыңыздар?         Біртіндеп менің сабағымды топтық әңгіме мен зерттеушілік әңгімеге бағыттай бастадым. Өйткені зерттеушілік әңгіме қарым­қатынас жасаудың барысында  идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды, әркім өз пікірін ұсынады. Алайда жұмыс барысында кейбір  оқушылардың тиісті білім­білік дағдысы толық болғанмен, топ алдында дәлелдеу,  сөйлеу дағдылары жетпей жатқаны байқалды. Тізбектелген сабағымның бірінші  сабағы «Су­тіршілік көзі».Оқушылардан « Судың пайдасы » мәтінін оқып,  осы тақырыпқа постер дайындауларын сұрадым. Бұл тапсырма арқылы  оқушылардың ойын жинақтап, ойларын тақырыпқа шоғырландыру болды. Келесі  тапсырмада алдымен постер дайындау үшін Крийтерилер құруды ұсындым,  оқушылармен крийтерилерді бірігіп құрған соң оқушылар постерлерін  қызығушылықпен орындады, қорғады. Менің байқағаным бұл өте тиімді екен.  Постер қорғауды оқушылар «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір  бірін бағалады. Бағалау кезінде топтар екі жетістіктері мен бір ұсыныстарын  айтып кетті.Әр сабағымда диалогтық оқытуды үнемі жүзеге асырып отырдым,  себебі қазақ  тілі пәні ауызша жеткізуді, оқығанын қандай да бір дәлелдемелерді  қажет ететін пән.Олар бірте – бірте қызыға сабаққа белсенді қатысып, жұптық жұмыста ашыла түсті. Күннен­күнге серіктестік жұмыстарында нақтылық, дәлдік  пайда бола бастады. Ойлары да, өз шешімдерін қорғай алатындай тереңдей түсті.  Бір – бірімен жұмыс барысында пікір алмасып, ой бөлісіп, ортақ шешім қабылдап  үйренді, топтың атынан сөйлеу оларды жауапкершілікке жетеледі.Берілген  сөздіктерді қолданып оз ойларын айтуға талпынды.Бақылау нәтижесінде менің  байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын  тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде өзім зерттеуге алған білім деңгейі  жоғары А оқушым және білім деңгейі орташа В оқушым болды және білім деңгейі  төмен С оқушым да болды. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлерінде  тапсырмаларды орындады. Орындай отырып, оқушыларға қосымша деңгейлік  тапсырмалар бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырып отырдым.  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында оқушыларға  «Адам ағзасына судың пайдасы» кестесін беріп, кестені пайдалана отырып мәтін құрауын сұрадым. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  дамытуға бағытталған. Бұл тапсырманы оқушылар үлкен қызығушылықпен  орындады, «Джигсо» әдісі арқылы топ спикері келесі топтарға барып түсіндірді.  Бұл өте тиімді әдіс екенін байқадым, алайда бәрі сәтті болды деп айта алмаймын,  себебі бұл әдісті сабақта бірінші рет қолданып отырғаннан кейін бе оқушылар  шашыранқы, кейбір оқушылар жұмысқа тартылмай қалды. Бұл тапсырманы  оқушылар қызығушылықпен орындады, алайда біраз оқушылардың сөздік қорлары , грамматикалық структураларды әлі де дұрыс қолдана алмайтыны көрінді. Бұл  тапсырманы «А» оқушым өте жақсы орындап «В» оқушым қиналғаның байқадым,  ал «С» оқушым өзінің жұбы Т.ның көмегінің арқасында орындап шықты. Бұрын  мен «С» оқушымның «шамасы осы» деп көп сабаққа тартпайтынмын, мен енді  қателескенімді түсіндім. Өзінің жұбының көмегінің арқасында «С» оқушым  көңіліме қонатындай жауабын естідім. Бұл мені ойлантты. Екінші сабағымда  алдын ала топтық жұмыс істеуге ыңғайлы етіп дайындалған парталарға  оқушыларды топқа бөліп отырғыздым. Ақылдың алты қалпағы­ Эдвард де Боно  әзірлеген әдістеме, әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде  шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылатын  әдісті сабағымда  (Денсаулық­зор байлық)тақырыбына қолдандым. Бұл  стратегияны қолдана отырып оқушылардың ой тұжырымдау, дәлелдеу сияқты  қабілеттерін дамытуды мақсат қылдым. «Кітап­бағалы сыйлық» тақырыбын    «Ақылдың алты қалпағының»түстерінің функциялары бойынша талдадық.  Оқушыларға жереби арқылы түс таңдатып, өз көзқарасын қорғауға дайындалуға  уақыт бердім. Сыныпта жиыны он бес оқушы болғандықтан, оқушыларды шағын  топтарға бөлдім. Оқушыларға бұл тақырып өте ұнады, өйткені бұл тақырып  өздерінің көкейтесті мәселелерінің бірі болатын. Бұл тапсырманы орындау  барысында оқушылар бір­ бірімен ұйымдаса отырып орындағандарын байқадым  және бұл жерде топ мүшелерінің барлығы қалпақты киіп өз ойларын айтты.  «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» алдыңғы сабақ үдерісіндегідей  «Бағалау критерийі» және «Өзін өзі бағалауы» «Жұппен бағалау» «Топты бағалау» сияқты стикерлік ұсыныстар мен пікір білдіру, бағдаршам, қол шапалақтау,  күлегештер арқылы формативті бағалап отырдым. Төртінші сабағым «Фасфудтың зияны» сабағымда диалог дебат түрінде өтті.Екі топқа бөлініп,бір топ «фасфудтың зияны»туралы даттау болса,екінші топ «фасфуд­дәмді тағам»деп  мақтау тобы  өзара дебатқа түсті.Келесі кезеңде топтар өзара зерттеушілік әңгіме  жүргізді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» және т.б. сөздерді қолданды.  Топтардың ішіндегі өзара талқылауда А оқушым, В, С  оқушыларым  белсенділігімен ерекшеленді.Топ бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс жасады.Әр  топ мүшелерінің сыни тұрғыда ойлауы қалыптасқандығы байқалды. Оқушылар бір­ бірін оқытты, сұрақтар қойып, жауап берді.Топтар «Екі жұлдыз, бір тілек»  аясында бір–біріне ұсыныс–пікірлерін айтып, толықтырды, бағалады.Өзімнің ой  түйгенім топтағы деңгейі орташа С оқушыда берілген тапсырма барысында өз  үлесін қосты.Топ ішінде пікірлескенде, талқылағанда А мен C (деңгейі орташа  оқушылар) да бос отырмады. Топта диалогтік әңгіме жүргізгенде, С тыңдап  отырып, өз пікірін қосты.. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын,  айырмашылығын анықтау, сәйкестендіру сияқты қарапайым тапсырмалардан  басталған жаттығулар бірте­ бірте оқушы тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын  талап етті, оны жан­ жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса  бастады. Мәліметтерді талдау.    Сабаққа оқушылардың ыңғайлы қатысуын, зерттеуімнің нәтижелі жағын ойлап  бар мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануға тырыстым. Әрі әр сабағымның бір  бірін қайталамау үшін жұмыс жасадым. Оқушыларымның сабаққа, пәнге  қызығушылығы арта түсті. Сабақтарды бейнежазбаға түсіріп, АВС оқушыларымды  бақылауға алдым. Сонымен қатар сыныптын басқа оқушыларын назардан тыс  қалдырмай, сабаққа тарттым. А В С оқушыларының тізбектелген төрт сабақтағы іс­әрекеті: 1­сабақ “Судың пайдасы” Оқушы үй тапсырмасын жақсы орындаған. Постер қорғауда шығарманың  мазмұнын суретке толық түсіре алды. Барлық тапсырмада өзінің үздіктігін таныта  білді.Постер қорғауда өзінің жұмысын жоғары деңгейде қорғады. Сөйлеу тілін  дамытуды қажет етеді.Ойын жүйелі жеткізе алады. Белсенділігі орта деңгейде. Сабақ барысында өз деңгейіне сай ғана жұмыс жасай білді. Постермен жұмыста  суретті шығарма мазмұнына сай салды. Тапсырма орындауда топ мүшелерінің  көмегіне көп жүгінеді,дегенмен жұмыс жасауға талпынысы байқалады.  2­сабақ “ Денсаулық­зор байлық ” Тапсырманы өте жақсы орындады. Ойын дәл қорыта білді. Барлық тапсырмаға  белсене қатысады. Өз тобын алға жетелейді. Көшбасшылық қабілеті бар. Постер қорғауда өз ойын дәл,нақты айта білді. Өзіндік ой­ пікірі қалыптасқан. Постерге сурет салып достарына көмектесті. Сабақтың әсерінен ілгерілеу бар. 3­сабақ “ Кітап­бағалы сыйлық ” Белсенді. Тобын алға жетелейді. Көшбасшы. Деңгейлік тапсырмаларды «өте жақсы орындады» Оқушы өз деңгейінде.. Өзіне сенімді. Деңгейлік тапсырманы жақсы орындады.  Жұптық жұмыс барысында Постерге сурет салды, «хатшы» рөлінде болды. 2­ деңгейлі тапсырмада өз ойын қосты. 4­сабақ “Фасфудтың зияны ” Сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді. Тапсырмаларға толық жауап береді. Өз  тобында ынтымақтастықты қалыптастыруда лидер. Бүгінгі сабақта өз тобының  көшбасшысы бола білді.Сабақтың барлық кезеңдерінде өзін еркін, жауапты сезіне  білді. Ешкімді қайталамайды,өзіндік ойы,пікірі бар. Тиісті сұрақтарға нақты, дәл  жауап бере алады.Өз деңгейінде болды. Ауызша пікірлерде топ оқушыларына ой  қосты. А В С оқушыларынан байқалған жалпы өзгерістер: Оқушы       дейін                 кейін А Сабаққа дайындалып келеді. Кейде қозғамасаң отыра береді. Ақылды, зерек. Сыныптастарын жетелеп отырады. Ойын ашық,еркін айтады. Үнемі дайындалып келеді. Өзіндік ой­ пікірі бар және көркем тілмен жеткізеді.  Тобындағы оқушылардың пікірін тыңдайды. Постер салмағанмен идея айтып,  ұйымдастыра білді. Тобында үнемі көшбасшы. Өз деңгейін сақтай білді. Диалогтік  оқытудың идеяларын жақсы меңгерді. В Берілген мәтінді үнемі оқып келеді. Сабақта көп қозғалмайды. Білгенін ішінде  сақтап отыра береді. Сабаққа ынтасы жақсы, бірақ көбіне ішінде кетеді. Үнемі дайындалып келді. Тобында жақсы баяндамашы болды, постермен жұмыс  жасауды меңгерді. Ойланып ақылмен жауап береді. Қай кезде де жауабы дайын.  Аздап шапшаңдыққа дағдыланды. сабаққа қызығушылығы артып өз еркімен  ынталанып жұмыс жасай бастағанын байқадым. С Үлгерімі төмен, өз бетімен сабаққа араласпайды, өзіне сенімсіз, сабаққа  қызығушылығы, белсенділігі төмен, сыныпта өзін бір қалыпта ұстайды Тобында шығарма идеясы бойынша постерге сурет салды. Өз ойын айта бастады.  Достарының көмегімен тапсырмаларды орындап отырды, дегенмен өзіне әліде  сенімсіз. Сергіту сәттерін жақсы орындады. Берілген сұраққа жауап бере білді. Сонымен бірге сыныпта өзге де көшбасшы оқушылар анықталды. Жалпы сынып  оқушыларының білім деңгейі анықталды. Шектеулер мен болжамдар : Тізбектелген сабақтар топтамасын жүргізу барысында, зерттеуге алынған  оқушылардың сабақ барысында қаншалықты диалог ұйымдастыра алатынын  зерттеп, олардың ойлау деңгейінің алға қарай өсуін байқадым. Бірінші сабақтарда  оқушыларым білу­түсіну­қолдану деңгейлерінде қарапайым сұрақтарға жауап  беріп, сұрақ қоя білсе, соңғы сабақтарда олар өз ойларын еркін жеткізіп  дәлелдеуге тырысты Сабақтағы сәтті өтуі: оқушылардың сабаққа жақсы түсінуі және оқушылардың  топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары, бір біріне көмектесе ақылдаса тапсырмаларды орындауы, нашар оқитын оқушыларыма қасындағы  жақсы оқитын оқушыларымның сабақты түсіндірулеріне көп белсенділігі тиді.Осы  тәжірибе барысында өзім көп нәрсені біліп үйрендім: жаңа әдіс тәсілдердің  тиімділігін, топтық жұмыс барысында оқушылар ынтымақтастыққа ұмтылып,  бірлесіп білім алудын тиімді екенін, оқушыға бір жақты қарау дұрыс емес екенін,  жоғары деңгейлі сұрақтардың маңызды екенін, сабақ жоспарлауда тапсырмалардың тиімді болуын қадағалау, критерийалды, формативті бағалаудың  маңызын. Алдағы уақытта нені өзгертер едім: оқушылардың өздігінен ізденіп,  сөздік жұмыстармен көп жұмыс жасауын, бір бірімен жиі диалогтық  сөйлесулерін,сөздік қорларының молаю үшін әр түрлі оқушылар деңгейіндегі  сабақтың тақырыбына байланысты сұрақ қоюымды алғы мақсатқа қоямын. Мен  осы зерттеу барысында үйренгенім: сабақты жоспарлауда әдіс тәсілдерді  тиімділігіне қарай таңдау керек екен, «шамасы сол» деген сияқты сылтау айтып  кей оқушыларды сабаққа тартпай қаламыз, бұл өзіміздің қателігіміз екен, әртүрлі  әдіс тәсілдер арқылы бұны болдыртпауға болатының. Өзіме түйгенім «Мектеп  жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға­мұғалім» деп  Стронгтың айтқаның қандай жағдайда да ешқашан ойдан шығармай, шаршамай­ талмай жұмыс жасау, заман талабына сай білімді оқушылар дайындау үшін өзімнің  кәсіби біліктілігімді үнемі жетілдіріп отыруым қажет екенің ойыма түйдім.  Пайдаланған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық, таратпа материал; «Мектептегі шет тілі» Республикалық әдістемелік­ педагогикалық журнал; Республикалық ғылыми­ әдістемелік журнал;

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы

"Диалогтік оқытудың  тиімділігі"іс әрекеттегі зерттеу жұмысы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.02.2019