Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
Оценка 4.7

Эстафеталық жүгіруді түрлендіру

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
физическая культура
7 кл—11 кл
11.01.2022
Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
Эстафеталық жүгіру техникасын, таяқшаны беру әдістерін, таяқшаны беру,қабылдау аймағындағы қозғалыстары үйрету
Эстафеталық жүгіруді түрлендіру - 130 7 12.docx

                                          Қысқа мерзімді сабақ жоспары

1-бөлім: Лақтыру, секіру, жүгіру дағдыларын жақсарту және дамыту

Мектеп: Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ

Күні: 26-28.09.21ж

Мұғалім: Култумбаев Есен

Сынып: 7 «б,в,г,ғ»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Эстафеталық жүгіруді түрлендіру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру

Сабақтың мақсаты:

 

 

 Оқушылардың барлығы орындай алады:

Арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттері дәлдігін біледі және жетілдіре алады.

 Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Спорттық қозғалыс кезіндегі жылдамдық, икемділіктерін дағдыларын жетілдіру.

 Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Қимыл-қозғалысты орындау реттілігінде, дене қозғалыс қабілеттерін дамыта отырып, басқаларына көш бастай алады.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындау.

Сабақ жоспары

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

 

 Дайындық бөлімі:

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу.

Ø  Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару.

Ø  Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Ø  Бағалау критерийлерін анықтау.

Ø  Қауіпсіздік ережелерін ескерту.

«Шаттық щеңбері»

Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілек айту.

Саптық жаттығулар:

-«оңға», «солға», «айнал».

Жүру жаттығулары:

- қол алда, аяқтың ұшымен жүру,

- қол белде, өкшемен жүру,

- қол желкеде, жартылай отырып жүру,

- қол белде, толық отырып жүру. 

Жүгіру жаттығулары:

- қол алда, аяқты алға сермей жүгіру,

- қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру,

- қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру,

- артпен сол йықтан алға қарап жүгіру,

Жалпы дамыту жаттығулары:

Тыныс жолдарын қалпына келтіру,

 

Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды.

 

 

 

Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды.

Ысқырық, секундомер,

Сабақтың ортасы

30 мин

 

 

 

(Т, ҚБ) Белсенді оқыту әдісі:        

«Үштік» әдіс

 Оқушылар эстафеталық жүгіру техникасын, таяқшаны беру, қабылдау әдістерін, төменгі сөреден шығу қалыптарын, таяқшаны беру аймағындағы қозғалыстар туралы мәліметтер жинайды. Сол жинаған мәліметтер бойынша ойлары мен өз пайымдауларын қағазға түсіреді (Ойлан). Қағазға түсірілген мәліметтерді өз жұбымен талқылайды, пікірлеседі (Жұптас). Одан кейін өз пайымдауларын, идеяларын сыныптастарымен бөліседі (Бөліс). Осылай оқушылардың тақырып бойынша оқылым, айтылым, жазылым дағдылары қалыптасады.

 Оқушылар жұмыс нәтижесіне қарай бір бірін және басқаларын бағалайды.

 

Эстафеталық жүгіру техникасын, таяқшаны беру әдістерін, таяқшаны беру аймағындағы қозғалыстарын үйрету:

 1.Төменгі сөреден эстафеталық таяқшамен шығуды үйрету.

 

 

2.Эстафеталық жүгіру, эстафеталық таяқшаны беру, қабылдау әдістерін үйрету жаттығулары:

 - тақшаны ұстау,

 - қабылдау әдістері (жоғарыдан, төменнен)

 - жүрісте орындау,

 - жай жүгіріспен,

 

 

Қозғалмалы ойын

«Қарама-қарсы эстафета»:

Оқушылар екі топқа бөлініп бір біріне қарама қарсы қатарға тұрады. Мұғалім белгі берісімен бірінші топтан бастаушы оқушы келесі топқа қарай жүгіреді. Сол топтағы бірінші тұрған оқушыға береді, өзі сол топтағы ең соңғы орынға тұрады, эстафеталық таяқшаны қабылдаған оқушы жүгіріп, әлгі бастаушы топтағы екінші оқушыға береді де, сол топтағы соңғы орынға тұрады. Эстафеталық жүгіру барлық оқушылар эстафетаны аяқтағанша жалғасады.

 

Оқушылар түзетуші комментариилер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды.

 

 

 

 

 

 

Эстафеталық таяқшаны төменнен, жоғарыдан беру әдістерін, және таяқшаны беру аймағындағы қозғалыстарын орындай алады.

 

 

 

 

 

 

Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, ысқырық, секундомер

 

 

Эстафеталық жүгіру техникасы

 

https://youtube.com/watch?v=M-wYJhSG8dk&feature=share

 

 

https://youtube.com/watch?v=KfSSbYIO5vE&feature=share

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

 

 

Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Кері байланыс,

«Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу.

«Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу.

«Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетінднрін жазу.

Үйге тапсырма.

 

Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Үлкен бос кеңістік, секундомер.

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Лақтыру, секіру, жүгіру дағдыларын жақсарту және дамыту

Лақтыру, секіру, жүгіру дағдыларын жақсарту және дамыту

Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс жолдарын қалпына келтіру,

Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс жолдарын қалпына келтіру,

Оқушылар екі топқа бөлініп бір біріне қарама қарсы қатарға тұрады

Оқушылар екі топқа бөлініп бір біріне қарама қарсы қатарға тұрады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.01.2022