Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Елбасы – Ұлт мақтанышы» Тұңғыш Президент күніне арналған ән байқауының сценарийі
Өткізілетін күні: 28.11.2019 жыл Өткізілетін уақыты: 10:00 Өткізілетін орны: МТЖ және БШО музыкалық зал
Фанфары
1 жүргізуші:
Азаттық
пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі
үшін олжа алып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
2 жүргізуші:
Добрый день, дорогие гости! Наше мероприятие посвящается Дню Первого Президента Республики Казахстан! Мы все знаем историю нашей страны, знаем, что 16 декабря 1991 года на политической карте мира появилось новое государство – Республика Казахстан. В тот далекий декабрьский день под руководством главы государства народ выбрал свободу и независимость, чтобы самостоятельно создавать свое будущее.
1 жүргізуші:
Елім деп еміреніп, тілім деп тебіренген азат елдің айбынды ұлы Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Елбасы – Ұлт мақтанышы» Тұңғыш Президент күніне орай өткізгелі отырған ән байқауына қош келдіңіздер!
1 жүргізуші:
Бүгінгі байқауға қойылатын талаптар қатысушылар өз таңдауымен Н.Ә.Назарбаевтың авторлық немесе сүйікті әнін орындайды және үміткерлердің орындайтын әндері қайталанбауы тиіс. Шығармашылық байқауға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-17 жас аралығындағы оқушылары қатысатын болады
2 жүргізуші:
Ендеше бүгінгі байқауға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
- 1. ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, «Құрмет» белгісінің иегері, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Мадыханова Разия Арғынқызы
- 2. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының «Гармония» музыкалық студиясының меңгерушісі Джунисбекова Гаухар Ануарбековна
- 3.Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының үлгілі «Камертон» эстрадалық вокал студиясының көркемдік жетекшісі
Перепелица Наталья Александровна
1 жүргізуші:
Байқаудың нәтижесі бойынша «Бас жүлде» және жүлделі І,ІІ,ІІІ-ші орындардың жеңімпаздары анықталады, қалған қатысушылар қатысқандары үшін дипломдарымен марапатталатын болады. Ендеше қатысушыларға сәттілік тілейміз!
№1 Гимназия Есіркепбай Нұраділ - «Елбасы елдің тұтқасы» №11 ОМ Ташбаев Олжас – «Жерім менің» №11 ОМ Арапбаев Диас – «Елім менің» №45 МГ «Балуаса» тобы – «Сәулем-ай»
2 жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
№59 ОМ Умаров Олжас – «Қазақстаным» №59 ОМ Шапиханов Айбек – «Қазақтай ел қайда» №41 КГ Кермалы Аружан – «Атамекен» №6 СШ Вокальная группа – «Үшқоңыр»
2 жүргізуші:
1 декабря 1991 года первый раз в истории всенародно избрали Президента Казахстана. И сегодня, дальновидная политика Первого Президента – Лидера Нации Н.А. Назарбаева вывела Независимый Казахстан на передовые позиции в центрально-азиатском регионе, СНГ и получила признание на международной арене.
№30 МГ Алпысбай Гүлсезім – «Алға, Қазақстаным» №30 МГ Ортаева Назира – «Көзімнің қарасы» №30 МГ Сатыбалдина Анель – «Беу, айдай» №30 МГ «Достар» триосы – «Батырлар ұраны» №30 МГ Қайрат Мирас – «Елбасы-елбағы»
1 жүргізуші:
Қазақстан халқы өздерінің тағдырына тәуелсіздікті баянды ету жолындағы қызығы мен қиындығы мол алмағайып заманда әлемдік ауқымда ойлайтын, бүгінгі күннің тамырын дәл басып, ертеңгі күнді ондаған жылдар бұрын бағамдай білетін Нұрсұлтан Назарбаевтай дана мемлекет басшысының тап келгеніне қуанады. Сондықтан да күні ертеңгі 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке.
№49 МГ «Шабыт» дуэті – «Құстар қайтып барады» №49 МГ «Жалын» триосы – «Жайлаукөл кештері» №49 МГ «Көркем» триосы – «Балқадиша» №49 МГ Қайрат Арнат – «Дударай»
2 жүргізуші:
Свободен, величествен и первоздан,
Звезде подобный средь земель и стран,
Қюй счастья ты наигрываешь звонко,
Родной мой лучезарный Казахстан!
Пусть солнце льется на твои просторы.
В богатстве недр и золоте зерна
Пусть высится, как снеговые горы,
Для мирных дел казахская Земля!
№60 ОМ Бейсехан Анеля – «Бір бала» №37 ОМ Дүйсенова Әдемі – «Ақ бұлақ» №48 ОМ Рахымбек Абдурахим – «Ақ сиса» №14 ОМ Төлебекова Іңкәр – «Бүлдірген» №9 ОМ Есенгельдиев Мерей – «Ант етем»
1 жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
2 жүргізуші:
Мы желаем всему народу, чтобы звезда нашего государства светила ярко и высоко, чтобы каждый казахстанец верил в ее путеводную силу. На этом наш творческий конкурс песен посвященный дню Первого Президента подошел к концу. До новых встреч!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.