Б а л а б а қ ш а н ы ң т ә р б и е ш і л е р і н е ж и н а қ т а л ғ а н д идактикалық ойындар.Дидактикалық ойындар
дид ойын.docx
Жеміс жинау.
Дидактикалық мақсаты.Заттарды санауға және оларды екі тобын
салыстыруға ,өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.
Қажетті құрал жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі
жеміс түрлері.
Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға
шақырылған оқушы жемістерді теріп,үш себетке жинайды. Бірінші себетке –
алма, екінші себетке – алмұрт, үшінші себетке әр түрлі жемістер теріледі.Әр
себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары
хормен салыстырады.Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады.
Мысалы:<<Себеттегі алмалар нешеу?>>Себеттегі алмұрттар ше?
Бірінші себеттен бір алма , ал екіншісінен бір алмұрт алып қой.Осылайша әрі
қарай жалғастыр.Себетте алмұрт қалды ма? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың
алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды,алма
ше? Деген сұрақтар қоя отырып,ойынды әрі қарай жалғастыр.
Поезд құрастыру.
Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңестікте орналасуы жайында
түсініктер беру,орналасу қалыптарын салыстыру.
Қажетті құрал жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар.
Ойын мазмұны. Бес бала тақтаға шақырылады. Алдымен кім тұрады? Ол
нешінші вагон? Содан кейінше? Ең сонында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші
және екінші вагондардан кейін кім тұр? Ол нешінші вагон? Үшінші және
бесіншісі вагондардың арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды
ағытайық.Сонда неше вагон қалады?Тағы да 5 бала шақырылып, олар да поезд
құрастырыады.Поездың қайсысы ұзын, қайсыс қысқа? Қай поездың вагоны
артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру уүшін не істеу
керек? Деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру
әдістерін игереді.Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер
құрастыруға болады.
Кім жылдам.
Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету.Уақыт жайында қарапайым
түсініктер беру: бұрын, кейін, әуелі, алдымен, сонан кейін.
Қажетті құрал – жабдықтар.Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар,т.б.
заттар.
Ойын мазмұны. Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше
ұйымдастыруға болады. Мысалы: Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар
құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай,
(кемитіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкінене дейін
орналастырып шығамыз. Осыған керісінше де болуы мүмкін. Ал, пирамида
құрастыру санаумен қарбалас орындалады.
Балаларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй
құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету.
Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналыстыра отырып,
олардың қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен,
сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі
қарай жалғастыруға болады.
Нені, қайда қою керек?
(Салыстыруға)
Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету.Геометриялық фигураларды
әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру.
Қажетті құрал – жабдықтар. Түрлі геометриялық фигуралар.Магнитті
тақта.
Ойын мазмұны. Тақтаға оқушы шақырылады.Түстері, өлшемдері, пішіндері
әртүрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта
орналастыруы керек.
Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек
қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің
арасында, қызыл дөңгелектен жоғары үлкен сары шаршы, қызыл дөңгелектен
төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын.Тапсырма орындалғаннан кейін,
заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады.
Нені қайда қою керек?
(Заттардың кеңістіктегі орны)
Дидактикалық мақсаты.Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны
жайындағы түсініктер қалыптастыру.
Қажетті құралжабдықтар. Геометриялық фигуралар.Жылжымалы сөрелер.
Ойын мазмұны. Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің
басшылығымен төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге
қызыл дөңгелекті, оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл
дөңгелектің оң жағына – көк шаршыны(квадрат), ал сол жағына – жасыл
үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына
жасыл шаршыны (квадрат) қой. Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат
қойдың? – деген сұрақтар қоя отырып,ойынды әрі қарай жалғастыруға
болады.
Көру диктанты.
Дидактикалық мақсаты.Балалардың көз зердесін, есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Қажетті құрал – жабдықтар. Геометриялық фигуралар.
Ойын мазмұны. Мұғалім оқушылар зейінін өзіне аударып, геометриялық
фигуралар туралы пысықтау жұмысын жүргізеді. Тақта алдына геометриялық
фигуралардан сурет құрастырылады. Балаларға мұқият қарап, есте
сақтауларына уақыт беріледі. Енді құрастырылған суретті жасырып, жауып
қояды.
Енді оқушылардан не бейнеленгені, қандай фигураларды құрағандығы
жөнінде сұралады.Осыдан кейін еске түсіре отырып, өздері қайтадан
салады.Орналастыру кезінде сәйкес терминдер қолданылып,еске түсіріледі.
Тапсырманың дұрыстығы тексеріліп, алғыр бала мараптталады.
Көршілерін ата.
Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы
түсініктерін тиянақтау.
Қажетті құралжабдықтар.Әртүрлі заттық суреттер.
Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап
тұрады.Олардың әрқайсысының оң жақтағы, сол жақтағы, ортадағы, яғни
арасындағы тұрған оқушының есімдері анықталады.Енді бағытын өзгертіп,
терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс орындалады. Олар орындарына
отырады да, біреуінің оң жақтағы, сол жақтағы, алдындағы, артындағы
көршілері анықталады.Осыған ұқса жұмысты заттың суреттерімен де
орындауға болады.
Толықтыр.
Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы
түсінік.
Қажетті құралжабдықтар. Магнитті тақта, жылжымалы қалталар, ракета,
ұшақ, тікұшақ, құс, көбелектің суреттері.
Ойын мазмұны. Магнитті тақтаға немесе фланелографқа геометриялық
фигуралар, жоғарадан төмен қарай ракета (зымыран), ұшақ, тікұшақ, құс, көбелектің суреттері орналастырылады да мұғаламнің бастаған сөйлемін
жалғастыру, яғни толықтыру ұсынылады.
Мысала : аспанда ең биікте ... ұшып барады. ... төменірек ... ұшып жүр.
Не жасырдық ?
Дидактикалық мақсаты. Заттың белгілері (түрі, түсі, пішіні, өлшемі)
туралы түсінкітерді тиянақтау.
Қажетті құрал –жабдықтар. Геометриялық фигуралар, жылжымалы сөре.
Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мәселен: сөреге
қызыл (үлкен), сары (үлкен),жасыл(кіші), көк (кіші), дөңгелектер қатарынан
қойылады. Қызыл үлкен дөңгелек , сары үлкен дөңгелектің сол жағында
немесе оның алдында, ал кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң
жағында немесе оның артында , ал сары үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек
пен жасыл кіші дөңгелек арасында орналасқанын балаларға аңғартқан жөн.
Енді оқушылыр көздерін жұмады, сол кезде мұғалім бір фигураны жасырады.
Сол фигураның орнын, түртүсін оқушылар анықтап және айтып береді. Әрі
қарай оны өз орнына қойып, тағы басқа біреуін жасырып, ойынды
жалғастыруға болады.
Таныс фигураларды ата.
Дидактикалық мақсаты. Оқушылардың сан тізбегі, « артық», «кем» және
геометриялық фигуралар туралы алған түсініктерін бекіту.
Қажетті құралжабдықтар. Көрнекі кесте түрінде әр түрлі геометриялық
фигуралардан дайындалған поезд тізбегінің және желкенді қайықтың
суреттері.
Ойын мазмұны. Оқушыларды жетекші сұрақтар арқылы әңгімеге тарта
отырып, фигураларды атату. Оларды әр суреттегі түстеріне қарай салыстыра
отырып, санату. Сондайақ алдымен «дөңгелектерді», сонан кейін
«төртбұрыштарды», ең соңында «үшбұрыштарды» санату. Геометриялық
фигуралардың кезкелген екі тобын салыстыру.
Мысалы: Төртбұрыштар нешеу? Дөңгелектер ше? Дөңгелектердің
үшбұрыштардан нешеуі артық? Үшбұрыштардың дөңгелектерден қаншасы
кем? Әр сурет бойынша тағы да басқадай сұрақтар қоя отырып, ойынды
жалғастыруға болады.
Қанша.
Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға үйрету. Салыстыру арқылы
«артық», «кем», «сонша» деген математикалық термин сөздердің түсінігін
қалыптастыру.
Қажетті құрал –жабдықтар. Үлестірмелі санау материалдары. Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылыры тегіс қамтылады. Мұғалімнің
сыныпта қанша терезе, қанша есік, қанша гүл бар? деген сұрақтарының
әрқайсысына бірнешеоқушы жауап береді.
Қалғандары оқушы жауаптарын бақылап отырады. Оқушылар сынып
ішіндегі аталған заттардың санына сәйкес сонша санау материалдарын
(таяқша, үшбұрыш, фишка, т.б.) алдарына қояды.
Мұғалім жауаптарының дұрыстығын санату арқылы тексереді. Сыныптағы
заттарды салыстыру жұмысын жүргізуге болады.
Мысала: терезе мен есікті, гүлдер саны мен гүл қойғыштар санын және т.б.
Байқағыш бала.
Дидактикалық мақсаты. «Қанша», «Қанша болса сонша» түсініктерін
қалыптастыру. Санау дағдыларын бекіту.
Қажетті құралжабдықтар. 010 аралығындағы сандар жазылған
карточкалар ,анау материалдары.
Ойын мазмұны. Ойынға балалар тегіс қатысады. Мұғалім санауға арналған
заттар топтамасын көрсетеді.
Мысалы: 5саны дөңгелекке, 6үшбұрышқа, 4қайыққа, 7алмаға сәйкес екен
дейік, т.с.с. Оқушылар байқап тұрып, заттар санына сәйкес нөмірлі
карточканы көрсетеді. Ойые барысында қанша? неше? қанша болса, сонша
декге бола ма? қанша артық? қанша кем? – сұрақтарына тиісті жауап беріледі.
«Қателеспе!»
Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттың пішінін және түсін
ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралжабдықтар. Әр түсті көрнекі етіп жасалған жемістердің ,
көкөністердің суреттері. Оқушылардың дайындаған әртүрлі белгі
карточкалары.
Ойын мазмұны. Мұғалім белгілі бір түсті заттың суретін
көрсетеді.Көрсетілген заттарды қалталы ұяшыққа салып санатады.
Оқушылырға «Қателспе» деген ескрту жасала отырып, ойын желісі тездете
жүргізіледі.
Мысалы: алманың суреті көрсетіледі. Оқушылар қызыл дөңгелек көрсетеді.
Ал көрсетілген заттар қалталы ұяшыққа жинала береді. Заттар саналады, өсу
және кему ретімен санату жұмысы жүргізіледі. Түсті дөңгелектерді салыстыра
отырып, әр түрлі дөңгелекшілердің санын анықтайды.
«Бағдаршам».
Дидактикалық мақсаты. Түстер туралы, жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат
беру. Қажетті құралжабдықтар. Әр түсті ( қызыл,жасыл,сары) дөңгелектер
немесе текшелер (кубиктер).
Ойын мазмұны. Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім
бағдаршам туралы әңгіме өткізіп, әр түстің атқаратын қызметін, орнын
анықтайды. Оқушыларға текшелер не дөңгелектер «таратылып» беріледі.
Оқытушы «Тоқта» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді
( текшені), «Дайындал» дегенде «сары» дөңгелекті (текшені), «Жүр!» дегенде
жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді.Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге
болады.
Мұғалім «Жасыл» түсті көрсеткенде оқушылар орындарынан тұрып жүрген
қимыл көрсетеді, «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды.
«Қызыл» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады. Осы қимылды бірнеше
рет қайталап, ойынды жалғастыруға болады.
Ойыншықтар дүкені.
Дидактикалық мақсаты. Заттарды түртүсіне қарай ажыратуға , санауға
үйрету, ретімен орналастыру, салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралжабдықтар. Жылжымалы сөре. Әртүрлі қуыршақтар және
тағы да басқа ойыншық түрлері.
Ойын мазмұны. Сөреге машина, ұшақ түрлері және әр түсті қуыршақтар
және тағы басқа ойыншықтар қойылады.Осы ойыншықтардың ішінен оқушы
өзіне ұнағанын сатып алсын. Сатып алу үшін оқушы өзінің білетін бір шумақ
өлеңін , тақпағын пайдаланады. Алған затының (қуыршақ болса) түсін атайды
және оны басқа қуыршақпен салыстырады. Ол қуыршақтың келесі сабаққа
керек болатындығы ескріліп, олар қайтадансөреге біртіндеп қойылады. Ең
үлкенін немесе ең кішісінен бастап түстері аталады, хормен саналады. Өсу
және кему ретімен саналады және оны күтіп ұстаулары керектігі ескертіледі.
Не байқадың?
Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға, түртүсін анықтай, ажырата
білуге дағдыландыру. Көз зердесні қалыптастыру.
Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім ойынға
түрлітүсті қарындашты, фламастерді пайдаланады.Қарындаштарды көрсете
отырып, олардың түртүсін анықтатады.
Мынау қандай қарындаш (фламастер)?
Нешеу?
Алынған қарындаштарды алдымен жеке оқушы санайды, кейін дұрыстап
барлық оқушы хормен санап шығады.Бір сәт оқушылар көздерін жұмады.
Мұғілім не өзгергенін сұрайды.
Қараңдар, не өзгерді?
Қарындаштар бесеу, біреуі жоқ.
Қандай қарындаш жоқ?
Осылайша біртіндеп қандай және неше қарындаштың жоқ екендігін анықтау
арқылы ойын жалғасады. Түс және пішін.
Дидактикалық мақсаты. Қарапайым рет саны түсініктерін
(бірінші, екінші, басында, ортасында), қалыптастыру, түстерді ажырату,
геометриялық фигуралар туралы түсініктерін кеңейте түсу.
Қажетті құралжабдықтар. Көрнекті етіп жасалған түстері әртүрлі
геометриялық фигуралар : (текше), дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш.
Осындай , бірақ кішіректеу геометриялық фигуралар жиынтығы бейнеленген.
Қатты қағаздан дайындалған лото тақтасы (топ санына байланысты).
Ойын мазмұны. Ойынды тпоқа бөліп санатуға болады. Лото тақтасы
үлестіріледі.Мұғалімнің көрсеткен геометриялық фигурасын топтың өкілі
түсіне, пішініне сәйкес тауып, атын атайды да, лото тақтасындағы сәйкес
фигураны жабады.
Мысалы: «бұл көк түсті үшбұрыш менде» деп лото тақтасынан үшбұрышты
тауып, басады. Ойын осылайша жалғасады. Қай топтың лото тақтасы бұрын
толса, сол топ жеңімпаз аталады. Мұғалім ойын соңында лотадағы
фигуралардың түсін, пішінін атын атата отырып, санатады. Осылайша ойын
жалғасады. Ойынның ұзақтығын мұғалім белгілейді.
"Дидактикалық ойындар"
"Дидактикалық ойындар"
"Дидактикалық ойындар"
"Дидактикалық ойындар"
"Дидактикалық ойындар"
"Дидактикалық ойындар"
"Дидактикалық ойындар"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.