Дидактикалық ойындар
Оценка 4.6

Дидактикалық ойындар

Оценка 4.6
Работа в классе +2
docx
воспитательная работа +1
Все классы
30.09.2019
Дидактикалық ойындар
Публикация является частью публикации:
МАД Дидактикалық ойындар.docx
ТЕРІС ҚАРАЙ АЙТУ Дидактикалық міндеті: антонимдермен лексиканы байыту. Құралдар: жұлдызшалар. Мазмұны. Педагог белгілі бір сөзді айтады, ал балалар мағынасы қарсы сөзді  айтады, мысалы: биік – аласа, суық – жылы, тар – кең. Кейбір кезде сөздерді сөз  тіркес сияқты айтуға болады, мысалы: кең жол – тар жол, биік үй – аласа  үй. Дұрыс жауапқа балаға жұлдызша беріледі. БАСҚА СӨЗБЕН АЙТ Дидактикалық міндеті: берілген сөзге синоним сөзді таңдап алуға үйрету;  балалардың сөздік қорын дамыту. Құралдар: қызыл, көк, жасыл түсті жалаушалар немесе фишкалар. Мазмұны. Педагог сөзді айтады, ал балалар мағынасы бірдей сөзді тауып айтып береді, мысалы: сұлу ­ әсем, мұғалім – ұстаз және т.б. Жеңімпаз балалар түрлі­ түсті жалаушалармен немесе фишкалармен марапатталады. СӨЙЛЕМДІ ТОЛЫҚТЫР Дидактикалық міндеті: балаларды жай және күрделі сөйлемдер құрастыруға  үйрету. Мазмұны. Педагог сөйлемді бастайды, ал балалар жалғастырады оны,  мысалы: Асхат таңертең ... СӨЙЛЕМДІ ӨЗІҢ ҚҰРАСТЫР Дидактикалық міндеті: сөйлемді құрастыру дағдыларын бекіту. Құрал: фишкалар. Мазмұны.Педагог балаларға бірнеше сөзден сөйлем құрастыруға тапсырма  береді. Кім тапсырманы тез орындаса, фишканы алады. Нұсқа. Педагог екі­үш сөзді айтып береді, ал балалар олардан сөйлемдер  құрастырады. АПТА КҮНДЕРІН АТАП БЕР Дидактикалық міндеті: апта күндері туралы түсінік беру. Құралдар: 1­ден 6­ға дейін (көк түсті) цифрмен карточкалар  және 7 цифрмен (қызыл түсті). Мазмұны. Балалар шеңберде. Педагог апта күнін айтып балаға доп лақтырады.  Бала допты ұстап алғанда келесі апта күнін айтады және допты досына  лақтырады. ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ Дидактикалық міндеті: жыл мезгілдері және айлардың кезендігі туралы  балалардың түсініктерін бекіту; айларды жыл мезгілдеріне сай салыстыру  біліктерін бекіту. Құралдар: әр балада және педагогта төрт көрсеткіштен (ақ, жасыл, қызыл  және сары беттер мен, яғни «қыс», «көктем», «жаз», «күз» Мазмұны. Педагог жыл мезгілді атағанда, балалар сәйкес түспен көрсеткішті  көрсетеді. Педагог көрсеткішті көрсетеді (мысалы, сары түспен), ал балалар күз  мезгілінің айларын атайды.

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойындар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.09.2019