Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту. тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей
отырып достыққа, қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі кейіпкерлерінің суреті.
ертегі.docx
Бекітемін ________________ тәрбие ісінің меңгерушіcі
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән
мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп,
өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту,
логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей
отырып достыққа, қарымқатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, гүлдер, ертегі
кейіпкерлерінің суреті.
І. Кіріспе сөз
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде
сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар
баяндалады.
Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтанұрпаққа ауысып,
біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде
өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен
кемпірдің ……. болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те
басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен
аяқталады.
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
1. Қиялғажайып;
2. Хайуанаттар туралы;
3. Шыншыл ертегі;
4. Тұрмыссалт ертегілері.
Қиялғажайып ертегілерде жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен саналуан
ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан
кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді.
Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиынқыстау
оқиғаларда ақыл, айлатәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып
жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер
Төстік», «Алтын балық» т. б.
Атабабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын
ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің
кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады.
Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол
арқылы сұмқиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі,
батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді.
Атқамінерлердің ісәрекеттерін әшкерелейді.
Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас
достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы
армантілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға,
армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа
қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен
сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия
сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық
ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!
Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Қатысушы топтар:
1) «________________» тобы
2) «Қызыл телпек» тобы (Шарль Перро)
Олай болса «Ертегілер еліне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Осы мерекенің ашуы ___________________________________ орындауында
«Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар.
ә) Енді осы сайыскерлерге әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен таныс
болыңыздар:
1.________________________________________________________________
2.________________________________________________________________
3.________________________________________________________________
4.________________________________________________________________
б) Бүгінгі сайысымыз алты кезеңнен тұрады: І бөлім – Таныстыру.
ІІ бөлім – «Cұрақ жауап».
ІІІ бөлім – «Жұмбақтар шешу»
IV бөлім – «Кім білгір?»
V бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
І бөлім – Таныстыру.
ІІ бөлім – «Сұрақ жауап»
1. Халық ауыз әдебиеті мен әдеби ертегінің айырмашылығы?
(Ауыз әдебиет авторы жоқ, әдеби ертегі авторы бар)
2. Мақта қыз не тауып алады?
(Мейіз)
3. «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесі жалмауыз кемпірге не беріп кетеді?
(Егеу)
4. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесі?
(Қазанқап)
5. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Кендебайдың әкесі?
(Тазша бала)
6. «Толағай» ертегісі авторы?
(Әбділда Тәжібаев)
7. «Аяз би» ертегісінің басты кейіпкері?
(Жаман)
8. Толағайдың анасының аты?
(Айсұлу)
9. Жаманға Аяз би деген атты кім қойды?
(Хан)
10.Керқұла кімнің аты?
(Кендебайдың аты)
11.Кенжекей қай ертегі кейіпкері?
(Ер Төстік)
12.Толағайдың әкесінің даңқы немен шыққан?
(Ер Төстік)
13.Саққұлақ, Желаяқ, Көлтаусар қай ертегі ертегі кейіпкері?
(Ер Төстік)
14.Шалқұйрық қай ертегідегі кейіпкердің сенімді серігі?
(Ер Төстік)
15.Толағайдың ата анасының мекен еткен жері?
(Тарбағатай) ІІІ бөлім – «Жұмбақтар шешу»
1.Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан
(Алладин)
2. Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты
Салыпты ғой әлекке
(Мақта қыз)
3. Джунглиде өскен жасынан,
Епті бала болыпты,
Багира,Бану достары
Шерхан оның қас жауы
(Маугли)
4. Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады
(Мақта қыз)
5. Аяғынан тұсаулап,
Кемпір оны ұстайды.
Желмен ұшар желпілдеп
Босап кетсе бұл шалы
(Қаңбақ шал)
6.Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан
(Бауырсақ)
ІV бөлім – «Кім білгір?»
Шарты: Сурет бойынша ертегілердің атын табу керек. Алтын балық
Түлкі мен тырна
Бауырсақ
Жеті лақ пен қасқыр
Қаршақыз бен жеті құршақан
Шалқан
V бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» (Сахналау).
Шарты: Әр топ өз ертегілерінің үзінділерін сомдайды.
Қорытынды
"Ертегілер еліне саяхат" 5 сынып
"Ертегілер еліне саяхат" 5 сынып
"Ертегілер еліне саяхат" 5 сынып
"Ертегілер еліне саяхат" 5 сынып
"Ертегілер еліне саяхат" 5 сынып
"Ертегілер еліне саяхат" 5 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.