Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!
Оценка 4.9

Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!

Оценка 4.9
Видеоуроки +1
docx
воспитательная работа
Взрослым
26.06.2017
Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!
Мен Елбасымыздың әр туындысын адамдық парыздылықтан ғана емес, былайша жұтар ауадай, ішер астай қажеттіліктен қолыма алып, көз салам. Диуани дүниелер сол сәтте ұмыт боп, рухани дүниеме азық етер керектінің бәрі кезігеді. Бүгінгі болмысымыздың күйін, мән-мағынасын тереңдей білсем, Болашақ Қазақстанды жасауымыз үшін қандай ұстаным, қандай мақсат керектігін дәл көрем! Алға қарай, қай жөніммен бара жатқанымызды ұлттық идеямызды айқын түсінемін. Елбасымыздың «Ғасырлар тоғысында», болашақтың бағдаршамы болған «Қазақстан-2030,- 2050», «Еркін елдің- ертеңі», «Сындарлы он жыл», «Бейбітшілік белестері» және тағы басқадай ұлттық идеямыз-мәңгілік ел болу мақсатында, әр жылдарда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларын әдейілеп оқимын.
Казакстаннын болашагын бирге жасаймыз.docx
Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!    Мен  саясаткер  де,  экономисте,  ірі  ғалым  да  емеспін.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті мұғалімі­   кітапханашымын.   Ұлттың   тағдыры,   тарихы,   өнері,   мәдениеті   тұтас   елдің болашағы   дегенде   көңілім   бейтерап     қалмай,   өз   үнімді   қосқым   келді.   Қазақстанның болашағын айшықтайтын поэзия ма, әлде ол сөредегі үнсіз тілдесер кітаптарымыз ба, әлде жаңадан   келген   газет­журналдарымыз   ба   немесе   жаңалықтар   легі   болсын,   Мен Қазақстанның   болашағына   үлкен   сеніммен   қарап,   өзімді   қамшылай,   алға   қойған мақсаттарымды нақтылай түсемін. Меніңше көңілі ояу, әр қазақстандық, осылай жасаулары шарт. Неге десеңіз, бұлай ойламауға шараң қалмайды.    «Биыл біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан   күнге жеткізген, бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық»­дейді Елбасы.    Мен Елбасымыздың әр туындысын адамдық парыздылықтан ғана емес, былайша жұтар ауадай, ішер астай қажеттіліктен қолыма алып, көз салам. Диуани дүниелер сол сәтте ұмыт боп, рухани дүниеме азық етер керектінің бәрі кезігеді. Бүгінгі болмысымыздың күйін,   мән­мағынасын   тереңдей   білсем,   Болашақ   Қазақстанды   жасауымыз   үшін   қандай ұстаным,   қандай   мақсат   керектігін   дәл   көрем!   Алға   қарай,   қай   жөніммен   бара жатқанымызды ұлттық идеямызды айқын түсінеміз!       Елбасымыздың   «Ғасырлар   тоғысында»,   болашақтың   бағдаршамы   болған «Қазақстан­2030,­   2050»,   «Еркін   елдің­   ертеңі»,   «Сындарлы   он   жыл»,   «Бейбітшілік белестері» және тағы басқадай ұлттық идеямыз­мәңгілік ел болу мақсатында, әр жылдарда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларын әдейіліеп оқығанды көңілім қалайды. Өйткені оларға өзіме де, өзгелерге де рухани азық боларлық  не керектінің бәрі бар!    Шынында, асқан саяси, философиялық, әлеуметтік, ғылыми  стратегиялық басқа да мәнді жақтарын былай қойғанда, ол туындыларда ерекше  публицистік қарымдылықпен бүгінгі өміріміздің шынайы шындығы,алғы болашағымыздың қандай кескін­келбеті болмағы “қолға   ұстатылып”,”   көзге   көрсетіліп”   алға   қойылған.Соларды   білесің,көресің,сенесің! Қиялыңды арман кернейді.Бойыңды бақыт билейді.     Сондықтан Президентіміздің Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарын қас қағымда құмарта, тұщыны сергек сезіммен оқып шығып,оларды” зерттеуге өз­өзімізді тәрбиелеуді үйрендім! Ойландырып жүрген сұрақтарыма жауап тапқанда өзіме қажет жаңалық  ашқанмен бірдей күйде   қаламын”.Ойландырған!   Ой   түйдірген!   Томаға­тұйық   қалмауға   жетелеген! Әдебиетші   мұғалім   ретінде   “Қазақстанның   болашағын   бірге   жасаймыз”­дегізген,   ал кітапханашы ретінде Отаныма деген патриоттық сезімімді лаулата түскен осы Елбасының кітаптарының әсері, ықпалы деп айта аламын!Президент еңбектерін насихаттау үшін, ең бірінші   кітапханашы   осы   кітапты   өзі   оқып,   ойын   түйіндеп,   жинақтап   алған   соң   ғана, оқушыларды оқуға үндейміз! Ұнаған кітапты ерекше сүйсіне, аса бір ыждағаттылықпен қолға алып, пайдалы жағына оқушылар назарын аударта отырып, сүйсіне баяндаймыз!       Өркениет   өрісіміздің   қандай   болуға   тиістілігінің   де   ғылыми   бағдарламасы жасалған.Мен тіл патриоты, Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың осы бағдарламаларындағы қағидаларын ұғымдап, сол орайдағы ойларын,сөзін әрі “тірілте” жандандыра түспекпін.      Мемлекет басшысы Қазақстан­2050 стратегиясы­қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси   бағыты   атты   Қазақстан   халқына   Жолдауында:еліміздің   үшін   қалыптасу   кезеңі табысты аяқталғанын,” Қазақстан­2030”   стратегиясының мерзімінен бұрын орындауына қол   жеткізгенімізді   атап   көрсетті.   Мемлекет   басшысы   ЭКСПО   ­2017   халықаралық көрмесінің   2017   жылы   Қазақстанда   өткізілетіндігімен   шүйіншіледі.Мұндай   мәртебеге Елбасшымен бірге жеткеніміз хақ.       Жолдауда   қазақ   тіліне   айрықша   көңіл   бөлінді,   онда:   «Біздің   міндетіміз­оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.Біз ұрпақтарымызға балаларымыздың сандаған   буының   тәжіриебесінен   өтіп,   біздің   де   үйлесімді   үлесімізбен     толыға   түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.Бұл­өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет.    Мемлекет өз тарапынан мемлететтік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.Қазақ  тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек деп атап көрсетілді.    Жолдаудың 7­ ші бөлімі «Жаңа Қазақстандық патриотизм­біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізгі тарауында «Қазақстанның болашағы­қазақ тілінде»­ деп Президент Нұрсұлтан Әбішұлы мындай мәселелерге тоқталды.     ­2025   жылдан   бастап   әліпбиімізді   латын   қарпіне,   латын   әліпбиіне   көшіруге кірісуіміз керек.Бұл­ ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе.Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.Балаларымыздың болашағы үшін әлем өкілдерімен бірлесе осындай шешім қабылдауға тиіспіз.  Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез­келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Қазақ   тілі   жаппай   қолданыс   тіліне   айналып,   шын   мәніндегі   мемлекеттік   тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз.       2050   жылғы   қазақстандықтар­үш   тілде   сөйлейтін   білімді,   еркін   адамдардың қоғамы   болуына   өз   үлесімді   қоса   беремін.Осылайша   жаңа   білім   меңгеруге   құштар, еңбексүйгіш өз елімнің патриоты екенімді дәлелдей түспекпін.Бүгінгі жастар болашақтың тірегі, мәңгілік тәуелсіз Қазақ елінің перзенттеріміз. Біз   қазақстандықтардың   ел   болашағының   тұтқасын   нық   ұстануы   үшін   Қазақстан 2050   Стратегиясы   айқын   шамшырақ   секілді   басты   мақсатымыздан   көз   жазбай, азаматтарымыздың   күнделікті   тіршілігінің   мәселелерін   шешуге   мүмкіндік   береді.Бұл «Қазақстан   жолы­2050:   бір   мақсат,бір   мүдде,   бір   болашақ»   Президент   жолдауында, әсіресе,   жастарымызға   мынаны   айтамын   деп   тоқталады.Сондықтан   да   бұл   стратегия сіздерге, жастарға  арналған. Оны   жүзеге   асыратын   да,   жемісін   көретін   де   Сіздер!Өз   жұмыс   орындарынызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз атсалысыңыздар!.Немқұрайлылық таңытпаныздар!.      Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар! Қазақстанның болашағын бірге   жасайтын   бүгінгі   жастарымыздың   армандарына   қанат   бітіріп,   бойына   жігерлік жандырыңыздар!деп ұран тыстап,үндеуге шақырамын!        Демек біздер жастар Жолдаудың әрбір сөйлемі елдік мұраттарға жауап беріп отырғанда,   ел   болашағының   іргетасы   және   қазақстандықтарды   біріктіретін   басты   7­ құндылығын орындаудан бастағанымыз абзал! Жалқаулықты жеңіп, жеңді түріп Қазақстан болашағын бірге жасаймыз!.Шүкір, тәуба! Алла қаласа бұл белесті де бағындырарымызда жастар Отанына қалтқысыз қызмет етері анық дүние. Парламент Мәжілісінің депутаты: Гүлнар Сейітмағанбетова Жолдауда мәдениетке қатысты мемлекеттік тұрғыда Мәдениет туралы   саясаттың   тұжырымдамасын   жасау   жөнінде   тапсырма   берілді.Мұнда   ұлт руханиятының біраз мәселелері қамтылады, тіл, діл, әдебиет мәдениеттің дамуына игілікті жол   ашатын   жақсы   тұжырымдама   жасалады,күтеміз   деп   үн   қосады.Жас   маман   ретінде осындай   жауапқа   көңілің   толады.Түйгенім   Тәуелсіз   Қазақстанның   шағын   қаласынан айбынды асқақ   ару Астанаға көшу арманымды орындауға шешім қабылдадым.Елордасы Астанадан жас маман, ретінде Қазақстанның болашағын бірге жасау жолында қызмет етуге толық мүмкіндігім бар.Ол деген бір жерде тұрмау, нәтиже көрсете білу, мәдениет пен өркениеттің қазаны қайнаған қарыштап дамыған Астанамен астасып біте қайнау мендегі мақсат.Елорда ол балаларымыз үшін қайтарымы бар, инвистициялы,болашағының бастауы, қайнар көзі.   Оқырман ретінде, бос уақытта айтулы, қаламы ұшқыр танымал қаламгерлерімізбен бірге,   көпшілікке   кеңінен   таныла   қоймаған   журналист   жас   қыз­жігіттер   мен   Тәуелсіз Қазақстанның   ақын,   жазушылары   шығармалары   мен   өлеңдеріне   көз   жүгіртіп,   аса   ден қойып, оқитыным бар. Осындайда тілге ақын Қалқаман Сариннің:      Сан ғасыр армандаған Алаш бабам,      Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам.      Бірлікті байрақ етіп болашаққа,      Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған! ­деген жыр жолдары келеді.         Жолдау­2015   тен   әрбір   қазақстандық   үшін   маңызды   35     факте   «   Астана халықаралық   қаржы   орталығы   исламдық   қаржыландыру,   приват­банкинг   және   қайта сақтандыру   саласындағы   өңірлік   хабар   болады»   делінген.Бас   қалада   арман, мақсаттарымызды   іске   асыруға   тек   сенім   керек.Президент   Нұрсұлтан Әбішұлы:Қазақстанның жас азаматтары!       Білімді,   еңбекқор,   бастамашыл,белсенді   болуға   қазірден   бастап дағдыланыңдар!.Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар!Шеберліктің шыңына жете білсеңдер   мамандықтың   бәрі   жақсы.Қазір   техникалық   мамандықтардың,   ғылым   мен иновацияның   күні   туған   заман.Ерінбей   еңбек   еткен,   талмай   ғылым   іздеген,   жалықпай техника меңгерген адам озады.Тұрмысы жақсы, абыройлы асқақ болады.Біз жүзеге асырып жатқан   түбегейлі   реформалар   мен   атқарып   жатқан   қыруар   істердің   бәрі   сендер   үшін, болашақ   үшін   жалғасуда.Мен   жастарымды   жұмысшы     мамандығын   белсенді   меңгеруге шақырамын!.      Келе жатқан күрделі кезең   біз үшін еңсеру кезеңі болады.Біз жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз!.Бұл үшін бізде бір­тұтас ерлік­жігер, халық бірлігінің берік   дәстүрлері   бар.Біз   Қазақстанымызды   дамудың   жаңа   шептеріне   шығарылатын боламыз! –деп Жолдауын түйіндеді.      Ендігі жерде жастар тәуелсіз Қазақстанның болашағын бірге жасауда жұдырық болып  жұмылып нақты істерге көшеміз!Қазақстанның  болашағын бағдарладық,  тұрақты мәңгілік елдің деңгейіне бірге жер жүзіне жақұттай жарқыратып жанамыз!. ...Дамуымызды әлемдік тәжірибе тұрғысынан талдау және реформаларымызды іске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесін үздік   әлемдік тәжірибемен салыстыру маңызды. Н.Назарбаев. Дағдарыстар   болады,   біріге,   жұмыла   көтерген   қиындықтар   жеңілдейді.   Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады!.  Біз қазақ  халқы үш мың жылдықтарға дамыған мәңгілік ел болып жетерімізге нық сенімдеміз!

Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!

Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!

Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!

Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!

Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!

Эссе тақырыбы: Қазақстанның болашағын бірге жасаймыз!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.06.2017