Доклад на тему "Историческая значимость Декабрьских событий 1986 г."

  • Лекции
  • docx
  • 14.12.2017
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы Мұхтар Шахановтың Швеция мен Англияның бірқатар универститеттерінде оқыған дәрістерінен: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. Толық емес мәліметтер бойынша, 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. Ішкі істер министрлігі жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді».Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы Мұхтар Шахановтың Швеция мен Англияның бірқатар универститеттерінде оқыған дәрістерінен: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500-ге жуық адам ұсталып, жаза тартты. Толық емес мәліметтер бойынша, 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. Ішкі істер министрлігі жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді».
Иконка файла материала доклад.docx
Баяндама тақырыбы:  Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы ­ Сәлеметсіздер   ме,   құрметті   конференцияға   қатысушылар, оқушылар,   қонақтар!   Сіздерді   еліміздің     Тәелсіздігінің   25   жылдығымен құттықтай   отыра,   өз   баяндамамда   осы   Тәуелсіздікке   әкелген   Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы жайында сөз қозғамақпын. Бейбіт   шеру   күшпен   басылғаннан   кейін   аса   қатыгездікпен   және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды.  Қазақ   КСР   Жоғары   Кеңесі   Төралқасының   Алматыдағы   1986   жылғы желтоқсанда   болған   оқиғаларды   тексеру   комиссиясының   төрағасы   Мұхтар Шахановтың Швеция  мен  Англияның  бірқатар  универститеттерінде   оқыған дәрістерінен: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500­ге жуық адам ұсталып, жаза тартты.   Толық   емес   мәліметтер   бойынша,   1720   адам   жарақат   алды.   Су шашқаннан,   жер   бауырлатып   жатқызғаннан,   қала   сыртына   апарып тасталғаннан   ауырған   адамдар   есепке   алынбады.   Ішкі   істер   министрлігі жүйесінен   1200   адам   жұмыстан   қуылды.   12   жоғары   оқу   орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді».  Оқиғаға   қатысқан   бірнеше   адам   мерт   болды.   Олардың   арасынан жалынды жас демократ Қ.Рысқұлбеков ерекше көзге ілікті.  Қайрат Рысқұлбеков – жүрегінде намыс алауы лапылдаған, жігерлі жас, жаоынды ақын еді. Оған «жасақшы Савицкийді өлтірді» деген айып тағылды. Шындығында   С.Савицкийдің   өлімі   кезінде   Қ.Рысқұлбеков   қаланың   басқа ауданында жүрген еді. Жоғарыдан «Жасақшыны өлтірген адамды тез арада табукерек!»   деген   жарлық   түсті.   Жарлықты   орындаушылар   марапат   үшін бұрыннан   істеп   жүрген   жеңіл   әдеттеріне   басып,   сол   өлімді   Қайраттың мойнына   арта   салды.   Олардың   қолданұйымдастырған   дәлелдерінің   ақсап жатқандарына,   Қайраттың   шыңдықты   айтып   шырылдағанына   құлақ   асқан пенде болмады. Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері «кісі өлтірушіні тез тапқаны  үшін»  марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Қ.Рысқұлбековтың   өлім   жазасына   дүниежүзілік қауымдастықтың   наразылығын   тудырды.   Чехословакияның,   Польшаның, Венгрияның,   АҚШ­тың   қоғам   қайраткерлерінен,   зиялыларынан   бұл   үкімге қарсылық хаттары келіп түсіп жатты. Абақтыда азап шеккен Қайрат, ақыры, жұмбақ жағдайда қаза тапты.   кесілуі Республикалық Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 17­ 18 желтоқсан күндері кино және телекамералармен түсірілген материалдар бойынша шеруге қатысқандардың суреттерін шығарды. Сол суреттер бойыншаастананың барлық оқу орындары мен еңбек ұжымдарында «қылмыстыларды» іздеу басталды.  Кейін анықталғандай коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен «Бұрқасын­ 86» деген құпия жедел жоспар жасалған болып шықты. Ол жоспар бойынша билік иелері кез келген уақытта оқиғаны өздеріне қажетті арнаға бейімдеп, жастарға «қылмыскер» немесе «ұлтшыл» деген айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды. Әлемді елең еткізген 1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі.  Желтоқсан   оқиғалары   кеңестік   билік   иелерінің   шынайы   батпердесін ашып   берді.   Жазалаушылар   жалған   куәлар   тартып,   жала   жабудың   небір тұрпайы түрлерінен бас тартпады, сталиндік­бериялық мойындату әдістерін қолданды, адамның денсаулығына зиян келтіруді мақсат тұтқан өшпенділік әрекеттер   жасады.   Оқиғаға   қатысқандарды   ұстау,   тергеу,   жазалау шараларының жүргізу кезінде техниканы және медицинаны қолданып қинау, итке   талату,   қарға   жатқызу,   су   киіммен   аязда   қатыру   сияқты   тәсілдерді қолдану   арқылы   сол   кездегі   кеңестік   партияның   номенклатурашылары өздерінің   моральдық   интеллектуалдық­рухани   әлемінің   шын   мәніндегі жұтаңдығын көрсетті. Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан   демократиясы   мол   тәжірибе   жинақтады,   тарихи   сабақ   алды.   Бқл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың – экономикалық реформалардың,   әлеуметтік   бетбұрыстардың   соны   қарқынмен   өрістеуіне себепші болды. Назарларыңызға рахмет!