Эссе "Педагогикалық ұстаным"
Оценка 4.9

Эссе "Педагогикалық ұстаным"

Оценка 4.9
Документация
docx
администрации +1
Взрослым
22.01.2018
Эссе "Педагогикалық ұстаным"
Эссе о выборе профессии учителя. Кредо учителя - постоянное самообразование, применение инновационных технологий в процессе обучение. О статусе и модели современного учителя. Цели и задачи, которые стоят перед современным учителем направлены на то, чтобы выпускник школы был социально адаптированным и конкуретноспособным.
Эссе.docx
Солтүстік Қазақстан облысы                       Ақжар ауданы                                                   КММ «Қызылту орта мектебі» информатика пәнінің мұғалімі Кусакаева Ботагоз Барлыбайқызы Эссе Мұғалім   мамандығын   таңдап,   бірнеше   жылдар   бойы   қызығы   мен қуанышы мол еңбек жолындағы қызмет етудемін. Алға қойған педагогикалық ұстаным­үнемі іздену, оқытудың жаналықтарын білім жолында қолдану, әр оқушының   бойынан   жақсылық   тауып,   бұлақтың   көзін   ашу   арқылы   биік мақсаттарға жетелеу. Әрине, ұстазға қойылған жүқ ауыр. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.  Халқымыз   әрқашанда   ұстаз   мәртебесін   көтеріп,   аса   жоғары   қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай: « Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»,­ деп айтқаны белгілі. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға­ұстаз. Ұстаз қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу­ тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім­тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт­бағдар беру ұстаздың   міндеті.   Осы   міндетті   орындау   барысында   оқушының   бойындағы қызығушылықты оятуда жылдар бойы еңбек етіп келемін.  Өзімнің   іс­тәжірибемде   оқытудың   жаңа     тәсілдерін   ұтымды   қолдануға тырысамын.   Педагогикалық   процесті   іске   асыру   барысында   алға   қойған мақсатым мен міндетім төмендегідей:    инновациялық іс­әрекетінің қажеттілігін сезіну;   оқу үрдісінде жаңашылдық енгізу;   жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;   оқушыны шығармашылыққа жұмылдыру; Сабақ   барысында   оқытудың   жаңа   инновациялық   технологияларды қолдана отырып оқушының кажеттілігін және қабілетін дамытамын. Сабақты бүкіл аудиторияны қызықтырардай бастауға зор мән берілуі керек. Әрбір жаңа   сабақты   бастамас   бұрын,   сол   тақырыпқа   қажеттілік   туғызамын. Педагогикалық   шеберлік   үнемі   жетіліп   отыруды   қажет   ететін   балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге баларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс   істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Оқушылардың бойында: «Бүгін сабақ қалай болар екен?»­ деген ой туындауы қажет. Қызықты сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Өткізілген әр сабағымда компьютерлік технологиялармен  қатар ақпараттық мәліметтерді, өмірімен тығыз   байланыстылықты   және   сандық   білім   ресурстарын   кеңінен пайдаланамын. Бүгінгі заман талабының сұранысын толығымен қанағаттандыруға үлес қосудамын. Педагог­   өз   ісінің     шебері,   жоғары   мәдениетті,   өз   пәнін   терең меңгерген,   ғылым   мен   өнердің   тиісті   салаларына   хабардар,   жалпы, әсіресе   балалардың   психологиясының   мәселеріне   қанық,   оқыту   мен тәрбиенің   әдістемесін   жетік   игерген   маман.   Оқушыға   білім   берумен қатар күнделікті іс­тәжірибемде өзімді­өзім жетілдіріп отыру да алға қойған   міндеттерімнің   біріне   айналып   отыр.   Осы   барыста   үздіксіз білімді көтеріп отыру, арнайы пәндік және қосымша әдебиеттерді оқу, оқытудың   жаңа   әдіс­тәсілдердін   меңгеріп,   өзіндік   білім   жетістігіме сараптама жүргізу күнделікті әдетқе айналуда.

Эссе "Педагогикалық ұстаным"

Эссе "Педагогикалық ұстаным"

Эссе "Педагогикалық ұстаным"

Эссе "Педагогикалық ұстаным"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018