Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель
Оценка 4.7

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
Детсад
06.04.2018
Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің, өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі баршаға мәлім. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің негізін қалайтын ол әрине тәрбиеші. Қазіргі тәрбиеші тек өз ісінің шебері ғана болып қоймай, сонымен бірге уақыттың мағынасын, қоғам өзгерісін терең сезінуі керек. Себебі мемлекет абыройы бүгінгі жас меңзейтін ұғым болып табылады. Ең бастысы, тәрбиеші әркез бәсекелістікке қабілетті болуы және оған қашан да дайын болуы қажет. Бұл қасиеттер педагогты өз ісіне жауапкершілікке жетелейді. Педагог білімді әрі білікті болса ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, шеберлігін шыңдай түседі. Сонда ғана педагог бойындағы асыл қасиеттер жоғары бағаланады. Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ендеше білім беру саласының басты міндетінің бірі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Бүгінгі күні білім саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында, Үкіметке, мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдістерін енгізуді тапсырды. «Бұлар инновациялық, білім беру технологиялары, креативті болуы шарт», - деді Н. Назарбаев. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің, өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екендігі баршаға мәлім. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің негізін қалайтын ол әрине тәрбиеші. Қазіргі тәрбиеші тек өз ісінің шебері ғана болып қоймай, сонымен бірге уақыттың мағынасын, қоғам өзгерісін терең сезінуі керек. Себебі мемлекет абыройы бүгінгі жас меңзейтін ұғым болып табылады. Ең бастысы, тәрбиеші әркез бәсекелістікке қабілетті болуы және оған қашан да дайын болуы қажет. Бұл қасиеттер педагогты өз ісіне жауапкершілікке жетелейді. Педагог білімді әрі білікті болса ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, шеберлігін шыңдай түседі. Сонда ғана педагог бойындағы асыл қасиеттер жоғары бағаланады. Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ендеше білім беру саласының басты міндетінің бірі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Бүгінгі күні білім саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу барысында, Үкіметке, мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи әдістерін енгізуді тапсырды. «Бұлар инновациялық, білім беру технологиялары, креативті болуы шарт», - деді Н. Назарбаев. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді.
Мектепке дейінгі тәрбиешілердің құзіреттілігіни арттыратын әдістер.docx
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСТЕР Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған  мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің, өзегі білім, ғылым,  тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал  мектептің жаны мұғалім екендігі баршаға мәлім. Ал мектепке дейінгі  ұйымдарда білім берудің негізін қалайтын ол әрине тәрбиеші.  Қазіргі тәрбиеші тек өз ісінің шебері ғана болып қоймай, сонымен бірге  уақыттың мағынасын, қоғам өзгерісін терең сезінуі керек. Себебі мемлекет  абыройы бүгінгі жас меңзейтін ұғым болып табылады. Ең бастысы, тәрбиеші  әркез бәсекелістікке қабілетті болуы және оған қашан да дайын болуы қажет.  Бұл қасиеттер педагогты  өз ісіне жауапкершілікке жетелейді. Педагог білімді әрі білікті болса ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, шеберлігін шыңдай  түседі. Сонда ғана педагог бойындағы асыл қасиеттер жоғары бағаланады.  Қазіргі кезеңде егеменді еліміздің ертеңі ­ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың  білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан­жақты қабілетті ұрпақ –  ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ендеше білім беру саласының басты  міндетінің бірі ­ өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи  әдістерін енгізу. Бүгінгі күні білім саласында инновациялық педагогикалық  технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен  қолданылатын ұғымдардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту  мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Назарбаев Университетінде  «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында интерактивті дәріс оқу  барысында, Үкіметке, мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің заманауи  әдістерін енгізуді тапсырды.  «Бұлар инновациялық, білім беру  технологиялары, креативті болуы шарт», ­ деді Н. Назарбаев. 2020 жылға  қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді. «Балаға 3 жастан бастап білім сіңіре  беру және оған ұжым аясында тәрбие беру керек. Мектепке дейінгі білім  беруді жаңғырту қажет», ­ деді Н. Назарбаев.        Егеменді еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру,  қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр.  Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен  технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны,  әдіс ­ тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын  қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын  анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.  Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке  басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық  технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни,  педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін  дамуына, жан­жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай  жасау қазіргі  таңдағы әрбір педагогтың міндеті.     Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім  беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру ­ басты  мәселенің бірі. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану  келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан­жақты білім алуына, белсенді,  шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып  табылады. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту  мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру  жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық  оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту,  түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды  дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту,  деңгейлеп оқыту т.б. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең  теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,  педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына  білуді талап етеді.          Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын  заманауи педагогикалық әдістердің бірнеше түріне тоқталайық. Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытуда балалардың шығармашылығын дамытуда  интербелсенді әдістерді қолдану  бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік  береді. Интербелсенді әдістер тәрбиеленушілердің басқа балалармен,  тәрбиешімен диалогқа кірумен, шығармашылық тапсырма орындаумен,  оқытудың «субъекті» ретінде сипатталады. Педагогтың ұстанымы ауысады: ол балаларға басшы емес, білім беру іс­әрекетінің тең қатысушысы. Бала  тұлғасын әлеуметтендіру үдерісінің ең басында туындайтын интербелсенді  оқыту баланың интелектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды. Интербелсенді әдістер балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымын дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға  және жеке мүмкіндіктерді беретін заттық­дамытушы орта құруға мүмкіндік  береді. Еліміздің мектепке дейінгі мекемелері мемлекеттік стандартымызды, ұлттық  тәрбиемезді негізге ала отырып, оқу іс­әрекетін жүргізумен қатар,  бала  тәрбиесіндегі әлемнің көптеген мемлекеттері пайдаланып отырған үздік  тәжірибелі италияндық ағартушы­ғалым М.Монтессори әдісімен жұмыс  жасауда. Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартында  қарастырылған бес білім беру салалары М.Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді.      М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім  қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді,  қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты ­ балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің  нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің  жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала. Педагог әрқашан  мейірімді,балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық  орта арасындағы елші болады. М.Монтессори әдісі ұлттық,  діни,   мәдениеттілік дәстүрлерін жалпы философиялық тұжырымдамалық  тәрбиемен жарастыра біріктіретін, әдістемелік базасы бар мәні бойынша  тұтас, ұтқыр эволюцияландырушы авторлық жүйе болып табылады. Мектепке  дейінгі шақ адамзат өміріндегі ең шешуші кезең болып келеді. Өйткені осы  кезеңде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан­жақты дами  бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан­жақты  дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, соншалықты жұмыс нәтижелі  болады. Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда Г.С. Альтшуллердің  «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын  республикамыздың мектепке дейінгі мекемелері қолдануда.  Шығармашылықты зерттеген ғалымдардың бірі Г.С.Альтшуллер 50 жылға  жуық шығармашылық тұлға іс­әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты.   Кейбір психологтар шығармашылықты былай деп бағалайды: алғырлық,  білімпаздық, жүйелілік, түп нұсқалық. Ал Тапқырлық тапсырмаларды шешу  теориясының мақсаты – ойлау стилін жетілдіру, ереже қылу. Яғни адамның  өмірге деген көзқарасынан шығармашылық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді, дамуды қабылдауына байланысты болады. Мектепке дейінгі  балалық шаққа бейімделген ТТШТ технологиясы баланы шығармашылық  тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық  қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып,  шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Баланың  шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселесі мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім  мақсатының біріне жатады. Бүгінгі күні осы  Тапқырлық тапсырмаларды  шешу теориясының әдістері  арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік  құзіреттіліктерін, қабілеттерін дамытудағы маңызды орынды алатыны айқын.  ТТШТ әдістерін дұрыс қолданудың арқасында балалардың шығармашылық  қиялы, тапқырлығы, диалектикалық ойлауы жетіледі. Жалпы оқу жүйесін  бұзбай оқу үрдісін ұйымдастыруда тиімді формаларды пайдалана отырып  негізгі құзыреттерді дамыту мақсатында әр түрлі педагогикалық  технологияларды пайдалануға болады.Жұмысты орындау барысында  оқушылар өз алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін жол таңдап  ақпаратты ізденіс жасап өзінің істеген жұмысын дұрыс бағалауға үйренеді.  Өмір талабына сай жаңа оқытудың тиімді әдіс­тәсілдерін оқу процесі мен  тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті болса, оқу іс­ әрекетінде өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан­жақты дамытуда  аса зор мәні бар екенін айқындаймыз. Қазіргі заман талабына сай үздіксіз білім беру арқасында жаңа талапқа сай ұрпақ тәрбиелеу – ұстаз міндеті. Баланың ой санасын дамыту арқылы шеберлікке жан­жақтылыққа, ойының жоғары  дәрежеде жетілуіне, білім деңгейінің артуына оқыта отырып тәрбиелейміз.  Ертегі арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын  игереді,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл­ойы өсіп жетіледі, әрі  адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Заманауи инновациялық әдістерді  мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды  шаршатпай, жалықтырмай, жан­жақты дамуына тигізер үлесі өте зор.  Әдістерді қолдану­бұл әр баланың жүрегіндегі сезім­талшықтарын,  қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін  дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа  шығару, талдау.  Неміс педагогы А.Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс  мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім  ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы ұстаз баланың өзін ізденуге жетелейді,  ойлауға үйретеді»­деген. Бір сөзбен айтқанда әр ұстаз­ізденімпаз ғалым,нәзік  психолог, жан­жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез­келген ортаның ұйытқысы болу керек. Негізгі құзыреттіліктерді әр  сабақта, сабақтан тыс өтілетін іс­шараларда дұрыс мақсат міндеттерді қоя  отырып дамытуға болады. Бала бойында құзыреттілікті қалыптастыру үшін  тәрбиешінің өзі де белсенді құзыреттілікті иемдену керек. Ең негізгісі  жауапкершілікті өзіне алып жаңа технологияларды біле отырып, оны өзінің  профессионалдық еңбектерінде қолдана білуі қажет. Осы жоғарыда айтылған  құзыреттіліктерді игере отырып,оқушыларды қиындықты жеңуге, өмірде өз  орнын табуға үйретуге болады. Елбасының «Қазақстан ­2050» Стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында білім­ғылым  саласына де ерекше көңіл бөлінді. Елбасы алдағы уақытта осы салаға айрықша назар аударуды, әсіресе оқу­ағарту саласын заманауи әдістемелік жағынан  жарақтандырып, толық қамтамасыз етуге тапсырды.  Бүгінгі күні  Қазақстанның заманауи білім беру жүйесі үшін өзекті мәселелердің бірі –  балаларды ғана емес, педагогтердің де шығармашылық әлеуеттерін дамытуды  қамтамасыз ету. Сондықтан қазіргі кезде облысымыздағы мектепке дейінгі  педагогтерінің  мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін  қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда. Облыстағы  “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының  филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттында  біліктілік арттыру курстары өтуде. Осыған орай курстық бағдарламаларда  мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың заманауи  педагогикалық технологиялары  модульдік оқу бағдарламалары еңгізілген.

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель

Эссе на тему: Моя профессия - воспитатель
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2018