Бұл сабақта оқушылар ең алдымен Фалестің кім екендігімен, оның геометриядан да басқа қандай ғылымдарды зерттегенін атап айтып шығады. Геометриялық фактілерді, оның маңызын қайта еске түсіреді, сонымен қатар нақты мысалдар да келтіріп, толық айтып береді. Оның əр түрлі ғылымдағы ашуларын сипаттайды.Фалес зерттеулері
Конысбаева.docx
Тақырыбы: Фалес және Фалес зерттеулері.
Мақсат:
Жаңа білім
Жаңа түсінік
Қолданым
әрекеті
Талдау әрекеті
Шығармашылы
қ әрекет
Бағамдау
Сабақ құрылымы:
Фалестің кім екендігін бейнелеп айтады. Фалес
геометриядан басқа қандай
ғылымдарды
зерттегендігін атап шығады.
Геометриялық
фактілерді және оның маңызын қайта есіне түсіреді.
Фалестің
геометрияны қандай салаларда
қолданғанын мысал келтіреді. Ғылымның қаражат
көзіне әсер ететіндігін түйіндейді. Фалестің
астрономияға қосқан үлесінен мысал келтіреді.
Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі
жайлы фактіні парафразалайды.
Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі
геометрияға қатыстысын табу үшін геометрия
туралы білімін қолданады. Шеңберлер туралы
білімін қолданып,
тікбұрышты үшбұрышты
шеңберге іштей қалай сызу керек екендігін
болжайды.
Фалестің ашуларынан біреуін талдайды. Ешнәрсені
қолданбай, оны дәлелдеу қандай екендігіне
қорытынды шығарады.
Астрономия ғылымы мен геометрия ғылымының
арасындағы байланысын анықтайды.
Фалестің өмірінің кейбір бөліктерінің түсіндірмесін
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау бағалау (3 мин.).
Сабақ типі: фронтальді, топтық
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім ісәрекетінің тәсілі: Оқушыға жол сілтеу, оқушының
индивидуалдық қасиеттерін дамыту
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Фалес, Фалес теоремасы, астрономия, милет мектебі, вертикаль
бұрыштар, Хеопс пирамида, шеңбер, тікбұрышты үшбұрыш, абыз, күн
тұтылуы.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарға жауап беру,
белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзінөзі дамыту, топпен жұмыс
істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды
талдау.
Үй тапсырмасы:Өзің ұнатқан ғалымның геометриядағы ашулары
туралы мағлұмат білу және ашқан теоремалары болса дәлелдеп көрсет.
САБАҚ БЛОКТАРЫ ○
І. АҚПАРАТ АЛМАСУ
Тақырып жоспары:
1.Фалес туралы маңызды мәлімет
2. Фалестің өмірбаянына шолу.
3. Фалестің іскерлігі
4. Астрономия ғылымына қосқан үлесі
5. Геометрия ғылымына қосқан үлесі
6.Фалестің таң қалдырған ашулары
Слайдтар:
1 – слайд (титул)
2 – слайд Сабақтың мақсаты
3 – слайд Тақырып жоспары
4 – слайд Фалес (б.з.д 640/624 – 548/545жж)
Милет қаласынан шыққан ежелгі грек философ,
математигі. Иондық философияның өкілі және
Еуропа ғылымы бастау алатын милет мектебінің
негізін салушы, Грецияның жеті данасының бірі.
5 – слайд Өмірбаяны
Б.з.д V ғасырдан бастап Фалесті дана, ғұлама деп есептеген.
Көзі тірісінің өзінде Фалеске “философия атасы ” деген атақ
берген.
Фалес саудагерлікпен айналысқандықтан көп саяхаттаған. Кей
жылдары Египетте, Фива және Мемфисте тұрған. Онда
абыздардан сабақ алып, су тасқынының болу себептерін
зерттеген, пирамида биіктігін өлшеуді көрсеткен. Нақ Фалес
геометрияны гректерге алып келген деп есептелінеді 6 – слайд Іскерлігі
Лидия королі Крез қол астында әскери инженер
қызметінде жүріп, әскердің өзеннен өтуі үшін Милет
қаласының тұсынан су қоймасын және су каналын
салдырған.
Фалес Милет қаласында ұзақтықты анықтайтын құрылғы
құрастырған. Бұл құрылғы арқылы теңізде жүріп кемеден
жағалауға дейінгі ара қашықтықты есептеген.
Замандастары Фалестің жағдайы жоқтығы оның
философиясының қажетсіздігін көрсетеді деген. Бірақ сол
жылы жұлдыздарды бақылау арқылы зәйтүннің көп өнім
беретінін түсінген Фалес, қомақты кіріске кенелген. Осылайша,
Фалес, философияның маңызын көрсеткен.
7– слайд Астрономия ғылымына қосқан үлесі
Фалес алғашқы болып ай мен күннің бұрыштық өлшемін
тапқан және айдың шамасы өз жолының 1/720 бөлігін
құрайтынын
көрсеткен.
Ол шағылысқан сәуленің түсуінен ай жарқырайды деп
тұжырымдады.
Ай мен күннің тұтылуына бірінші болып анықтама берді.
Фалес египеттік нұсқадағы 365 күндік (12 ай) күнтізбе енгізді.
Нақ Фалес гректерге жеті қарақшыны жол көрсететін құрал ретінде
көрсеткен деп есептелінеді.
Фалес глобус ойлап шығарған деп тұжырымдалады. Бұрыштарды
санау
арқылы Фалес аспан денелерінің қозғалысын қарастыратын
“математикалық әдіс” ойлап тапқан.
8 – слайд Геометрия ғылымына қосқан үлесі
Фалес :Фалес теоремасын
Вертикаль бұрыштар теңдігін
Бір қабырғасы және оған іргелес жатқан бұрыштары тең болса,
екі үшбұрыштың өзара теңдігін
Тең бүйірлі үшбұрыштың табан бұрыштарының теңдігін
Диаметр шеңберді дал ортасынан бөлетінін
Жарты шеңберге іштей сызылған бұрыштың әрқашанда тік
болатынын дәлелдеген. 9 – слайд Фалестің таң қалдырған ашулары
Фалес б.з.д. 585 жылы күн тұтылуын болжаған және сол күннен
бастап есімі халыққа кеңінен тарады.
Ол алғашқы болып тікбұрышты үшбұрышты
шеңберге іштей сызды.
Үшбұрыштар ұқсастығын қолдану арқылы жағадан
кемеге дейінгі қашықтықты есептеді.
Египетте Хеопс пирамидасының биіктігін дәл тауып,
Абыздарды таң қалдырды.
ІІ. АЛҒАШҚЫ БЕКІТУ
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды
шығар.
Фалестің
геометриядағы
ашуларынан біреуін
атаңыз
Фалестің
астрономиядағы
ашуларынан біреуін
атаңыз
Фалестің таң
қалдырған ашуларынан
біреуін атаңыз
Қорытынды:______________________________________________________
ІІІ. ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Фалес деген кім?
2. Фалес геометриядан басқа қандай ғылымдарды зерттеген?
3. Фалес геометрияны басқа қандай салаларда қолданған?
4. Ғылымды білу арқылы оны қаражат көзіне айналдыра аламыз ба?
5. Астрономиядағы қосқан үлесінен біреуін атаңыз. Не үшін ол маңызды
болып табылады.
6. Геометриядағы ашуларынан қайсысын білесіздер. Олардың геометриядағы
маңызы неде?
7. Геометриялық ашуларындағы үшбұрыштың теңдігі жайлы фактіні өз
бетімен жазып көріңіз.(қайталау сабақтарында өткен болатынбыз)
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Фалестің таң қалдырған ашуларының ішіндегі геометрияға қатыстысы
қайсысы?
2. Тікбұрышты үшбұрышты шеңберге іштей қандай түрде сызатын едіңіз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Вертикаль бұрыштардың тең екендігін біз алдыңғы сабақтарда өттік, сіз сол Фалестің ашуын өздігіңізден ойлап таба аламын деп ойлайсыз ба? Оны
қалай дәлелдейтін едіңіз?
ІV. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТ
Топтық жұмыс.
Оқушылар жұптасып келесі тапсырманы орындайды.
Үшбұрыштың бір қабырғасы тең 6 бөлікке бөлінген. Осы үшбұрыштың
қалған екі қабырғасын тең екі бөлікке бөліңдер.
V. БАҒАМДАУБАҒАЛАУ
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
Фалес, Фалес теоремасы
Фалес, Фалес теоремасы
Фалес, Фалес теоремасы
Фалес, Фалес теоремасы
Фалес, Фалес теоремасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.