Экологиялық апаттардың зардаптары және оларды болдырмау жолдары.

  • Разработки уроков
  • 04.03.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Қоршаған ортаны қорғау Экологиялық апат- табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас әбден шіелінісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады, қайта қалпына келмейді. Сондықтан экологиялық апат- қайтымсыз процесс болып саналады. Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте қажет. Себебі, бұл апаттар кенеттен пайда болады. Апаттар табиғатқа және адам өміріне қауіп төндіретін болса,онда төтенше жағдайлар жарияланады. Табиғи апаттарға жерсілкіну,жаңартаудың атқылауы,құйынды қара дауылдар,қар көшкіні,сел жүру,цунамилер жатады.Жердің сілкінуі дегеніміз жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы.Жер сілкінісі күшті болса үйлер қирап,адамдар опат болады. Мысалы, 1815 жылы Индонезиядағы Сумбава аралындағы жаңартау атқылау кезінде аспанға күл,пемза,шлак,отты лава атқылап, 14мың. адам қаза тапты. Цунами—теңіздер мен мүхиттардың айдынында судың гравитациялық күшінен пайда болатын үлкен толқындар.Күшті цунамилер кезінде теңіз кемелері,мұнай таситын танкерлер апатқа ұшырап ,мұнай өнімдері төгіліп,бүкіл балықтар мен құстар уланып, қырылады.Дауыл-ауа қысымының әсерінен болатын күшті жел.Борандар қарлы,шаңды,жауын-шашынды болып,ауыл шаруашылығына, табиғи биоценозға көп шығын келтіреді.Құйын- ауа ағысының үйірленіп күшті соғуы.Тарихта аспаннан балық,бақа жауған фактілер бар.Ол құйынның әрекеті.