Сабақ тақырыбы: |
Ең үлкен байлық. |
Білімділік: |
Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушыларға тақырып аясында толық ақпарат бере беруге үйрету. |
Дамытушылық: |
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру. |
Тәрбиелік: |
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. |
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
Жетістік критерий- лері: |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): байлық түрлері туралы ақпарат береді. |
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша байлық түрлерін сипаттайды, жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды. |
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, шағын мәтін құрайды. |
Жаңа сөздер: |
Рухани, зарлау, күш-қуат, айырбастау. |
Сабақта қолданы- латын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары, А4 парағы, маркерлер, плакат, кестелер, суреттер, смайликтер. |
Оқыту әдістері: |
Әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, ассоциаграмма, диаграмма, «Оймоншақ» ойыны, «Аквариум» тәсілі, «Қарлы кесек», «Ассонанс» ойындары, «Жеке әңгіме» техника- сы . |
Дереккөздері: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. |
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) күліп неме- се езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б. салады. |
Өткен сабақты тексеру |
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер- ді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді. |
І. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «байлық» ұғымына қатысты ассоциа- грамма құрғызады. |
Ассоциаграмма құрады. |
ІІ. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
2. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1, 3-тапсырманы орындатады. |
Жазылым. Диаграмма толтырады, сөздерді кесте бойынша топтап жазады. |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындата- ды. |
Айтылым. «Байлық деген не?» тақыры бында өз ойын айтады. |
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тап- сырманы орындатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. |
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 10-тапсырманы орындатады. |
Жазылым. Мәтіндегі қара қаріппен жазылған сөздерді сөздік дәптеріне жазады, екі кейіпкердің мінездерін сипаттайды. |
|
Б) Оқылым Айтылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады. |
Оқылым Айтылым. Сөйлем бөліктерін сәйкестендіріп оқиды, сөйлемдердің рет санын белгілейді, ақпараттың дұрыстығын тексереді. |
|
4. Сергіту сәті. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады. Топқа бөледі. |
Әр топтағы оқушылар кезек-кезекпен бір сөйлем айтып, мәтін құрайды. |
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 12-тап- сырманы орындатады. |
Айтылым. «Қарлы кесек» ойынының шартын орындайды. |
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру 13, 15-тапсырманы орындатады. |
Жазылым. Синквейн құрайды, сөйлемдерді көшіріп жазады. |
|
ІІІ. Ой толғаныс |
Топтық жұмыс. «Аквариум» тәсілі бойынша сахналық көрініс (11-тапсырма) дайындауларын сұрайды. |
Мәтін мазмұны бойынша сахналық көрініс дайындайды. |
IV. Бекіту |
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 14-тапсырманы орында- тады. «Ассонанс» ойынын ұйымдастырады. |
Әр жұптағы оқушылар «Денсаулық — ең үлкен байлық» тақырыбында бірнеше сөйлем құрайды. Үш минуттың ішінде қай жұп көп және мағыналы сөйлем құраса, сол жұп жеңімпаз болады. |
V. Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. |
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. |
VI. Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау. |
|
VII. Рефлексия |
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смай- ликтерді көрсету арқылы білдіреді. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.