Дидактикалық ойындар
Оценка 4.6

Дидактикалық ойындар

Оценка 4.6
Работа в классе +2
docx
воспитательная работа +1
Все классы
30.09.2019
Дидактикалық ойындар
Публикация является частью публикации:
Дидактикалық ойын МАД.docx
Дидактикалық ойын «Ретімен қой» Мақсаты: Балалардың ақыл ­ ой қабілеттерін дамыту.Реттік санау және реттік санды атап  «Қайсы?»,«Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту. Көрнекіліктер: Ойыншықтар (күшік,аю,қоян .......) Ойын шарты: Бастаушы ойыншықтарды ретімен қойып , балаларға сұрақ қою. ­ Қоян нешінші тұр? ­Күшік нешінші тұр? ­Қайсы екінші тұр? Ойыншықтарды ретімен қойып ,оларды санау. Ойын осылай жалғаса береді. Дидактикалық ойын «Жыл мезгілдері» Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдерін атау,ажыратуға үйрету. Көрнекіліктер: Жыл мезгілінің суреттері. Ойын шарты: Балалар қазір жылдың қай мезгілі ? Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады ? (күн суытады,қар жауады......) ­ Көктемде не болады ? (қар ериді,күн жылынады,құстар ұшып келеді.......) ­ Жазда адамдар қалай киінеді ? (жазда адамдар жеңіл киінеді....) ­ Күз мезгілі сендерге несімен ұнайды ? (көкөністер,жемістерді жинайды ......) Ойын осылай жалғаса береді. Дидактикалық ойын «Бұл кім? Бұл не?» Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Балалардың зейіндерін дамыту.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, әртүрлі заттардың суреттері. Ойын шарты: Бастаушы суреттерді көрсете отырып ,сұрақ қою арқылы ,жауап беру. ­ Бұл не ? (кесе, ойыншық, аю, үстел, орындық) ­ Бұл кім? (ата, әже, ана, әке, іні) ­ Онымен не істейді? ­ Кім не істеп жатыр? Ойын осылай жалғаса береді. Дидактикалық ойын «Домалайды, домаламайды» Мақсаты: Балалардың ақыл ой қабілеттерін дамыту. Заттардың пішінін анықтау. Көрнекіліктер: Әртүрлі суреттер, ойыншықтар, заттар. Ойын шарты: Бастаушы ойынды түсіндіру: Егер аталған зат домаласа қол шапалақтайсыңдар ,егер  домаламаса аяқтарыңды топылдатасыңдар. ­ Доп (қол шапалақтау) ­ Текше (аяқ топылдату) ­ Кітап (аяқ топылдату) ­ Қарбыз (қол шапалақтау) ­ Қарындаш (аяқ топылдату) Ойын осылай жалғаса береді. Дидактикалық ойын «Сөзді аяқта» Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Мамандық иелерінің еңбегі және мамандық  түрлерін ажырату. Көрнекіліктер: Мамандық иелерінің суреттері. Ойын шарты: Бастаушы ойынды түсіндіру: Мамандық иелерінің суреттерін қарап ,немен айналасатынын  айту. ­ Құрылысшы не істейді ? (үй салады) ­ Дәрігер не істейді ? (адамдарды емдейді) ­ Шаштаразшы не істейді ? (шашты сәндейді,қияды) ­ Мұғалім не істейді ? (балаларды оқытады) ­ Тігінші не істейді ? (киімдер тігеді) Ойын осылай жалғаса береді. Дидактикалық ойын «Төлін тап» Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын дамыту.Тіл байлығын, ой ­ өрісін, сөйлеу қабілетін  дамыту. Үй жануарларының төлін табуға, атауға және ажыратуға үйрету. Көрнекіліктер: Үй жануарлары,олардың төлдерінің суреті. Ойын шарты: ­ Балалар үй жануарларын атаңдар ? ­ Үй жануарлары қайда тұрады ? Үй жануарларының суретін көрсетіп ,оларды сипаттау. ­ Сиырдың төлі ­ бұзау. ­ Қойдың төлі ­ қозы. ­ Жылқының төлі ­ құлын. ­ Ешкінің төлі ­ лақ. ­ Түйенің төлі ­ бота. Ойын осылай жалғаса береді. Дидактикалық ойын «Көліктің иелерін тап» Мақсаты: Балаларға көлік түрлерін атау, көліктің иелерін атау және ажырату. Көрнекіліктер: Көліктің суреттері және олардың иелері. Ойын шарты: ­ Адамға көлік не үшін қажет ? Қандай көлік түрлері бар ? Балалар суреттерді қарап көліктің түрлерін атайды әуе ,жер,су көліктерін атау. ­ Өрт сөндіргіш машинасын кім жүргізеді ? (Өрт сөндіруші) ­ Полиция машинасы кім жүргізеді ? (полиция) ­ Ұшақты кім жүргізеді ? (Ұшқыш) ­ Поезды кім жүргізеді ? (теміржолшы) ­ Кемені кім жүргізеді ? (матрос) Ойын осылай жалғаса береді.

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.09.2019