Діни экстремизм және жастар
Бүгін елімізде мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану дәуіріне
негізделген жаңа ұстанымдар, қазақстандық модель арқылы жүргізіліп отыр.
Жаһандану кезеңінде рухани, мәдени және кәсіби біліктіліктің қалыптасуына
кепілдік беру, жастардың салауаттылығын дамыту – қазақстандық патриотизм мен
азаматтықты қалыптастырудың басым бағыттары. Ол жастардың этикалық
тәрбиесіндегі
ислам мәдениетінің моральдықрухани құндылықтықтарын
қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Себебі, қазақ халқының ұлттық мәдениеті
ислам құндылықтарымен байланысты.
Қазақ халқының исламға дейінгі кезеңіндегі этикалық ұғымдарын исламның
этикалық ұғымдарымен салыстыру арқылы олардың ұқсастығын анықтауға болады.
Мәселен, солардың қатарындағы әділеттілік, ықылас, әдептілік, сенімділік,
үнемшілдік, сыпайылық, ынсап, жылы жүзді болу, салмақтылық, кішіпейілділік,
төзімділік және басқа көптеген этикалық ұғымдар қазақ мәдениетінде синкреттелген
нақты ислам құндылықтары болып табылады. Қазіргі қоғамымызда мұсылман
қауымы арасында жікжікке бөліну, мешіттегі жамағат түгілі бір отбасында екі
ағайын бірінбірі кәпір, пасық санап, алауыз болу факторлары бой алуда. Олар
такфиршілдік, хизбутшылық, құраншылық, уаһабшылық сияқты т.б. неше түрлі
ағымдарға жіктеліп, қазақ даласын мекендеген мұсылмандардың ұстанып келген сара
жолы – дәстүрлі исламды – Ханафи мазхабын мойындамай, исламның көрінісіне кір
келтіріп, белгілі фобиялар тудыруда. Оның соңы экстремистік, ақыры аяғында
террористік әрекеттерге алып келуде. Бүгінгі қоғамда бір шулы оқиға орын алса
немесе лаңкестік әрекеттер көрініс берсе, бұлар экстремистік, террористік
топтардың ісі деп жатады. Экстремистер мен террористер бір күнде пайда бола
қалмайтыны белгілі. Олар құрылымдық жасақталу, қалыптасу және т.б. сияқты
бірнеше кезеңдерден өтеді. Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»
дегендей діни экстремизмнің жастар арасында таралуының алдын алу үшін
экстремизмге алып баратын алғышарттар мен себебтермен күресу қажет деп білеміз.
Экстремизмді қоғам ішіндегі дерт деп алсақ, ең әуелі оның әр бір жағдайына қатысты
диагнозын дәл, дұрыс қою керек. Осы орайда, өз қатарына жаңа мүшелерді тарту
әдістәсілдеріне, алғы шарттарын құрайтын догмаларына тоқталып кеткен жөн.
Оларды төмендегідей категорияларға бөліп қарастыру қажет.
∙ Қазақтың салтдәстүрлерін мойындамауға шақыру. Қоғамдық жиындарда және жеке
орындарда өз ойларындағы таза исламды салтдәстүрден ажыратып насихаттау;
∙ Атабабамыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген исламы, яғни Имам Ағзам Әбу
Ханифа мазһабы дұрыс емес деген ұранды тарату. Оның тағылымы мен көрнісін
өзгерту, дұрыстығына күмән тудыру;
∙ Парыз бен уәжіптен бөлек шариғаттағы сүннет, мұстахаб, мұбах сияқты құқықтық
категорияларға қарсы шығу. Мысалы, атабабаға құран бағыштау, қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, жылын өткізуге, бата оқылып тілек айтылғанда алақанды
жаюға тыйым салу;
∙ Мешіттегі жамағаттың ішінде кереғар үгіт жүргізу. Мысалы, мешіт имамын
білімсіздікпен сынау, намаз үстінде қолды көкірекке ұстау, талтайып тұру, имамға
бойсұнбау және т.б. сияқты сөз және ісқимыл арқылы мешіт пен имамдардың
беделіне нұқсан келтіру;
∙ Құран мен сүннетті ғана ұстану керек деген ұранды тарату. Исламның осы екі
қайнар көзін түсіндіруде буквализм (сөзбесөз), антропормофизм (Алланы адамға
ұқсату), антропопатизм (Аллаға физикалық дене бекіту) сияқты ислам негіздеріне
қайшы жолдарға жүгіну. Құран мен сүннет түгілі таяқты «әлиф» деп танымайтын
қарапайым жастарға болмысы бұлыңғыр, мазмұны маргиналды жол меңзеу. Сонымен
қатар, экстремистік ұйымдар мен топтар өздерінің үгітнасихаттарын тарқату мен
жоспарларын жүзеге асыруда ақпараттық кеңістікті өте оңтайлы қолданып отыр.
Атап айтқанда, ғаламтор «Internet» желісі, ондағы онлайн жүйесі мен «Skype»,
«Fasebook», «m@gent», «vкontaкte» «одноклассники» сияқты әлеуметтік желілерде
және спутникті телеарналарда діттегендерін белсенді насихаттап келеді. Ең
қауіптісі, деструктивті діни ағымдар жоғарыда аталған әдістәсілдерді қолдану
арқылы жастарды экстремизмге біртіндеп алып барады. Олар жастар арасында өзі
ұстанған жолдағылардан басқа мұсылмандармен, туғантуыстарымен, тіпті, әке
шешесімен араласпауға, қарымқатынастарын үзуге дейін алып бару тәсілін де
қолданады. Нәтижесінде әкешешесінен, туғантуысынан, достарынан қол үзіп қалған
жастар оңай басқарылып, экстремистік, лаңкестік мақсатта қолданылатын дайын тірі
өнімге, құралға айналады. Кейінгі кезеңдегі Ақтөбе, Орал, Тараз облыстары мен
Алматы қаласында орын алған лаңкестік әрекеттер соның айғағы. Экстремизмнің
жастар арасында таралуының алдын алу үшін жоғарыда аталған экстремизмнің
алғышарттарымен күресу керек. Атабабамыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген
исламы – Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының дұрыстығын жастарға кеңінен ашып
түсіндіретін ақпараттық насихаттау топтары белсенді жұмыс істеуі қажет. Мұндай
топтар арнайы оқыған исламтанушы, теолог, дінтанушы, психолог мамандармен
жабдықталғаны жөн. Бүгінде ҚР Дін істері агенттігі осындай топтарды
ұйымдастыруды қолға алып, ақпараттықнасихаттық және тәрбиелік шаралар
жүргізіп жатыр. Сондайақ, Агенттіктің ведомстволық орталықтарында ақпараттық
кеңістік құралдарына мониторинг жүргізу үшін құрылған арнайы топтар нәтижелі
жұмыс істеп келеді. Мәселен, тексерілген 800 сайт ішінен 34 сайттың экстремистік
бағыттағы ақпарат тарқататындығы анықталды. Біз жастарды дінаралық және
мәдениетаралық диалогқа, ынтымақтастыққа, төзімділік рухына тәрбиелеуіміз керек.
Бұл – біздің басым бағыттарымыздың бірі. «Тәрбие — тал бесіктен басталады» деген
ұлағатты сөз бар. Әрине, жастарды тәрбиелеуде отбасыны тәрбиесі ең басты рөлге
ие. Оларды отансүйгіштікке, имандылыққа, патриотизмге, мәдениеттілікке,
ұлтжандылыққа, этикаға тәрбиелеу атаананың борышы. Ол үшін атааналардың
өздері ұлттық педагогика, діни бағытта сауаттылықтарын жетілдіргені абзал. Діни
алауыздықты болдырмау үшін мектеп жасындағы балаларға және жастарға
діни
этномәдени,
өзара төзімділік рухында тәрбие беруді көздейтін, интелектуалдықты арттыратын жобаларды жасап, оны жүзеге асыруды жолға қойған
жөн. Оқу орындары осы жұмысқа белсене атсалысуы қажет. Осы мақсатта оқу
орындарында басшылық қатарынан, профессорлықоқытушылық құрамнан, жастар
ұйымдарының белсенділері қатарынан ақпараттықнасихаттық топтар құру
ұсынылады. Осындай топтар дінаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді
мақсатты түрде насихаттауы тиіс. Үгітнасихат шараларын жүргізуді орта
мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларынан бастаған дұрыс. Өйткені, мектеп жасы
жас жеткіншектердің ойы мен санасы қалыптасатын шақ. Олармен жүйелі түрде
жұмыс жүргізу арқылы, оларды теріс пиғылды ағымдар мен экстремизмнің жетегінде
кетіп қалудан аман алып қалуға болады. Жоғарғы оқу орындарында,
жатақханаларында жастарды қоғамдық жұмыстарға араластыратын, жауапкершілік
жүктеуді қамтамасыз ететін ісшаралар ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.
Жоғарыда атап өткендей, алға қойған міндеттерді шешу үшін лекторларды дайындау
жүйесін ойластырып, олардың тақырыбын бекітіп, көрнекі құралдармен қамтамасыз
ету қажет. Экстремизмге кетіп жатқан жастардың дінді ұстану құштарлықтарын
ескере отырып, оларға дәстүрлі исламның тағылымын үйрету арқылы ғана ұстанған
бағыттарының дұрыс еместігін түсіндіруге болады. Сондықтан, оларға атабабамыз
ұрпаққа аманат етіп кеткен дәстүрлі исламды ұстануына себеп болған, жол
көрсеткен әйгілі тұлғалар Әбу Ханифа мен имам Матуриди және олардың мазхаб
мектебін ұстанудың маңыздылығын ұғындырған жөн. Осыған орай, қазақ қоғамынан
шыққан діни қайраткерлерді, ағартушыларды атап өтпеуге болмайды. Мысалы, асыл
тұлғаларымыз Абай өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде, Шәкәрім мен Мәшһүр
Жүсіптің өсиетті өлең шығармаларында, Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылық
тұтқасында», Садуақас Ғылманидің «Діни педагогика» қолжазбасында, Халифа
Алтай «Ғылымхалы» сяқты еңбектерінде аталмыш мазхабмектепті қазақ халқының
санасына сінімді, түсінігіне жеңіл жеткізген. Осы аталған шығармаларды жастардың
қолданысына жеңіл «мобилдік», «IPhone», «IРod», «IРad» және «MP3» аудио
форматтарындағы электрондық нұсқаларын жасақтап, қолжетімді көлемде тарату
қажет. Өйткені жастар кітап оқудан гөрі қазіргі технологиялық заманға сай
электрондық құралдарды қолданғанды қолайлы көреді. Сонымен қатар, еліміздегі
исламияттың басты өкілі – Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы (ҚМДБ)
аталмыш бағытта белсенді қызмет етуі тиіс. Өкінішке орай, қазіргі қоғамға сай
теологиялық түсініктемелерді қамтыған жоғарыда аталған асыл тұлғаларымыздың
бірдебір еңбектері жарық көрмеген. Сондықтан, ҚМДБ өзінің базасында, діни
қайраткерлер әлеуетін қолданып, осы саланы дамытуды қолға алып, экстремизмнің
алдын алу бағытында қарқынды қызмет көрсетуі қажет. Сайып келгенде,
экстремизмнің жастар арасында таралуының алдын алу үрдісі белгілі бір
министрліктің немесе мемлекеттік мекемелердің ғана жұмысы емес. Оған
мемлекеттік емес мекемелер де, қоғамдық ұйымдар да ықпалдасып, жұмыла
атсалысса көздеген нәтижеге қол жеткізуге болады. Қорыта айтқанда, атабабамыз
ғасырлар бойы Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы мен Имам Матуриди сенім мектебі
арқылы исламды ұстанып, төл мәдениетіне, дүниетанымына тән жол түзіп, сол
арқылы ел ынтымағын айрандай ұйытып, оны атадан балаға мұра қалдырған. Бұл
жолды Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Ыбырай Алтынсарин, Міржақып, Садуақас Ғылмани, Халифа Алтай сияқты қазақтың теңдесі жоқ тұлғалары жалғастырып,
теология саласындағы еңбектеріне тірек етті. Ендеше, өскелең өрендер мен
жастарымыздың санасына осы сара жолды сап қалпында сіңіріп, ұғындыру арқылы
оларды діни экстремизмнің шырмауына түсуден аман алып қаларымыз анық.
Дінтану
Дінтану
Дінтану
Дінтану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.