Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.
Оценка 5

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Оценка 5
Разработки уроков
doc
биология
11 кл
04.03.2018
Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.
28.02.2018жыл 9-сынып Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Оқушыларға жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуы,негізгі ароморфоздар туралы мағлұматтар беру. 2.Дамытушылық:Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен бере отырып,оқушылардың ойлау қабілеттерін,қиялдарын,жадысын,шығармашылық қабілеттерін арттыру. 3.Тәрбиелік:Оқушыларды өз бетімен,топпен жұмыс жасауға,тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге,сабақ үстінде тірек-конспектіні,білім мен шеберлікті қолдана білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі:білім мен шеберлікті ұштастыру,топ жұмысы семинары. Сабақтың түрі:аралас сипатта. Сабақтың әдісі:репродуктивті жартылай ізденіс сабағы,тірек-конспект. Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді құралдар,слайдтар,үлестермелі материалдар. Сабақтың пәнаралық байланысы:география. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа икемдеу. Мұғалім: Адам меңгермейтін білім бар ма? Жойқын істі тындырар күшің барда. Оқы,үйрен,жас ұрпақ,бәрін меңгер, Алға қойған мақсатың,ісің барда!-,деп,бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз. ІІ“Еңбегіне қарай өнбегі” тест.(Білімді тексеру және өзектеу). І нұсқа 1. Тіршілік өздігінен пайда болды”деген теорияға қарсы шыққан ғалым: А)Луи Пастер; Б)Франческо Реди; В)А.Левенгук; Г)Аристотель. 2.1651жылы “жұмыртқа жұмыртқадан шығады” деп жариялаған ғалым : А)Ф.Бэкон; Б)Аристотель; В)Уильям Гарвей; Г)Луи Пастер. 3.Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс болжамды кім 1922-24жылдары ұсынды? А)Джон Холдейн; Б)Стенли Миллер; В) Джон Тиндаль; Г)Александр Иванович Опарин. 4.Протобионттар немесе “тіршілік жолашары” : А)Коацерваттар; Б)Бейорганикалық заттар; В)Газдар қоспасы; Г)Су буы. 5.1953-55жылдары қарапайым май қышқылын,несепнәр,сірке және құмырсқа қышқылдарын,бірнеше амин қышқыл алған американдық биохимик: А)Луи Пастер; Б)Франческо Реди; В)Стенли Миллер; Г)Джон Холдейн. ІІ нұсқа 1.1925-29жылдары Опариннің ойын әрі дамытқан ағылшын биологі : А)Джон Холдейн; Б)Чарлз Дарвин; В)Джон Тиндаль; Г)Аристотель. 2.Американдық зерттеуші Сидней Фокс тәжірибе арқылы не алды? А)Май; Б) Протеиноид; В)Несепнәр; Г)Сірке қышқылы. 3.Франция Ғылым академиясы 1859жылы тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс,дәлелді шешім ұсынғандарға арнайы сыйлық тағайындады,соған кім ие болды? А)Луи Пастер; Б)Джон Холдейн; В)Аристотель; Г)А.И.Опарин. 4.Луи Пастердің тәжірибесіне ұқсас Англияда қандай ғалым тәжірибелер жасады? А)Джон Холдейн; Б)Джон Тиндаль; В)Эрнст Геккель; Г)Чарлз Дарвин. 5.Л.Спалланцани нені дәлелдеді? А)Тіршіліктің өздігінен пайда болуын; Б)Споралар өнуін; В)Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын; Г)А және Б ІІІ нұсқа 1.Протобионттар немесе “тіршілік жолашары” : А)Коацерваттар; Б)Бейорганикалық заттар; В)Газдар қоспасы; Г)Су буы. 2.1953-55жылдары қарапайым май қышқылын,несепнәр,сірке және құмырсқа қышқылдарын,бірнеше амин қышқыл алған американдық биохимик: А)Луи Пастер; Б)Франческо Реди; В)Стенли Миллер; Г)Джон Холдейн. 3.1925-29жылдары Опариннің ойын әрі дамытқан ағылшын биологі : А)Джон Холдейн; Б)Чарлз Дарвин; В)Джон Тиндаль; Г)Аристотель. 4.Американдық зерттеуші Сидней Фокс тәжірибе арқылы не алды? А)Май; Б) Протеиноид; В)Несепнәр; Г)Сірке қышқылы. 5.Франция Ғылым академиясы 1859жылы тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс,дәлелді шешім ұсынғандарға арнайы сыйлық тағайындады,соған кім ие болды? А)Луи Пастер; Б)Джон Холдейн; В)Аристотель Жауабы: І нұсқа ІІ нұсқа ІІІ нұсқа 1.б 1. а 1. а 2.в 2. б 2. в 3.г 3. а 3. а 4.а 4. б 4. б 5.в 5. в 5. а Тесті тексеру Барлығы дұрыс болса- “5” 1 қате болса- “4” 2 қате болса- “3” ІІІ.“Білгенге маржан”(Жаңа сабақ) Оқулықпен жұмыс (топпен). Жаңа сабақты оқушылардың өздеріне меңгерту ( сызбанұсқа). Ітоп.Архей,протерозой. ІІтоп.Палеозой,мезозой. ІІІтоп.Кайнозой. Қорытынды жасау,сызба. ІV.“Білім кілті танымдылықта” Оқушыларға қатесімен биологиялық диктант таратылады.Олар қатесін табуы қажет. Ітоп.Архей бұдан 35млн жыл бұрын басталып,ұзақтығы 900мың жылға созылған жер қыртысының тарихындағы ең жаңа тіршілік пайда болған заман. Фотосинтез нәтижесінде атмосфера құрамында көмірқышқыл газы мөлшері көбейді. Протерозой заманында топырақ түзілу процесі жүріп,теңіздер мен құрлықтар пайда болды. Теңіз,мұхит түбіндегі тіршілікке бейімделу барысында организмдердің құрылысы қарапайымдалып,әртүрлі қызмет атқаратын дене бөліктері жойыла бастады. Осы кезде хордалылардың қарапайым өкілі-буылтық құрттар да тіршілік етті. ІІтоп.Палеозой заманында тек құрлықта болған тіршілік біртіндеп суға ауыса бастады.Осы кезде ең алғашқы су өсімдіктері спорамен көбейетін псилофиттер пайда болды.Спорамен көбею кейін түйнек арқылы көбеюмен алмасты.Мезозой заманын органикалық дүниенің даму тарихында “қосмекенділер ғасыры” деп атайды.Жабық тұқымдылардың орнына ашық тұқымды гүлді өсімдіктер шықты. ІІІтоп.Кайнозой көне тіршілік заманы,67мың жыл бұрын қалыптасып,қазіргі кезге дейін жалғасуда.Климаттың салқындауына байланысты мәңгі жасыл ормандар жойылып,олардың орнына қыста жапырағын тастамайтын ағаштекті өсімдіктер тіршілік етті.Осы кезде жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілерден аңдар отряды бөлініп шықты.Ұсақ жануарлардың көпшілігі суытан немесе қауіп-қатерден суға,қарға тығылып,тіршіліігін сақтап қалды.Маймылдың жаралуы,шеткі жүйке жүйесінің әрекеті пайда болды. V.“Ой - толғаныс” Шығармашылық тапсырма. 1 жыл ішінде жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуына оқушылар сызбанұсқа (схема) құрады.(11млн-1тәулік). 1.Архей заманы ең ұзақ мерзімге 6 айға созылды(1қаңтардан 30 маусымға дейін). Осы айларда тіршіліктің және тірі ағзалардың қасиеттері қалыптасты.Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар тіршілік етті.Маусым айында көпжасушалы организмдер-губка тектес организмдер,жалпақ құрттар, ішекқуыстылар шықты. 2.Протерозой заманы 2,5 айға созылды(1 шілдеден 15қыркүйек аралығы). Шілде айында теңіз,құрлықтар пайда болды.Балдырлар,ішекқуыстылар,буылтық құрттар пайда болды,олар былқылдақденелілер мен буынаяқтыларға бастама берді.Тамыз айында фотосинтез процесі нәтижесінде су мен атмосферада оттек көп жинала бастады. Тамыз айының соңында хордалылар өкілі-қандауырша тіршілік етті.Қыркүйек айында су жағалауында топырақ түзілу процесі байқала бастады. 3.Палеозой заманы 1,5 айға созылды.(16 қыркүйектен 31 қазанға дейін). Қыркүйек айының ортасында алғашқы балдырлар,мүктер,саңырауқұлақтар пайда болды.Осы айдың соңында саусаққанатты балықтар,стегоцефалдар құрлыққа шықты.Қазан айында қосмекенділер,қырықжапырақтар кең тарады.Осы айдың соңында акулалар пайда болды,жорғалаушылар тарала бастады 4.Мезозой заманы 1 айға созылды(қараша). ¬Қараша айында жорғалаушылар кең тарады.Ашықтұқымдылар,қырықжапырақтар жойылды.Қараша айының 15-де алғашқы құс-археоптерикс пайда болды.Қараша айының соңында ашықтұқымдылар жойылып,жабықтұқымдылар тарала бастады,сүйекті балықтар,алғашқы құстар,сүтқоректілер пайда болды. 5.Кайнозой заманы 1айға созылды(желтоқсан). Желтоқсанның 1-нен бастап жабықтұқымдылар,жәндіктер,сүйекті балықтар,сүтқоректілер көп тарады.Көптеген ұлулар,жорғалаушылар жойылды.Желтоқсанның 15-де адамның арғы тегі пайда болды.Осы кезден бастап қазіргі жануарлар мен өсімдіктер пайда болды. Кайнозой заманында 31 желтоқсанның сағат 24-де адам дүниеге келді.Осы ай өте көптеген жаңалықтарға толы.Желтоқсан айында үлкен мереке де тойланады.Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл толуда.Бұл бәріміздің төл мерекеміз.Бүкіл қазақстандықтар болып осы мерекені тойлауда.Осы жиырма жыл ішінде көптеген өзгерістер болды.Биология саласында да айтарлықтай жаңалықтар бар. Атап өтетін болсақ,Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мен биоалуантүрлілікті сақтап қалудағы маңызы бар халықаралық Конвенцияға Қазақстан 2007 жылдан бастап қосылды. Қазіргі кезде Қазақстан биологиялық алуантүрлілік,Рамсар,Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау,Бонн,СИТЕС,БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес және ауа райының өзгеруі туралы Рамо Конвенцияларына қосылып,осы салада белсенділік танытып,жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Ақын Олжас Сүлейменов басшылығымен Невада-Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы»жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды. 2002 жылы «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»,2003 жылы «Қазақстан Республикасының Орман кодексі», «Қазақстан Республикасының Су кодексі », «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі »9 қаңтарда 2007 жылы қабылданды. Қазақстанның жануарларға арналған Қызыл кітабы 3 рет(1978),1991,1996 жылдары жарық көрді. Қазақстанның омыртқасыздарға арналған Қызыл кітабы 2006 жылы жарық көрді.Республикада тұңғыш рет Алматы облысының жануарға арналған Қызыл кітабы 2006 жылы шықты. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Ерекше қорғалатын аумақтардың жаңа түрі-табиғи резерваттар.Елімізде Ертіс өзенінің алқабында реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы «Ертіс орманы»және «Семей орманы» табиғи резерваттар ұйымдастырылды. 1992 жылы Батыс Алтай, 1998 жылы Алакөл қорығы, 2004 жылы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы ашылды. 1996 жылы Көкшетау,Іле Алатау,Алтынемел, 1998 жылы Қарқаралы, 2001 жылы Қатонқарағай, 2004 жылы Шарын, 2006 жылы Бурабай және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар ашылды. Рефлексия. 1.Органикалық дүниенің даму тарихы қандай замандарға бөлінеді ? 2.Архей заманының соңына жақын тіршіліктің дамуында қандай екі ірі өзгеріс байқалды ? 3. «Жорғалаушылар ғасыры»деп қай заманды атайды? 4.Палеозой заманындағы ароморфоздарға мысал келтіріңдер. 5.Археоптерикс қай заманда пайда болды ? 6.Адамдардың арғы тегі қай заманда пайда болды ? 7.Қандауырша қай заманда тіршілік етті ? 8.Аңтісті жорғалаушылар қай заман ароморфоз белгісіне жатады ? 9.Палеозой заманы неше кезеңге бөлінеді ? 10.Адам кайнозой заманының қай кезеңінде пайда болды ? Үйге тапсырма: 27 Шығармашылық жұмыс “20 жыл ішінде болған биология саласындағы өзгерістерге жоба құру” Бағалау
Экология 11 сынып.doc
Cабақтытың тақырыбы: Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары. Сабақтың мақсаттары: 1.Білімділік: Оқушыларды экология ғылымының казіргі заманғы өзекті  проблемаларыментаныстыруды жалғастырып,экологиялық апаттардың жалпы  сипаты, түрлері,зардаптары оларды болдырмау жолдары туралы түсінік  қалыптастыру. 2.Дамытушылық: Оқушылардың экология ғылымын жан­жақты ғылымдармен  байланыстыра отырып, білім деңгейін терендету,сөйлеу, салыстыру, қорытындылау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік: Оқушылардың дұрыс дүниетаным көзқарасын қалыптастыра  отырып, экологиялық санасын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға ,  адамгершілікке тәрбиелеу.                                                                                 Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.                                                     Сабақтың түрі : Іскерлік ойын сабағы.                                                        Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих,химия,экология.             Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,слайдталған тапсырмалар.  Сабақтың әдісі: «Бәйге» ойыны, сұрақ­жауап, презинтацияларын қорғау,  терминдермен жұмыс,тест жұмысы, электрондық оқулық тапсырмалары.                                                  Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен таныстыру.                         2.Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа фирманың іргетасын қалау.                          1.Ойын: «Бәйге» сұрақ­жауап                                                                           2.Экология ғылымы нені зерттейді?                                                                     Тірі ағзалардың бір­бірімен,қоршаған ортамен қарым –қатынасын           3.Экология ғылымының негізін салған ғалым?Эрнст Геккель                           4.  «Экожүйе» ұғымын енгізген ,ғалым? Артур Тенсли                               5.Адамның тікелей іс­әрекетінен болатын фактор? Антропогендік                    6. Экологиялық мониторинг дегеніміз не?                                                       Қоршаған орта сапасына бақылау жұмысы,баға беру,болжам жасау.  7.Адамның іс­әрекетінің табиғатқа әсерін өзіміз тұратын өлкемізден нақты  мысал келтіріп , түсіндіріңдер?.   Бау­бақшалардың кесілуі, ағаштардың  кесілуі, сулардың тартылуы.                                                                                   2 «.Ой қозғау»: «Экология салаларын ажыратыңдар» Жаңа фирманың қабырғасын тұрғызу. 1.Аутэкология         2.Демэкология         3.Синэкология                               4.Тарихи экология             5.Ғаламдық экология                                                     3. «Адамның іс­әрекетінің табиғатқа әсері» тақырыбына презинтация жасап,  қорғау.   үй тапсырмасы Жаңа фирманың шатырын жабу 1­топ: «Адамның іс­әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері»                          2­топ: «Ғаламдық экологиялық мәселелер»                                                      3.Жаңа тақырып. Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды  болдырмау жолдары. Жаңа фирманың атын қою Қоршаған ортаны қорғау Экологиялық апат­ табиғат пен адам арасындағы қарым­қатынас әбден  шіелінісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғаттың тепе­теңдігі  бұзылады, қайта қалпына келмейді. Сондықтан экологиялық апат­ қайтымсыз  процесс болып саналады. Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың  ішінде төтенше жағдайларды білу өте қажет. Себебі, бұл апаттар кенеттен пайда болады. Апаттар табиғатқа және адам  өміріне қауіп төндіретін болса,онда төтенше жағдайлар жарияланады. Табиғи  апаттарға жерсілкіну,жаңартаудың атқылауы,құйынды қара дауылдар,қар  көшкіні,сел жүру,цунамилер жатады.Жердің сілкінуі дегеніміз жер  қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы.Жер  сілкінісі күшті болса үйлер қирап,адамдар опат болады. Мысалы, 1815 жылы Индонезиядағы Сумбава аралындағы жаңартау атқылау  кезінде аспанға күл,пемза,шлак,отты лава атқылап, 14мың. адам қаза тапты.  Цунами—теңіздер мен мүхиттардың айдынында судың гравитациялық  күшінен пайда болатын үлкен толқындар.Күшті цунамилер кезінде теңіз  кемелері,мұнай таситын танкерлер апатқа ұшырап ,мұнай өнімдері  төгіліп,бүкіл балықтар мен құстар уланып, қырылады.Дауыл­ауа қысымының  әсерінен болатын күшті жел.Борандар қарлы,шаңды,жауын­шашынды  болып,ауыл шаруашылығына, табиғи биоценозға көп шығын келтіреді.Құйын­  ауа ағысының үйірленіп күшті соғуы.Тарихта аспаннан балық,бақа жауған  фактілер бар.Ол құйынның әрекеті. Соңғы жылдары жер бетінде табиғи апаттардың көптеп орын алуына  антропогендік факторлардың тікелей әсері бар екендігі анықталды.  Антропогендік апаттарға: автокөлік апаты, ұшақтар апаты, өнеркәсіп  орындардағы апаттар, өрт, климаттың ғаламдық жылынуы, қышқыл жаңбыр,  озон қабатының жұқарып, тесілуі, дүниежүзілік мұхиттардың ластануы,  топырақтың эрозияға ұшырауы, орманның қырқылуы, фауна мен флора  түрлерінің жойылуын атауға болады. Антропогендік апаттар тікелей адамның  іс­әрекетінен туындап ,қоршаған ортаға орны толмас шығын  әкеледі.Антропогендік ауыртпалықтар нәтижесінде іс жүзінде Қазақстанның  бүкіл дерлік территориясы елдің болашақ экономикасын,әлеуметтік дамуын  қамтамасыз ететін қоршаған ортаның табиғи қабілеті бұзылды.Суарылатын  егін шаруашылығының қарқынды және тиімсіз дамуы,сонымен қатар аридтік  климат жағдайында ағын суларды реттеу,Оңтүстік аймақтардың кіші және ірі  өзендерінің бассейіндеріндегі су тапшылығына әкеліп соқты.Бір ұрпақтың көзінше Арал теңізінің ауданы екі есе қысқарды.Балқаш көлін де осындай  тағдыр күтіп тұр.Ауыр металдармен,мұнай өнімдерімен Қостанай,Павлодар,  Шығыс Қазақстан,Атырау,Қарағанды,Батыс Қазақстан жерлері ластанған.  Қазақстанның кең байтақ жерлері әскери полигондар мен ғарыштық кемелер  ұшырудан зардап шегіп отыр. Елімізде төрт әскери сынақ полигондары:  Семей,Азғыр,Нарын,Тайсойған мен «Байқоныр»ғарыш айлағы бар.  «Байқоныр»ғарыш айлағынан 1300­ге жуық зымырандар мен ғарыш кемелері  ұшырылған.Ресми деректер бойынша «Байқоныр»ғарыш айлағынан қоршаған  ортаға жылына 30­35мың тонна улы заттар таралады. «Байқоныр»ғарыш айлағындағы апаттар: 1.1960ж.­ «Союз» зымырантасығышы құлады.120мың тонна зымыран отыны  шашылды.                                                                                                    2.1996ж.­ 14мамыр «Союз» зымырантасығышы құлады                                    3.1997ж.20  мамыр­ «Зенит» зымырантасығышы құлады.                         4.1999ж.5шілде  «Протон» зымырантасығышы құлады                                         5.2006ж, «Днепр»  зымырантасығышы құлады.                                                          Осы апатта ауаға  80тонна­гептил,80тонна амил, тарады.Гептил­өте улы жанармай.Осы  зымырантасығыштарға 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп жерге  құлайтын бөлшегінде 10­30тонна отын жаңбай қалады екен.Гептилдің бір  тамшысы 10литр суды улайды.Егер осындай суды 100 адам ішсе ,біреуі де тірі  қалмайды екен.Гептил төгілген жер 300­400жыл өтсе де қалпына  келмейді.Бұл  аймақта бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып,шанды борандар тұрады.Бұл  процесс суы тартылып,табаны кеуіп,тұзға айналған Арал аймағы үшін  қаншалықты кері әсерін айтпасқа болмайды.Ал,полигондардың ішінде Семей  өңірі –ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сыңаудың ғылыми  орталығы орналасқан. Семей полигонында 400мың астам жер асты, жер үсті  сынақтар жүргізілген.Семей полигонында 1949­1963жылдары жасалынған  жарыстардың қуаты Хиросимаға тасталған бомба қуатынан 2500 есе көп. Осы  өңірдің адамдары мутагенез, қатерлі ісік ауруы,сәулелік ауру және жүйкелік  аурулармен ауырады.Атырау облысындағы Азғыр полигонында 17рет ядролық  жарылыс жасалған ,оның әрқайсының қуаттылығы 1­ден 100килотоннаға дейін  жеткен.           Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу жолдары:          1.Қалдықсыз тезнологияларды енгізу.Қалдықтарды қайта өндеу.              2.Электр қуатымен жүретін көліктерді көбірек пайдалану.                   3.Автокөліктерге  арнайы тазартқыш қондырғылар орнату.                                4.Су көздерін  ластайтын өндіріс орындарында тазартқыш қондырғылар орнату.   5.Топырақты  дұрыс өндеу, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, тиімді агротехникалық шараларын  жүргізу. 4.Бекіту. Жаңа фирманың ауласын көгалдандыру.   Электрондық оқулық              1.Қазақстан экологиялық апат аймақтарының суреттерін сәйкес ұяшықтарға  орналастырыңдар. 2.Қазақстанның кейбір облыстарының атауларын осы аймақтардың  проблемалы нысандарына қарсы жазыңдар. Жаңа фирманың президентін сайлау.   Егер де мен эколог болсам... 3.Оқушыларды бағалау. Жаңа фирманың жұмысшыларын сайлау 4.Үйге тапсырма: Жаңа фирманың болашақтағы бизнес жоспарын құру «Қоршаған ортаны қорғау» ,Эссе жазу. Оңтүстік Қазақыстан обласы Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің биология  пәні мұғалімі  Адхамова Дильфуза Юлдашбековна Мекен жайы: Оңтүстік Қазақыстан обласы Сайрам ауданы Ақбай ауылы Каримбаев көшесі  №9 үй.  Индекс: 160806 Код: 9123

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2018