Еліміздің демографиялық жағдайы.
Алматы қыз балалар «Білім-Инновация» лицейі
география пәні мұғалімі
Кенжебаева Ж.О.
Кіріспе. Халық қоғамның өндірістік күшінің негізгі көзі болып табылады. Ал, демография қазіргі заманның ең орасан күрделі мәселелерінің бірі. Бұл мәселелерді демографиялық саясат тұрғысынан дер кезінде шешу көп ретте қоғамның, соның ішінде ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, атап айтқанда, халықты қамтамасыз ете алатын экономикалық реформалардың табыстылығына, қазақ халқының өркендеуі мен Қазақстан Республикасының шынайы экономикалық жетістігіне тығыз байланысты. Сондықтан да қазіргі Қазақстандағы демографиялық процестерді ( үрдістерді ) зерделеу ғылыми жағынан ғана емес, оның өмірлік жағынан да аса маңызды.
Демографиялық мәселе қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған көкейкесті, кезек күттірмейтін мәселенің біріне айналды. Менің жұмысымның көкейкестілігі міне осыда. Бұл тақырыпты таңдап алу себебім де осыған байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанда және Семей өңірінде қалыптасқан қазіргі демографиялық жағдайға толық сараптама жасау. Жұмыстың мақсатына жету үшін қолданған әдіс-тәсілдерім:
- Ақпарат жинау
- Жиналған ақпараттарға салыстырмалы түрде анализ жасау.
- Анализ жасай отырып қорытынды жасау.
Халық санының жалпы сипаттамасы: Демография – ( грекше demos –халық және grapho -жазу)- халықтың әлеуметтік-экономикалық сипатына, табиғат жағдайына, жергілікті ұлттың құрамына, т.б. жағдайына қарай тұрғындардың ұдайы өсу заңдылығы туралы ғылым. Қазақстан Республикасы құрылған уақыттан бері Қазақстан аумағында 10 рет халық санағы жүргізілді. Оның бірі патшалы Ресей тұсында-1897 жылы, қалғандары Кеңестер Одағы тұсында, соңғысы еліміз егемендік алғаннан кейін 1999 және 2009 жылдары жүргізілді. Халық саны 1920 жылдан бастап салыстырғанда, абсолютті сандармен алғанда, 478263 мың адамнан 1989 жылы 1646 мың адамға өскен және 1999 жылғы халық санағы барысында республикада 14953,1 мың адам тіркелді. 1999 жылы өткізілген алғашқы ұлттық халық санағының көрсеткіші төмен болып, оның деңгейі
1979 ж. халық санағына теңелген. Бұдан халық санының азайғанын көруге болады. Халық санының азаюына әсерін тигізетін негізгі 3 фактор бар. Бұлар: 1) Урбандалу 2) Миграция 3) Табиғи өсім. Енді осы факторларға қысқаша тоқталып кетейін.
Урбандалу:1999 жылғы санақ нәтижесінде қала халқы саны 8377,3 мың адам, ал ауыл халқы саны 5575,8 мың адам болып тіркелді. Бұдан 1959 жылмен 1999 жылды салыстырғанда 1959 жылы ауыл халқы 5256 мың адам болса, ал қала халқы 4027 мың болып тіркелген. Осыдан 1959 жылы ауыл халқы үлесінің басымдылығын байқауға болады. 1999 жылды 1989 жылмен салыстырса ауыл халқы 6,3% -ға, қала халқы үлесі 9,8 %-ға азайған. Мұның себебі, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қала халқын орыстар құрады, ал ауыл халқының көпшілігі қазақтар болды,ауыл халқы ,яғни, жергілікті халықтар қалаға ұмтыла бастады. Соңғы 10 жылда өзіміздің Семей қаласы халқы 35 пайызды құрады.
Егер, ауыл халқы қалаға ұмтылса, қала халқы үлесі неге азайды деген сұрақ туады. Бұл сұраққа негізгі жауап: Миграция қарқынының жоғарылауы дер едім. 1990 жылдардағы Қазақстандағы демографиялық жағдайға көші-қон өзіндік үлкен өзгеріс әкелді. Осы кезеңде Қазақстанда және бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігінде көші –қондық процесс күшейіп, көптеген мемлекеттердің егемендік алуына байланысты әртүрлі этникалық топтар өздерінің тарихи Отандарына қайтуға мүмкіндік алды. Олар ТМД елдеріне және Германия,АҚШ, Израильге қоныс аударды. 1991-1998 жылдары республика жұртшылығы 1,5 млн-ға кеміді. 1993 жылдан бастап 2000 жылға дейін кетушілер саны 100 мыңнан кемімеген. 1993 жылы кетушілер 333 мың адам болса, 2000 жылы 120 мың адам болған. Кетушілердің ұлттық этникалық құрамы жағынан көбісі орыстар ( 73289), немістер ( 3155), татарлар ( 3007) адам болды. Дегенмен Қазақстанға келушілер де бар. Өкінішке орай келушілер саны кетушілер санынан едәуір аз. Егер, 1999 жылы келушілер 111 мың адам болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 24 мың адамға дейін кеміді. Елімізге Монғолия, Қытай, Ираннан оралмандар келді. Оралмандар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды,Жамбыл мен Алматы қалаларына қоныстанды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша соңғы 10 жылдағы ішкі миграция келгені 250, кеткені 6000 адам болса, Семей өңірі бойынша келгені 33, кеткені 823 адамды құрады.
Келесі маңызды фактордың бірі: бұл табиғи өсім. 1980 жылдың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық дағдарыс әсерінің тереңдеуінен және халықтың өмір сүру деңгейінің нашарлауы
нәтижесінде демографиялық жағдай тым әлсіреді. 1991-1994 ж.ж. табиғи өсімнің көрсеткіш деңгейі біршама төмендеді. Қоғамдағы күрт өзгеріс,
тұрақтылықтың болмауы, ертеңгі күнге деген сенімсіздік ұрпақ өсіруге өз кедергісін тигізді. Қазақстанда халық саны өсімінің ең төменгі көрсеткіші 1995-1999 жылдарға дәл келеді. Туу көрсеткіштері төмендеді ,өлім көбейді. Егер 1989 жылы туылғандар саны 23,0 болса, өлгендер 7,6 болған. Ал, 2000 жылы туылғандар 13,6 өлгендер 9 болды. 1991-1993 жылдар аралығында республикада 3 баладан және одан артық туудың қысқаруы көрініс тапқан. Мына сандардан табиғи өсімнің күрт төмендеуін байқауға болады. 1989 жылы табиғи өсім 15,4 болса, 1995 жылдан бастап 2000 жылға дейін ,яғни, 6,8 деген көрсеткіш 4,6 деген көрсеткішке түсті.
Жалпы Қазақстандағы демографиялық жағдайдың нашарлауы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты. Жоғарыда айтылған 3 фактор тікелей экономикалық жағдайдың әсерінен туындап отыр. Бұл, мысалы:жұмыссыздық. 1998 жылы жұмыссыздар саны 1 млн-ға дейін жетті. Аталған факторларға әсерін тигізетін келесі себеп-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы.Оған халықтың жаппай денсаулығының төмендеуі жатады.Оған дәлел- анемея ауруымен ауыратын адамдар саны жылдан- жылға өсіп бара жатыр. Ең қатерлісі бұл аурудың балалар мен жасөспірімдердің арасында көптеп таралуы. Бұны мына сандардан байқауға болады. 2005 жылы тіркелген жас балалар 1258,2 болса, 2006 жылы 1690,2 деген көрсеткішке өскен. Жасөспірімдер арасында 2005 жылы 568,15 деген көрсеткіштен 2006 жылы бұл көрсеткіш 1002-ге дейін өскен. 90 жылдардың аяғында әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан қиындыққа төтеп бере алмай көптеген адамдар, әсіресе ер адамдар ішімдікке салынған. 1997 жылы ішімдікке салынған ерлер саны күрт өссе, 1999 жылы бұл көрсеткіш 465- тен, 359-ға сәл төмендеген.
Кез-келген елдің әлеуметтік – экономикалық индикаторы ретінде туберкулез ауруының таралуын қарастырады. Ал Қазақстанда туберкулезбен ауыратын адамдардың саны артуда. 100 мың адамға шаққанда 2006 жылы ерлер саны 67,9 құраса, әйелдер саны 107,8, ал, 2007 жылы ерлер 117,4 , әйелдер 165,9 құраған. Бұл тек тіркелгендер саны ғана, ал тіркелмегендері қанша?
Елбасымыз 2030 бағдарламасында атап көрсеткендей, халық өлімінің 20% экологияға байланысты. Отандастарымыздың 3/1 бөлігі сапасыз ауыз суын пайдалануда. Бұдан экологияның демографияға үлкен
әсер ететінін байқаймыз.
Қорытынды: Бұл мәселелердің барлығы республика алдында тұрған шешілуге тиісті мәселелер. Сондықтан да мемлектіміздің ішкі саясатында аса маңызды орын алып отырған бұл проблемалар ешқашан мемлекетіміздің күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Мен еліміздің демографиялық ахуалын зерттей келе, төмендегідей ұсыныстар ұсынғым келеді.
Қазақстанда, өз өлкемізде демографиялық мәселелерді шешу үшін атқарылуға тиісті шаралар.
1. Экономикалық жағдай жасау.
- Жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
- Жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын көтеру.
- Баспанасыз отбасыларға пәтер беру ( мүгедек қарттарға, оралмандарға, мемлекттік жағдайы нашар отбасы балаларына )
- Инфекциялық ауруларға қарсы тегін вакцина енгізу.
- Контракт бойынша өз мамандығынан тыс басқа салада жұмыс
істеп үйрену
- Оралмандарға жағдай жасау.
- Көп балалы отбасыларға жеңілдіктер жасау.
- Кедейшілікпен күрес жүргізу.
- Әр түрлі қайырымдылық акция жүргізу.
2. Экологиялық жағдайды жақсарту
- Өндірістерге тазартқыш фильтрлер орнату.
- Су проблемасын шешу.
- Жерді эрозияға ұшыратпауға тырысу.
- Химия өнеркәсібінде қауіпсіздік ережесін қатаң қадағалау.
3. Наркобизнеспен және нашақорлықпен күресу.
4. Алкогольды, темекіні пайдалануды шектеуге қарсы күрес жүргізу.
5. Медицинаның сапасын көтеру.
6. Халықтың патриотизмін арттыру.
Экономикалық жағдай жасау үшін:
-Толық салық төлеуден бас тартып жүрген ірі өнеркәсіптерге салық төлету.
-Жаңа технология бойынша тегін білім беру.
-Өз еңбек қорларымызды жұмысқа тарту.
Осы мәселелер толық шешімін тапқанда ғана біздің демографиялық жағдайымыз жақсартын болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. З.Х. Кәкімжанов « Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» А, 2007 ж, 33-46 беттер
Еліміздің демографиялық жағдайы.docx
Еліміздің демографиялық жағдайы.
Алматы қыз балалар «БілімИнновация» лицейі
география пәні мұғалімі
Кенжебаева Ж.О.
Кіріспе. Халық қоғамның өндірістік күшінің негізгі көзі болып
табылады. Ал, демография қазіргі заманның ең орасан күрделі
мәселелерінің бірі. Бұл мәселелерді демографиялық саясат тұрғысынан
дер кезінде шешу көп ретте қоғамның, соның ішінде ұлтаралық
қатынастардың тұрақтылығына, атап айтқанда, халықты қамтамасыз ете
алатын экономикалық реформалардың табыстылығына, қазақ халқының
өркендеуі мен Қазақстан Республикасының шынайы экономикалық
жетістігіне тығыз байланысты. Сондықтан да қазіргі Қазақстандағы
демографиялық процестерді ( үрдістерді ) зерделеу ғылыми жағынан ғана
емес, оның өмірлік жағынан да аса маңызды.
Демографиялық мәселе қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған
көкейкесті, кезек күттірмейтін мәселенің біріне айналды. Менің
жұмысымның көкейкестілігі міне осыда. Бұл тақырыпты таңдап алу
себебім де осыған байланысты.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстанда және Семей өңірінде қалыптасқан
қазіргі демографиялық жағдайға толық сараптама жасау. Жұмыстың
мақсатына жету үшін қолданған әдістәсілдерім:
Ақпарат жинау
Жиналған ақпараттарға салыстырмалы түрде анализ жасау.
Анализ жасай отырып қорытынды жасау.
Халық санының жалпы сипаттамасы: Демография – ( грекше demos –
халық және grapho жазу) халықтың әлеуметтікэкономикалық сипатына,
табиғат жағдайына, жергілікті ұлттың құрамына, т.б. жағдайына қарай
тұрғындардың ұдайы өсу заңдылығы туралы ғылым. Қазақстан
Республикасы құрылған уақыттан бері Қазақстан аумағында 10 рет халық
санағы жүргізілді. Оның бірі патшалы Ресей тұсында1897 жылы,
қалғандары Кеңестер Одағы тұсында, соңғысы еліміз егемендік алғаннан
кейін 1999 және 2009 жылдары жүргізілді. Халық саны 1920 жылдан бастап
салыстырғанда, абсолютті сандармен алғанда, 478263 мың адамнан 1989
жылы 1646 мың адамға өскен және 1999 жылғы халық санағы барысында
республикада 14953,1 мың адам тіркелді. 1999 жылы өткізілген алғашқы
ұлттық халық санағының көрсеткіші төмен болып, оның деңгейі 1979 ж. халық санағына теңелген. Бұдан халық санының азайғанын көруге
болады. Халық санының азаюына әсерін тигізетін негізгі 3 фактор бар. Бұлар:
1) Урбандалу 2) Миграция 3) Табиғи өсім. Енді осы факторларға қысқаша
тоқталып кетейін.
Урбандалу:1999 жылғы санақ нәтижесінде қала халқы саны 8377,3 мың
адам, ал ауыл халқы саны 5575,8 мың адам болып тіркелді. Бұдан 1959
жылмен 1999 жылды салыстырғанда 1959 жылы ауыл халқы 5256 мың адам
болса, ал қала халқы 4027 мың болып тіркелген. Осыдан 1959 жылы ауыл
халқы үлесінің басымдылығын байқауға болады. 1999 жылды 1989 жылмен
салыстырса ауыл халқы 6,3% ға, қала халқы үлесі 9,8 %ға азайған. Мұның
себебі, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қала халқын орыстар
құрады, ал ауыл халқының көпшілігі қазақтар болды,ауыл халқы ,яғни,
жергілікті халықтар қалаға ұмтыла бастады. Соңғы 10 жылда өзіміздің
Семей қаласы халқы 35 пайызды құрады.
Егер, ауыл халқы қалаға ұмтылса, қала халқы үлесі неге азайды деген
сұрақ туады. Бұл сұраққа негізгі жауап: Миграция қарқынының жоғарылауы
дер едім. 1990 жылдардағы Қазақстандағы демографиялық жағдайға көшіқон
өзіндік үлкен өзгеріс әкелді. Осы кезеңде Қазақстанда және бұрынғы
Кеңес Одағының кеңістігінде көші –қондық процесс күшейіп, көптеген
мемлекеттердің егемендік алуына байланысты әртүрлі этникалық топтар
өздерінің тарихи Отандарына қайтуға мүмкіндік алды. Олар ТМД елдеріне
және Германия,АҚШ, Израильге қоныс аударды. 19911998 жылдары
республика жұртшылығы 1,5 млнға кеміді. 1993 жылдан бастап 2000
жылға дейін кетушілер саны 100 мыңнан кемімеген. 1993 жылы кетушілер
333 мың адам болса, 2000 жылы 120 мың адам болған. Кетушілердің
ұлттық этникалық құрамы жағынан көбісі орыстар ( 73289), немістер
( 3155), татарлар ( 3007) адам болды. Дегенмен Қазақстанға келушілер де
бар. Өкінішке орай келушілер саны кетушілер санынан едәуір аз. Егер,
1999 жылы келушілер 111 мың адам болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 24
мың адамға дейін кеміді. Елімізге Монғолия, Қытай, Ираннан оралмандар
келді. Оралмандар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау,
Қарағанды,Жамбыл мен Алматы қалаларына қоныстанды. Шығыс
Қазақстан облысы бойынша соңғы 10 жылдағы ішкі миграция келгені 250,
кеткені 6000 адам болса, Семей өңірі бойынша келгені 33, кеткені 823
адамды құрады.
Келесі маңызды фактордың бірі: бұл табиғи өсім. 1980 жылдың
аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық дағдарыс әсерінің
тереңдеуінен және халықтың өмір сүру деңгейінің нашарлауы нәтижесінде демографиялық жағдай тым әлсіреді. 19911994 ж.ж. табиғи
өсімнің көрсеткіш деңгейі біршама төмендеді. Қоғамдағы күрт өзгеріс,
тұрақтылықтың болмауы, ертеңгі күнге деген сенімсіздік ұрпақ өсіруге
өз кедергісін тигізді. Қазақстанда халық саны өсімінің ең төменгі
көрсеткіші 19951999 жылдарға дәл келеді. Туу көрсеткіштері
төмендеді ,өлім көбейді. Егер 1989 жылы туылғандар саны 23,0 болса,
өлгендер 7,6 болған. Ал, 2000 жылы туылғандар 13,6 өлгендер 9 болды.
19911993 жылдар аралығында республикада 3 баладан және одан артық
туудың қысқаруы көрініс тапқан. Мына сандардан табиғи өсімнің күрт
төмендеуін байқауға болады. 1989 жылы табиғи өсім 15,4 болса, 1995
жылдан бастап 2000 жылға дейін ,яғни, 6,8 деген көрсеткіш 4,6 деген
көрсеткішке түсті.
Жалпы Қазақстандағы демографиялық жағдайдың нашарлауы
экономикалық жағдаймен тығыз байланысты. Жоғарыда айтылған 3 фактор
тікелей экономикалық жағдайдың әсерінен туындап отыр. Бұл,
мысалы:жұмыссыздық. 1998 жылы жұмыссыздар саны 1 млнға дейін жетті.
Аталған факторларға әсерін тигізетін келесі себепәлеуметтік жағдайдың
нашарлауы.Оған халықтың жаппай денсаулығының төмендеуі
жатады.Оған дәлел анемея ауруымен ауыратын адамдар саны жылдан
жылға өсіп бара жатыр. Ең қатерлісі бұл аурудың балалар мен
жасөспірімдердің арасында көптеп таралуы. Бұны мына сандардан байқауға
болады. 2005 жылы тіркелген жас балалар 1258,2 болса, 2006 жылы 1690,2
деген көрсеткішке өскен. Жасөспірімдер арасында 2005 жылы 568,15 деген
көрсеткіштен 2006 жылы бұл көрсеткіш 1002ге дейін өскен. 90
жылдардың аяғында әлеуметтік жағдайдың нашарлауынан қиындыққа
төтеп бере алмай көптеген адамдар, әсіресе ер адамдар ішімдікке
салынған. 1997 жылы ішімдікке салынған ерлер саны күрт өссе, 1999
жылы бұл көрсеткіш 465 тен, 359ға сәл төмендеген.
Кезкелген елдің әлеуметтік – экономикалық индикаторы ретінде
туберкулез ауруының таралуын қарастырады. Ал Қазақстанда
туберкулезбен ауыратын адамдардың саны артуда. 100 мың адамға
шаққанда 2006 жылы ерлер саны 67,9 құраса, әйелдер саны 107,8, ал, 2007
жылы ерлер 117,4 , әйелдер 165,9 құраған. Бұл тек тіркелгендер саны ғана,
ал тіркелмегендері қанша?
Елбасымыз 2030 бағдарламасында атап көрсеткендей, халық өлімінің
20% экологияға байланысты. Отандастарымыздың 3/1 бөлігі сапасыз ауыз
суын пайдалануда. Бұдан экологияның демографияға үлкен әсер ететінін байқаймыз.
Қорытынды: Бұл мәселелердің барлығы республика алдында тұрған
шешілуге тиісті мәселелер. Сондықтан да мемлектіміздің ішкі саясатында
аса маңызды орын алып отырған бұл проблемалар ешқашан
мемлекетіміздің күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Мен еліміздің демографиялық ахуалын зерттей келе, төмендегідей
ұсыныстар ұсынғым келеді.
Қазақстанда, өз өлкемізде демографиялық мәселелерді шешу үшін
атқарылуға тиісті шаралар.
1. Экономикалық жағдай жасау.
Жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
Жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын көтеру.
Баспанасыз отбасыларға пәтер беру ( мүгедек қарттарға, оралмандарға,
мемлекттік жағдайы нашар отбасы балаларына )
Инфекциялық ауруларға қарсы тегін вакцина енгізу.
Контракт бойынша өз мамандығынан тыс басқа салада жұмыс
істеп үйрену
Оралмандарға жағдай жасау.
Көп балалы отбасыларға жеңілдіктер жасау.
Кедейшілікпен күрес жүргізу.
Әр түрлі қайырымдылық акция жүргізу.
2. Экологиялық жағдайды жақсарту
Өндірістерге тазартқыш фильтрлер орнату.
Су проблемасын шешу.
Жерді эрозияға ұшыратпауға тырысу.
Химия өнеркәсібінде қауіпсіздік ережесін қатаң қадағалау.
3. Наркобизнеспен және нашақорлықпен күресу.
4. Алкогольды, темекіні пайдалануды шектеуге қарсы күрес жүргізу.
5. Медицинаның сапасын көтеру.
6. Халықтың патриотизмін арттыру.
Экономикалық жағдай жасау үшін:
Толық салық төлеуден бас тартып жүрген ірі өнеркәсіптерге салық төлету.
Жаңа технология бойынша тегін білім беру.
Өз еңбек қорларымызды жұмысқа тарту.
Осы мәселелер толық шешімін тапқанда ғана біздің демографиялық
жағдайымыз жақсартын болады. Пайдаланған әдебиеттер:
1. З.Х. Кәкімжанов « Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясы» А, 2007 ж, 3346 беттер
2. Краткий статистический ежегодник Казахстана: статистический
сборник.// Агентство РК по статистике.А, 2008 г.
3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том, А, 1998 ж.
4. Қ. Салғараұлы « Таным баспалдақтары» , А , 1993 ж.
5. Ш.Шойбекова « География, биология, экология орта мектепте », №3,
2010ж.
6. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі, А, 2007 ж.
7. М.Смағұлова « Оқушы анықтамасы », А, 2005 ж.
Еліміздің демографиялық жағдайы.
Еліміздің демографиялық жағдайы.
Еліміздің демографиялық жағдайы.
Еліміздің демографиялық жағдайы.
Еліміздің демографиялық жағдайы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.