Эссе "Бала болашағы"
Оценка 4.6

Эссе "Бала болашағы"

Оценка 4.6
Лекции
docx
классное руководство
Взрослым
11.02.2017
Эссе "Бала болашағы"
Әлем өзгергенде неге мен өзгермеске, жаңашылдыққа жаны құмар ұстаз әрқашанда ізденумен, жаңарумен болады емес пе ендеше менде өзімнің өзгергенімді жаңа білімнің аясында өз білімімді , кәсібіи деңгейімді көтеру арқылы жас ұсрпақтың болашағын ойлаумен болдым. Сол себепті өзімнің ішік ойымды қағаз бетіне түсіргім келіп осы эссені жаздымЭссе Бала болашағы Абдрахманова Куляй Солтановна
Бала болашағы Абдрахманова Куляй Солтановна (2).docx
Абдрахманова Куляй Солтанқызы                                                                           Алматы облысы, Талдықорған қаласы                                                          №9 орта мектеп директорының                                                            тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                    [email protected]              Бала болашағы – ұстаз қолында                                                     «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,                                                        жалпы азаматтық қадір­қасиеттердің мән­маңызын                                                  түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот                                             азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»                                                                                      Н. Ә. Назарбаев Қоғамның қарқынды дамуы­ ғылым мен білім деңгейінің дамуына тәуелді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтардың кредосына айналуы тиіс. Біз... білім берудің мазмұнын толық жаңғыртпақ   ниеттеміз»  деп   білім   берудің   сапасын   арттыруды   білім   беретін   мекемелердің инновациялық қызметке көшуін қалыптастыруға баса назар аударды. Қазіргі  кезде   меrтеп  директорлары   мен  мұғалімдер  үшін  ең  маңызды  мәселе   «ХХІ ғасырда   нені   оқыту   керек?»,   «Мұғалімдер   оқушыларды   ХХІ   ғасырда   өмір   сүруге   қалай дайындайды?», міне осы мәселені шешуде Кебридж Университетінің білім беру факультеті мен   Педагогикалық     шеберлік   орталығының   бірлесіп   жасаған   біліктілікті   арттыру бағдарламасы аясында білім жетілдіру курстары ұйымдастырылды. Бағдарлама  директордан мектептің дамуын басқарумен қатар, бақылауды да талап етеді. Бұл бағдарламаның маған ұнағаны мұғалім оқушыға жай ғана білім беріп қоймайды, ол білімді орынды жерде қолдана білуіне бағыттайды. Директорлар бүкіл мектепте өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы болатын болса,   кәсіби   желілік   қоғамдастық   аясында   ынтымақтастық   орнату   арқылы   өзара     сенім орнатып,   оқушылар   мен   қызметкерлерге   жұмыс   істейтін   қоғамда   жағымды   оқу   ахуалы құрылады. Егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің  СМАРТ мақсатын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет. «Ынтымақтастық   білім   көтерудің   бір   жолы»   сол   себепті   де   елімізде   сапалы   білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту негізгі   шешуші   рөл   атқарады.   Мектепте   өнімді   және   қолдау   көрсетуші   қоғамдастықтар арқылы ата­аналармен жұмыс істей отырып, қоғам сұранысына әрбір мұғалім жауап беруі тиіс. Сондықтан да мен өзімнің мектебімдегі ұстаздардың ескі сарынмен қалмай ,заманның өзгеруіне қарай олардың да сабақта жаңа әдістерді қолдану арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуына байланысты өздерінің де өзгергенін қалаймын.  «Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан» деп Абай айтқандай, ұстаз қандай   болса, алдындағы шәкірттері де сондай боп шығары сөзсіз. Шынында да, бала болашағы ­  ұстаздың қолында. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан биік шыңға шығар – шәкірт. Абай атамның   «Ақырын   жүріп   анық   бас,   Еңбегің   кетпес   далаға.   Ұстаздық   еткен   жалықпас, Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы әрдайым жүрек түпкірінде ұстайтын ұстанмымыз болуы тиіс..

Эссе "Бала болашағы"

Эссе "Бала болашағы"

Эссе "Бала болашағы"

Эссе "Бала болашағы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.02.2017