ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС
Дауысты дыбысты айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге
ұшырамай, еркін шығады.
Қазақ тілінде он екі дауысты дыбыс бар Оның ішінде қазақ тілінің төл
дауысты дыбысы тоғыз. Олар:а, ә, е, ө, ұ, ү, ы, і. Ал орыс тілінен енген
сөздерде кездесетін и, у әріптері( ій, ый, ұу, үу) қосарлы дыбыстарының
таңбасы болып табылады. Мысалы( қу, қ ,құу, қый).
Дауысты дыбыс қызметінде жұмсалатын әріптер:( ю,я )себебі бұл үш әріп
(йо йу йа) қосарлы дыбыстарының таңбасы.
Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады. Сөзде қанша дауысты дыбыс
болса, сонша буын болады. Мысалы: балық сөзінде екі буын бар (балық)
себебі бұл сөзде екі дауысты дыбыс( а,ы) бар.
Дауысты дыбысқа сөз екпіні түседі. Сөз екпіні көбіне сөздің соңғы
буынындағы дауысты дыбысқа түседі
ДАУЫСТЫ ДЫБЫС ТҮРЛЕРІ
Тілдің қатысына қарай дауыстылар жуан, жіңішке болып бөлінеді. Жуан
дауыстыны айтқанда тілдің ұшы кейін тартылып, жуандайды. ал жіңішке
дауыстыда тілдің ұшы ілгері созылып, жіңішкереді.
Жақтың қатысына қарай дауыстылар ашық, қысаң болып бөлінеді. Ашық
дауыстыны айтқанда жақ кең ашылады, қысаң дауыстыны айтқанда жақ тар
ашылады.
Езу мен еріннің қатысына қарай дауыстылар еріндік, езулік болып
бөлінеді. Еріндік дауыстыны айтқанда ерін алға дөңгеленіп алға қарай
созылады, езулік дауыстыда езу кейін тартылады.
Дауысты дыбыстың түрлері. Тілдің қатысына қарай жуан: ( а о ы ұ у),
жіңішке: (ә ө е э и і ү у). Жақтың қатысына қарай ашық: (а ә е э о ө),
қысаң: (ү ұ у и ы і). Еріннің қатысына қарай еріндік: ( о ө ү ұ у), езулік: (а
ә е э и ы і).
Дауысты дыбыстарға төмендегідей талдау жасалады.
А жуан езулік ашық Ұ жуан еріндік қысаң
Е,Э жіңішке езулік ашық Ү жіңішке еріндік қысаң
О жуан еріндік ашық Ы жуан езулік қысаң
Ө жіңішке еріндік ашық І жіңішке езулік қысаң
У жуан/жіңішке еріндік қысаң И жуан/жіңішке езулік қысаң
Дидактикалық ойындар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.