Доклад "Дарындылык-дара жол"
Оценка 4.9

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Оценка 4.9
Лекции
docx
родителям +1
Взрослым
26.01.2018
Доклад "Дарындылык-дара жол"
Баланың дербестік қабілетін дамытудың, дағды-біліктерін ашуға, дамытуға елеулі ықпал ететін инновациялық оқыту технологияларының бірі дебат бағдарламасы. Өз бетінше, әрі сын тұрғысынан ойлауға, өз көзқарасын қалыптастырып, оның қорғауға, білімін жүйелі түрде толықтыруға игі ықпал етеді. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті – оқырманды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту. Балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығымен бірге мектеп кітапханасы да шешуші рол атқарады.
Дарындылык-дара касиет Ақтөбе обл Шалқар ауданы Гүлнар А.Ш..docx
Гүлнәр Аманжолова Шақизақызы №2 мектеп­гимназиясының жоғары санатты кітапхана меңгерушісі Шалқар қаласы,Ақтөбе облысы Дарындылық пен талантылық негізі – білім берудің жаңашыл тәсілінде Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы,  мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Қазіргі  міндет өзгеше әрі күрделі, себебі оқушыға білім мен білік дағдыларын меңгертумен қатар,  оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр, себебі, ертеңгі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға бағдарлануы, білімдерін  тәжірибеде қолдануы олардың шығармашылық белсенділігіне байланысты. Осыдан келіп,  егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан  талпыныстар оқытудың, тәрбиелеудің әр түрлі әдіс­тәсілдерін қолдана отырып, терең  білімді, ізденімпаз, барлық іс­әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз  болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Баланың дербестік қабілетін дамытудың, дағды­біліктерін ашуға, дамытуға елеулі  ықпал ететін инновациялық оқыту технологияларының бірі дебат бағдарламасы. Өз  бетінше, әрі сын тұрғысынан ойлауға, өз көзқарасын қалыптастырып, оның қорғауға,  білімін жүйелі түрде толықтыруға игі ықпал етеді. Бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті – оқырманды ізденушілікке баулу,  оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту. Балалардың дарынын ашуда оқушы мен  мұғалімнің ынтымақтастығымен бірге мектеп кітапханасы да шешуші рол атқарады. Мектеп кітапханасының негізгі мақсаты – дарынды баланың рухани және өзін­өзі  тану, өз бетінше білімін жетілдірудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру, кітап оқу арқылы  балаларды қоғамның мәдени­әлеуметтік ортасында өз орнын табуына ықпал ету, мұғалім  ұсынған әдебиеттер тізімін іздеуде оқушының жеке ізденушілік қабілетін қалыптастырады. Баланың әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін ашуға, дамытуға елеулі ықпал  ететін инновациялық оқыту технологияларының   бірі­  дебат әдісі. Дебат технологиясының білім сапасына әсері. Дебат сайысына даярлық үлкен көлемді ақпаратты игеруді талап ететіні, бұл көлемнің оқу  бағдарламасында қамтылған мөлшерден әлдеқайда көлемді екені мәлім. Дебатқа дайындық кезінде оқушылар өз бетінше ізденіп қана қоймай, табылған қосымша  ақпаратпен топта бөлісіп, өзара оқыту әдісі жүзе асады. Сондықтан дайындық кезеңінде  оқытудың дамытушылық мақсаты оқушылардың танымдық белсенділігін артуында,  қызығушылығының дамуында, ойлаудың зерттеулік әдістерін игеруінде көрініс табады. Қабілетті оқушы үшін ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істей алу дағдысы: 1.Энциклопедиялармен жұмыс түрі негізгі ақпаратты табуға көмектеседі. Энциклопедия  анықтамалық қызмет атқарады. 2.Тапсырма: деректерді, түсініктерді, терминдерді табу. 3.Мамандандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер  сөздігі, мифологиялық сөздіктер, т.б. 4.Кітаптағы материалдың шынайылығына көз жеткізу үшін оларды салыстырыатын өзіндік  пікір болуы тиіс. 5.Анықтамалықтар: жаратылыстану­ғылыми және қоғамдық пәндер бойынша: жануарлар,  өсімдіктер әлемі, тарихи, дүние жүзі елдерінің өнері, музыкалық, хронологиялық,  биологиялық анықтамалықтар, т.б. 6.Библиографиялық басылымдармен жұмыс. Ақпараттар түрімен, ақпараттар таңдау  негізімен және қажетті материалдарды іздеу жолымен танысу, кітапхана каталогымен  жұмыс, т.б. 7.Мерзімді басылымдармен (газет, журнал) жұмыс 8.Ізденіс тапсырмалары бойынша есеп жазу 9.Кітапханадағы жұмыс нақты тапсырмаларды орындау кестесі бойынша кітаханашының  немесе мұғалімнің басшылығымен пәндік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. 10.Интернетпен жұмыстың мақсаты қажетті ақпараттарды іздеу, электрондық каталогпен  жұмыс істей білу, ақпараттарды сайтта жинақтау, хат жазу, т.б. Мектеп кітапханашысы мынадай міндеттерді жетік білуі тиіс: ­Ақпарат көздерімен жұмыс істеу; ­Ақпарат технологияларды пайдалана білуі тиіс; ­Оқырмандарға қажетті мәліметтерді іріктей білу; ­Қордағы әдебиеттерді жетік білу ­Кітапты насихаттау қабілеті – оқырманды өз ұсынысы арқылы кітап оқуға үйріп әкету; ­Жас ерекшелігіне байланысты балалар психологиясы мен педагогикасын білу; Тақырыбы: «Дебат технологиясы­сапалық білім саналы тәрбие құралы» Авторлық бағдарлама р/с Жұмыс мазмұны Кіріспе  Кіріспе, Дебат дегеніміз не? Дебат принциптері Дебат стилі, саяси дебат, парламент дебаты Карл Поппердің дебаты Дебат дағдысы (сындық тұрғыдан ойлау, зерттеу, тыңдаушы, ұйымдастыру; Дебаттың этикасы; Резолюция (қарар) Қарардың типтері Жақсы қарарды қалай жазуға болады? Қарардың мысалдары Қарарға анализ жасау Критерий. Критерий мақсаты Критерийге сипаттама Критерийдің құрылысы Резолюция мен аргументтің байланысы Негізгі сөздер – кіші сөздер анықтау Анықтамалықтармен жұмыс Дәлел (Аргумент) Дәлел құру Дәлел мен қарардың байланысы Дебаттың жұмыс қағазы Дәйек. Зерттеу және дейектеу. Дәйектеу карточкасын жасау; Мәлімет жинақтау Төрешінің міндеті Компьютермен жұмыс, интерактивті тақтаны қолдану; Интернетке шығу; 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 Жақтаушы кейстің міндеті; Даттаушы кейстің міндеті; 27 Дәлелдеу уақыты; 28 29 Қорытынды сөз Сағат  саны 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 30 31 32 Дебат технологиясының білімге әсері; Дебат технологиясының тәрбиеге әсері; Қорытынды 2 2 1 Гүлнәр Аманжолова Шақизақызы №2 мектеп­гимназия кітапхана меңгерушісі Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы Дарындылық­адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. «Бұлақ көрсең көзін аш»­ дегендей, баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту  көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Оқушының  дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр мұғалім өзінің алдына мынандай мақсаттар мен  міндеттерді қояды: 1.Дарынды оқушының ақыл­ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен  ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; 2.Жан­жақты ақпараттандыру; 3.Коммуникативті бейімдеу; 4.Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына,ғдамуына, қоршаған ортаға  өзін­өзі жарнамалауына көмек көрсету; Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін  қолданады: 1.Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады; 2.Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды; 3.Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді; 4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады; Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар  аударады: 1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау  жұмыстарын жүйелі жүргізуге; 2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану  көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға; 3.Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға – пәндік олимпиада, ғылыми  конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық  жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге; 4.Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып,  оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыруға; Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата­анасымен бірігіп құрады. Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы оқушының  дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған кезде, дарынды  оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын  зерттейді, баланың сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс­әрекетіне үнемі бақылау жасап,  талдау жүргізеді, әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім  деңгейін анықтайды, психо­педагогикалық диагностика жүргізеді. Дарынды дамыту – ұстаз парызы.Ең алғаш жеке тұлғаны даралап, дарын жетегіне қоспас  бұрын оның тәрбиесіне назар аударған жөн. «Тәрбие – ғаламат іс, онымен адам тағдыры шешіледі»­ дейді орыс ғалымы К.Д.Ушинский. Немесе «Жанұя  ­ тәрбие тірегі»­деп айтуға  да болады. Жеке тұлға дүниеге келгеннен кейін, оның қызығушылығын ояту, не нәрсеге деген  икемді екендігін аңғару, ол ата­ананың міндеті. «Баланың бас ұстазы – ата­анасы»­дейді.  Баланың алғыр, зерек болып келуі де, осы ата­анаға байланысты деп ойлаймын. Дәлел: «Белгілі Италия оқымыстысы, педагог Монтессори психикалық жағынан дамымай  қалған балаларды қайта тәрбиелеп, оларды ауқатты жанұялардың ақыл­есі дұрыс, он екі  мүшесі сау балаларымен бірге қосып, интеллектуалдық сынақ жүргізген кезде,  Монтессоридің балалары әлдеқайда озық болған екен. Сонда Монтессори балалардың ата­ аналарына «Сіздер балаларыңызға менің кем ақыл балаларымнен қалып қоятындай не істеп  қойдыңыздар?» деп сұраған. Сөйтіп оқымысты мынадай тұжырым жасайды: «Баланың  ақылын қалай дамытам деп бас қатырғаннан гөрі оған табиғат туа бітті бойына бітірген  мүмкіндіктерін жүзеге асыруға тосқауыл болмаудың маңызы зор». Қарары: Арай журналы, 2007 жыл, № 4­14 бет» Әрине, еліміздің халықаралық білім кеңістігіне бүкіләлемдік сауда ұйымына,  бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына өтуі барысында орта мектеп өмірінде орын  алып отырған бұл жаңашыл оқыту түрлері барынша құпталынуы тиіс. Өйткені, кез келген  елдің экономикалық, әлеуметі оның интеллектуалдық әлеуетімен  өлшенеді. Бұл тұрғыдан  алғанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздегі білім жүйесін дамыта отырып әлемдегі  алдыңғы қатардағы жүйеге шығару мақсатында ел дамуының басым бағытына айналдыруы  тектен­тек емес.Бұл жағдай еліміздегі білім саласында болып жатқан реформаларға жаңа  заман талабына сай сын көзбен қараулы, кемшіліктерді ашық түрде көрсете отырып жою,  алдыңғы тәжірибелерді мектеп өміріне батыл кіріктіруді қажет ететіндігі күмән туғызбасы  анық. Бүгінгі күн талабы – еліміздің интеллектуалдық, рухани потенциалы жоғары,  дарынды балаларды анықтау, қолдау, оқыту процесін жүйелеу болса, осы күрделі міндетті  шешу үшін Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған  мектептерді қолдау және дамыту туралы» нұсқауына сәйкес Үкіметтің 24 наурыз 1998  жылғы № 256­шы бұйрығымен республикалық ғылыми­тәжірибелік «Дарын» орталығы  құрылған еді. Облыс орталығында, аудандық білім беру бөлімінде, мектептерде құрылып,  бағдарлы жұмыс істеуде. Сөз соңында айтарым:«Дербес ойланбайынша, ізденбейінше, ұстаз сөзінсіз ешқандай  программа да, оқулық та, техникалық құралдар да түкке аспайды. Педагогтің жанды  ойымен, құштарлығымен қанағаттанбаған әдіс өлі схема күйінде қалады» деп ұлы  педагогтарымыздың бірі В.А.Сухомлинский айғақтаса, өз халқымыздың ағартушысы  С.Көбеев «Дегенмен баланың оқуға ынталы болуы, оның оқу жасына дейінгі үйдегі  тәрбиесіне де байланысты, бала оқуға неғұрлым  ынталы болса, соғұрлым жақсы оқиды,  мектепке түскеннен кейін де бала жақсы оқуы үшін үй тәрбиесіне ділгер болады, ал осы  тәрбиені беретін ата­анасы», ­ деп жас ұрпақтың саналылығын айта келіп, оның бойындағы  талантын ұштау мектептегі ұстазына байланысты деп пікір түйіндегім келеді..  Иә, жігерлі, талантты, талапты жастарымыз – жаңа Қазақстанның сенімді тірегі,  алтын діңгегі. Мемлекет мұндай жастар қатарының көбеюіне мүдделі. Өйткені,»  Мемлекетті ақшаға деген жетіспеушілік емес, дарынды адамдарға деген жетіспеушілік  әлсіз етеді» (Вольтер). Ендеше тәуелсіз еліміздің мықты, бәсекеге қабілетті болуы осындай  дарынды да қабілетті оқушыларымыздың қолында.

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"

Доклад "Дарындылык-дара жол"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.01.2018