Эстетическое воспитание в детском саду.
Оценка 5

Эстетическое воспитание в детском саду.

Оценка 5
doc
20.01.2022
Эстетическое воспитание в детском саду.
10 Статья Музыкальное воспитание.doc

 

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

 

Балабақшада баланы тәрбиелеу, олардың қабілетін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Баланы ерте сәбилік кезеңнен бастап, іс-әрекетке енгізудің маңызы зор. Эстетикалық тәрбиені бала дамуының алғашқы сатысы мектепке дейінгі кезеңнен бастау жан-жақты жарасымды дамыған ұрпақ тәрбиелеуге алғы шарт жасайды.

Эстетикалық тәрбие – сұлулық пен эстетикалық даму заңдылықтарына сай сұлулық пен әсемдікті бағалай білу қабілетін жетілдіруге бағытталған мақсатты жүйе. Дүниенің әсемдігін сезіну - әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге деген қызығушылығын қалыптастыру. Балалардың бойына өнерге және шындыққа деген әсемдік көзқарас тұрғысында қарауды қалыптастыру болып табылады. Мұндағы мақсат – бала тұлғасының әсемдікті тануы мен білім алуын дамыту. Шығармашылық іс-әрекеттерге қатыстыру, сол арқылы әсемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу – бүгінгі күн талаптарының ең маңыздысының бірі.

Эстетикалық тәрбие – балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін тереңдетеді. Әсемдікті сезіну балалардың өмірін байытып, бір - біріне достық қарым - қатынасын, жақсылық істеуге талпынысын, белсенділігін тудырады. Эстетикалық тәрбие дегеніміз – баланың өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, өнердегі әсемдікті дұрыс қабылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие – кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді.

Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол бала табиғатына ғана тән жоғары сезім. Баланың әсемдікті сезе де, тани білу қабілеті, әсемдікті жасауға қарым - қатынасы, оның сезім - байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты болады.

Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға  әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады.

Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады, яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық  шақта  музыкалық әсердің тақыр-таза болуының кейін орнын толтыру өте киын. Музыка  табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл күйін тани білуі тиіс. Әлеуметтік  оқшауланушылыққа  ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін тәрбиелегендердің тілі мен  дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас жасайды. Және ол балалық   кезінде  қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер  ақындық және музыкалық тілі де осы болады.

Сондықтан да жасынан  бесік жырын тындап өскен, санамақ айтып, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында  өскен   бала көпшілік бақылауға қарағанда, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық дамыған болатындығы осыдан  кейін түсінікті болады.  Музыкалық даму жалпы дамуға ештеңемен алмастыра алмайтындай әсерін тигізеді: адамның эмоциялық аймағы қалыптасады, ойлауы жетіледі, өнердегі және өмірдегі сұлулыққа сергектігі тәрбиеленеді.

Музыка  баланың өмірінде педагог әрекетінің  белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық  қабілеттерінің дамуы көбіне  музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының  түйісуіне байланысты болады. Музыкалық  жетекші  мен тәрбиешілер әрекеттестігінде  балалардың музыкалық дамуы бойынша  жұмысты бірлескен  жоспарлау олардың ұғымдары мен әрекеттерінің  жалпы мағынасын  қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.

Балабақша  өмірінің  барлық жағына белсене қатыса  жүріп, музыка  жетекшісі ата-аналар арасында музыкалық–эстетикалық білімді  белсене  насихаттау тиіс.  Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің  маңыздылығын түсінетін болса, олар  балаларын отбасында, музыка үйірмелерінде, студияларында, балалармен бірге концерттерге, музыкалық спектакілдерге барады, жан- жақты  музыкалық әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.

Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс  істейтін  педагогтер жұмысының  басты жетістігі барлығын бірыңғай  шығармашылық командаға  біріктірігіп, жұмыс  жасау білігін жүзеге асыру болып табылады.

Музыкалық тәрбие - тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру процесі. Мақсаты - музыкалық тәжірибені (жасау, орындау, қабылдау, музыкалық шығарманы анализдеу) жас ұрпаққа жеткізу. Музыкалық тәрбие дегеніміз индивидке мақсатты түрде педагогикалық әсер ету, ол тұлғаның жалпы үйлесімді дамуының ізгіліктік-эстетикалық сезімінің, идеалдарының, музыкалық талғамы мен талаптарының қалыптасуының бір құралы ретінде қаралады.

Музыкалық тәрбие мазмұны, формасы және әдістері қоғамда танылған әлеуметтік, философиялық, жалпы педагогикалық ұстанымдарға, музыкалық мәдениеттің қалыптасқан типіне, адамды қоршаған музыкалық әрекет түрлері мен «дыбыстық ортаға» байланысты. Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы. Елеулі компоненті музыкалық қызметпен айналысуға қажет музыка тілін игеруге, музыкалық қабілеттерді дамытуға үйретегін музыкалық оқыту мен білім.

 Музыкалық тәрбиенің балабақшадағы маңызын бағалау қиынға түседі. Ол мектепке дейінгі жастағы балаларды эстетикалық тәрбиелеудің негізгі бөлшегі болып табылады. Ерте жастан бастап балаларға музыка өте ерекше сезіммен әсер етеді. Ол писхологиялық қолайлы жағдайдың  маңызды элементі болып табылады. Оған қоса, музыкадан ұйымдастырылыған оқу қызмет барысында балаларың шығармашылық қабілетін, артистік өнері мен қиялын дамытуға ықпал етеді. Осыған қарамастан, көбі музыкалық тәрбиенің бала интеллектісіне әсерін бағаламайды. Музыкалық элементтерді жиынтықта (әуен, ырғақ, сүймелдеу және т.б.) тыңдау, тани және әуенге қоса білу біліктілігі – өте қиын интеллектуалдық тапсырма.

Музыкалық тәрбие бойынша сабақтар балабақшада ең кіші топтардан бастап ересектер тобына дейін жүргізіледі. Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің негізгі жолы музыкаға қол жеткізудің балаларға арналған тиімді формасы ретінде ән айту арқылы жатыр. Әндер жиынтығын дұрыс таңдау музыкалық жетекшінің басты міндеттері болып табылады.

Сондай–ақ, балабақшадағы музыкалық тәрбие қимылдар арқылы сәтті іске асырылады. Ырғақ элементері икемділікті ғана жоғарлатпай, материалды жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Адам өмірінде үнемі музыканың қатысуы өте маңызды екенін  психологтар дәлелдеген. Музыка ырғағымен оңай жұмыс істелінеді, ойлану оңай,ол белгілі бір нәрсеге бағытталуға көмектеседі, ол адаммен қуанышта да, қайғы да бірге болады.

Жалпы айтқанда музыка баланың қызметінде керемет дүние болып саналады. Ыңғайлы таңдалған әуен балаға белгілі бір күйге келуіне көмек береді: музыка ырғағымен физикалық жаттығу жасауға, сурет салуға, жапсыруға болады. Музыка бала қызметінің тиімділігін арттыруға қабілетті. Тіпті арнайы музыкалық білімі жоқ болса да, ата–аналар баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру барысында музыканы сенімді серік ете алады.

Баланың музыкаға деген махаббатын талап етуге болмайды, ол тек бала өмірінде серік болсын. Баланы музыкалық қойылымдарға апарыңыз, музыкалық фильмдер мен мультфильмдер көріңіздер. Балаға міндетті түрде классикалық музыканы жақсы көру керек деп иландыруға немесе басқа бағыттардағы музыканың құндылықтарын төмендетуге және бір –біріне қарама –қарсы қоюға болмайды. Балаға әр жағдайға арналған: сауық құру, сөйлесу, демалу, ойлану, мұңаю, қуану үшін өз музыкасы бар екенін түсіндіріңіз ( ең жақсысы үлгі ретінде көрсету). Балаларды әндерді есте сақтауға және айтуға үйретіңіз, белгілі әуендерді танығаны үшін мақтаныз, баламен бірге ән салыңыз. Сонымен қатар ән және классикалық музыка арқылы баланы сезімдерді ажырата алуға үйретуге  болады,ол оған өз сезімдері мен қобалжуларын  тануға көмектеседі.

Оны қалай жасауға болады? Баламен бірге кез келген музыкалық үзіндіні тыңданыз, сол туралы әңгімелесіңіз. Бала қандай әуенді тыңдады: мұңды немесе көңілді, тез немесе баяу, қатты немесе тыныш.

Барлық балалар музыкалық ойыншықтарды жақсы көреді, өйткені өздері олардың көмегімен музыка шығара алады. Біраз шыдамдылық танытып, балаларға еркіндік беріңіз. Музыкалық көмек беру арқасында бала белгілі бір затпен қалай дұрыс байланыс жасауға болатынын түсіне бастайды.

Кез келген физикалық жаттығуларға келсек, оларды ды музыка ырғағымен орындау көңілдірек және қызығырақ. Музыка немесе әуен ырғағында саусақ жаттығуларын орындаған өте жақсы. Әуен балаға қимылдарды есте сақтауға және ретімен орындауға, белгілі бір ырғақты ұстануға мүмкіндік береді.

Осы жоғары айтылғандар бойынша шығарылатын қорытынды – музыка баланың жан – жақты дамуына өте қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Скачано с www.znanio.ru

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады

Және ол балалық кезінде қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, оның болашақ саналы сөйлеу және музыкалық ырғақтылығында тірек етер ақындық және музыкалық тілі де осы болады

Ерте жастан бастап балаларға музыка өте ерекше сезіммен әсер етеді

Ерте жастан бастап балаларға музыка өте ерекше сезіммен әсер етеді

Кез келген физикалық жаттығуларға келсек, оларды ды музыка ырғағымен орындау көңілдірек және қызығырақ

Кез келген физикалық жаттығуларға келсек, оларды ды музыка ырғағымен орындау көңілдірек және қызығырақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2022