Ерлікке тағзым-елдіктің белгісі
Оценка 4.7

Ерлікке тағзым-елдіктің белгісі

Оценка 4.7
Научно-исследовательская работа
docx
история
Взрослым
07.05.2019
Ерлікке тағзым-елдіктің белгісі
Эссе о подвигах наших дедов и отцов в годы Великой Отечественной войны. О подвигах героев защищавших Брест, Москву, Ленинград, Сталинград, Курск и еще многих городов. Эта Победа далась нам нелегко. Каждый солдат и каждый Советский гражданин трудился ради Победы над нацистами.
Ерлікке тағзым- елдіктің белгісі.docx
"Ерлікке тағзым­ елдіктің белгісі" (ЭССЕ)         Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына да 74 жыл  толып отыр. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс  та  ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін  ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі  жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбынын, тылдағы Жеңісті  жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін  дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің  батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз  сүйіспеншіліктері        Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан  тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның  рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс  күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен  ардагерлер тойлайды. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен,  күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған  жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып,  туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы  ауыр болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл  Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін  ғажап күшпен жеттік. Ол күш ­ әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың  астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.      9 мамыр ­ бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы.  Бiздiң парызымыз ­ бұл күндi еске сақтау. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен  жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.       Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Ерлікке тағзым-елдіктің белгісі

Ерлікке тағзым-елдіктің белгісі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.05.2019