Етістік
Оценка 4.8

Етістік

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
русский язык
2 кл
13.10.2019
Етістік
Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған білімдерін еске түсіру, қайталау, тиянақтау. Сабақтың міндеті: 5. Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін тиянақтау. 6. Ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көз қарасын қалыптастыру. Жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдыландыру. Сөйлем ішінен етістікті таба білуге баулу. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. 7. Оқушыларға адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа баулу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың типі: қайталау, білімді тиянақтау. Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіну, сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтастыру, іздену. Көрнекілігі: сюжетті суреттер, венн диограммасы, тірек сызбалар, ребус, семантикалық карта.
етістік.docx
Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты:  Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы етістік туралы алған  білімдерін еске түсіру, қайталау, тиянақтау.  Сабақтың міндеті: 1. 2. 3. Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін тиянақтау. Ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көз қарасын қалыптастыру. Жақсылық  пен жамандықты айыра білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдыландыру. Сөйлем  ішінен етістікті таба білуге баулу. Оқушылардың танымдық, шығармашылық  қабілеттерін байқау, дамыту. Оқушыларға адамгершілік және ақыл – ой тәрбиесін беру, белсенділікке,  ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа баулу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ. Сабақтың типі: қайталау, білімді тиянақтау. Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіну, сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтастыру, іздену. Көрнекілігі:  сюжетті суреттер, венн диограммасы, тірек сызбалар, ребус, семантикалық  карта. Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі 1 1 Диалог әдісін қолдана отырып, балалардың қызығушылығын ояту: Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? 2 3 4 5 2 Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде сөйлейміз. Себебі, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Қазақ тіліне байланысты эпиграфты оқу. Қазақ тілім ­ өз тілім, дана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім. Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым қазақ тілім – дей отырып, сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі  сабағымыз ерекшк өтеді, біз «Ертегі еліне саяхатқа» шығамыз. Ертегі­ халқымыздың  ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіден халқымыздың  тұрмыс­салтын, әдеп­ғұрыпын білеміз. Онда шындық оқиға мен қиял­ғажайп оқиға аралас  келіп отырады.  Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешкеннен кейін ғана қай ертегіге  саяхат жасайтынымызды білеміз. Күрең қызыл түсi бар, Тағамдардың асылы. Қуат берер күшi бар.  (бауырсақ) 6 7 8 Балалар қандай ертегіде бауырсақ басты кейіпкер болады?  «Бауырсақ» ертегісінде. Иә, дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар, ақылды менің бүлдіршіндерім. Ендеше ертегіні  мұқият тыңдап отырыңдар. Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға  қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып­ тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа,  орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі  домалай береді, домалай береді. Алдынан қоян шығады. Қоян: ­ бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.  Бауырсақ: ­ жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.  Қоян: ­ қой, бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында .  Бауырсақ: енді не істеймін балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.  Кәне балалар, орындаймыз ба қоянның тапсырмаларын?  Қоянның тапсырмалары: II Үй жұмысын тексеру және өткенді тиянақтау. 1 2 9 10 11 12 13 14 15 16 363 – жаттығуды оқыту арқылы тексеру. Өткенді пысықтау (сұрақ – жауап арқылы, әр сұрақтың жауабына қоянға сәбіз беріп  отыру). Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің қандай түрлері бар? Жалқы есім дегеніміз не? Жалпы есім дегеніміз не? Зат есімнің жекеше түрі? Зат есімнің көпше түрі?  Зат есімнің көптік жалғауларын ата? Етістік дегеніміз не? Венн диограммамен жұмыс. Қорыту: Сонымен зат есім мен етістік неге жатады? (сөз табына). 17  Міне балалар, қоянның тапсырмасын орындадық. Бауырсақты қояннан құтқардық. Сергіту сәті  Миға шабуыл (Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу). 18 Ал, енді бәріміз тақтадағы ребусқа қараймыз. Ребусты шешіп көрейік. Екі етіктің  суреті және ортасында «С» әрпі бар ребус. 19 20 21 Ал балалар, қандай сөз шықты? Етістік. Ондай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Етістік» III Жаңа сабақ «Етістік» 1 Дәптермен жұмыс. Нан сөзін көркемдеп жазу. Күн ретін, тақырыпты жазу. Бауырсақ домалап қояннан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.  Қасқыр: ­ бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ: ­жемеші, мен саған өлең айтып  беремін. Қасқыр: ­жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмаларымды  орында. Қасқырдың тапсырмалары: оқулықпен жұмыс. 365 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп  оқып, көшіріп жазу. Етістіктерді табу. Етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын  сызбамен көрсету.  Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі. (Есентай Ерботин туралы мағлұмат беру)  366 – жаттығу. Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздерді не істейді? сұрағына жауап  беретіндей етіп өзгертіп жазу.  Көрді – көреді, боздады – боздайды, баптады – баптайды, емдеді – емдейді, ойнады –  ойнайды, жазды – жазады.  Сергіту сәті 22 Міне балалар, бауырсақты қасқырдан құтқардық. Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі. Аю: ­бауырсақ, бауырсақ мен сені  жеймін. Бауырсақ : ­ жемеші мені. Мен саған өлең айтып беремін.  Аю:­жоқ, бауырсақ,  өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмаларымды орында.  Аюдың тапсырмалары: 367 – жаттығу. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру. Айжан кітап оқыды. Мадина киім үтіктеді. Айнұр көйлек тікті. 368 – жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу.Сөйлемдегі етістікті айтқызу. Етістіктің не  үшін керек екенін салыстыру. Көл бетінде қалқиды, Мақта сынды үйілген. Үні әсем сан қилы, Мойны да әсем иілген. Мамығын ол тарайды, Маңғаздана қарайды.            (аққу) Дарынды оқушымен жұмыс. Аққу құсына ассоциация құру. айдын көл еркесі        киелі атпайды        әдемі аппақ        сұлу аққу 23 Ал балалар, сендерге «оза оқыту» технологиясы бойынша  аққу құсы туралы эссе  жазып келуге бергенмін.  (1,2 оқушыдан сұрау) Ойын «Жалғасын тап» (мақалдың жалғасын табу) Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес, .......................................................................... (Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес) Ит тамағы үшін жүгіреді. .......................................... (Құс тамағы үшін ұшады) 24 Ал балалар, бауырсақты аюдан құтқардық. Бауырсақ домалап келе жатып түлкіге кез болады. Түлкі: ­бауырсақты көріп –амансың ба  бауырсақ көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы, мен сені жеймін. Бауырсақ: ­ жеме,  мен саған өлең айтып беремін.  Түлкі: ­ оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмаларымды орында. Түлкінің тапсырмалары:  Сәйкестендіру (зат есім мен етістікті) Міне балалар, бауырсақты түлкіден құтқардық. Бауырсақ ата – апасына оралды. Қорыту. Рефлексия. 25 26 27 Сабақта не ұнады? (сабақтың өзгеше болғаны, бауырсақты құтқарып алғанымыз  ұнады) Нені білдіңдер? (етістіктің ережесін, сұрақтарын, зат есіммен байланысатынын  білдік) Нені білгілерің келеді? (етістіктің түрлерін) Үйге тапсырма: 369 – жаттығу, ереже жаттау. Бағалау. (смайликтермен)

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік

Етістік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.10.2019