«Елим менин енсели» тарбие сагаты
Оценка 4.9

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

Оценка 4.9
Мероприятия
doc
воспитательная работа
7 кл
21.05.2017
«Елим менин енсели» тарбие сагаты
Бүгінгі тәрбие сағатымызды Республика күні мерекесіне арнасақ деймін. Бұл тәрбие сағатында Қазақстан атты елде туып, қазақ атты ұлт болғандарыңа мақтанатын және бар ел байлығын, мұрасын бағалап, қасиет тұтуға үйретсем деймін. Қазақ халқы өлең жырсыз той бастаған емес. Сендерге рух, ой беретін өлең шумақтарын ұсынған боатынмын. Мәнерлеп оқып берулеріңді және өз ойларыңды сұраймынТәрбие сағатының тақырыбы: «Елім менің еңселі» Мақсаты: Оқушыларға «Республика күні» меркесінің мән – мағынасын түсіндіру, шәкірттерді елін, жерін, салт- дәстүрін сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: 1. Қазақ елінің картасы. 2. Мемлекеттік рәміздер. 3. белгілі қазақ перзенттерінің суреттері. Барысы: Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды Республика күні мерекесіне арнасақ деймін. Бұл тәрбие сағатында Қазақстан атты елде туып, қазақ атты ұлт болғандарыңа мақтанатын және бар ел байлығын, мұрасын бағалап, қасиет тұтуға үйретсем деймін. Қазақ халқы өлең жырсыз той бастаған емес. Сендерге рух, ой беретін өлең шумақтарын ұсынған боатынмын. Мәнерлеп оқып берулеріңді және өз ойларыңды сұраймын. 1 – оқушы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген – деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай, қазақ елі талай асулардан өтіп, осынау жарқын күндерге жетіп, егеменді ел атанды. Ол – осы жерді мекен еткен халықтардың мызғымас бірлігі, рухының биіктігі. 2 – оқушы: Туған елдің жырын жырлап ғарыштан, Қазағыммен бүкіл әлем танысқан. Келешегі кең өрісті, кемелді. Жайна мәңгі – Қазақстан – Гүлстан 3 – оқушы: Өткен ұйқыбасып, қайғы алған ел, Бүгінгі жұлдыз ұшып, ай барған ел. Жасай бер, о қазағым, қазыналы, Жүз ұлттың Отанына айналған ел. 4 – оқушы: Өткен ғалам ғайып боп, сызы қалған, Өсіп келеді менің елім Ғажапстан. Әлем танып, қадамын алға басқан. Жырға айналды бүгінде, Қазақстан. Мұғалім: Республика - ол сенің туған жерің, елің, Отаның. Ал енді осы ұғымдарға талдау жасап көрейік. / Оқушылар ой толғайды./ Мұғалім: сендерге Туған өлке, туған жер жайлы өлең жолдарын ждаттап келіңдер деген едік. Әрине өздеріңе ұнағанын. Ендеше кезек өздеріңде. 5 – оқушы: Республикам менің, күн көзімен таласқан. Аспан көрсең, Ай мен Күнге жол ашқан. Менің байтақ Республикам таулары, Менің көгім мөлдіреген сол – аспан. 6 – оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін. Көрсең ашық Алатаудың күндерін. Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген. Ұлан байтақ Республикам бұл менің. 7- оқушы: Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын. Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. 8 – оқушы: Ал, екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей кейде дүниеден түңілсем де. Қасиетті тілімнен түңілмедім. 9 – оқушы: Бақытым бар үшінші - Отан деген Құдай деген кім десе – Отан дер ем. Оты сөнген жалғанда жан болса егер, Ойланбай – ақ, кел дағы отал менен. Мұғалім: Бұл өлең кімдікі? Өзің қалай ойлайсың, осы өлеңге өз үніңді қосшы. / Ойтолықтыру. әр түрлі пікірлер айтылады. Мұғалім оқушыларға Б. Тілеухановтың орындауындағы «Елім менің» әнін клиппен экраннан көрсетеді./ Мұғалім: Осындай көрініске толы әннен кейін бойымызды қуаныш кернеп, мақтаныш сезімі пайда болары анық. Республика «дегенде Ата заң» деген қасиетті сөз қоса айтылады. Ата заң дегеніміз не? Тарихын талдап көрейік. /Оқушыларға ойларын айтады. Мұғалім толықтару жасайды./ 10 – оқушы: Халқым тату жарасқан. Тұрмыс құрған жаңаша, Бостандыққа жол ашқан. Ата заңым тамаша. 11 – оқушы: Құқығын әр адамның. Ата заңын қорғайды. Ізгі жұрты халқымның. Заңымды алтын қорғайды. 12 – оқушы: Қорғалады көкпеңбек. Аспан, жер, ай, құс та. Ата заңымтектен – тек Бөленбейді алғысқа. Мұғалім: Сендер қалай ойлайсыңдар, Ата заңның сендерге қатысы бар ма? ... Бар болса оны неден көресіңдер? Балалар: /Қазақстан Республикасының бала туралы заңын, Конституциясы адам заңдарын, «Бөбек» жайлы өздеріне көрсетіп отырған қамқорлық жайлы айтады./ Мұғалім: Қазақ халқы ежелден дана, батыр халық. Біздің аяғымыздан тік тұрып, басқа гегемен елдерге қарағанда мерейіміздің үстем болуына сол ата – бабаларымыздың еткен еңбегі, айтқан сөздері медеу болғандығынан. Біз өткенді саралап, Ұлыларды ұлағаттау арқылы келешекке қадам басамыз. Сонымен қатар сендер өздеріңнің қандай мұраға, байлыққа ие болғандарыңды түсініп, қорғай білулерің керек. Мұғалім: «Менің елім» деп аталатын бөлімде біз 3 топқа бөлініп, еліміздің байлығы, жері, табысы, жайлы сараптама жасайық. 1 – топ: Қазақстанның қазба байлықтары туралы сараптама жасайды. 2 – топ: Қазақ елінің даналары туралы ойтолғай жасайды. 3 –топ: Қазақ батырлары және өнерпаздары жайлы әңгімелейді. Мұғалім: Міне көрдіңдер ме? Біз қандай жасампаз елміз! Бірақ бақытымыздың баянды болуы – сендерге байланысты. / Мұғалім М.мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңін оқып береді. Оқушылардан болашақта кім болатынын және ұрпағына қандай мұра қалдыратынын сұрайды. / Ой толқау жүргізіледі. Оқушылар өз армандарын ортаға салады./ Мұғалім: Қазақ елі бақыттысың сен бүгін, Бөбегімнің жан дүниесін сен түсін. Қобыландының даңқын сыйла ұлыңа. Отқа күймес Алпамыстың бар күшін. Қазақтың жанды міне бақ жұлдызы. Көркі күн, Көңілі көктем ұл мен қызы. Даңқыңа төрткүл дүние құлақ түріп, Таңданды аспан асты жердің жүзі. Оқушылар: 1 – оқушы: Қазақстан, елім менің, Отаным. 2 – оқушы: Қазақстан, еркін елім, еңселім. 3 – оқушы: Қазақстан кірлетпейік атағын. 4 – оқушы: Қазақстан ата заңым бүгінгі. 5 – оқушы: Қазақстан болсын мәңгі ғұмырлы. 6 – оқушы: Қазақстан жері қазақ атамның 7 – оқушы: Қазақстан әнім әсем шырқалар. / бәрі шығып / «Менің Қазақстаным» әні шырқалады. Пайдаланылған әдебиеттер: М.Мақатаев, Шығармалар жинағы. 1988 жыл. «Жалын» Қазақ халқының тарихы, географиясы Ж. Молдағалиев, Шығармалар жинағы 1986 жыл. «Жалын»
Елім менің еңселі.doc
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елім менің еңселі» Мақсаты: Оқушыларға «Республика күні» меркесінің  мән – мағынасын түсіндіру, шәкірттерді елін, жерін, салт­ дәстүрін сүюге  тәрбиелеу. Көрнекілігі:  1. Қазақ елінің картасы. 2. Мемлекеттік рәміздер. 3. белгілі қазақ перзенттерінің суреттері. Барысы: Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызды Республика күні мерекесіне арнасақ  деймін. Бұл тәрбие сағатында Қазақстан атты елде туып, қазақ атты ұлт  болғандарыңа мақтанатын және бар ел байлығын, мұрасын бағалап, қасиет  тұтуға үйретсем деймін. Қазақ халқы өлең жырсыз той бастаған емес. Сендерге  рух, ой беретін өлең шумақтарын ұсынған боатынмын. Мәнерлеп оқып  берулеріңді және өз ойларыңды сұраймын. 1 – оқушы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген – деп Жұбан Молдағалиев  жырлағандай,  қазақ елі талай асулардан өтіп, осынау жарқын күндерге жетіп,  егеменді ел атанды. Ол – осы жерді мекен еткен халықтардың мызғымас бірлігі,  рухының биіктігі. 2 – оқушы:  Туған елдің жырын жырлап ғарыштан, Қазағыммен бүкіл әлем танысқан. Келешегі кең өрісті, кемелді. Жайна мәңгі – Қазақстан – Гүлстан 3 – оқушы: Өткен ұйқыбасып, қайғы алған ел, Бүгінгі жұлдыз ұшып, ай барған ел. Жасай бер, о қазағым, қазыналы, Жүз ұлттың Отанына айналған ел. 4 – оқушы: Өткен ғалам ғайып боп, сызы қалған, Өсіп келеді менің елім Ғажапстан. Әлем танып, қадамын алға басқан. Жырға айналды бүгінде, Қазақстан. Мұғалім: Республика  ­ ол сенің туған жерің, елің, Отаның. Ал енді осы  1 ұғымдарға талдау жасап көрейік. / Оқушылар ой толғайды./ Мұғалім: сендерге Туған өлке, туған жер жайлы өлең жолдарын ждаттап  келіңдер деген едік. Әрине өздеріңе ұнағанын. Ендеше кезек өздеріңде. 5 – оқушы:  Республикам менің, күн көзімен таласқан. Аспан көрсең, Ай мен Күнге  жол ашқан. Менің байтақ Республикам таулары, Менің көгім мөлдіреген сол – аспан.   6 – оқушы: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін. Көрсең ашық Алатаудың күндерін. Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген. Ұлан байтақ Республикам бұл менің. 7­ оқушы: Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын. Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. 8 – оқушы: Ал, екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей кейде дүниеден түңілсем де. Қасиетті тілімнен түңілмедім. 9 – оқушы: Бақытым бар үшінші  ­ Отан деген Құдай деген кім десе – Отан дер ем. Оты сөнген жалғанда жан болса егер, Ойланбай – ақ, кел дағы отал менен. Мұғалім: Бұл өлең кімдікі? Өзің қалай ойлайсың, осы өлеңге өз үніңді қосшы. /  Ойтолықтыру. әр түрлі пікірлер айтылады. Мұғалім оқушыларға Б.  Тілеухановтың орындауындағы «Елім менің» әнін клиппен экраннан көрсетеді./ Мұғалім: Осындай көрініске толы әннен кейін бойымызды қуаныш кернеп,  мақтаныш сезімі пайда болары анық. Республика «дегенде Ата заң» деген  қасиетті сөз қоса айтылады. Ата заң дегеніміз не? Тарихын талдап көрейік. /Оқушыларға ойларын айтады. Мұғалім толықтару жасайды./ 2 10 – оқушы: Халқым тату жарасқан. Тұрмыс құрған жаңаша, Бостандыққа жол ашқан. Ата заңым тамаша. 11 – оқушы: Құқығын әр адамның. Ата заңын қорғайды. Ізгі жұрты халқымның. Заңымды алтын қорғайды. 12 – оқушы: Қорғалады көкпеңбек. Аспан, жер, ай, құс та. Ата заңымтектен – тек Бөленбейді алғысқа. Мұғалім: Сендер қалай ойлайсыңдар, Ата заңның сендерге қатысы бар ма? ... Бар болса  оны неден көресіңдер?  Балалар:  /Қазақстан Республикасының бала туралы заңын, Конституциясы  адам заңдарын, «Бөбек» жайлы өздеріне көрсетіп отырған қамқорлық жайлы  айтады./  Мұғалім: Қазақ халқы ежелден дана, батыр халық. Біздің аяғымыздан тік  тұрып, басқа гегемен елдерге қарағанда мерейіміздің үстем болуына сол ата –  бабаларымыздың еткен еңбегі, айтқан сөздері медеу болғандығынан. Біз өткенді  саралап, Ұлыларды ұлағаттау арқылы келешекке қадам басамыз. Сонымен қатар сендер өздеріңнің қандай мұраға, байлыққа ие болғандарыңды түсініп, қорғай  білулерің керек. Мұғалім: «Менің елім» деп аталатын бөлімде біз 3 топқа бөлініп, еліміздің  байлығы, жері, табысы, жайлы сараптама жасайық. 1 – топ: Қазақстанның қазба байлықтары туралы сараптама жасайды. 2 – топ: Қазақ елінің даналары туралы ойтолғай жасайды. 3 –топ: Қазақ батырлары және өнерпаздары жайлы әңгімелейді. Мұғалім: Міне көрдіңдер ме? Біз қандай жасампаз елміз! Бірақ бақытымыздың  баянды болуы – сендерге байланысты.  / Мұғалім М.мақатаевтың «Барлығы да  сендердікі» өлеңін оқып береді. Оқушылардан болашақта кім болатынын және  3 ұрпағына қандай мұра қалдыратынын сұрайды. / Ой толқау жүргізіледі.  Оқушылар өз армандарын ортаға салады./ Мұғалім:  Қазақ елі бақыттысың сен бүгін, Бөбегімнің жан дүниесін сен түсін. Қобыландының даңқын сыйла ұлыңа. Отқа күймес Алпамыстың бар күшін. Қазақтың жанды міне бақ жұлдызы. Көркі күн, Көңілі көктем ұл мен қызы. Даңқыңа төрткүл дүние құлақ түріп, Таңданды аспан асты жердің жүзі. Оқушылар: 1 – оқушы: Қазақстан, елім менің, Отаным. 2 – оқушы: Қазақстан, еркін елім, еңселім. 3 – оқушы: Қазақстан кірлетпейік атағын. 4 – оқушы: Қазақстан ата заңым бүгінгі. 5 – оқушы: Қазақстан болсын мәңгі ғұмырлы. 6 – оқушы: Қазақстан жері қазақ атамның 7 – оқушы: Қазақстан әнім әсем шырқалар.  / бәрі шығып / «Менің Қазақстаным» әні шырқалады. Пайдаланылған әдебиеттер: М.Мақатаев, Шығармалар жинағы.         1988 жыл. «Жалын» Қазақ халқының тарихы, географиясы Ж. Молдағалиев, Шығармалар жинағы     1986 жыл. «Жалын»    4

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

«Елим менин енсели» тарбие сагаты

«Елим менин енсели» тарбие сагаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.05.2017