«Павлодар қаласының № 15 жалпы лорта білім беру мектебі»ММ
Тақырыбы: Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың жеке амалдары
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Смағұлова З.Ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың өзектілік мәселелері
1.1. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуды ұйымдастыру
1.2. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытудың жеке амалдары
1.3. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданудың нәтижелілігі
2. Қорытынды
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мақсаты:
- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды қалыпты балалармен бірге білім беру;
- Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейту;
- Жалпы білім беру үрдісінде ортаға толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге жағдай жасау.
Кіріспе
.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алу мен тәрбие алудағы өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық танымдық процестерінің даму деңгейі әртүрлі. Десекте, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осы ретте мектебімізде әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде еліміздің барлық аймағында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сыныптар ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар.
Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден, олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан – ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті түрде талдап бала дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді.
Мұндай интеграцияның салдарынан балаларға жалпы білім беру жүйесі ретсіз дамуын жалғастырады. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды қалыпты оқушылармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі. Инклюзивті білім беру- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бірге (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру болып табылады.
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беретін мектепте оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды қалыпты дамыған оқушылармен әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ол проблеманы баладан емес, жүйеден көреді. Барлық балалар оқытуға жатады және мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру жүйесінің методологиясын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады.
Бүгінгі таңда шет елдерін денсаулық және тұрмыстық жақтарынан мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды интеграциялық оқыту тәжірибесі болғанына қарамастан, инклюзивті оқыту тек теория түрінде ғана жасалған. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, маманмен қамтамасыз етуі қарастырылмаған.
Дегенмен, жалпы білім беру жүйесінде интеграция проблемасы бар. Бұл академик В.И.Лубовскийдің сөзімен айтқанда «қажеттіліктен» туындаған интеграция. Оның себептері арнаулы мекемелердің болмауы немесе ол мекеменің бала мен отбасынан қашық жерде орналасуы, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнаулы мекемелерде оқытқылары келмеулері болып табылады.
Инклюзивтік оқыту сыныптары мектеп директорының бұйрығымен әр балаға оқытудың сай түрлерінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен ашылды. Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты әр балаға өз екпінінде даму құқығы берілуі керек. Ерекше қажеттіліктегі балалар жалпы білім мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Жалпы білім беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін қалыптастыру маңызды болып табылады.
Баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты шарты. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан белгілі бостандық алулары, яғни, оқыту дифференциональды, балаға түсінікті, психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының әлеуметтік-мәдениетін ере дамытатын болуы керек. Теориялық білім мен негізгі пәндер бойынша оқу жоспарының міндетті компоненті олардың практикалық дағдылары мен икемдері, сонымен қатар осылардың білім стандарттарымен және оқушылардыңң шынайы мүмкіндіктерімен сай келулерін, Инклюзивтік оқыту жағдайындағы арнайы түзетім көмектерін беретін педагог-дефектологтар жалпы білім беретін мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдеріне нұсқаушылар болулары керек. Мүгедек және дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау және қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына үш түрлі міндет қойылады:
1. Баланың мектепке дайындығын анықтау
2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою.
3. Сабақты жүйелі жоспарлау.
Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындық байқау керек. Белгілі психологтар Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С.Немов зерттеулері бойынша баланы жүйелі оқыту үшін психологиялық дайындығына ерекше назар аудару керек дегенді атап айтады. Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету» деген мағына береді. Бұның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне 1) сенім; 2) көз жеткізу; 3) кеңес беру; 4) психоанализ; 5) логотерапия; 6) аутотренинг сияқты методикаларды қабылдау арқылы жүзеге асырады. Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет.
Осы бағытта қазақтың халық педагогикасының алатын орны ерекше. Қазақ халқы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың төлдері туралы өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған.
Тек оқытып қана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Мектеп психологі білім беру ісінде әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың нақтамасына қарай жұмыс жүргізсе бұл да түзету жұмысының бір қыры болары сөзсіз. Әр оқушымен жеке жұмыстану Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды зор қуанышқа бөлер еді. Бүгінде денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мысалы, кемтар балалардың үштен бірінің мүгедектігі – туа біткен кемістіктердің әсері болуымен байланысты.Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.“Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшауоқып, білім алғанын қалар дейсің...
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.