Электролит емес ерітінділер
Оценка 4.8

Электролит емес ерітінділер

Оценка 4.8
docx
15.12.2020
Электролит емес ерітінділер
Лекция-1598887563290.docx

8- тақырып. Электролит емес ерітінділер.

 

Сұйық ерітінділердің заңдылықтары

 

Сұйытылған ерітінділердің қасиеттері (бу қысымының төмендеуі, қайнау температурасының жоғарлауы, қату температурасының төмендеуі және осмос қысымы) ерітіндегі еріген зат концентрациясына тәуелді.

Егер ерітіндінің құрамдас бөліктері ұшқыш болса, онда белгілі бір уақытта сұйық пен газға айналған құрамдас бөліктер арасында тепе-теңдік орнығады, сөйтіп қаныққан бу түзіледі. Ерітінді бетіндегі қаныққан будың жалпы қысымы р құрамдас бөліктердің үлестік қысымдарының қосындыларына тең, яғни р=Sрі

Шексіз сұйытылған ерітінділер үшін кез келген идеалды емес ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымы:

                                                             (5.7)

  p1 - еріткіштің ерітінді бетіндегі қаныққан бу қысымы,

   - таза еріткіштің сол температурадағы қаныққан бу қысымы.

 N1 - еріткіштің мольдік үлесі.

N1 -ді 1- N2 (еріген заттың мольдік үлесі) арқылы түрлендіріп жазсақ:

                                                           (5.8)

- еріткіштің қаныққан бу қысымының кемуі

- еріткіштің қаныққан бу қысымың салыстырмалы кемуі

5.8 - теңдеу бойынша еріткіштің қаныққан бу қысымың салыстырмалы кемуі онда еріген заттың мольдік үлесіне тең. Бұл Рауль заңының математикалық өрнегі болып табылады.

Еріген заттың молекулалық массасы келесі теңдеу бойынша анықталады:

                                             (5.9)

 

Сұйытылған ертінділердің қату температурасы

 

Көптеген  тәжірбиелер, ерітінділердің қату температурасы таза ерткіштің қату температурасынан төмен болатынын көрсетті.  Мысалы, теңіз суы 00С-та  емес, одан төменірек температурада қаттады. Ерітіндінің қату температурасының кемуі Рауль заңы бойынша DТқт ерітіндегі еріген заттың моляльды концентрациясына тура пропорциональды болады.

DТқт=Kқт Сm                                                     (6.0)

DТқт=T0қт - Tқт                                                    (6.1)

T0қт,Tқт - еріткіш пен ерітіндінің қату температуралары,

Kқт - пропорциональдық коэффициент немесе криоскопиялық тұрақты,

Сm - еріген заттың моляльды концентрациясы.

Криоскопиялық тұрақты   берілген еріткіш үшін тұрақты және еріген зат табиғатынан тәуелсіз шама. Мысалы, су үшін Кн2о=1,86, Кс6н6=5,12. 

Криоскопиялық тұрақтыны  былай анықтайды:

                                                          (6.2)

R – газ тұрақтысы

lқт - еріткіштің меншікті балқу жылуы, Дж/г.

Заттың молекулалық массасын келесідей формуламен анықтауға болады:

                                           (6.3)

m1, m2 - еріген зат пен еріткіш  массасы.

 

Сұйытылған ертінділердің қайнау температурасы

 

Егер ұшқыш еріткіштегі ұшпайтын заттың ертіндісін қарастырсақ, онда бұндай ерітінділердің қайнау температурасы сондай қысымда ылғида таза еріткішке қарағанда жоғары болады. Ертінді концентрациясы артқан сайын, қайнау температурасы да соғұрлым жоғары болады және сұйытылған ерітінділер үшін оны пропорциональдық концентрация деуге болады.

Ерітіндінің қайнау температурасының артуы DТқн еріген заттың моляльды концентрациясына тура пропорциональды:

DТқнқн Сm                                                     (6.4)

DТқн= Tқн- T0қн                                                   (6.5)

T0қн,Tқн - еріткіш пен ерітіндінің қайнау температуралары.

Еқн - пропорциональдық коэффициент немесе эбулиоскопиялық тұрақты.

Сm - еріген заттың моляльды концентрациясы.

Эбулиоскопиялық тұрақты   берілген еріткіш үшін тұрақты және еріген зат табиғатынан тәуелсіз шама. Мысалы, су үшін Кн2о=0,52, Кс6н6=2,64. 

Эбулиоскопиялық былай анықтайды:

                                                         (6.6)

R – газ тұрақтысы

lқн - еріткіштің меншікті қайнау жылуы, Дж/г.

Заттың молекулалық массасын келесідей формуламен анықтауға болады:

                                         (6.7)

m1, m2 - еріген зат пен еріткіш  массасы.


 

Электролит емес ерітінділер .

Электролит емес ерітінділер .

Рауль заңы бойынша D Т қт ерітіндегі еріген заттың моляльды концентрациясына тура пропорциональды болады

Рауль заңы бойынша D Т қт ерітіндегі еріген заттың моляльды концентрациясына тура пропорциональды болады

R – газ тұрақтысы lқн - еріткіштің меншікті қайнау жылуы,

R – газ тұрақтысы lқн - еріткіштің меншікті қайнау жылуы,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.12.2020