АБАЙ МҰРАСЫ – МӘҢГІЛІК ҚАЗЫНА
Асылбек Риза
Маметекова Анар Сериказиновна, кәсіптік пәндер оқытушысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Абай – әлемдік тұлға.
Төбесі көкті тіреген, асқар шың биіктен табылатын Абай
есімі адамзат ойының аса көрнекті алыптарының қатарында.
Ол қазақ халқының мұң-мұқтажын,
мәдениетін, қоғамдық-философиялық ойларын,
көркемдік ізденістерін жаңа сапаға көтерді. Қазақ
халқының тарихи көшін ілгері бастаушы, ой-өріс
пікірлерінің шеңберін кеңейтуші ретінде ұлттық
болмысымызға дара біткен жарық жұлдыз. Абай тағылымы –
оның даналығында, парасатты сөздерінде,
ағартушылық ой-түйіндерінде жатыр.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI
ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында: «Абай
мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып
дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы
өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын
алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет
ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы.
Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал.
Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа
Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» делінген.
«Қазақ халқы үшін Абай мұрасы – әрқашан рухани темірқазық.Өйткені А.Құнанбайұлы шығармашылығы ұлт әдебиеті мен мәдениетінің сапалық кезеңін көрсетеді. Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізгі көзі білім мен ғылымда екені айдан анық.
Абай - ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Ал ұрпаққа өшпес қалдырған мұрасы – адамды адам етіп тәрбиелеудің жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Абайдың мұраларының танымдық-тағылымдық мәнін зерттеу- тың мәселе.
Абайдың қазақтың төбесінде биік болары осыдан. Қара сөз деген ұлы халқының әр толғанысын баяндау болса, бүгінге дейін асыл қара сөз мұрасы қазақтың жарқын болашағының тәрбие құралы. Демек, қазақтың қуанғанын да, мұңайғанын да, жылағанын да, қиналғанын да, күсінгенін де Абай қара сөз мұраларында тебірене жырға қосты.
Ұлт жасампаз болу үшін ұлтты ұйытатын ұлы идея қажеттілігін болмысымен сезінетін, мақсатсыз елдің тарих көшіне ілесуін пайымдайтын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.» - деп атап өтті. Мәңгілік ел идеясын жаңғырту барысында Абай Құнанбайұлының бай мұрасын әлемдік мәдениет тарихының тізіміне енгізу тамаша құбылыс. Халықаралық беделді ұйым ЮНЕСКО-ның 1995 жылды Абай жылы деп атауы да кездейсоқ емес. Хакім Абайдың мерейтойы әлемнің жиырма бес елінде атап өтілді. Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар Парижде, Анкарада, Делиде, Пекинде, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Каирде, Будапештте және басқа қалаларда өтті.
Абай мұрасын «Ұлы ақынның шығармашылығының өзегінде жатқан әсемдікке ұмтылумен бейнеленеді», — деп академик Ә. X. Марғұлан әділ бағалаған болатын.
Абай өлеңдеріндегі «Еңбек
етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы
тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын»,
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің
мен ақылың екі жақтап» – деген қазыналы ойлар
бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды
санасына берік тоқып,адал еңбегімен айналасына үлгі болуы
керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты
мақаласында қоғамдық сананы қайта
түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық
сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік
маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы
жаңғырту арқылы қазіргі таңда еліміздің
тың серпінмен дамуына жол ашамыз. Осы орайда Абай мұрасының
тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға
қашанда рухани азық бола алады. Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының
жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның
шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың
бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді
орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің
нәрін өскелең ұрпақтың санасына
сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты
жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның
бірі.
Қорыта айтар болсақ, қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақал бар. Абай мыңнан, миллионнан озып шыққан тұлпар. Абайлар жүз жылда, мың жылда бір - ақ рет туады. Абай - таудай тұлға. Абай - сахарадай шежіре. Абай - сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да осында! Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет".
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. https://egemen.kz/article/221266-abay-murasy-manhgilik
2. Д.Омаров. Абайтану «Білім алу». Алматы., 2002 ж., 155 б.
3. https://informburo.kz/kaz/abay-zhne-hh-asyrday-azastan-atty-prezident-maalasynday-10-zekt-oy.html
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.