ДІНИ
ЭКСТРЕМИЗМ
МЕН
ТЕРРОРИЗМ
жат
Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін
бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы
жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат
құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің
мәнжайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.
Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның
тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм
қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жепішу, жұмыс істеу,
байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т.
осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам
жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар
үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалышағалы болуды,
жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда
болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды
бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық
сықылды
лағынеттейді.
Түркілер кіріпшыққан манихейшілдік, бұддашылдық, маздак сықылды діндерде ет
жеуге, мал союға мүлдем тыйым салынғаны белгілі. Кейін қабылданған
христиандықта болса монахтардың (еркек яки әйел) үйленуіне, бала қызығын
көруіне тыйым салынған. Кейбір діндер дүниелікті жауыз, күнәкарлық деп санаған
да дүниемүлік жинауды жексұрын ғып көрсеткен. Пайғамбарымыз жомарт
байларды мадақтап, мұсылмандарды саудамен шұғылдануға, саудада адал болуға
және қайырымдылық жасауға шақырған. Исламият дүниелік байлықты харам деп
санамайды. Әбу Бәкір, Осман сықылды сахабалар өз уақытында дәулетті адамдар
еді. Бірақ, дүниелік жинау өмірдің, жаратылыстың басты мақсаты болмауы керек.
Аллаһ Тағалаға жақындататын жолдың бәрі халал, ал Оның разылығынан
алшақтататын әр нәрсе жағымсыз, харам болып саналады, міне, критериямыз осы
болмақ.
Маркстік фәлсәфә жеке меншікті (мүлкият) жамандық атаулының қайнар көзі деп
санаған; сондықтан, меншікті құрытсақ, қоғамдағы барлық жамандықты жоямыз
деп ойлаған. Бірақ, тәжрибе мұның солай болмағанын көрсетті. Үйткені, меншік
сезімі адамның жаратылысында (фитрат) бар нәрсе, меншікті жою жаратылыс
заңдарына қайшы келеді. Адам болмысындағы нәпсі, меншік хұқұғы болмаса да
өзінің арманына жету үшін басқа қайлашарғыларды іздейді, табады. Бұл болса
қоғамда жаман қылықтардың көбеюіне, ахлақсыздыққа, құлдыраушылыққа
қылықтарды еді
(коррупция) апарып соқтырады. Сондықтан, Исламияттың нағыз орта жол екені,
қайталап айтқанда машрұғ (шарғи, заңды) талаптардың харам саналмағаны анық
болады.
Исламиятта фұндаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл
Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, үйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік,
тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің
болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа
себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т.
мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси
экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық
террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты
терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе
экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат)
жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл
тигізбес
олар.
Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны,
әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі
террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана
аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады.
Мәселен, Испаниядағы «ЭТАБАСК» тобы туралы ешқашанда «Христиан
террорист Баск тобы» деп айтпайды олар. Солтүстік Ирландиядағы «ИРА» ұйымы
туралы «христиан/католик террористік ұйымы ИРА» деп ешкім айтқан емес!
Токйодағы метрода улы газ шашып көптеген адамдардың өлуіне себеп болған
Жапониядағы бұддист «Аум Синрике» сектасы туралы «Буддист террористтер»
деп ешкім айтқан емес. Сондықтан, мұның негізінде Исламды көре алмаушылық
және Исламды жағымсыз етіп көрсету секілді жауыз пиғылдар болғанын айта
кетуіміз
керек.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 16.03.2000 күні Құрбан Айт мерекесіне байланысты
жұбайымен Астана орталық мешітіне барғанында баспасөз өкілдеріне берген
сұхбатында былай деді: «Исламның ішіндегі эктремистер деп айтылып жатқан сөз
жөн емес. Ислам деген дүние жүзілік дін. Екі миллиардқа жақын халық мұсылман
дініне бағынады. Сондықтан, әлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып
жататын жағдай. Ол екеуін біз ажыратып айтуымыз керек. Ал енді, Мұхаммед
Пайғамбарымыздан қалған, діннен қалған мәселелер ондай емес, еш уақытта
мұсылманның діні соғыспен, қолына қаружарақ алып біреуді өлтіріп, заңсыздыққа
барып, мемлекетке қарсы жүру деген мәселелер болмайды мұсылманда.
Сондықтан, осындай нағыз таза мұсылманның, Құранның жолыменен халық жүретін болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның өзіне де жақсылық әкеледі
деген
сөз».
Нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары
АБД, Еуропа елдерінде саңырау құлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист
ұйымдары мен түрлітүрлі секталар салдарынан мыңдаған адамдар аянышты халде
қаза тапты. Мәселен, АБДнің Калифорния уилаятындағы (штатт) Сан Диего
қаласында «Ұлық бұлақ» деп аталған сектаның 39 мүшесі 26 наурыз 1997 күні
өздерін улап өлтірген. 18 қараша 1978 күні Оңтүстік Америкадағы Гуяна
мемлекетінің Джеймстаун (Jamestown) қаласында «Халықтың храмы» деген
сектаның 912 мүшесі циан газымен өзөзін өлтірген. Фырансаның Сен Пиер
қаласындағы «Күн храмы» сектасының 16 мүшесі 23 желтоқсан 1995 күні өз
өздерін өртеп өлген. Осы сектаның Швейцарияның екі қаласындағы мансұбтары
(мүшелері) 5 қазан 1994 күні өздерін өртеп өлді. Күн храмы сектасының
Канададағы белсенділері де тыныш тұрған жоқ: шығыс аймақтағы Морин төбесі
деп аталатын мекендегі 5 адам 4 қазан 1994 күні, ал, Сен Касмирдегі 5 адам болса
23 наурыз 1997 күні өздерін атып не өртеп өлтірген. Американың Тексас
уилаятындағы Вако қалашығындағы «Давидиан» сектасына мүше 80 адамның 19
сәуір 1993 жылы өздерін өртеп өлтіргені әлем жұртшылығының әлі де есінде.
Филипиндегі рұһбан (монах) Дату Мангайаның сектасының акциясында 19
қыркүйек 1985 күні 60 адам өзін улы газбен өлтірген /[1]/. Жуықта, Орталық
Африкадағы бір мемлекетте католик шіркеуінің бірнеше мың мүшесі бірге жан
қию рәсімін жасағаны есімізде. Мұның бәрі де адастырушылардың ісі, бейкүнә
адамдарды жалған уағдалармен алдаушылық. Жалпы ел болып, осындай қауіпті
секталардан сақ болуымыз, балаларымызға лайықты дәрежеде көңіл бөліп, кесірлі
ағымдардың
керек.
Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде, теледидар хабарлары мен әуе толқынындағы
таралымдарда бiзге орыс тiлi арқалы енген «фундаментализм» (iргешiлдiк) сөзiн
жиi кездестiрiп жүрміз. Осы мағлұматтарда фундаментализм сөзі көбінесе
мұсылмандық һәм осы дiнге сенушi халықтарға тән мағыналарда ғана
қолданылады! Осы даурықпа хабарлар «исламдық фундаменталисттер»,
«мұсылман фундаменталисттер» немесе «мұсылмандардың заңнан тыс қауiптi
ұйымдары мен зиянды iсәрекеттерi» деп жырлайды. Бұл терминдi, шын
мағынасын бiлетiн адамдар да бiлмейтiн адамдарша кез келген жерде қолданып,
әйтеуiр, шулата бередi. Ал, ғылыми тұрғыдан екшеп, аталмыш терминнiң сөздiк
һәм энциклопедиялық мағыналары мен дiнисаяси әдебиеттерде пайда болу
барысына қарағанымызда, фундаментализм деген сөздiң хақ дiн Исламмен және
осы хақ дiнге сенушi имандылармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын
қыянаттығынан
сақтауымыз анықтаймыз.
Ең алдымен, мұсылмандарға пәле болып жабысқан осы фундаментализмнің сөздiк
һәм энциклопедиялық мағыналарын түсiнiп алғанымыз жөн. Бұл сөздiң түбiрi, көне
латын тiлiндегi fundare (фундаре) деген етiстiк. Фундаре – жерге төсеу деген
мағынаны бiлдiредi. Осы етiстiктен fundamentum (фундаментум) зат есiмі пайда
болған. Оның мағынасы – төсегiш, iрге. Кейiн келе мағынасы толығып, жер тағаны
немесе iрге тасы деген түсiнiктердi беретiн болған. Жә, жоғарыдағы фундаментум,
яғни осы күнгi батыс Еуропа тiлдерiндегi fundament (фундамент) пен онымен бір
түбiрден өндiрiлген фундаментализм сөзiнің мағыналары тым алшақ.
Дінтану
Дінтану
Дінтану
Дінтану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.